- •4 Үйге тапсырма:
- •1.Пиклоуметр аппаратын пайдаланып,алынған нәтижені күнделікке сызба түрінде белгілеңіз
- •1.Тақырып бойынша ақпарат беру
- •3.Тамақтану ережесімен таныстыру
- •4.Темекіні тастаудың жолдары
- •5.Жаттығу түрлерімен таныстыру
- •2.Тақырып бойынша сұрақ-жауап(15мин.)
- •Қалталы ингаляторды алып аузыңызға 2 рет себіңіз.
- •6. Тұншығу ұстамасы кезінде қандай қалыпта отыру керек?
- •7. Қалталы ингалятордың қандай маңыздылығы бар?
Денсаулық мектебі
Сабақ беру технологиясы
І.Тақырып бойынша ақпарат беру -20 мин.
(Қосымшм №1)
1.Тұншығу ұстамасы кезінде көмек көрсету
2.Ингаляция,пиклоуметр пайдалануды үйрету
3.Тамақтану ережес3мен таныстыру
4.Темекіні тастаудың жолдары
5.Жаттығу түрлерімен таныстыру
ІІ.Тақырып бойынша сұрақ-жауап -15мин.
(Қосымшм №2)
Астманың негізгі белгісі қандай?
Тұншығу ұстамасы кезінде қандай қалыпта отыру керек?
Қалталы ингалятордың қандай маңыздылығы бар?
Адамның қандай жылдамдықта тыныс шығаратындығын анықтайтын құрал қалай аталады?
ІІІ.Дискуссия -20мин
(Қосымшма №3)
І.Материалды түсінгенін бақылау.(10 сұрақты тест)
(Қосымшм №4)
4 Үйге тапсырма:
1.Пиклоуметр аппаратын пайдаланып,алынған нәтижені күнделікке сызба түрінде белгілеңіз
2.
Пайдаланылатын көрнекілік құралдары:жаднама,санбюллетень
Қосымша№1
1.Тақырып бойынша ақпарат беру
Бронхиалдық астма-инфекциялық аллергиялық ауру,бронхтардың шырышты қабаты ісініп,бронхтар тарылады,тұншығу ұстамасы пайда болады.
Тұншығу ұстамасы кезінде көмек көрсету
Негізгі белгісі-бронх тарылуынан тұншығу ұстамасының пайда болуы.Ұстаманың алғашқы белгілері:мұрыны бітеледі,құрғақ ұстамалы жөтел,тамағының қышуы,түшкіреді.Кейде ұстама түнде басталады,кеудесі қысылып,науқас оянады,ұстамалы жөтел,аз мөлшерде мөлдір қақырықты қиналып шығарады.
Осы ұстама кезінде көрсетілетін көмек:
Ыңғайлы ортопноэқалыпта отырыңыз.Ортопноэ қалпы-екі қолыңызды тізеңізге қойып,кеудеңізді сәл алға қарай еңкейтіңіз.Қысып тұрған киімдеріңізді босатып,терезелерді ашып бөлмені таза ауамен қамтамасыз етіңіз.
Қалталы ингаляторды алып аузыңызға 2 рет себіңіз.
Ингаляция,пиклоуметр пайдалануды үйрету
Қалталы ингалятор деген не?Оны қалай пайдалану керек?
Ингалятор-құрамында ақ немесе ақ түсті дерлік суспензия бар, мөлшерлегіш клапанмен жабдықталған, түбі ішіне қарай жаншылған металдан жасалған ингалятор.Түрлері:беклазон, беротек, беродуал, сальбутамол т.б.
Қолдану жөніндегі нұсқаулық
1.Ингалятор мундштігінен қорғаныш қалпақшасын алады. Мундштіктің таза және құрғақ екенін тексеру қажет. Ингаляторды қатты сілку керек.
2.Ингаляторды суретте көрсетілгендей ұстап тұрып, байсалды түрде терең тыныс алады.
3.Мундштікті ерінге қойып, оны ерінмен толық қысу қажет.
4.Ішке қарай қатты дем алу сәтінде тозаңдануды жүзеге асыру үшін ингалятордың басын басу керек.
5.Тынысты мүмкін болғанша шығармай ұзақ ұстаған жөн.Ингаляторды еріннен шығарып алады. Еркін және терең тыныстау керек.
6.Егер дәрінің қайталанатын ингаляциясы қажет болса, онда 2-5 тармақтарда сипатталған әрекеттерді қайталаудың алдында жарты минут күту керек.
7.Ингаляциядан кейін мүштіктің қорғаныс қалпақшасын кигізу қажет. Шаң мен ластанудан сақтаған жөн.
Бронхиалды астма кезінде қолданылуы жөнінде маңыздылығы жағынан ерекше орын алатын тағы құрал пикфлоуметр болып табылады.
Пикфлоуметр-адамның қандай жылдамдықта тыныс шығаратындығын анықтайтын құрал.
Пикфлоуметрді қолдану ережесі
Науқас отырған қалыпта бірнеше рет терең дем алып,дем шығарғаннан кейін,пикфлоуметр мундштугын горизонтальді бағытта ерінге тигізіп,тезірек демді шығару керек.
Нәтижелерін жазып алу керек.3 рет қайталаған абзал.
Бронхиалды астмамен ауыратын адамның тамақтануы ауруды өршітпеу үшін өте маңызды.Кейбір тағамдар аллергия тудыруы мүмкін.Сондықтан аллергия тудыратын тағамдарды пайдаланбаған жөн.
3.Тамақтану ережесімен таныстыру
Бронхиалдық астмамен ауыратын адамның тамақтануы
Қолдануға болмайтын тағам түрлері:Цитрусты жемістер (апельсин,мандарин,лимон,грейпфрут т.б.),жаңғақтар (фундук, миндаль, арахис т.б.),балық және балық өнімдері ,құс өнімдері ,шоколад және оның өнімдері ,кофе,томат, баклажан,саңырауқұлақтар ,жұмыртқа ,сүт ,таңқурай,қауын, ананас,бал .
Мүлдем қолдануға болмайды:алкогольдік өнімдер
Керісінше қолданылатын тағам түрлері:
Пісірілген майсыз сиыр еті ,сорпа ,зәйтүн,күнбағыс майы ,асылған кортоп ,қарақұмық,күріш ботқалары ,сүт өнімдері –1 күндік(сүзбе,қатық) ,уксус, қыша, майонез қарбыз,алма ,шай ,қант ,жеміс-жидек компоты,ақ нан
