Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhogargy_Oku_Oryndarynyng_Arasyndagy_Parlamenttik_Pikirsayystan_Elem_Chempionaty.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.63 Кб
Скачать

Жоғарғы оқу орындарының арасындағы парламенттік пікірсайыстан әлем

чемпионаты

Ережелер мен кеңестер жиынтығы

Бөлім 1. Әлемдік Чемпионаттағы Британдық Парламенттік дебаттың негізгі ережелері

    1. Бпф дебатының базасы – төрт команда, сегіз пікірсайысшы

Әрбір дебат раундына төрт команда қатысады, ал әр команда құрамында екі дебатер бар.

Үкімет үстелдері

Оппозиция үстелдері

Бірінші үкімет (БҮ)

Бірінші оппозиция (БО)

Екінші үкімет (ЕҮ)

Екінші оппозиция (ЕО)

Сурет 1. БП дебат раундындағы төрт команда

Дебаттың әр жағында екі команда ойнайды. Бір жақта Бірінші Үкімет (БҮ немесе 1Ү) және Екінші Үкімет (ЕҮ немесе 2Ү) командалары ойнаса, екінші жақта Бірінші Оппозиция (БО немесе 1О) мен Екінші Оппозиция (ЕО немесе 2О) командалары ойнайды. Кейбір кездері дебаттың екі жағын “үстелдер” деп атайды, яғни “үкімет үстелі” және “оппозиция үстелі” болады. Дебаттағы бірінші екі команда (БҮ және БО) дебаттың “бірінші жартысы”, ал үшінші мен төртінші командалар (ЕҮ және ЕО) дебаттың “екінші жартысы” деп аталынады; кейде оларға сәйкесінше бірінші және екінші үстелдер деген атау да беріледі.

Барлық төрт командадағы дебатерлер өздерінің сөздерін айтады (әр ойыншы бір рет шақырылады), бұл келесі ретпен жүзеге асырылады:

  1. БҮ командасының бірінші ойыншысы (“Премьер-министр”)

  2. БО командасының бірінші ойыншысы (“Оппозиция лидері”)

  3. БҮ командасының екінші ойыншысы (“Премьер-министрдің орынбасары”)

  4. БО командасының екінші ойыншысы (“Оппозиция лидерінің орынбасары”)

  5. ЕҮ командасының бірінші ойыншысы (“Үкімет мүшесі”)

  6. ЕО командасының бірінші ойыншысы (“Оппозиция мүшесі”)

  7. ЕҮ командасының екінші ойыншысы (“Үкімет хатшысы”)

  8. ЕО командасының екінші ойыншысы (“Оппозиция хатшысы”)

Раунд барысында раундтың бас төрешісі төрағалық етеді, оның жұмысына раундтың өту барысын қадағалау, ойыншыларды өздерінің сөздеріне шақыру және дебат ережелерін сақтау жатады. Әдетте әлем чемпионаттарында бас төреші дебат нәтижелерін саралап анықтайтын адамдардың бірі болады. Турнирдің финалында алдын ала таңдалып қойған церемониймейстер немесе басқа адам бас төрешілік ете алады, бірақ оның міндетіне төрешілік ету жатпауы да мүмкін. Сонымен қатар әр раундында уақытты қадағалайтын таймкипердің (timekeeper) болуы керек, осы жұмысты бас төреші, төреші немесе жеке адам атқара алады.

    1. Сөздер ұзақтығы

Сөздерді айту үшін 7 минут беріледі. Бірінші, алтыншы және жетінші минуттардан кейін таймкипер сигнал (үстелден ұру, қоңырау немесе шапалақ, әдетте жетінші минуттан кейін қоңырау мен үстелден ұру қатарынан екі рет жасалады) береді. Идеалды жағдайда ойыншыларға 7 минутта өздерінің сөздерін аяқтау керек болса да, олар сөйлемді аяқтау немесе қорытынды жасау үшін өз сөздерін жалғастыра алады. 7 минут 15 секунд өткен соң ойыншы айтқанды төреші ескермеу керек. Раундтың бас төрешісі немесе таймкипер уақыт 7 минут 15 секундтан асқан соң ойыншыға оның уақыт лимитінен қатты асып бара жатқаның ескерту мақсатында әр 10 секунд сайын өз қалауы бойынша қатарынан үш рет қайталанатын сигнал бере алады. Егер ойыншы 8 минуттан кейін де өз сөзін жалғастырса, онда төреші ойыншының орнына отыруын сұрап, барлық қатысушыларды тәртіпке шақыру керек.