Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
денсаулыты ныайту концепциясы жне ауруды алдын алу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.78 Кб
Скачать

3,0Денсаулықты нығайту концепциясы және аурудың алдын алу шаралары

Аурушандыққа әкеліп соқтыратын факторлар:

-жалпы халықтың салауатты өмір сүру мәдениетінің төмендігі

-санитарлық-гигиена туралы кейбір мәселелерді жете білмеуі

-гиподинамия-қимылдың жеткіліксіздігі

-денесалмағының қалыптан тыс жоғарылауы-семіздік

-тиімсіз және құнарсыз, я шамадан тыс тамақтану,

-қоршаған ортаның шамадан тыс химиялық заттармен улануы

-радиациялық факторлар

-үй және жұмыс жағдайындағы күйзелістердің көбеюі

- залалды әдеттер: арақ-шарапқа, нашақорлыққа әуес болу,темекі тарту

Адамдардың тіршілік әрекетіне әсер етеді және көптеген әлеуметті маңызы бар гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, сүт бездерінің, жатыр мойны, өкпе қатерлі ісік аурулары, қант диабеті ауруларына әкеліп соқтырады. Енді осы аурулардың алдын алу факторларына тоқталайық.Атап айтсақ:

1.Гипертония –барлығымызға мәлім жоғары қан қысымы –инфаркт, исульттің даму қаупі мен бүйрек жетіспеушілігін жоғарылатады.Әлемде гипертониямен ауыратын ересек адамдардың үлесі жасына қарай өседі-20-40 жас аралығында он адамның біреуі,ал 50-60 жас аралығында он адамның 5-уі.

Әрбір адам өз қан қысымын,қандағы қанттың, холестериннің және липидтердің деңгейін білу қажет.

Гипертониялық ауру екіге бөлінеді,ол:

-эссенциалды артериалдық гипертензия жүрек қан тамырлары жүйесінің төмендеуі және гемодинамиканы реттейтін механизмдерінің бұзылуы

-симптоматикалық артериалдық гипертензия –бүйреткің зақымдану,бүйрек үсті безінің ауруы,аорта коарктациясы,дәрілерді шамадан тыс қабылдау

Артериалды гипертония ауруын туғызатын факторлар. Олар тұқым қуалаушылық, нерв күйзелісі,стресс, ас тұзын,қантты, тамақты мөлшерден тыс көп қолдану,семіздік,ішімдік ішу,темекі шегу,бүйрек аурулары, аз қозғалыс.

Алдын алу шаралары:

-Салауатты өмір салтын ұстану,яғни спортпен айнналысу Зиянды арақ-шараптарды және темекіні қолданудан бас тарту

-Ас тұзын және қантты,қанықбаған майларды,кофені қолдануды азайту

-Диета сақтау

-Нервтік жүйені бұзбау үшін өзін өзі тәрбиелеу,психотерапия

-Санаторлық-курорттық ем қабылдау

-дене салмағын қалыпқа келтіру

-кемінде жылына 1-2 рет тиісті дәрігерлерге қаралып тұру

-жылына 1-2 рет қан және зәр анализдерін тапсыру-қант,креатинин,зәр қышқылы, холестерин,липопротеидтер т.б анықтатып тұру

-міндетті түрде өзінің қан қысымын тексеріп тұруды үйрену

2. Жүректің ишемиялық ауруларына стенокардия, кардиосклероз,жүрек аритмиялары және созылмалы жүрек жетспеушілі жатады.

Жүректің ишемиялық ауруларын туғызатын факторлар, ол эндогендік және экзогендік болып екіге бөлінеді:

1. Эндогендік:

-генетикалық факторлар –тұқымқуалаушылық,ер адамдар әйелдерге қарағанда көбірек аурады,менопауза жасындағы әйелдер мүмкіндік көбірек,жасы үлкей -ген сайын ауыру қаупі жоғарылайды,

-гиперхолестеринемия-қанда холестерин, қант мөлшерінің жоғарылуы,артерия алдық гипертония,гипергликемия

2.экзогендік факторлар:

- нерв күйзелісі,стресс, темекі шегу,арақ шарап ішу,холестеринге бай тағам қабылдау, семіздік және аз қозғалыс.

Алдын алу шаралары екіге бөлінеді: