Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
денсаулыты ныайту концепциясы жне ауруды алдын алу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

Жатыр мойны қатерлі ісігі

Әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі ісігктернің арасында кездесу жиілігі бойынша екінші орын алады. Кейінгі онжылдық тарда жатыр мойынының инвазивтік рагымен науқастанудың айқын төмендеу құбылысы байқалады, бұл жағдай бұрыңғы жылдарда профилактикалық байқаулар мен цитологиялық скринингтің нәтижесінде дисплазияны және преинвазивті ракты емдеудің кең түрде жүргізілгенімен түсіндіріледі. Жатыр мойыны рагымен науқастанудың ең жоғарғы деңгейі 50-60 жаста байқалады. Жатыр мойыны рагы бойынша өлім деңгейі де айқын төмендеп келе жатырғанымен, жалпы емдеу жүйесіндегі дәрігерлердің онкологиялық сақтығының қажеттігі әлі керек. Жатыр мойыны рагының дамуының басты факторлар: - ерте жыныстық жетілу, ерте менархе (12 жасқа дейін); - жыныстық қатынастың ерте басталуы (18 жасқа дейін); - 20 жасқа дейін және 40 жастан кейін босану; - ерте басталатын етеккір үзілісі (45 жасқа дейін); - анамнездегі жиі аборттар (жүктілікті үзу); - әйел адамның және оның ерінің жыныстық сыңарын жиі ауыстыруы; - әйел адамда және оның жыныстық сыңарында папилломавирусты немесе герпесті инфекцияның болуы; - жыныстық гигиенаның сақталмауы; - кәсіптік зияңдар: тау-кен, мұнай өңдеуші зауаттар, темекі өңдірісі, көмір өнеркәсібі; - иммунды жетіспеушілік Жатыр мойны қатерлі ісігінің адын алу шаралары:

1.Уақытылы табу және емдеу үшін скринингтен өтукізуді ұйымдастыру

2.Ауру туғызатын ауруларды емдеу

3.Вакцинация 2009 жылдан бері бізде де егу жұмысы жүргізіледі

4. санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу

5. аборт жасатудың ,темекі тартудың алдын алу

6. өндіріс мекемелерінде санитарлық талапты сақтауды талап ету

Өкпе қатерлі ісігі ауруы-

Әлемде кең тарған дерттің біреуі болып табылады ауруы әлемде кең тараған онкологиялық дерт болып табылады. Алғашқы сәтте -де оның ешқандай белгілері байқалмайды. Сондықтан, көп жағдайда науқастар дәрігерге кеш қаралады. Сақтықта қорлық жоқ. Өкпедегі ісік ауруының алдын алдын алу акциясын ұйымдастырушылар жылына бір рет профиликатикалық тексеруден өтуге кеңес берді.

Бұл аурудың пайда болуының негізі факторлары:

- темекі шегу,

- зиянды өндірістерде жұмыс істеу

- зардапты заттар тараған ауамен тыныс

-өкпе мен кеңірдектегі созылмалы ауруды мерзімінде емдемеу.

Өкпе рагы сонымен қатар шахтерлерде, болат балқытатын, ағаш өңдейтін, керемикалық асбоцемент және фосфат өндіретін жұмысшыларда көптеп кездеседі. Сондықтан мұндай орындарда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн.

Бүгінгі күні онкологиялық сырқаттардың тек қана денсаулық сақтау саласының емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселесіне де айналып отыр. Ресми мәліметтерге сүйенетін болсақ, жыл сайын дүние жүзінде 10 миллион адам қатерлі дерт ауруына шалдығатыны анықталса, олардың 8 миллионы көз жұмады. Әлемде болып жатқан адам өлімі оқиғаларының 13 пайызы осы қатерлі ісіктің еншісінде. Дүние жүзілік денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша бұл көрсеткіш алдағы уақыттарда 1,5-2 есеге өсуі мүмкін. Қатерлі ісіктің қаншалықты қауіпті екенін осы деректерден айқын көрінеді.

Қәзіргі таңда мемлекет тарапынан онкология саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Осы бағдарлама аясында онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар анықталды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты -онкологиялық аурулардан халықтың өлімін төмендету арқылы өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру. Ол үшін ерте диагностикалау бағдарламаларын (скринингтерді) дамыту арқылы онкологиялық аурулардың профилактикасын жетілдіру; ғылыми негізделген тиімділікпен диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістеріне қолжетімділікті арттыру; онкологиялық науқастарға оңалту және паллиативтік көмектің қазіргі заманғы жүйесін құру қажет.