Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ғаниева Г.Ғ психиатрия суицид.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.24 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина

Кафедра: Неврология, психиатрия және наркология

Дисциплина: Психиатрия

Курс: 5

Тақырып: Суицид, қауіп факторлары, біріншілік алдын алу.

Орындалу түрі: реферат

Орындаған: Ғаниева Гүлдана

Тобы: 503Б

Ақтөбе 2016жыл

Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

А) Суицид сөзіне жалпы шолу

Ә) Суицидальді мінез-құлық және әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік көрінісі

Б) Суицид түрлері және суицидке дайындалудың нақты белгілері.

Ғ) Суицидтің алдын алу шаралары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі әлеуметтік себебі бар және зерттеуді сонымен қатар себебін түсіндіруді қажет етеді. Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларға не жататынын білу керек. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез- құлық үлгісі ретінде қабылдай отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық моральдік және құқықтық қолдау механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары бар дегенді білдіреді. Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады. Стресс өте ауыр психологиялық жағдайда қауіп- қатер төнгенде, іс- әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде, әл қуатқа және ақыл - ойға салмақ түскенде пайда болады. Суицид әлемдік мәселеге айналуда. Қазақстан 2014 жыл бойынша жасөспімірдер арасында өзін-өзі өлтіру деңгейі бойынша әлемде 100 мың адамға шаққанда 25.6 жас өліп 4-ші орын алған.

Өзін-өзі өлтіру —өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу.

Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға,нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:

  1. Қорытынды өзін-өзі өлтіру (өзін-өзі өлтірер алдында өз әрекетеріне есеп беретін, бірақ кінәсіз қиын жағдайдаға түскен, ойлану нәтижесінде болашақтың жоқтығына көзі жеткен адамдардың өзін-өзі өлтіруі, қаржының жоқтығы, жазылмайтын ауру және т.б.);

  2. Ашық қарсыласу түріндегі өзін-өзі өлтіру (бақытсыз махаббат, ажырасу т.б. себеп болатын жан күйзеліс әрекет);

  3. Аяқ астынан өзін-өзі өлтіру (жаман хабар алғаннан кейін, отбасындағы не жұмыстағы ойда жоқта пайда болған қиыншылықтан кейін өзін-өзі өлтіруге аяқ астынан бел буу);

  4. Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру.

Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Грекия, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.

Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі әлеуметтік себебі бар және зерттеуді сонымен қатар себебін түсіндіруді қажет етеді. Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларға не жататынын білу керек. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез- құлық үлгісі ретінде қабылдай отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық моральдік және құқықтық қолдау механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары бар дегенді білдіреді.

Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады. Стресс өте ауыр психологиялық жағдайда қауіп- қатер төнгенде, іс- әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде, әл қуатқа және ақыл - ойға салмақ түскенде пайда болады.

Жасөспірімдер мен бозбалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлері бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі:

  • реактивті негізделген (қашып кету, суицид), әдетте психиканың зақымдану негізінде болады;

  • дұрыс берілмеген тәрбиенің негізінде болатын жеке адамның төменгі моральдік деңгейінен болатын түрі (есірткі қолдану, маскүнемдік);

Басқалары девиацияны екі негізгі бағытта қарастырады:

  1. Бұзушылықтың пайда болатын формалары бойынша – деликвенттілік, үйден қашып кету, қаңғыру, ерте маскүнемдік, суицидтік мінез- құлық.

  2. Биологиялық факторлар негізінде жатқан себептер, факторлар, дәлелдерге қатысты, сондай- ақ әлеуметтік психологиялық негіздегі: әлеуметтік орта және психологиялық жас ерекшеліктері.

Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.

Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.

  1. - Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

  2. - Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

  3. - Жастар арасы - 17-29 жас;

  4. - Ересектер арасы – 30-35 жас;

  5. - Қарттық кезең – 55-70 жас.

5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.

Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

Суицидальды мінез-құлыққа:

  • Антивитальды қапаланулар (өмірдің құндылығын жоғалту, «мен өмір сүріп жүрген жоқпын,тек тіршілік етемін»деген сияқты ойлар);

  • Селқос суицидті ойлар -өзінің өмірінен айырылудың жеңіл өтуі туралы қиялдар( «ұйықтап кетсе ,содан оянбаса»  деген сияқты ойлар);

  • Суицидті ниеттер — өзін-өзі өлтіруге деген тілектер, суицидті аужаулар өзін-өзі өлтіру туралы шешімдерді тәсілдер мен ыңғайлы жағдайларды іздеу арқылы жүзеге асырулар жатады, суицидальды ниеттер қайтымды фазадан (суицидент әлі де болса өмірге қайтып келмеген кезі) қайтымсыз фаза арқылы —  биологиялық өлімнің келуімен өтеді.

Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.

Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады.

Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.

Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.