Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гироизоляциялы мат. лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.29 Mб
Скачать

Битум мен қара майлардың негізгі қасиеттері

  1. Полярлығы – битум компоненттеріндегі электр зарядтарының бөлінуін сипаттайды. Органикалық тұтқырлардың полярлығы еру коэффициенті арқылы сипатталады.

α ·100%

мұндағы А - битумның метил спиртінде ерігіштігі; В - битумның бензолдағы ерігіштігі. Мұнай битумдар үшін α= 5-35 аралағында

Α – ның мәні жоғары болған сайын, битумның тас материалдарға адгезиясы жоғары болады.

  1. Битумның тұтқырлығы қыздырған кезде күрт өзгереді. Қатты битумдарда ол 250С температурада массасы 100 г затты 5 секунд көлемінде инеге әсер еткенде стандартты иненің битумға ену тереңдігімен сипатталады. Бұл битумның тұтқырлыққа қарсы қасиеті аққыштығын сипаттайды және пенетрометр көмегімен анықталады. Пенетрация (П) градуспен белгілейді. Әрбір градус иненің 0,01 м тереңдегенін сипаттайды.

П =10 · 0,1г

250С кезіндегі тұтқыр және қатты битумдардың пенертациясы

П25 =5…..300 арасында болады.

Пенетрациядан динамикалық тұтқырлыққа өту үшін Зааль формуласын қолданады.

ηн =

Мұндағы ηн -динамикалық тұтқырлық (Па·с); П –иненің битумға ену тереңдігі.

Битумның тұтқырлығы температураға байланысты өзгереді.

  1. Икемділігін стандартты сегіздікте дуктилометрде созу арқылы анықтайды. Битумның икемділігі температура төмендегенде азаяды және ол битумның топтық құрамына тәуелді болады. Битумның созылғыштығы 00 және 250С температурада анықталады және ∆25 және ∆· деп белгілейді.

  2. Жұмсару температурасы стандартты «шығыршық -шар» әдісімен анықталады.

  3. Битумның морттығы Фраас приборымен анықталады.

  4. Битумның температураға төзімділігі тек қана жұмсару температурасымен ғана емес, пенетрация индексімен де анықталады.

ИП =

Мұндағы А= - жұмсару температурасы

Пенетрациялық индексі 2-ден төмен битумдар температураға сезімтал, ал 2-ден жоғары битумдар төменгі температурадағы морттығы төмен, температураға төзімді болып есептеледі.

Битумның жоғарыда көрсетілген және басқа да қасиеттері, оны құрылыс материалы ретінде сипаттайды. Битумның кемшілігі ретінде, бәрінен бұрын, төменгі температурада байқалатын жабысқақ битумдардың жоғарғы морттығы.

Әртүрлі стандартқа бағынатын мұнай битумдары, олардың пайдалануына қарай белгілі техникалық шарттарға сай келуі керек.

Жол құрылысы үшін жақсарған, тұтқырлығы жолға төсейтін мұнай битумның 5 маркасын шығару анықталған: БНД-200/300, БНД-130/200, БНД-90/130, БНД-60/90 және БНД-40/60 (ГОСТ 222457-76). Көрсетілген белгілеудегі сандар, температура 250С болғандағы пенетрометр инесінің тереңдікке шөгуінің ауытқу шегін көрсетеді.

Одан басқа 00С-дағы иненің шөгу тереңдігі, созылғыштығы, жұмсару температурасы, морттық температурасы және басқа да қасиеттерімен нормаланады. Тағы да сұйық жол битумның үш класы шығарылады: ЖҚ, ОҚ және БҚ, яғни сәйкесінше жылдам, орташа және баяу қоюланатын битумдар. Олардың ішінде сұйылтқыштар болуына байланысты тұтқырлығы төмен.

Құрылыс жұмыстары үшін қатты мұнай битумның БН 50/50, БН 70/30, БН 90/10 (ГОСТ 6617-76) шатырлық жұмыстар үшін мұнай битумдарының БНК 45/180, БНК 90/40, БНК 90/30 (ГОСТ 9548-74) деген маркалары шығарылады. ГОСТ-тарда тағыда кәдімгі қасиеттерінің көрсеткіштер де аталады.

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи битум қандай жолмен пайда болады?

2. Битумның элементтік құрамы қандай?

3. Битумның заттық құрамы қандай?

4. Табиғи битум мен жасанды битумның ерекшеліктері?

5. Қара майлар дегеніміз не?

6. Қара май құрамының негізгі ерекшеліктері?

7. Битумның тұтқырлығын қалай анықтайды?

8. Пенетрациялық көрсеткіш дегеніміз не?

9. Шайырлар битумға қандай қасиет береді?

10. Асфальтендер битумға қандай қасиет береді?

11. Парафиндер битумға қандай қасиет береді?

Әдебиеттер тізімі:

1. Рыбьев И. А: и др. Технология гидроизоляционных материалов. М. 1997

Қосымша

2. Бородин В: И. Производство рулонных битумных материалов М, 1987

3. Борисов Г.В. Производство гидроизоляционных материалов Справочное пособие П, 1987

4. Дворгиш П. И. И др. Материалы и изделия в мелиоративном строительстве, Справочник, Киев, 1982

5. Кисина А: М. Идр. Полимербитумное кровельное и гидроизоляционные материалы П,1983

6. Мастики в строительстве Резниченко П. Т. и др. Днепропетровск, 1975

7. Неринштейн З. Ш. и др. Производство битумных рулонных кровельных материалов. М. 1970

6-тақырып. Битум мен қара майларды өндіру технологиясы

Дәрісті өту жоспары:

1. Табиғи битумдарды өндірудің негізгі әдістемелері.

2. Мұнай битумдарын алудың негізгі әдістемелері.

3. Қара майларды өндірудің негізгі әдістемелері.

4. Битумдар мен қара майлардың өндірісін оңтайландыру жолдары.

Битум табиғи немесе жасанды болуы мүмкін. Массасының 20-дан көп минералды қоспасы бар табиғи битумдарды табиғи асфальт, ал жоғарғы температурада балқитын, морт минералдық қоспасыз түрін табиғи асфальтит деп атау келісілген.

Біздің елімізде (бұрынғы КСРО-де) табиғи битумды негізінен тау жыныстарынан–битуммен қаныққан әктастан, доломиттен, құмдақтан, сланцдтерден алынады. Тау жыныстарында битумның жиынтығы әртүрлі жастағы геологиялық қыртыстарда кездесетін мұнайларды майлап қоюлануының қорытындысы болып табылады. Мұнай жер астында жылжып тұрады, кеуекті, жарықты шегінде тау жыныстарында жиналып, жоғарғы температура мен қысымның, сондай-ақ тотығу процесінің әсерімен қатты немесе жабысқақ битумға айналады.

Табиғи битумды асфальтты жыныстардың ыссы сумен (қазанда қайнату) трихлорэтилен немесе басқада органикалық еріткіштермен өңдеу арқылы алады. Табиғи битумдар ауа райына тұрақтылығымен және тасты материалдар үстіне жақсы жабысуымен ерекшеленеді. Битумның саны 2-3-тен аз болған жағдайда, оларды тау жыныстарынан бөліп алу экономика жағынан тиімсіз. Мұндай жағдайда, тау жыныстарын, әсіресе карбонаттыларды ұнтаққа айналдырады. Алынған асфальтты ұнтаққа айналдырады. Алынған асфальтты ұнтақ асфальт бетон үшін, құнды компонент болып табылады. Табиғи немесе мұнай битумның асфальт ұнтағымен жақсы араласқан қосынды продуктасын асфальтты мастика деп атайды. Битумдар табиғи немесе жасанды болуы мүмкін. Табиғи битумдар климаттық және геологиялық факторлардың әсерінен мұнайдан түзілген. Сол факторлардың әсерінен мұнайдың құрамындағы жеңіл көмірсутектер буланып, қалған өнім тотығып, полимерленген. Бұл битумдар жерден жоғарғы қабатына жинақталады, немесе беттік көлдер түзеді.

Беткі қабаттарда жинақталған кезде битум доломит, әктас сияқты тау жыныстарына сіңіп, битумдық немесе асфальттық тау жыныстарын түзеді. Егер бұл жыныстардың құрамындағы битумның мөлшері 10% артық болса, оны өндіру тиімді деп есептеледі. Бұл тау жыныстарынан битумды екі әдіспен алуға болады.

  1. Суда қайнату

  2. Органикалық ерткіштерде экстракциялау

Жасанды битумдарды негізінен мұнайдан алады. Оны алудың негізі әдістері:

  1. Атмосфералық вакумдық айдау арқылы( қалдық битум)

  2. Мұнай қалдықтарын тотықтыру - гудронды ауадағы оттегімен тотықтыру арқылы (тотыққан битумдар)

  3. Крекинг қалдықтарды тотықтыру арқылы

  4. Гудронның асфальтты - шайырлы бөлігін пропанмен тұндыру арқылы (экстракты битумдар)

  5. Қышқыл гудрондарды өңдеу (қышқыл битумдар)

Мұнай битумдары дегеніміз мұнайдан шыққан өнім. Мұнай өңдейтін заводтарда, олардың қайнау температурасына орай, мұнайды жеке фракцияларға бөлу технологияның негізгі кезеңдері болып табылады. Мұнайды фракциялық қуу қорытындысында, жанатын заттар (бензин, лигроин және басқа), майлайтын майлар (айналатын білік пен машинаға керекті), сондай-ақ қарамай немесе мұнай битумның өндіруге жіберетін қалдық.

Мұнай шикізатын арнаулы битум цехінде қосымша өңдеуден өткізгеннен соң керекті тұтқырлығы және басқада құнды технологиялық қасиеттері бар битум шығады.

Өңделетін табиғи битумдар аз салыстырмалы және олар толығымен химия өнеркәсібінде пайдаланады, сондықтан мұнай битумдарын көбінесе құрылыста қолданады.

Мұнай битумдарын, өңдіріс технологиясына байланысты, қарамайдан басқа майларды толық бөлу арқылы алатын қалдықты, қарамайды тотықтыру арқылы алатын тотықты, мазутты крекинг-процесімен өңдеу кезінде пайда болатын крекинг-қалдықтарды тотықтыру арқылы алынатын крекингті, яғни көмірсутегтерді, жоғарғы температура (400-6000С) мен үлкен қысымда (0,5 МПа-ға дейін) ыдырататын болып бөлінеді. Экстракты – қарамайдың асфальт шайыры бөлігін пропан немесе басқа әлсіз ерітінділерінде (асфальтсыздандыру) шөгіндіру арқылы алынатын, қышқылды-қышқыл қарамайды, жанатын және майлайтын майларды күкірт қышқылымен тазалаудан қалған қалдықты бейтараптап алады.

Мұнай өңдейтін заводтарда битумды, табиғатта кездесетін бір-бірінен көмірсутек тобтарының сан қатынастарымен ерекшеленетін әртүрлі мұнайларды өңдеу арқылы алады. Шикізатты дұрыс таңдап, тиімді технология мен шараларды берілген техникалық талаптарға қатаң түрде сай келтіре отырып, битумның сапасын реттеуге болады.

Битумдар кең қолдану табуда. Оларды, әсіресе мұнайдан алынғандарын жол, аэродром, шатыр және басқада асфальтбетонды жамылғыларда, су доғарылайтын қорғау қондырғыларында тұтқыр зат есебінде пайдаланады.

Битумның сапасын жақсартудың еңбір тәсілдерінің бірі, ол битумға каучук немесе каучук сияқты заттарды қосу болып табылады. Бәрінен жиі қолданылатын, арзан және жеткілікті резина-техникалық бұйымдар өндірісінің қалдықтары немесе тозып, пайдалануға жарамай қалған, мысалға автомобильдік дөңгелек қабтарын өңдеу продукталары.

Битумға резинаны қосқанда оның жылуға шыдамдылығы мен тозуға төзімділігі артады. Қосылатын резина қиқымының саны, бастапқы битум сапасына, әсіресе оның жабысқақтығына байланысты да, 3-15 (битумның массасынан) шегінде болады. Сондай-ақ жақсы қортындылар жасанды каучуктерді қосқанда алынады, мысалға полизобутиленді (битумның массасынан 5-ке дейін).

Қарамайдың топ құрамын фракциялық қуу жәрдемімен анықтау қабылданған. Қарамайды жайлап қыздырғанда сұйық фракцияға және қатты қалдыққа-пекке бөлінеді. Фракциалды қуудан қалған қалдықты пек дейді. Ол көміртекті (бос көміртегі) және шайырлы ауыр заттардан тұрады. Шикі дегтіден көкстелген немесе жартылай көкстелген шикізаттан алынған жеңіл және орташа фракциялары құрылады, сондықтанда техникада қолданылатын деготты жиі жағдайда қуылған деготь деп атайды.

Жиі жағдайда пекті ауыр немесе антраценді майлармен қолдан балқыту арқылы алынған, құрастырылған тас көмірлі деготь деп аталатын түрін қолданады. Пектің үш түрін шығарады: жұмсақ, орташа және қатты. Маркалары бір-бірінен бос көміртектің қаншалықты барлығымен, жұмсау температурасымен және кейбір басқа қасиеттерімен ерекшеленеді.

Дегтінің құрамы мен ішкі жүйелері оның қасиеттерін анықтайды. Дегтіге негізінен битумы бар қасиеттер тән, атап айтқанда желімдеу мен тұтқырлық қасиеті, сондай-ақ жабысқыштығы, қартайып тозуға бейімділігі және басқалар.

Битумның, дегтінің және олардың қорытпаларының негізінде, құрылыста кеңінен қолданылатын, өздеріне сай келетін эмульсия, пасталар және ерітінділер дайындайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнай битумдарын өндірудің негізгі әдістері қандай?

2. Тотықтырылған битумды өндірудің негізгі ерекщеліктері?

3. Крекинг битумын өндірудің негізгі ерекшеліктері?

4. Битумның атмосфералық тұрақтылығын арттыру жолдары қандай?

5. Битумның температуралық тұрақтылығын арттыру жолдары?

6. Қара майды өндірудің негізгі әдістері?

Әдебиеттер тізімі:

1. Рыбьев И. А: и др. Технология гидроизоляционных материалов. М. 1997

Қосымша

2. Бородин В: И. Производство рулонных битумных материалов М, 1987

3. Борисов Г.В. Производство гидроизоляционных материалов Справочное пособие П, 1987

4. Дворгиш П. И. И др. Материалы и изделия в мелиоративном строительстве, Справочник, Киев, 1982

5. Кисина А: М. Идр. Полимербитумное кровельное и гидроизоляционные материалы П,1983

6. Мастики в строительстве Резниченко П. Т. и др. Днепропетровск, 1975

7. Неринштейн З. Ш и др. Производство битумных рулонных кровельных материалов. М. 1970

7-тақырып. Суоқшаулағыш материалдардың құрамына ендірілетін толықтырғыштар, толтырғыштар, қоспалар.

Дәрісті өту жоспары:

1. Гидроизоляциялық материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі толықтырғыштар, олардың материал қасиетіне әсері.

2. Гидроизоляциялық материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі толтырғыштар, олардың материал қасиетіне әсері.

3. Гидроизоляциялық материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі белсендіргіштер, олардың материал қасиетіне әсері.

4. Гидроизоляциялық материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі тұрақтандырғыштар, олардың материал қасиетіне әсері.

5. Гидроизоляциялық материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі бояғыштар, олардың материал қасиетіне әсері.

Толықтырғыштар - битум, қара май, полимерлер негізінде алынған суоқшаулағыш материалдардың механикалық қасиеттерін жетілдіру үшін қолданылады. Олар материалдың жылу және атмосфералық төзімділігін, жұмыс істеу мерзімін арттырып, тұтқыр заттың шығынын азайтуға мумкіндік береді.

Битумдар үшін толықтырғыш ретінде: негізінен табиғи тау жыныстарынан алынған ұнтақтар қолданылады (әктас, доломит, магнезит, мрамор, домна пешінін шлактары, ЖЭС күлдері, тас көмір және сланец күлдері).

Қара майлар үшін: далашпаттары, асбест, кварц, каолинит, гранит, трахит ұнтақтары.

Полимерлер үшін : ағаш және бакелей ұны, каолинит, кварц немесе асбест шаңы, бор, пемза, тальк, шлак немесе қыш ұнтақтары, графит, барит ұнтақтары қолданылады.

Толтырғыштар – ретінде шағал, қиыршық тас, құм қолданылады. Қышқыл тау жыныстарынан алынған шағал немесе негіздік тау жыныстарынан алынған шағал мен қиыршық тастың битуммен адгезиясы жоғары болады. Сондықтан ондай бетондардың беріктігі жоғары болады (әктас, доломит, габбро).

Органикалық тұтқырлар негізіндегі мұндай материалдардың жұмыс істеу мерзімі фазалар шекарасында жүретін үрдістерге тәуелді болады. Атап айтқанда араластыру, тығыздау және пайдалану кезінде жүретін үрдістер.

Белсендіргіштерді - композициялық материалдың құрамына: фазалар шекарасындағы адгезияны күшейту үшін, белгілі бір компоненттің полярлығын арттыру үшін, полимерлену және поликонденсациялану реакциясын тездету үшін және араласпанын технологиялық қасиетін жетілдіру үшін қосады.

Битумды-полимерлі материалдар үшін белсендіргіш зат ретінде: әк, магний оксиді, портландцемент, шлактыпортландцемент, анионактивті және катионактивті заттар қолданылады.

Тұрақтандырғыштар - ауадағы оттегінің, күн сәулесінің, жоғары температураның, бактериялардың әсерінен пластмассалар мен полимерлерде жүретін қатаю үрдісін бәсеңдету үшін қолданылады.

Полимерлік немесе каучукцементтік материалдардың суға төзімділігін арттыру үшін – битум , май немесе парафин эмульсияларын, ал асфальттік материалдардың суға төзімділігін арттыру үшін ауалық тұтқыр зат негізінде дайындалған ерітінді қосады.

Бояғыштар мен пигменттерді - полимерлік материалдарға қажетті түс беру үшін қолданады. Пигменттер – ұнтақ заттар, материалды дайындау температурасында тұрақты. (охра, сурик, умбра, хром жасылы, қара күйе).

Пластификаторлар – төменгі температураларда материалға жоғары икемділік береттін заттар. Пластификатор ретінде қолданылатын заттардың қайнау температуралары жоғары болады. Битумды және қара май негізінде алынған материалдар үшін пластификатор ретінде жоғары молекулалы органикалық қышқылдар және олардың тұздары қолданылады. Мөлшері 2-4% .

Еріткіштерді – материалға оның аққыштығын арттыру үшін және суоқшаулау жұмыстарын оңайлату үшін қосады. Еріткіштер үш түрлі болуы мүмкін:

  1. жеңіл еріткіштер: бензин;

  2. орташа еріткіштер: толуол, ксилол, уайт -спириті, жай және күрделі эфирлер, бутилацетат, этилацетат, ацетон;

  3. ауыр еріткіштер (керосин, сольвент, мазут).

Қатайтқыштар – араласпаға өндіру барысында термореактивті полимерді термопластикалық полимерге айналдыру үшін қолданылады. Оған: уротропин, магний және кальций оксидтері мен гидроксидтері жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Суоқшаулағыш материалдардың құрамына толықлырғыштар қандай мақсатпен ендіріледі?

2. Толықтырғыш ретінде қандай заттарды пайдалануға болады?

3. Белсендіргіштер дегеніміз не?

4. Тұрақтандырғыш деп қандай заттарды айтамыз?

5. Пластификаторлар дегеніміз не?

6. Қатайтқыштар гидроизоляциялық материалдың құрамына қандай мақсатпен ендіріледі?

7. Еріткіштер деп қандай заттарды айтамыз, оладың жіктелуі?

Әдебиеттер тізімі:

1. Рыбьев И. А: и др. Технология гидроизоляционных материалов. М. 1997

Қосымша

2. Бородин В: И. Производство рулонных битумных материалов М, 1987

3. Борисов Г.В. Производство гидроизоляционных материалов Справочное пособие П, 1987

4. Дворгиш П. И. И др. Материалы и изделия в мелиоративном строительстве, Справочник, Киев, 1982

5. Кисина А: М. Идр. Полимербитумное кровельное и гидроизоляционные материалы П,1983

6. Мастики в строительстве Резниченко П. Т. и др. Днепропетровск, 1975

7. Неринштейн З. Ш и др. Производство битумных рулонных кровельных материалов. М. 1970

8-тақырып. Битумды, қара майлы және резиналы композициядағы гидроизоляциялық материалдар

Дәрісті өту жоспары:

1. Битумды-қара майлы композициялар, олардың негізгі қасиеттері.

2. Битумды-резиналы композициялар, олардың негізгі қасиеттері.

3. Битумды-қарамайлы композициялар негізіндегі шатырлық материалдар.

4. Битумды, қара майлы гидроизоляциялық материалдардың атмосфералық төзімділігін арттыру.

Шатырлық материалдар әртүрлі атмосфералық факторлардың әсеріне ұшырайды: күн радиациясы, температураның өзгеруі, ылғалдану мен кебу, мұздау мен еру. Шатырдағы материалдарға ауада болатын (әсіресе өндіріс орталықтарында) кейбір газдар мен тозаң бөлшектерде қиратушы әсер етеді. Сондықтан шатыр материалдарға, тек олардың беріктігі ғана емес, сонымен қатар ұзаққа шыдамдылығы, атмосфера әсерлеріне тұрақтылығы, суға тұрақтылығы, су өткізбеушілігі және жылуға төзімділігіне белгілі талаптар қойылады.

Оқшауланатын конструкциялар жиі жағдайда әжептеуір су қысымына тап болуына орай, су оқшаулайтын материалдардың, жоғарыда аталғаннан басқа, көтерінкі су өткізбеушілік қасиеті болуы керек.

Су өткізбейтін (доғарылайтын) материалдардан әдетте химиялық төзімділікті де талап етеді, яғни судағы бар және құрылыстың негізгі материалын қирататын заттардың әсеріне қарсы тұруға қабілеті бар. Сонымен қатар су оқшаулайтын материалдар жеткілікті түрде майысқақ, созылып-тартылып тұратындай болуы керек. Құрылыстың оқшауланатын бөлігінің шөгінуі, температураның және басқада деформациялық факторлармен үйлесе отырып сызатталып жарылмауы керек. Жиі жағдайда геометриялық пішіні күрделі беттерді оқшаулауға байланысты су доғарылайтын заттардан жеткілікті майысқақтықты талап етеді.

Шатырлық және судан оқшаулайтын заттардың арасында айқын шекара жүргізу өте қиын, себебі бір материалдың өзін, мысалға пергамин, толь, гидроизол, битумды және қара майлы мастикаларды және басқаларын шатыр құруға да, ғимараттар мен құрылыстарды судан оқшаулау үшін де пайдаланады.

Битум мен қарамай негізіндегі шатырлық және су оқшаулайтын материалдарды шартты түрде бірқатар белгілеріне қарап, жіктеуге болады. Бәрінен бұрын пайдаланған байланыстырғыштың түріне қарай битумды, қара майлы, битумды-майлы, битумды- резиналы және битумды -полимерлі және басқа түрлері.

Қара майлы материалдарға қарағанда, битумдылар күн сәулесінің және басқа да атмосфералық факторлардың зиянды әсеріне жақсырақ қарсыласады және шатырлық жамылғыларда ұзақ тұрады. Қара майлы материалдар болса, олар ылғалды ортада картонды астарының шіруіне, қара майда антисептикті заттың (фенолдың) болуына байланысты, көп шыдамды. Сондықтан, мысалға, күн сәулесіне іргетас пен ғимараттың қабырғалары арасындағы су оқшаулайтын қабатты, көп жағдайда шиыршықты оралған қара майлы материалдардан жасайды.

Битумды-резиналы байланыстырғышты пайдаланған кезде битумның жұмсау температурасы өседі, оның морттың жағдайға ауысатын температурасы төмендейді, деформациялық қасиеттері мен ұзақ тұрушылығы өседі.

Битумға полимерлерді, мысалға полиизобутиленді немесе фенолформальдегидті шайырларды қосудан, материалдың беріктігі мен ұзақ қызмет етушілігі өседі, төмен температурада оның морттығы кемиді. Жасанды шайырларды қосу, тек битум мен толтырғыштарды ғана пайдаланғанға қарағанда, жұқа қалыңдығы 2-3 мм табақты шиыршықты материалдарды дайындауға мүмкіндік береді.

Битум мен қара май негізіндегі шатырлық су оқшаулайтын материалдарды шиыршықты оралым, мастика, эмульсия және паста (сылақ пен желімдеу) түрінде шығарады. Шиыршық оралымды шатырлық және су оқшаулайтын материалдар астарлы және астарсыз болып бөлінеді. Астарлы материалдардағы астарды, битум, қара маймен және олардың араласымен өңдеу арқылы алады.

Астар есебінде көбінесе картонды (рубероид, пергамин, толь үшін) пайдаланады, бірақта асбест картоиы (гидроизод) шыны мата және шыны кенеп (шынырубероид) және алюминий қабыршығы (фольгоизол) негізінде алынған шиыршық оралымды материалдар көп берікті, ұзақ тұрады.

Берілген қалыңдықтағы кесінді түрдегі астарсыз материалдарды, температуралық және механикалық өңдеуден өткен, органикалық тұтқырдың, толтырғыштар мен қоспалардың араласын айналмалы біліктердің арасынан қысыммен өткізу арқылы алынады.

Құрастырмалы құрылыстың дамуы типті жекеленген және қасиеті мен тағайындалуы жөнінен ерекше жаңа материалдарды – құрылыс саңлаусыздарын шығаруды талап етті. Саңлаусыздандыратын материалдарды көбінесе элементтер арасындағы сыртқы жапсарды тығыздап толтыруға жұмсайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Битумды-қара майлы композициялар, олардың негізгі ерекшеліктері?

2. Битумды-резиналы композициялар, олардың негізгі ерекшеліктері?

3. Полимерлер композицияға қандай қасиеттер береді?

4. Битумды-полимерлі композициялар, олардың негізгі ерекшеліктері?

Әдебиеттер тізімі:

1. Рыбьев И. А: и др. Технология гидроизоляционных материалов. М. 1997

Қосымша

2. Бородин В: И. Производство рулонных битумных материалов М, 1987

3. Борисов Г.В. Производство гидроизоляционных материалов Справочное пособие П, 1987

4. Дворгиш П. И. И др. Материалы и изделия в мелиоративном строительстве, Справочник, Киев, 1982

5. Кисина А: М. Идр. Полимербитумное кровельное и гидроизоляционные материалы П,1983

6. Мастики в строительстве Резниченко П. Т. и др. Днепропетровск, 1975

7. Неринштейн З. Ш и др. Производство битумных рулонных кровельных материалов. М. 1970

9,10-тақырып. Сұйық гидроизоляциялық материалдар. Лактар және эмальдар.

Дәрісті өту жоспары:

1. Лакты, бояулы материалдар, оларды қолданудың негізгі бағыттары.

2. Лакты, бояулы материалдардың негізгі компоненттері.

3. Лакты, бояулы материалдарды дайындау үшін қолданылатын байланыстырғыш заттар, еріткіштер.

4, Лакты, бояулы материалдарды алуда қолданылатын пигменттік заттар.

Лакты -бояулы материалдар деп әдетте әрленетін бетке тұтқырлы сұйық күйінде жұқа қабат ретінда жайылып, байланыс күштерімен ағашқа, металға, сылаққа, бетонға мықты жабысып қатты қабыршық пайда болатын материалдарды айтады. Қатып қалыптасқан қабыршықты лакбояуды немесе сырланған жабылым деп атайды.

Құрылыста лактыбояулы материалдарды, ғимараттар мен үй- іштеріне, сондай-ақ конструкцияларды қоршаған ортаның қауіпты әсерлерінен сақтау үшін, мысалға болатты тотығудан қорғау және оларға ұнамды әсем көрініс беру үшін кеңінен қолданады.

Кейбір лакты-бояулы материалдар арнаулы пайдалануға тағайындалады. Мысалға, ағаш үшін оттан қорғайтын және антисептикалық бояулар, электрдоғарылайтын және қызуға төзгіш лактар, май мен бензинге шыдамды бояулар.

Лак пен бояуға келесі материалдар жатады: 1. Беттерді майлап әрлеуге дайындау үшін пайдаланатын құрамдар, алғашқы бояу қабаттары, тығындау (олар боялатын бетке біртектілік пен тегістік беру үшін керек). 2. Байланыстыратын материалдар мен түрлі түсті ұнтақтар (пигменттер); осы заттарды араластыра отырып бояуды дайындайды. 3. Бояулар (немесе, дәлірек боялатын құрамдар) – дегеніміз паста сияқты немесе пайдалануға дайын тұтқырлы сұйық масса. 4. Қабыршық пайда болатын лактар, әдетте, тегістігі мен жылтырауы жағынан ерекшеленеді. 5. Эмальдарда – дақ пен бояудың кейбір қасиеттері қосарланып кеткен десе болады. 6. Әртүрлі еріткіштер, бояу мен лактық сұйылтқыштар.

Сұйық гидроизоляциялық материалдар

Құрылысшылар лакбояулы материалдардың басым көпшілігін химия өндірісінің мекемелерінен алады. Бұл материалдардың санына енетін негізгі продукталармен қатар, бастапқы майлауға керекті қосымша (мысалға сылау, жұғыштар, қатырғыштар) заттардың саны өте үлкен. Олардың саны жүздеп саналады. Әрбір материалдарға өздерінің ГОСТ-ы мен техникалық шарттары болуына байланысты, лакбояулы продукталарды белгілі бір жағдайға таңдалып пайдалану жеңілденеді. ГОСТ пен техникалық шарттарда продуктаның аты, түрі, тағайындалуы, техникалық талаптар, сапасын бақылау, қабылдау ережелері, сондай-ақ материалдардың буып-түйіп оралуы, тасымалдау мен сақтау жөніндегі кеңесте көрсетіледі.

Жеке жағдайларда бояуларды, үлкен құрылыс мекемесінің жүйесіне енетін заводтарда да өндіреді.

Табиғи шикізатты жасанды материалдармен алмастыру. Осы күнге дейін лак, бояу және эмальдардың және қымбат қабыршық түзейтін негізгі шикізаттың түрі болып табиғи шайырлар мен өсімдік майлары болды.

Табиғи шайырлар Азия мен Африка континенттеріндегі кейбір өсімдіктерден алынатын. Осы шайырлар алыстан тасымалданатын да, лактарды дайындау мен пайдалану қымбатқа түсетін. Ұзақ уақыт бойына олиф пен майлы бояулардың қабыршық түзейтін ең басты және таптырмайтын шикізат түрі болып зығыр мен сора және басқада, тағам өнімдері болып табылатын өсімдік майлары болып келді. Соңғы бір он жылдың ішінде лак пен бояу өнеркәсібінің шикізат қоры күрт өзгерді, көп мөлшерде әртүрлі полимерлерді қолдана бастады.

Жасанды шайыр материалдарды пайдалану арқасында табиғи шайырларды сырттан алдырудан бас тартты және тамақ өнеркәсібінде пайдалануға көп мөлшерде өсімдік майы босады. Сонымен қатар, тиімді, ұзақ пайдаланатын лакты бояулы материалдардың, жоғарғы сапалы жаңа түрлерін көптеп өндіруге мүмкіндік туды. Осындай жағдайға қарамастан лакты бояу өндірісінде табиғи шикізатты пайдалану әліде сирек емес. Оларды жасанды өнімдермен алмастыру жүріп жатыр.