Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
денсаулық мектебі (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.32 Кб
Скачать

2.Тақырып бойынша сұрақ-жауап(15мин.)

Астманың негізгі белгісі қандай?

Негізгі белгісі-бронх тарылуынан тұншығу ұстамасының пайда болуы.Ұстаманың алғашқы белгілері:мұрыны бітеледі,құрғақ ұстамалы жөтел,тамағының қышуы,түшкіреді.Кейде ұстама түнде басталады,кеудесі қысылып,науқас оянады,ұстамалы жөтел,аз мөлшерде мөлдір қақырықты қиналып шығарады.

Тұншығу ұстамасы кезінде қандай қалыпта отыру керек?

ұстама кезінде көрсетілетін көмек:

  1. Ыңғайлы ортопноэқалыпта отырыңыз.Ортопноэ қалпы-екі қолыңызды тізеңізге қойып,кеудеңізді сәл алға қарай еңкейтіңіз.Қысып тұрған киімдеріңізді босатып,терезелерді ашып бөлмені таза ауамен қамтамасыз етіңіз.

  2. Қалталы ингаляторды алып аузыңызға 2 рет себіңіз.

Қалталы ингалятордың қандай маңыздылығы бар?

Қалталы ингалятор тұншығу кезінде тыныс жолдарын ашып,тыныс алуды жақсартады

Адамның қандай жылдамдықта тыныс шығаратындығын анықтайтын құрал қалай аталады?

Пикфлоуметр-адамның қандай жылдамдықта тыныс шығаратындығын анықтайтын құрал.

Пикфлоуметрді қолдану ережесі

Науқас отырған қалыпта бірнеше рет терең дем алып,дем шығарғаннан кейін,пикфлоуметр мундштугын горизонтальді бағытта ерінге тигізіп,тезірек демді шығару керек.

Нәтижелерін жазып алу керек.3 рет қайталаған абзал.

Бронхиалды астмамен ауыратын адамның тамақтануы ауруды өршітпеу үшін өте маңызды.Кейбір тағамдар аллергия тудыруы мүмкін.Сондықтан аллергия тудыратын тағамдарды пайдаланбаған жөн.

Қосымша№3

Дискуссия

  1. Сіз тұншығып,ауа жетпей жатқанын сездіңіз,осы кезде тұншығуды басу үшін қандай құралды пайланасыз?

  2. Сізге дәрігер пикфлоуметр құралын 1 апта бойы пайдаланып, өзіңіздің қандай жылдамдықта тыныс шығаратыныңызды ба0ылап, нәтижес3н әкелуіңізді сұрады. нәтижелерді қайда тіркейсіз?

  3. Сіз мандарин немесе лимон жегеннен кейін өзіңізде тұншығу болатынын сезесіз. Неліктен олай болады және әрі қарай қалай тамақтанасыз?

Қосымшм №4

Материалды түсінгенін бақылау

  1. Бронхиалды астма ненің әсерінен пайда болады?

А)салқын тиюден

Б)стресс әсерінен

В)шаң-тозаң

Г)өнеркәсіп қалдықтары

  1. Аллергия тудыратын қандай тағам түрлерін білесіз?

А)шоколад,шоколад өнімдері

Б)сиыр еті

В)тәтті сусын

Г)зәйтүн майы

  1. Бронхиалды астманың негізгі белгісі қандай?

А)температураның көтерілуі

Б)тұншығу

В)қан қысымының көтерілуі

Г)бас ауру

  1. БА бақылау жүргізудің ең дұрыс әрі тиімді жолы болып қандай құрал табылады?

А)жаттығу жасау

Б)ингалятор пайдалану

В)пикфлоуметр

Г)дұрыс тамақтану

  1. Астма кезінде мүлдем қолдануға болмайды?

А)алкогольдік өнімді

Б)сүт өнімдерін

В)майлы тағамдарды

Г)қышқыл тағам

6. Тұншығу ұстамасы кезінде қандай қалыпта отыру керек?

А)сәл шалқайып

Б)алға қарай еңкейіп,қолды тізеге қойып

В)отыруға болмайды

Г)бір қырындап жату

7. Қалталы ингалятордың қандай маңыздылығы бар?

А)тыныс жолдарын ашады

Б)күнделікті дәрі ретінде пайдалану керек

В)тұншығуды мүлдем болдырмайды

Г)пайдасы жоқ

8.Пикфлоуметрден алынған нәтижені қайда белгілейсіз?

А)мүлдем белгілемеймін

Б)кез-келген параққа

В)арнайы күнделікке

Г)дәрігер белгілейді

9.Тыныс жаттығуларын жасау не үшін қажет?

А)денсаулықты нығайту үшін

Б)қажет емес

В)асқынуды болдырмас үшін

Г)басқа мүшелер жұмысын жақсартады

10.Қалталы ингалятордың қандай түрлері бар?

А)беродуал, сальбутамол

Б)түрге бөлінбейді

В)митрагил,но-шпа

Г)ангал,ингалипт