- •Бпф дебатының базасы – төрт команда, сегіз пікірсайысшы
- •Сөздер ұзақтығы
- •Төрт команданың рольдері
- •Ақпарат пункттері (Points of Information)
- •1.5. Раундқа дейін
- •1.6. Тәртіп бұзылуы
- •1.7 Турнир структурасы
- •2 Тарау. Дебат және Әлем чемпионатындағы Төрешілік
- •2.1 Раундтағы жеңіс
- •2.2 Көндіре алу деген не?
- •2.3 Қарсылық, тартымдылық және салыстыру
- •2.4 Команданың жүктемесін не анықтайды?
- •2.7 Дебаттағы оппозиция
- •2.8 Кеңейту- Үкімет пен Оппозиция мүшелерінің сөзі
- •2.9 Раунд сараптамасы – Хатшылардың сөзі
- •2.10 Ақпарат Пункттары, Уақыт және Equity
- •3.1 Нәтижелерді анықтау
- •3.2 Раунд барысындағы пікірлесу
- •3.3. Хаттама толтыру
- •3.4 Шешімді талқылау
- •3.5 Төрешілер жайлы пікірлер
- •3.6. Төрелік пен талқылау барысындағы кең таралған қателіктер.
- •3.7 Тақырып таңдауға байланысты кеңестер
Төрт команданың рольдері
Әр команданың дебаттағы өзінің атқаруға тиісті рольдері болады, сондықтан ойыншылар осыны барынша эффективті орындауға тырысу қажет.
I. БҮ тақырыпты анықтап алып, өздерінің жағын қолдайтын аргументтерді беріп, оппозицияның аргумерттеріне қарсылық білдіру керек.
II. БО бірінші үкіметтің ұсынған кейсін (БҮ ұсынған аргументтер жиынтығы) жоққа шығарып, олардың жағы дебатты жеңу керектігін дәлелдейтін өздерінің конструктивті аргументтерін ұсыну қажет.
III. ЕҮ ойынға бірінші үкіметтен өзгеше, бірақ оған қарсы келмейтін қосымша аргументтерді әкеліп, тақырыпты қолдайтын анализ жасап, оппозицияның аргументтері мен анализіне жақсылап тұрып қарсылық айтуы керек. Үкімет хатшысы үкімет үстелдері атынан толық раундты қорытындылап, жаңа аргументтерді енгізбеуге тиісті.
IV ЕО тақырыпты жоққа шығару үшін бірінші оппозициядан өзгеше, бірақ оған қарсы келмейтін қосымша аргументтер ұсынып, анализ жасап, үкімет командаларының аргуметтері мен анализіне қарсы тұру керек. Оппозиция хатшысы оппозиция үстелдері атынан толық раундты қорытындылап, жаңа аргументтерді енгізбеуге тиісті.
Бөлім 2 – де командалардың рольдері туралы көбірек мәлімет бар.
Ақпарат пункттері (Points of Information)
Әр сөздің бірінші және соңғы минуттары “қорғалған уақыт” болып саналады, сол кезде сөйлеп тұрған дебатерге ақпарат пункттерін ұсынуға болмайды. Қалған бес минут (екіншіден алтыншыға дейін) ішінде ақпарат пункттері ұсыныла алады.
Дебат контекстінде ақпарат пункті – бұл сөйлеушінің үстелінен айырмашылығы бар, үстелде отырған кез-келген ойыншының формаға келтірілген репликасы. Ақпарат пункті 15 секундқа дейін жалғаса алады. Ол сөйлеп тұрған ойыншыға бағытталған комментарий немесе сұрақ формасында бола алады. Белгілі бір ақпарат пункттерін қабылдау, яғни репликаны айту құқығын беру шешімі сөйлеп тұрған ойыншының өз еркінде болып табылады. Әр ойыншы өзінің сөзі кезінде кем дегенде бір ақпарат пунктін қабылдау керек, ал идеалды жағдайда екі ақпарат пунктін (одан да көп қабылдауға болады, бірақ әдетте көп кабылдамауға кеңес береді) қабылған жөн. Сұрақ ұсыну үшін ойыншы орнынан тұрып, “ақпарат пункті” немесе “осы туралы” деп айту керек. Сөйлеп тұрған ойыншы ақпарат пуктін қабылдамағанша ақпарат пунктін ондағы кез-келген фраза айту жолымен ұсынуға болмайды (мысалы: “Заң туралы!” немесе “Жоқ, тыңдаңызшы!”). Егер ақпарат пункті қабылданбаса, онда оны ұсынған ойыншы тез арада өз орнына отыруы тиіс.
Ақпарат пунктерін 6 минуттық рубежден кейін ұсынуға болмайды, ал оған дейін ақпарат пунктерімен тұрып тұрған барлық ойыншылар 6 минут өткеннен кейін отыру керек. Егер ақпарат пункті 6 минут келіп жеткенге дейін қабылданса, оны ұсынған ойыншы әдеттегідей өзінің ақпарат пунктін айта алады. Сонымен қатар 6 минуттық рубежге жақындаған кезде ақпарат пункті алдын ала қабылдана алады, бұл оны ұсынған ойыншы отырғанға дейін орын алады. Бірақ сөз айтудың соңғы минуты басталып кетіп, барлық ойыншылар орындарында отырса, жаңа ақпарат пункттерін ұсынуға да, қабылдауға да болмайды.
Бөлу: сөйлеп тұрған ойыншы ақпарат пунктін айтып жатқан ойыншыны тоқтатса, бұл ақпарат пунктін бөлу болып саналады. Осындай жағдай ақпарат пункті 15 секундтан арттық айтылып жатқан кезде орын алуы мүмкін, содан кейін идеалды түрде дебатер жаңағы айтылған ақпарат пунктіге жауап беріп, өз сөзін жалғастыра алады. Ақпарат пункті түсініксіз болса, оны 15 секундтан аз айтылып жатқан кезде бөлмеу дұрыс болады. Уақыт 15 секундтан аспаған кезде ақпарат пункті бөлінсе, төреші сөйлеп тұрған дебатерге баға берген кезде оның қаншалықты нақты жауап бергенін ескеру қажет. Осындай бағаның бір факторы ойыншы бір пункті толық айтты ма немесе оған бөлінген уақытта екі пункті қатарынан бір пунктке сыйдырғысы келді ме дегенге қарау болады. Егер сөйлеп тұрған ойыншы ақпарат пунктін бөлсе, онда оны айтып жатқан ойыншы ештенеге қарамай өз орнына отыру керек. Әлбетте, егер ойыншының ақпарат пункті 15 секундтық уақыттан асса, сөзді жалғастыру ақпарат пунктін бөлу болып саналмайды.
Мазақтау (Badgering): Ойыншыға ақпарат пункті ұсынылып, ол оны қабылдамаса, кейін 10 секунд бойы ешкім ақпарат пунктін ұсына алмайды. Әрдайым осы ережені бұзу, яғни ақпарат пунктерінің ағылуы мазақтау деп есептеледі. Бұған тиым салынған, себебі бұл дебат барысын бұзып, сөйлеп тұрған ойыншы үшін әділетсіз.
Анықтама пунктері: кейде ақпарат пункттері “анықтама” (Point of Clarification) деген репликамен ұсынылады, әдетте бұл премьер-министрдің сөзінде орын алады. Осының мағынасы – аргументті кейске қарсы ету емес, премьер-министрдің дебатты қалай анықтайтыны жайлы сұрақ қою. Бұны жасауға рұқсат етілген, бірақ қалған жағдайларда осындай ақпарат пункттері қалыптылармен бірдей келеді. Реплика “анықтама” деген сөзбен ұсынылса да, ойыншылар оны қабылдауға міндетті емес. Анықтама пунктін қабылдау әдеттегі ақпарат пунктін қабылдаумен тең келеді. Осындай пунктердің белгілі бір статусы жоқ, жалғыз айырмашылығы – ұсынылу кезіндегі репликаның басқа болуы.
Ақпарат пунктері диалогтың басталғаны емес. Пункт айтылғаннан кейін оны ұсынған ойыншы отырады. Егер ол тағыда сөйлеп тұрған ойыншыны бөлгісі келсе, басқа ақпарат пунктін ұсыну керек.
Төрешілердің шешім қабылдауы барысында ойыншының қандай командалардан пункттерді қабылдағаны ойыншының басқа командалардың материалымен қаншалықты жұмыс жасағанымен бірге қарастырылуы тиіс. Сірә, командалардың пункттерді ұсыну белсенділігі төрешілердің шешіміне әсер етеді. Мысалы, егер БҮ командасы ЕО ойыншысына көптеген пункттар ұсынып, бірақ ол әрдайым қабылдаудан бас тартып, кейін ЕҮ ұсынған жалғыз пункті қабылдаса, бұл – оның БҮ командасын елемегенінің немесе диалогтан әдейі бас тартуының белгісі. Осындай әрекет сенімділік пен жауап беруге деген қалауының жорамалы емес. Ойыншылар басқа ойыншылардың ақпарат пункттерін ұсынуларын тоқтатуын талап ете алмайды, себебі басқа тарапқа ақпарат пукнттерін ұсыну – барлық ойыншылардың раунд барысындағы ажырамас құқығы.
Егер ойыншы ақпарат пункттерін қабылдамаса, бірақ оған бір-екі пунктен артығы ұсынылмаса, бұл оның басқа жақтың аргументтерімен жаман жұмыс жасағанының индикаторы емес, сондықтан оны жазаламау керек. Сондай кезде ойыншы кез-келген ойыншыдан ақпарат пунктін сұрай алады, ешкім пункттер ұсынбаса да, бұл сөйлеп жатқан ойыншының басқа командалармен сөйлесуге дайындығын білдіреді.
