- •Сабақ беру технологиясы
- •1.Миокард инфаркты туралы
- •2.Тамақтану ерекшелігі:
- •3.Жаттығу түрлерімен таныстыру
- •1. Миокард инфаркты қалай аталады?
- •2.Жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуына не себеп болады?
- •3. Миокард инфарктінің негізгі белгілері қандай?
- •4. Аурудың алдын алу шаралары туралы не білесіз?
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Денсаулық мектебі
«Миокард инфаркты»
Орындаған: Әбдразақ Әйгерім
2016-2017 жыл
Сабақ беру технологиясы
І.Тақырып бойынша ақпарат беру -20 мин.
(Қосымша №1)
1.Миокард инфаркты туралы
2.Тамақтану ерекшелігі 3.Жаттығу түрлерімен таныстыру
ІІ.Тақырып бойынша сұрақ-жауап -15 мин.
(Қосымша №2)
ІІІ.Дискуссия - 20 мин
(Қосымша №3)
IV.Материалды түсінгенін бақылау - 10 сұрақты тест
(Қосымша №4)
Пайдаланылатын көрнекілік құралдары: жаднама, санбюллетень
V.Үйге тапсырма:
1.Миокард инфаркты туралы мәліметтер жинау.
2.Миокард инфаркты туралы сөзжұмбақ құрау.
Қосымша №1
І.Тақырып бойынша ақпарат беру -20 мин.
1.Миокард инфаркты туралы
Миокард инфаркты – кенеттен коронарлық қан айналымының миокардтың оттегіде қажеттілігін қамтамасыз өте алмауынан дамитын жүрек бұлшық етінің некрозы. Миокард инфаркты – кең тараған ауру, кенеттен болатын өлімнің ең жиі себебі.
Миокард инфарктына алып келетін жағдайлар:95% жағдайларда коронарлық артерияларының атеросклероз және ер адамдарда, егде кісілерде, қан қысымы жоғары адамдарда, қантты диабеттің, семіздіктің, бірнеше зиянды әдеттерінің (темекі шегу, дене белсенділігі төмен адамдарда т.б.) болуы, және тұқымқуалаушылық аурулары.
Миокард инфаркт ауруының белгілері:
Ауырсыну кенет басталып, төс арты аймағы күйдіріп, қысып ауырып, сол қолға, сол жақ жауырын астына беріледі де нитроглицериннен қайтпайды, ауырсыну ұзақтығы 30 мин артық, мұздай тер басады, бетінде қорқыныш үрей болады. Ауырсыну өте күшті болғандықтан кардиогендік шок дамиды: тері жамылғылары бозарады, еріндері көгереді, аяқ-қолдары мұздайды, АҚҚ төмендеді (80/60 мм сын.бағ. төмен), пульсі жиі, ырғақты, жіп тәрізді болады. Аса ауыр жағдайларда дистанциялық сырылдардың қосылуымен демікпе пайда болады (өкпе ісінуінің даму мүмкіндігі).
Алдын алу шаралары:
Салауатты өмір салтын ұстаңыз: (дене шынықтыру, таза ауада серуендеу, жаяу жүру, жүзумен шұғылдану, ) күнделікті дұрыс тамақтаныңыз: майлы тамақтардан бас тартыңыз, тұзды пайдалану мөлшерін азайтыңыз - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол ( бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану, көкөніс пен жеміс - жидектерді барынша мол қолдану, темекі шегуден және арақ-шарап ішуден бас тартыңыз, қан қысымыңыз жоғары болса дәрігерге қаралыңыз, психикалық тыныштық және физикалық күш түсіруді шектеңіз, кофе ішуді шектеңіз, егер сіз осы аурумен ауырсаңыз диспансерлік бақылауға міндетті түрде тіркеліңіз ол жерде сіз жылына екі рет дәрігерге қаралып тұрасыз.
2.Тамақтану ерекшелігі:
№10 диета - жүрек - қан тамыр жүйесі .
рационда ас тұзы мен сұйық ішу азайтылады;
тамақ суға не буға пісіріледі;
қуырылған тамақ жеуге тыйым салынады;
тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және жеміс соустарынан жасалған пудингтерді пайдалану ұсынылады;
тамаққа қант, бал, лимон, лимон шырыны мен қышқылын, қою томат шырынын, ванилин, дәмқабық, қалампыр қосуға болады;
күндік ас үлесінің құрамы: белок - 80 г., май - 7 г., углевод - 350-400 г., ас тұзы - 3 г, сусын мөлшері 0,8 литрден аспағаны жөн.
Күніне 5 порция жеміс-жидек немесе көкөніс Жеміс-жидек пен көкөністе дәрумендер мен минералдар көп, дәнді дақылдардан кейінгі талшықтардың көзі болып табылады. Талшық зат алмасуды жақсартып, қанығуға ықпал етеді. Ол қандағы холестерин деңгейін төмендетіп, жүрекке жайлы әсер етеді. Дәнді дақылдар тағамдары (нан, ботқа) талшыққа бай, жеміс-жидек пен көкөністерде де, әсіресе, бұршақ, кептірілген жемістерде де талшық көп. Талшық саны күніне 25 грамм болу керек. С дәрумені Жеміс-жидек пен көкөністе бар, сонымен қатар оларда фолий қышқылы, В тобындағы дәрумендер және Е дәрумендері бар. Бұл дәрумен итмұрын, шырғанақ, қара қарақат, цитрустарда бар. Калий Қара өрік, кептірілген жүзім, шабдалы, асқабақ, қырыққабат, картоп, банан, шырғанақта көп. Магний Қызылша, сәбіз, салат, жержаңғақ, ақжелкен, қара қарақатта бар. Кебекті қара нанда және сұлы, қарақұмық, жарма ботқасында бар. Сүт өнімдері – кальций көзі. Ол қытай, жапырақты, қасқыржем қырыққабаттарында бар. Мыс саңырауқұлақ пен бұршақта бар.
