- •Құрастырыған: Уалиева ж.Б. Аға оқытушы
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары
- •2 Күндізгі оқу бөлімнің жұмыс оқу бағдарламасы
- •4 Жылдық оқу нысаны
- •2 Жылдық оқу нысаны
- •3 Жылдық оқу нысаны
- •Уалиева Жанна Борашевна - қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы.
- •3.4 Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •3.5 Оқыту нәтижелері:
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау жєне өткізу кестесі
- •5 Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6 Лекция тезистері
- •7 Семинар сабағының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Студенттердің оқытушы басшылығымен атқаратын өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары.
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары
- •10.3 Курс бойынша жазбаша жұмыс
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибенің әдістемелік нұсқаулары
- •12.1 Баға туралы ақпараттар
- •12.2 Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар
- •12.3 Курстың емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық іліспе
- •14. Арнайы аудиториялар, кабинеттер және лабароториялар тізімі
- •01.04.2014 Ж №8 хаттама
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығына арналған
- •100000, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
Тәлімгерлерде ғылыми көзқарастардың қалыптасуына неғұрлым маңызды мәселелері бойынша әралуан көзқарастарды білуді, оларды сынай келе өзіндік пікірді қалыптастыру қабілеттігінің болуын көздейді. Сондықтан тәлімгер тек оқулықтарды ғана емес, сонымен қатар әрбір тарау бойынша ұсынылатын қосымша арнайы әдебиеттерді де оқуға тиіс.
Әрбір тақырыпты зерттеуді тәлімгер алдымен лекция жазбаларынан бастап, одан соң ғана нормативтік көздерге жүгінгені дұрыс болады. Артынан қосымша әдебиеттермен, сот практикасының материалдарымен танысқан жөн. Аталған қайнар көздерді конспектілегенде олардың игерілу ықтималдылығы артады.
Теориялық білімдерін бекіту үшін өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауаптар беру, тесттік тапсырмалар ұсынылады.
9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
Курс жұмыстарын жазу және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар: курс жұмысы оқу үрдісінің маңызды формасы болып табылады. Ол жұмыс тақырыбын ойдағыдай ашу үшін ғылыми, әдістемелік, нормативтік және басқа да материалдар жинап, оларды талдаудан тұрады. Курс жұмысы тәлімгер таңдаған тақырып шектерінде теория және практика мәселелерін зерттеу нәтижелері болып табылады. Курс жұмысын жазуға қажетті ақпараттық материалдарды жинауды заңгердің кәсіби қызметінің маңызды бөлігі саналатын білім жинақтап, кәсіби біліктілігін арттыру ретінде қарастыруға болады. Курс жұмысы мазмұны мен формасының тұтастығында бағаланады. Сондықтан ол мұқият редакцияланып, рәсімделуі керек. Курс жұмысының рәсімделуі сәйкес талаптарға жауап беруге тиіс.
10.1 Студенттердің оқытушы басшылығымен атқаратын өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары.
1-тақырып. Сыбайлас жемқорлық және жемқор құқықбұзушылық түсінігі.
Тапсырма:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998-ж. 2-шілдеде қабылданған ҚР заңын зерттеп, конспекттеу
2. «Сыбайлас жемқорлыққақ байланысты қылмыстық істерді соттардың қарауының практикасы туралы» ҚР Жоғары сотының 2001-ж. 13-желтоқсанындағы қаулысы
3. ҚР ҚК 307-бабында 5-ескертуде көрсетілген коррупциялық қылмыстардың тізімін талдау. Олардың коррупциялық қылмыстар қатарына жатқызылуының жіктерін анықтау.
Өткізу нысаны: конспекттерді талқылау, ауызекі жауап.
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға енгізілген өзгерістерге назар аудару, коррупциялық қылмыстар тізімін оларды 307-баптың 5-ескертуіне енгізбес алдындағы нормативтік бекіту тәсілдері.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 30, 33,338,42,43
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 51,91,96,100
2-тақырып. Жемқор қылмыс субъекттері
Тапсырма:
1. 1999-ж. 23-шілдесінде қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңын конспекттеу.
2. «Саяси мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының реестрін және саяси мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік өндіріп алуды салу ережелерін бекіту туралы» ҚР Президентінің жарлығымен танысу және конспекттеу.
Өткізу нысаны: конспекттерді талқылау
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: Аталған нормативтік акттерді зерттегенде олардың мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкестігіне де назар аудару керек.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 38,46,49.
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 72,74,97,100.
3-тақырып. Меншікке қарсы және экономикалық қызмет саласындағы жемқор қылмыстар
Тапсырма:
1. «Қылмыстық әрекеттерден алынған табыстарын заңдастыру, анықтау, алу және тәркілеу туралы» 1990-ж. 8-қарашасындағы Европа конвенциясында көрсетілген «заңдастыру», «табыстар», «мүлік» түсініктеріне анықтама беріңіз.
2. 2006-ж. 31-қаңтарындағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңын зерттеп, конспекттеу.
3. ҚР Жоғары соты Пленумының 2003-ж. 11-шілдесіндегі «Талан-тараждау істеру бойынша сот тәжірибесі туралы» №8, 2004-ж. 18-маусымындағы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» №2 қаулыларын коррупциялық қылмыстарға қатысты бөлімдерін конспекттеу.
4. «Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» ҚР Жоғары соты Пленумының 1997-ж. 18-шілдесіндегі №10 қаулысын игеру.
Өткізу нысаны: ауызекі жауап, конспекттерді талқылау.
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: Аталған қылмыстарды саралаудағы қиыншылықтарға назар аудару. ҚР ҚК 7-тарауындағы қылмыстардың басым көпшілігі бланкеттік болғандықтан, көптеген қосалқы нормативтік құқықтық акттерді зерттеу керек.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 38,69, 86.
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 92,93.
4-тақырып. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы жемқор қылмыстар
Тапсырма:
1. ҚР Жоғары соты Пленумының 1995-ж. 22-желтоқсанындағы «Парақорлық үшін жауаптылық туралы заңнаманы соттардың қолдану тәжірибесі туралы» қаулысын игеріп, конспекттеу.
2. Е.О. Алаухановтың келесі еңбегімен танысу: «Борьба с коррупцией в государственных органах Республики Казахстан: учебное пособие. Под ред. Е.О. Алауханова – Алматы: 2008 г.». Ондағы ҚР ҚК 311, 312-баптарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды талдап, жазбаша эссе жазу.
Өткізу нысаны: Конспектті талдау, эссе.
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: Оқулықта көрсетілген ұсыныстарға назар аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер лекцияның сәйкес тақырыптарында көрсетілген.
5-тақырып. Сыбайлас жемқор қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы
Тапсырма:
1. ҚР Президентінің 2005-ж. 23-желтоқсанындағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010-жж. арналған Коррупцияға қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын игеріп, конспекттеу// http://www.zakon.kz.
2. Бағдарламада коррупцияға қарсы күрес шаралары мен бағыттарының тиімділігіне баға беру.
Өткізу нысаны: Дөңгелек стол, конспект
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: Коррупциялық қылмыстар бойынша статистикалық материалдарды пайдалану керек.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 30, 38,47, 50, 60, 73.
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 91, 98-101, 103, 104.
6-тақырып. Сыбайлас жемқор қылмыстылыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе
Тапсырма:
1. Мақаланы конспекттеу: Кемали Е.С. Из зарубежного опыта борьбы с коррупцией //Правовая реформа в Казахстане. - 2006. - №4. - С.57-59.
2. Коррупцияға қарсы тосқауыл құралы ретінде халықаралық конвенциялар мен басқа да ұжымдық келісім-шарттардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасау.
Өткізу нысаны: дөңгелек стол.
Тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар: коррупцияға қарсы халықаралық конвенциялардың негізгілеріне талдау жасау.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 64, 71, 92, 94-96.
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 101, 102
