Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Пси-11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
804.86 Кб
Скачать

Дәрісті оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар

Дәріс білім беру бағдарламасы бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі бөлім болып табылады.

Оқытушының басты міндеті мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген материалдардың барлық деңгейлерін игеру барысында таным процесін ұйымдастыру болып табылады.

Осыған сәйкес дәріс оқытушысы мыналарға міндетті:

  1. Әр дәрістің мақсатын құрылымдау;

  2. Дәрістің құрылымы мен оның жоспарын нақтылау;

  3. Білім алушылардың білім деңгейі мен дағдыларын ескере отырып, таным әрекетін белсендендіру әдістерін ойластыру;

  4. Дәрісті оқыту барысында басқа да пәндер мен тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін қарастыру;

  5. Білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін қажетті негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін мен сілтемелерді ұсыну;

  6. Дәріс материалдарына сүйене отырып, семинар мен білім алушының өзіндік жұмыс тапсырмаларын құрылымдау.

Дәрістің жеке міндеттері:

  1. Білім алушыларға білім беру және оларды қолдану үшін дағдыларды қалыптастыру;

  2. Оқытылып отырған пәннің басқа пәндермен өзара байланысын анықтау;

  3. Білім алушылардың пәннің әртүрлі бөлімдерін, сонымен қатар оның оқу процесі құрылымындағы рөлін оқыту барысындабілімі мен дағдыларын бағалау;

  4. Пәнді өзіндік оқу үшін білім алушыларға ақпараттық-анықтама жүйесіне сілтемелер ұсыну;

Дәрістің мазмұнына талаптар:

  • Пәннің тақырыбы мен мазмұны пәннің силлабусына сәйкес анықталады;

  • Дәріс логикалық құрылымданған болуы керек;

  • Дәрістің құрылымы бағытталған болуы тиіс және аудиторияның дайындық деңгейін де ескеруі керек;

  • Дәрісте теория мен тәжірилік білімдерді біріктіре оқыту.

Дәрісті өткізу процесі – мазмұн, логикалық және дәйектік кешенді оқыту. Дәріс дидактикалық принциптерге негізделе отырып құрылуы керек:

  • Берілетін мәліметтердің ғылыми негізделуі;

  • Мәліметтердің жүйелілігі (қарапайымнан күрделіліге қарай);

  • Теория мен тәжірибенің байланысы;

  • Ғылыми білімнің қолжетімділігі;

Дәрістің нәтижелілігі білім алушылардың алған сапалы және сандық ақпараттарымен сипатталады. Оны жетілдіру үшін:

  • Нақтылық: дәріс оқыту барысында дұрыс қойылған дауыс ырғағы, үзінділер, мимика, жест арқылы аудиторияға сезімдік әсер ету мүмкіндігі жоғары; Осы жағдайда білім алушылардың назарын аударудағы бірінші дағдарыс 15-20 минутта, ал кейінгісі 30-35 минуттан соң болатынын ескеру керек.

  • Иллюстрациялау мүмкіндігі дәрісті оқыту барысында кестелер, сонымен қатар тақтаға, плакаттарға түсірілген сызулар, компьютерде безендірілген слайдтар мен статистикалық және динамикалық диаграммалар, интерактивті суреттер қолданылады;

  • Икемділігі – білім алушылардың дайындығын ескере отырып, дәрісті ұйымдастыру;

  • Дәрісті оқыту барысында білім алушыларға ғылымның осы саладағы жаңа жетістіктерін ұсыну;

  • Бақылау сұрақтары арқылы білім алушылардың белсенділігін жоғарылату;

  • Білім алушыларға дәріс барысында оқытушыға сұрақ қою мүмкіндігін беру.

Әр дәрісте алдын ала дайындалған дәріс конспектісі мен оны өткізу жоспары болу керек. Дәрістің конспектісінде оның тақырыбы, мақсаты және мазмұны көрсетіледі. Оқытылып отырған материалдың иллюстрациялануына көмектесетін құралдар:

  • Тақта және онымен жұмыс істеу;

  • Плакаттар, сызулар, кестелер;

  • Көлемді құралдар, модельдер;

  • Оқыту диафильмдері;

  • Электронды оқу құралдары.

Дәрісті оқыту әдістемесі: Дәрісте теориялық сұрақтар қарастырылады. Дәрісті оқыту барысында білім алушылардың көңілі мәселелі аспектілерге аударылады, осы сұрақтарды шешу жолдары қарастырылады. Дәрісте қарастырылатын сұрақтар мен оларды талдауға бөлінетін уақыт аралықтары анықталады.