Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
денсаулық мектебі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.59 Кб
Скачать

1. Миокард инфаркты қалай аталады?

Миокард инфаркты – кенеттен коронарлық қан айналымының миокардтың оттегіде қажеттілігін қамтамасыз өте алмауынан дамитын жүрек бұлшық етінің некрозы.

2.Жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуына не себеп болады?

Атеросклероз, егде кісілерде, қан қысымы жоғары адамдарда, қантты диабеттің, семіздіктің, бірнеше зиянды әдеттерінің (темекі шегу, дене белсенділігі төмен адамдарда т.б.) болуы, және тұқымқуалаушылық аурулары себеп болады.

3. Миокард инфарктінің негізгі белгілері қандай?

Ауру көбінесе оң немесе сол колға, кейде сол жақ жауырынға зардабын тигізеді, жүрек тұсы қатты ауырады да ұстама басталады. Жүрек бұлшық етін қанмен жабдықтау бұзылғандықтан, тері бозарып кетеді, суық тер шығады, адам қатты ентігеді.

Жүрек талмасына шалдыққанда, адам өзіне айрықша тыныштық керек екенін естен шығармауы қажет, оған мән бермесе, зақымданған жүрек қабырғасының жарылып кетуі мүмкін, не оның томпайып, аневризма болуы сөзсіз.

Емнің қонуы адамның дәрігерге қаншалықты тез қаралуына байланысты. Егер аурудың алдын алса, жүрек қызметін толық қалпына келтіруге болады.

4. Аурудың алдын алу шаралары туралы не білесіз?

Салауатты өмір салтын ұстау: (дене шынықтыру, таза ауада серуендеу, жаяу жүру, жүзумен шұғылдану, ) күнделікті дұрыс тамақтану: майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту- тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол ( бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану, көкөніс пен жеміс - жидектерді барынша мол қолдану, темекі шегуден және арақ-шарап ішуден бас тарту, қан қысымыңыз жоғары болса дәрігерге қаралу, психикалық тыныштық және физикалық күш түсіруді шектеу, кофе ішуді шектеу, егер сіз осы аурумен ауырсаңыз диспансерлік бақылауға міндетті түрде тіркеліңіз ол жерде сіз жылына екі рет дәрігерге қаралып тұрасыз.

Қосымша №3

ІІІ.Дискуссия

1.Ауыр көтеру жүрек ауруына шалдықтырады ма?

2.Аурудан емделудің негізгі кезеңдері мен режимі жайлы ауру адам және оның төңірегіндегілер не білгені жөн?

Қосымша №4

ІV.Материал түсініктілігін тексеру

1.Жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларының алдын алу жолдары?

А) Қан құю.

В) Дәрігердің тексеруінен өту.

+C) Салауатты өмір салтын ұстану.

Д) вакцинация жасау.

2.Миокард инфаркты қандай ауру?

А) Қан қысымының көтерілуі.

+В )Жүрек бұлшықетінің жансыздануы.

С) Тамырлардың зақымдануы.

Д) дене белсендігінің төмендеуі.

3. Миокард инфаркты белгісіне тән?

А) оң жақ қабырға астының ауырсынуы

В) шөлдеу

+С) төс арты аймағының ауырсынуы

Д) бұлшықеттердің ауырсынуы.

4.Миокард инфарктымен пациентке алғашқы күндері тағайындалады?

+А)қатаң төсектік

В)жартылай төсектік

С) амбулаторлық

Д) белсенді

5.Миокард инфарктының негізгі белгілеріне жатады?

А) жүрек айну

В) бастың айналуы

С) кофе тұнбасы тәрізді құсық

+Д) Төс артының күйдіріп ауырсынуы

6. Миокард инфарктымен пациентті тасымалдау түрі?

А) кресло-қол арбамен

+В) зембілмен

С) өз бетімен жүру

Д) көтеріп апару

7.Миокард инфаркты кезінде тағайындалатын диета?

А) 5

В) 7

+С) 10

Д) 15

8. Жүрек ауруларында ісік пайда болады?

А) таңертең бетінде

В) таңертең аяқтарында

+С) кешке аяқтарында

Д) кешке бетінде

9. Миокард инфаркты кезінде пациентке емшара жүргізіледі?

+А) аурудың алғашқы сатысында

В) аурудың 2 тәулігінде

С) аурудың 3 тәулігінде

Д) аурудың 4 тәулігінде

10.Миокард инфарктының қауіп факторына жатады?

А) салқын тию

В) вакцинация салдырмау

+С) дұрыс тамақтанбау

Д) жеке бас тазалығын сақтамау.