- •Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк Студенттің өзіндік жұмысы
- •Жоспары
- •Суицидке дайындалуының төмендегідей тағы да бірнеше белгілері бар
- •Төмендегі ережені ұстаныңыз:
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Бағалау парағы
Суицидке дайындалуының төмендегідей тағы да бірнеше белгілері бар
1. Сүйікті ісіне деген қызығушылықтың жоғалуы, белсенділігінің төмендеуі, апатия, жігерсіздік;
2. Өз-өзін күтпеуі, қалай болса солай жүруі;
3. Жалғыздыққа құштарлығы, жақындарынан оқшаулануы;
4. Көңіл-күйінің бірден түсіп кетуі, сөз көтере алмауы;
5. Себепсізден-себепсіз көз жасына ерік беруі, баяу және сылбыр сөйлеуі;
6. Сабақ үлгерімінің күрт төмендеуі және олақтығы;
7. Мектептегі тәртібінің төмендеуі, сабаққа бармау, тәртібінің бұзылуы;
8. Маңызсыз, мардымсыз істі қолға алуы;
9. Денсаулықтағы ақау: тәбетінің нашарлауы, көңіл-күйінің түсуі, ұйқысыздық, жаман түс көру;
10. Заттарын, ақшасын оңды-солды таратып, жұмсауы, істерін жөнге келтіруге тырысуы, қорытындылауы, өткен-кеткен іс үшін кешірім сұрауы;
11. Өз-өзін кінәлауы немесе керісінше күнінің басқаға қарап қалғанын мойындауы, өлім туралы қалжыңдар мен күлкілі не пәлсапалық ой түюі.
Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар көрінеді.
Оның біріншісі — шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді. Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды.
Екіншісі — жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелердің назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп, «өлем» деп өзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады. Мысалы, Лилияны алатын болсақ ол кішкентай кезінен бастап барлығына да истерика арқылы қол жеткізетін. Ол төрт жасынан бастап- ақ дүкеннен ұнаған нәрсесін алмай кетпейтін. 13 жасында ол мен ешқашан мектепке бармаймын деп әке- шешесін қорқытқан ол музыкалық орталық саттырып алады. 15 жасында әке-шешесі оны туған күнге жібермеген үшін ол терезеге шығып өлемін деп шошытқан. Шошыған әке-шешесі оны туған күнге жіберіп қана қоймай оның қолына ақша да ұстатқан. Уақыт өткен сайын Лилияда шантажды мінез-құлық пайда болған. Өзіне қолайлы жағдайда ол өзін өлтірем деп барлық адамдарды манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізген. Алайда, бұл «өзін-өзі өлтіру ойыны» көбінесе қайғылы болып аяқталады өйткені өліммен ойнамайды.
Үшіншісі — жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен қиындықтан шығатын жол жоқ болып көрінеді. Бұған көпшілігінде нашақорлар мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады.
Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінін көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды. Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келген күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбін де өзі арандатып жасаған) көз жұмады.
Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды спорт түрінің қатысушысы ретінде көрініс табады.
Жасырын суициденттерді киллер, өрт сөндіруші, құтқарушы, көлікті жылдам жүргізетіндер, шылымды көп шегетіндер, өте толық адамдар арасынан табуға болады. Тірі кезінде осылар жақындарына өз қорқыныштары, күйзелуі жайлы айтпайды, сондықтан туыстары оның суицидке байланысты проблемалары бар деп ойламайды.
Өкінішке орай кәсіби психолог пен психотеропевт дәрігердің өздері жасырын суицид проблемасына көңіл бөледі деп айту қиын. Өлімнен қорқып, өзін сол өлімге жақындай түсу. Оны о дүниелік болып кеткендердің күнделіктерінен, өлеңдерінен немесе басқа әрекеттерінен байқауға болады(тірі кезінде байқауға болушы еді).
Өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жүргінші жолда (Германияда әсіресе метрода) көп кездеседі. Тағы да жасырылған суицид. Бұл орайда батыстағы полиция қызметкерлері автоцид деген терминді қолданады. Автомобиль бұл кезде суицид жасауға арналған инструмент рөлін ойнайды. Байқаусыздан немесе жоғары жылдамдықта келе жатып, алкогольді мастануда көлікті жүргізу, әлде жолда ұйықтап қалу сияқты себептерді жамылып, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері де көп кездеседі.
Жастар арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады: асиоциалдық, антисоциалдық, девиантты, деликвентті, аддиктивті мінез құлықтар. Оның әрқайсысы жас адамның белгілі бір мінез - құлық кесіндісін, қоғамға тән мінез құлық нормаларының белгілі бір ауытқу дәрежесін сипаттайды.
Өзін-өзі өлтіру қоғамда адам қалыпты, жалпыға белгілі жолдармен шеше алмайтын немесе оны шешудің қажеттілігін керек қылмайтын жеке тұлғалар арасына қатысты проблемалардың бар екенін көрсетеді. Өзін-өзі өлтіру -өзін-өзі өлтірген немесе оған барған тұлғаның-суициденттің-психо әлеуметтік теріс бейімделуімен аяқталатын, шешілмеген жанжалдың салдары.
Суицидент үшін жанжалдың шешілмеуі екі жағдайымен байланысты:
біріншісі-бұл жанжалды шешудің оған белгілі нұсқалары көбіне шектеулі немесе тіпті де жоқ.
екіншісі-жанжлды шешудегі оған белгілі немесе ұсынылған тәсілдері ол үшін тиімсіз немесе қолайсыз
Бұл жағдайларда суициденттің ойынша жанжалды шешудің жолы біреу ғана, ол дағдарыстан шығаратын тек өзін-өзі жою,өзін өзі аластату жолы.
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Үндістанда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, КСРО-да шамамен 23-24 адамнан келеді.
Қазақстан 2014 жыл бойынша жасөспімірдер арасында өзін-өзі өлтіру деңгейі бойынша әлемде 100 мың адамға шаққанда 25.6 жас өліп 4-ші орын алған.
XXI ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселен Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.
Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.
А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.
А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.
Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.
Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.
И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.
Суицидтің алдын алу шаралары
Егер сіз адамның суицидке жақындығын байқасаңыз, онымен ашық сөйлесуге тырысыңыз, бірақ ол өзі бастамайынша ол тақырыпқа қатысты сұрақ қоймаңыз. Балаңызды не мазалып жүргендігі, жалғызсырап жүрген жоқ па, өзін бақытсыз сезініп жүрген жоқ па, тығырыққа тірелгендей сезімде емес пе, өзін ешкімге керексізбін немесе қарыздармын деп ойламай ма, достары кім, неге қызығушылық танытады деген сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз. Туындап тұрған тығырықтан жол табуға тырысу керек, ол үшін баламен ашық сөйлесу керек, көп жағдайда бала өзін мазалаған жайттарды ашық айта алса, суицид туралы ойдан арыла алады. Әрқашанда баланың бұл әрекетіндегі мақсаты не және себебі қандай екендігін ұғыну керек. Психолог мамандарға жүгінуден қорықпаңыздар. Психологке жүгіну ол жерге есепке алыну немесе өмір-бақи таңба болып қалады дегенді білдірмейді. Өз-өзіне қол жұмсайтындардың көбі қарапайым, ақыл-есі дұрыс, дені сау, шығармашылық тұрғыда дарынды жеке тұлғалар, алайда олар шешімі қиын жағдайларға тап болуы мүмкін. Сол себепті баланы жалғыздықтан құтқарудың бірден-бір жолы – баланы сүйіспеншілікке бөлеу!
Егер жасөспірімнің суицидке жақындығын байқаған болсаңыз, төмендегі ақыл-кеңеске жүгініңіз:
1. Жасөспірімді мұқият тыңдаңыз. Кім болса да жабырқаңқы кездерінде өзін тыңдап, мүсіркейтін адаммен тілдескісі келеді. Баланың жұмбақ сөздеріндегі басты мәселені түсінуге тырысыңыз.
2. Бала ойының қаншалықты шындыққа жанасатынын саралап қараңыз. Оның суицид туралы жоспарының қаншалықты нақты екенін анықтауға тырысыңыз, жоспарының нақтылығы неғұрлым қауіптірек.
3. Көңіл-күйінің қаншалықты жабырқаңқы екенін бағалаңыз. Жасөспірімнің барлығы бірдей өз-өзіне қол жұмсауға бел буа бермейді. Кеше ғана өзін тым жабырқаңқы сезінген адамның аяқ-асты белсенділігі бізді бей-жай қалдырмауы тиіс.
4. Қандай да болмасын реніш пен шағымға баса көңіл бөлуіміз керек. Не айтса да сабырмен қабылдауға тиіспіз. Олар өзін іштей жеген мазасыздықты жасырып қалып, ашыла қоймауы да мүмкін.
5. Балаңыздан өз-өзіне қол жұмсау туралы ойы жоқ па екендігін байыппен сұрап көріңіз. Мұндай сұрақтың залалы аз екендігін тәжірибеден білеміз. Жасөспірімдер көбінесе іштей мазалаған жайтты ашық айтуға тырысады.
