- •Тараз –2016
- •Оқытушы туралы мәлімет: . Аға оқытушы Айдарбекова ж.М..
- •1. «Математикалық физика әдістері» курсын оқытудың қажеттілігі мен актуальдылығы.
- •2. Пәнді оқытудағы мақсат.
- •4. Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері
- •5. Курстың сипаттамасы.
- •6.Курстың мазмұны.
- •6.1. Лекцияның календарлы-тематикалық жоспары.
- •3.1. Негізгі әдебиет
- •3.2. Қосымша әдебиет
- •8. Білімгерлерді бағалау әдісі.
- •Бағалаудың үш түрі қолданылады
- •10. Курс саясаты
- •6. Академиялық тәртіп және этика саясаты.
|
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты |
Ф 02/098 |
Білімгердің оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) «Физика және ФОӘ» кафедрасы |
СМЖ «Оқу-әдістемелік» ҮК НҮ 07 - 2011 Баспа 1.Дана №1 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«Бекітемін»
Жұмысшы бағдарламалар
комитетінің төрайымы
А.Надырбекова
«___»_____________2016 ж.
«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФИЗИКА ӘДІСТЕРІ»
ПӘНІНЕН БІЛІМГЕРЛЕР ҮШІН
ЖҰМЫСШЫ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: «Математикалық физика әдістері»
Мамандық: Физика
Факультет: Жаратылыстану ғылымдары
Кафедра: Физика және физиканы оқыту әдістемесі
Курс: 2
2016-17 оқу жылы 5 семестр
Барлығы: 135 сағат
лекция – 15 сағат
Практикалық сабақтар – 30 сағат
СӨЖ – 45 сағат
СОӨЖ – 45 сағат
Емтихан – семестр
Тараз –2016
Жұмысшы оқу бағдарламасы пән бойынша № 289 22.06.2006ж КР оқу-әдістемелік советінің типтік программасы негізінде жасалған.Жұмысшы бағдарламаны «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Ж.М. Айдарбекова дайындаған.
Жұмысшы оқу бағдарламасы “Физика және физиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
« » 09 2014ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі Б.Ж.Көшкімбаева
Жұмысшы оқу бағдарламасын Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқу әдістемелік кеңесі мақұлдады.
№ ____ хаттама « ___ » ______09________2014 ж.
Оқытушы туралы мәлімет: . Аға оқытушы Айдарбекова ж.М..
Оқитын пәндері: Жалпы физика, теориялық физика
Оқу құралдарының саны: әдістемелік нұсқаулар «Основы ядерной физики»
Байланыс: «Физика және ФОӘ» кафедрасы, үй телефоны: 42-66-97
ұялы тел: 87016417881
Мекен-жай: Жамбыл даңғылы 16а .
Кафедрада болу уақыты: сабақ кестесіне сәйкес.
1. «Математикалық физика әдістері» курсын оқытудың қажеттілігі мен актуальдылығы.
Физика ғылымы өзінің тарихи дамуында, біртіндеп дәл ғылымға айнала бастауына бастауына байланысты, тиісті математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады. Физика өріс ұғымының енгізілуі математикалық өрістің қасиеттері мен сипаттамаларын анықтау мақсатын қойды. Сол себепті курстың алғашқы бөлімінде өріс теориясының элементтері - скалярлық, векторлық және тензорлық өрістерді аналитикалықзерттеу қарастырылады.
Математикалық физиканың екінші бөлімінде дербес туындылардағы дифференциалдық теңдеулердің теориясы қарастырылады. Кез келген физикалық процесс немесе құбылыс кезінде белгілі бір физикалық шаманың кеңістікте және уақыт бойынша өзгерісі орын алады. Осы өзгерісті анықтайтын функционалдық теңдеулер әдетте іздеп отырған функция бірнеше айнымалыларға тәуелді болатын дифференциалдық теңдеулер болып табылады.
2. Пәнді оқытудағы мақсат.
Білімгер математикалық физика аппаратын меңгеріп, есептерді шешу тәсілдерін де үйренуі қажет. Математикалық физиканың есептерін шешудің негізгі әдістерін меңгерту, сонымен бірге шыққан шешімге физикалық интерпретация жасауға үйрету.
3. Білім мен біліктілік.
Білімгер таныс болуы керек: Математикалық анализ курсынан дифференциалдық және интегралдық есптеулер әдістерін, геометрия курсынан координаталық жүйелерді сызықты түрлендірулер мен векторларға амалдар қолдана білуі керек.
Білімгер білуі қажет: Математикалық өрістің негізгі қасиеттері мен сипаттамаларын анықтай алуы қажет. Математикалық физиканың негізгі теңдеулерінің шешу әдістерін білуі керек. Сызықтық және дифференциалдық операторлар теориясын білуі керек.
Білімгер істей білуі керек: Дифференциалдық және сызықтық операторларды практикалық есеп шығару кезінде қолдана білуі керек. Математикалық физиканың теңдеулерін шешу әдістерін нақты физикалық есептерді шығарғанда қолдана алуы керек.
