Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мультивибратор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................

3

1.1

Мультивибраторлар туралы жалпы түсінік .................................

5

1.2

Мультивибраторлардың логикалық элементтерін есептеу .............

12

1.3

Операциялық күшейткіштегі симметриялық мультивибратолар...

13

Қорытынды.............................................................................

21

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................

22

Қосымша ................................................................................

24

Аннотация

Курстық жұмыс мультиврибраторға есептер жүргізу және жинақтау бойынша жұмыс жүргізілді. Курстық жұмысында ........ туралы қарастырылды. Курстық жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері баяндалады. Зерттеу барысында жинақталған маңызды материалдар туралы мағлұматтар беріледі.

Курстық жұмыс көлемі 26 бет, 2 кесте және 6 суреттен тұрады.

КІРІСПЕ

Радиоэлектроника — ғылым мен техниканың ақпарат тарату, қабылдау және түрлендіру үшін электрмагниттік өріс энергиясын пайдалану мәселелерін қарастыратын саласы. Радиоэлектроника 20 ғ-дың 50-жылдары пайда болды. Ол радиотехника мен электрониканы, кванттық электрониканы, оптикалық электрониканы, шалаөткізгіштік электрониканы, микроэлектрониканы, криоэлектрониканы, инфрақызыл техникасын, т.б. қамтиды. Радиоэлектроника автоматика, техникалық кибернетика және электрондық есептеу техникасымен тығыз байланыста. Радиоэлектроникада радиотехникалық тізбектер мен құрылғыларға талдау және синтез жасауға, олардың құрылымы мен параметрлерінің тиімділігін анықтауға математика кеңінен пайдаланылады. Радиоэлектрониканың электракустика және электроникамен бірігіп кеткен салалары бар. Қазіргі радиоэлектроника физиканың көптеген салаларымен, әсіресе қатты дене физикасы, радиофизика, оптика және механика сияқты салаларымен тығыз байланыста дамып келеді. Радиоэлектроника ғылым және техникамен қатар өндірісте, медицинада, экономикада, т.б. қолданылады.

Мультивибраторлар аналогты-импульсты құрылғыларға жатады және импульстардың тактілі синхрондалуын жүзеге асырады. Негізінен мультивибратрлардың екі типі ажыратылады: автотербелмелі және күткіш мультивибраторлар болып. Курстық жұмыс барысында осы мультивибраторлардың типтеріне толық түсініктеме беріліп, сипатталған..

Қазіргі кезде өнеркәсіптік электроникада негізінен жартылай өткізгіштен жасалған аспаптар мен құрылғылар қолданылады. Мұның себебі вакуумдық құрылғыларға қарағанда жартылай өткізгіштен жасалған аспатардың габариті әлдеқайда кіші, сенімділігі жоғары, энергияны аз жұмсайды және арзан. Сондықтан бұл тарауда жартылай өткізгіштен жасалған аспаптар мен қарапайым құрылғылар ғана қолданылады.

Электрондық аппараттарға қойылатын талаптар қарапайым радиоқабылдағыштан ең жаңа электронды есептеуіш машинаға дейін кез- келген элетрондық аппарат жеке элементтерден құралып, оларды активті және пассивті болып бөлінеді.

Электрониканың дамуы мен аппаратураның күрделенуі, әсіресе электронды- есептеуіш машиналардың қанат жаюы мен оларды техника мен өмірдің барлық салаларына ендіру арқылы оларға миниатюрлеу, сенімділігін арттыру, тұтынатын қуатын азайту және аппаратура элементтерін арзандату сияқты қатаң талаптар қоюға саяды. Осы талаптарды орындаудағы алғашқы жартылай өткізгіш приборлар шыққанға дейін аппаратуралардың габаритін кішірейтуге, монтаж тығыздығын арттыруға әкеледі. 40-50 жылдағы шамдар мөлшері диаметрі мен биіктігі бойынша 3-4 есе кішірейтілді. Әйтсе де, осындай аппаратураның құны өте жоғары болды, мысалы ауыр самолеттерде электрондық аппаратура оның жарты құгыга тең, ал жады қазіргі тәуір микрокалькулятордың жадына тең мөлшері одан 30000 есе үлкен алғашқы үлкен ЭВМ 10000 есе қымбат болып, микрокалькулятор орындайтын операцияларды жиырма есе баяу орындады, әрі тұтынатын энергиясы сол кездегі паровоздыкімен бірдей болды. 1947-1948 жылдары жартылай өткізгіш транзисторды ойлап табуына, биполярлық транзистор мен қатар басқа жартылай өткізгіштердің болашағы кең ашылды. Осы элементтер туынданатын кернеу мен қуат та көп есе төмендейді . Міне осының салдарынан барлығы монтажды тығыздауға, жалғастырғыш сымдарды баспа схемасымен ауыстыруға мүмкіндік береді. Осындай схемалардың салмағы, габариті азайып, сенімділігі арта түсті. Мұның барлығы жартылай өткізгіш техника дамуының алғашқы қадамдары еді. Басқалық монтаж конструкциялаудың жаңа сипатына- модульдік түріне әкелді. Модуль схеманың аяқталған учаскесінің айталық, генератордың көлемдік не жазық монтажы гетинакс, пластмасса, керамикадан жасалған жазық модульдің платасына байланыстың байланыстың схемасы мен пленкалық технология көмегімен бірқатар пассивті элементтері түсірілді: активті элементтер орнатылды, ал олардың ұщтары схемаға сәйкес дәнекерленді. Микромодульдік конструкциялау қабаттың микромодульдерді жасауға әкелді. Стандартты платаларда бір қатар пассивті элементтер, мысалы, резисторлар, керметтердің жұқа пленкаларын, метталдың оксидтік пленкаларын қаптау арқылы жасалды немесе платаның өз заты пайдаланылды.

Индуктивтілік орамы бар торойдалы феррит өзекшеден дайындалды; транзисторлар мен диодтар дербес әзірленді. Осылар платаға жабдықталды. Әр жағында үштен ойығы бар жиналған платалар макромодульдің және тұтас макромодульдің дербес платасының шығатын ұштары қызметін атқаратын металл стерженьмен жалғастырылды. Жұмыс қабылеті тексерілгеннен кейін макромодульдер эпоксидтік смоламен майланып, сол күйінде аппаратураға орнатылды. Микромодульдік тәсіл жартылай өткізгіш және пленкалы технологияны дамыта отырып, өзі сол дамудың нәтежесі болды.

Жұмыстың тақырыбы: Мультивибраторға есептер жүргізу және жинақтау.

Жұмыстың мақсаты: Мультивибраторға есептер жүргізу және жинақтау жолдырамен танысу.

Жұмысымыздың міндеттері:

  1. Мультивибраторлар туралы жалпы түсінік беру

  2. Мультивибраторлардың логикалық элементтерін есептеу

  3. Операциялық күшейткіштегі симметриялық мультивибратолар