Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИП умк каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.97 Mб
Скачать

2.8. Глосарий

Өлшеу ақпараты - өлшенген физикалық шамалардың мәндері туралы ақпарат.

Өлшеу нәтижесінің қателігі немесе өлшеу қателігі - өлшеу нәтижесінің физикалық шаманың нағыз мәнінен ауытқуы.

Кездейсоқ өлшеу қателігі – бір өзгермейтін ФШ, бірдей мұқияттылықпен қайта бақылауларда кездейсоқ мәндерге өзгеретін (белгісі мен таңбалары бойынша) өлшеу нәтижелерінің қателігінің құраушысы.

Жүйелік өлшеу қателігі - бір ғана өзгермейтін шаманы қайта өлшеулерде тұрақты болып қалатын немесе белгілі бір заңдылықпен өзгеретін өлшеу қателігінің құраушысы.

Абсолюттік қателік - өлшенетін шаманың бірліктерімен өрнектелген өлшеу қателігі.

Салыстырмалы қателік - өлшеудің абсолюттік қателігінің өлшенетін шаманың нағыз мәніне қатынасы анықталатын өлшем бірлігісіз шама, ол пайызбен өрнектелуі мүмкін.

Бірдей дәлдікте өлшеу - дәлдіктері бірдей ӨҚ және бірдей шарттарда орындалған қандай да бір шаманы өлшеулер қатары.

Әртүрлі дәлдікте өлшеу - дәлдіктері әртүрлі ӨҚ және (немесе) әртүрлі шарттарда орындалған қандай да бір шаманы өлшеулер қатары.

Бір реттік өлшеу – бір рет орындалған өлшеу.

Көп реттік өлшеу – ФШ бір ғана өлшемін бірінен соң бірі келетін бірнеше өлшеулер, яғни бір реттік өлшеулер қатары.

Тікелей өлшеу - ФШ ізделетін мәнін тікелей тәжірибелік мәліметтерден алатын, тікелей әдіспен жүргізілетін ФШ өлшеу.

Жанама өлшеу - ФШ ізделетін мәнін басқа ФШ тікелей өлшеу нәтижесінде табатын және осы ФШ және тікелей өлшеумен алынатын шама арасындағы белгілі тәуелділікпен ізделетін шамамен функциялық байланысқан өлшеу.

Физикалық шама - сапасы жағынан көптеген физикалық объектілерге (физикалық жүйеге, олардың күйлеріне және оларда жүретін процестерге) ортақ, бірақ сандық жағынан әрбір объектіге жеке қасиет.

Өлшеу әдісі - өлшеу принциптері мен құралдарын қолдану тәсілдерінің жиынтығы.

Тікелей бағалау әдісі - өшеу аспабының есептеу құрылымы бойынша шаманы тікелей анықтау әдісі (ұзындықты сызғышпен, массаны таразылар серіппесінің көмегімен, қысымды манометрмен өлшеу және т.б.).

Өлшеуішпен салыстыру әдісі - өлшенетін шаманы өлшеуіш көрсететін шамамен салыстыру (саңылауды сүңгімен, салмақты иінтіректі таразыларда гирлермен өлшеулер және т.б.).

Салыстыру әдісі - өлшенетін шама және өлшеуіш көрсететін шама, осы шамалардың қатынасын анықтайтын, салыстыру аспабына бір мезгілде әсер ететін өлшеуішпен салыстыру әдісі (өлшенетін массаны қойып және оны гирлермен теңестіріп, тең иықты таразыларда салмақты өлшеу).

Айырмашылық әдісі - өлшенетін шама және өлшеуіш көрсететін шама, осы шамалардың айырмашылығын анықтайтын, салыстыру аспабына бір мезгілде әсер ететін өлшеуішпен салыстыру әдісі.

Нөлдік әдіс – әрекеттесетін шамалардың нәтижелік әсерісалыстыру аспабында нөлге келтірілетін өлшеуішпен салыстыру әдісі.

Техникалық бақылау (ТК) – объектінің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру.

Техникалық диагностикалау – берілген дәлдікпен диагностикалау объектісінің техникалық күйін анықтау процесі (МЕМСТ 20911-75).

Сынау – сынау объектісі жұмыс істеп тұрғанда, оны моделдеуде әрекетәсерімен сандық және (немесе) сапалық қасиеттерін тәжірибе жолымен анықтау (МЕМСТ 16504-81).

Техникалық бақылау объектісі – бақылауға ұшырайтын өнім, оны жасау, қолдану, тасымалдау, сақтау, техникалық күту және жөндеу процестері, сондай-ақ сәйкес техникалық құжат.

Техникалық бақылау құралы – бақылауды жүргізуге арналған техникалық құрылым, зат және (немесе) материал. Өлшеу құралдарынан айырмашылығы техникалық бақылауда бақылау мақсатын қамтамасыз ету үшін әртүрлі заттар немесе материалдар қоданылуы мүмкін.

Техникалық бақылау әдісі – белгілі принциптер мен құралдарды пайдалану ережесі.

Өлшеу құралдарының түрлендіргіш элементі – шаманы түрлендірудің тізбек қатарының бірі орындалатын элемент.

СП ОЭК Мұнай және газ кәсіпшілігінің

машиналары мен жабдықтары”

кафедрасының мәжілісінде талқыланған

2012ж. « » « » № хаттамасы

СП ОЭК мұнай және газ институтының

Оқу -әдістемелік кеңесінде

мақұлданған

2012ж. « » « » № хаттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]