- •Құрастырыған: Уалиева ж.Б. Аға оқытушы
- •1. Пәннің типтік оқу жоспары
- •2 Күндізгі оқу бөлімнің жұмыс оқу бағдарламасы
- •4 Жылдық оқу нысаны
- •2 Жылдық оқу нысаны
- •3 Жылдық оқу нысаны
- •Уалиева Жанна Борашевна - қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы.
- •3.4 Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •3.5 Оқыту нәтижелері:
- •4 Пән бойынша тапсырмаларды орындау жєне өткізу кестесі
- •5 Пәннің оқу - әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6 Лекция тезистері
- •7 Семинар сабағының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік - графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар.
- •10.1 Студенттердің оқытушы басшылығымен атқаратын өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары.
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыс сабақтарының жоспары
- •10.3 Курс бойынша жазбаша жұмыс
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибенің әдістемелік нұсқаулары
- •12.1 Баға туралы ақпараттар
- •12.2 Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар
- •12.3 Курстың емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық іліспе
- •14. Арнайы аудиториялар, кабинеттер және лабароториялар тізімі
- •01.04.2014 Ж №8 хаттама
- •5В030100 «Құқықтану» мамандығына арналған
- •100000, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
6 Лекция тезистері
1-тақырып. Сыбайлас жемқорлық және жемқор құқықбұзушылық түсінігі
ҚР қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша «сыбайлас жемқорлық» түсінігі
Сыбайлас жемқор құқықбұзушылық түсінігі және түрлері
Сыбайлас жемқор қылмыс түрлері және жалпы сипаттамасы.
Кез келген әлеуметтік күрделі құбылыс секілді, сыбайлас жемқорлықтың (коррупцияның) біркелкі танылған анықтамасы жоқ, бұл огны зерттеудегі саналуан көзқарастардың болуына алғышарт жасайды. Заңнамалық жағынан алсақ, коррупция болып әлдебір елдің қылмыстық заңында осылайша танылған құбылыс немесе кәсіби этика кодекстерінде тыйым салынған әрекеттер табылады. Мұндайда құбылыс шектері дәл анықталып, оның әлдебір контурларын байқай алатын боламыз.
«Коррупция» ұғымының этимологиялық мән-мағынасына назар аударатын болсақ, ол «сатып алу», «пара» деген мағына береді (лат. «corruptio»). Рим құқығында да «corrumpire» деген ұғым бар, ол бүлдіру, залалдау, зиян келтіру, бұрмалау, сатып алу деген мағынада қолданыста болып, сәйкесінше, құқыққа қайшы іс-қимылдарды білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде коррупция пара арқылы сатып алуды, лауазым иелерінің, саяси қызметкерлердің сатылатындығын білдіреді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы коррупцияға келесі анықтама берген: «... мемлекеттік функцияларды атқаратын адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін және оған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алуы немесе өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін немесе оған байланысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда алу мақсатында пайдалануы, сол сияқты осы адамдарды аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы жеке немесе заңды тұлғалардың сатып алуы».
Коррупция күрделі әлеуметтік құбылыс, ол әралуан жемқор қылықтардың жасалуында көрінісін табады. Олардың бірқатары қылмыстық болып танылып, қылмыстық жауаптылықты туындатады. Коррупцияны тек парақорлық шектерінде қарастыруға болмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтар деп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңда көзделген, сонымен бірге басқа да заңдарда көзделген коррупцияға байланысты немесе оның жасалуына жағдай жасайтын және заңда көзделген әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық жауаптылықтың туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттерді таниды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 12-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген немесе оларға теңестірілген адамдардың істейтін коррупцияның жасалуына жағдай жасайтын (туғызатын) әрекеттеріне мыналар жатады:
- басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;
- аталған адамдардың немесе олардың жақын туыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешуде өзінің қызметтік уәкілеттіліктерін пайдалану;
- мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке түсуде немесе мәнсаптылық бойынша жоғарылағанда заңда көзделмеген артықшылықтарға жол беру (протекционизм, трайбализм);
- шешім қабылдағанда немесе оны дайындағанда әлдебір заңды немесе жеке тұлғаларға негізсіз артықшылықтар көрсету;
- кез келген тұлғаға кәсіпкерлік немесе табыс алуға байланысты басқа да қызметтің жүргізілуіне заңда көзделмеген қолдау көрсету;
- мемлекеттік қызметін атқару барысында алған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке басының немесе топ мүдделерінде пайдалану;
- жеке немесе заңды тұлғаларға заңда көзделген ретте ақпарат беруден бас тарту, оны кешіктіру, бұрмаланған немесе толық емес ақпарат беру;
- жеке немесе заңды тұлғалардан заңда көзделмеген ақпараттардың берілуін талап ету;
- мемлекеттік қаржы және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына аудару;
- жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастырудың және өзінің құзырындағы басқа да мәселелердің щещілу тәртібінің заңда көзделген тәртібін бірнеше рет бұзу;
- қонақжайлылық пен сыпайылылықтың жалпыға бірдей нормалары мен хаттамалы және басқа да ресми іс-шаралардың іске асырылу жағдайларынан басқа кезде жоғары тұрған ресми тұлғаларға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына кедергі жасау;
- кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге, сонымен бірге оын бақылауға осындай қызметпен айналысатын жеке немесе заңды тұлғаларды жіберу;
- мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесіне ие емес ұйымға беру;
- жоғары тұрған немесе төмен тұрған немесе өзіне қызмет немесе жұмыс бабы боынша басқа да тәуелділікте тұрған лауазымды адамдармен ақшалай немесе басқа да мүліктік сипаттағы азарттық ойындар ойнау.
«Коррупция туралы» заңның 13-бабы бойынша, игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қайшы алуға байланысты мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген немесе оларға теңестірілген адамдардың коррупциялық құқықбұзушылықтар қатарына келесі әрекеттері жатқызылған:
1) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін заңда көзделмеген жағдайларда сәйкес функцияларды атқармайтын заңды тұлғалардан немесе жеке тұлғалардан ақша, мүлік, қызмет немесе басқа да нысандарда кез келген сыйақы алу;
2) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген қызметін атқарғаны үшін сыйлықтар немесе қызмет көрсетуді алу, не болмаса оларды өзіне қызмет бабы бойынша тәуелді адамдардан алу, қонақжайлық пен сыпайылықтың жалпыға бірдей нормалары шектерінде жасалған немесе хаттамалы не басқа да ресми іс-шаралардың өткізілуі барысында алынған сыйлықтар мен көрсетілген қызметтерден басқа;
3) шетелдік, сол сияқты Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғаларының есебінен ішкі мемлекеттік және шетелдік туристік, емделу-сауығу және басқа да сапарларына шақыруды қабылдау;
4) несие, ссуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, басқа да мүлікті сатып алуда заңда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.
Әлеуметтік-құқықтық құбылыс бола тұра, коррупциялық қылмыстар қылмыстық заң қорғауындағы қоғамдық қатынастарға қиянат жасайды. Мұндай әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі олардың әреуметтік тегін анықтайды.
Коррупциялық қылмыстардың толық тізімі ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына берілген ескертудің 5-тармағында көрсетілген.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 30, 33,338,42,43
Қосымша әдеиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 51,91,96,100
2-тақырып. Жемқор қылмыс субъектісі
1-дәріс
Жемқор қылмыс субъектісінің түсінігі және түрлері
Лауазымды тұлға түсінігі
Коррупциялық қылмыстарда қылмыс субъектісі жалпы да, арнайы да бола алады. Коррупциялық қылмыстардың арнайы субъектісі ретінде мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген және оларға теңестірілген адамдар танылады. Коррупциялық қылмыстардың жалпы субъектісіне мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген және оларға теңестірілген адамдарды сатып алатын, сол сияқты құқық қайшы оларға мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке тұлғалар жатқызылады.
Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамдарға мыналар жатады:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламент пен маслихат депутаттары, соттар;
2) мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік қызметкерлер.
Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамдарға мыналар теңестіріледі:
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті және маслихаты депутаты лауазымына, сол сияқты жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке үміткер ретінде тіркелген адамдар;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің есебінен төленетін адамдар;
4) мемлекеттік ұйымдар мен жарғы капиталында мемлекеттің үлесі отыз бес пайыздан кем емес болатын ұйымдарда басқармалық функцияларды атқаратын адамдар.
Коррупциялық қылмыстардың бірсыпырасының сараланған белгісі ретінде оларды лауазымды адамның жасауы көрсетілген. Лауазымды адам түсінігі ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына берілген ескертудің 3-тармағында, сол сияқты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 2-бабының 4-тармағында берілген: «Лауазымды адам – бұл мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерінде және әскери құрамаларында тұрақты, уақытша немесе арнайы уәкілеттілік бойынша билік өкілінің функцияларын атқаратын не болмаса ұйымдастыру-басқармалық немесе әкімшілік-шаруашылық функциялар атқаратын адам».
ҚР Қылмыстық кодексінің 320-бабына берілген ескертудің 1-тармағына сәйкес, билік өкілі деп қызметтік тәуелділікте болмайтын адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіпте билеу өкілеттіліктері берілген адам танылады.
Ұйымдастыру-басқармалық функциялар деп лауазымды адамдардың ұжымды басқару, кадрларды таңдау және орналастыру, қарамағындағы адамдардың еңбегін ұйымдастыру, еңбек тәртібін сақтау, ұжым алдына қойылған міндеттерді орындау және т.с.с. жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерін айтады.
Әкімшілік-шаруашылық функциялар деп мемлекеттік органдардағы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы, сәйкес мекемелер мен әскери құрамалардағы мемлекеттік мүлікті басқару немесе билеу, оны сақтау, сату, оның бақылануын қамтамасыз ету бойынша өкілеттіліктерін айтады.
Заң бойынша тұлға лауазымды адам өкілеттіліктерін уақытша немесе арнайы уәкілеттілік бойынша жүргізуі мүмкін.
2-дәріс
Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адам түсінігі
Арнайы субъект түріне қарай коррупциялық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың жеке-даралануы
Бірқатар коррупциялық қылмыстарда айрықша саралаушы белгі ретінде оны жауапты мемлекеттік лауазым иесінің жасайтындығы көзделген. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарға ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына ескертудің 4-тармағына сәйкес мемлекет функциялары мен мемлекеттік орган уәкілеттіліктерін тура атқару үшін ҚР Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және басқа да заңдарында белгіленген лауазымдарды, сол сияқты ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің саяси лауазымдары жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында саяси мемлекеттік қызметкер – бұл тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет етуі саяси пысықтаушы сипатқа ие болатын және саяси мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына жауапты болатын мемлекеттік қызметкер делінген. Саяси мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Президентінің «Саяси мемлекеттік қызметкер лауазымдарының реестрін және саяси мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік өндіріп алу шараларын қолдану тәртібін бекіту туралы» Жарлығында көрініс тапқан.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 38,46,49.
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 72,74,97,100.
3-тақырып. Меншікке қарсы және экономикалық қызмет саласындағы жемқор қылмыстар
1-дәріс
Қызмет бабын пайдалану коррупциялық қылмыстардың белгісі ретінде
Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемденіп алу немесе ысырап ету (ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімінің «г» тармағы)
Жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімінің «в» тармағы)
Қызмет бабын қызмет мүдделеріне кереғар пайдалану коррупциялық қылмыстардағы міндетті белгі ретінде. Қызмет бабын пайдаланудың тар және кең мағыналары. Қызмет бабы бойынша құқықтары мен міндеттері аясына тура енетін әрекеттерді істеу, қызмет бабына бола адамның жасай алатын кез келген әрекеттері (беделін пайдалану, жеке байланыстарын іске қосу, қызмет бойынша қамқорлыққа алу немесе немқұрайдылық таныту).
Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның жасауы, егер осы әрекеттер қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан болса. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу мен ысырап ету түсініктерінің айырмашылығы. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу мен ысырап ету құрамын ұрлықтан ажырату.
2-дәріс
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттары мен басқа да мүлікті легализациялау (ҚР ҚК 193-бабы 3-бөлімінің «а» тармағы)
Экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы 3-бөлімінің «а» тармағы)
Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттары мен басқа да мүлікті легализациялау қылмысын мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның жасауы, егер осы әрекеттер қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан болса.
Қылмыстық табыстарын легализациялаудың халықаралық сипатқа ие болуы. бұл тектес қылмыстық әрекеттерге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық.
ҚР қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша легализациялаудағы предикаттық құқықбұзушылықтың сипатының маңыздылығы. Заңсыз табыстарына айналымдағы заңды мүлік ретіндегі статустың берілуі легализациялаудың маңызды белгісі ретінде. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттары мен басқа да мүлікті легализациялау қылмысын саралаудағы даулы сұрақтар.
Экономикалық контрабанда қылмысын мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның жасауы, егер осы әрекеттер қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан болса. Экономикалық контрабанданы кеден саласындағы басқа қылмыстардан ажырату.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 38,69, 86.
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 92,93
4-тақырып. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы коррупциялық қылмыстар
1-дәріс
Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану (ҚР ҚК 307-бабы)
Коррупциялық қылмыстардың басқа түрлерін ҚР ҚК 307-бабымен қоса жиынтық бойынша саралау мүмкіндігі
Қызметтік өкілеттіліктерін өзі немесе басқа адамдар үшін немесе ұйымдар үшін пайда алу не болмаса артықшылықтар алу мақсатында немесе басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар теріс пайдалану.
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзу қызмет өкілеттіліктерін теріс пайдалану құрамының объективтік жағының міндетті белгісі ретінде.
Қызмет өкілеттіліктерін теріс пайдалану құрамының сараланған түрлері.
Басқа қылмыс түрлерін ҚР ҚК 307-бабымен қоса жиынтықта саралау мүмкіндігі.
2-дәріс
Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдалану (ҚР ҚК 308-бабы 4-бөлімінің «в» тармағы)
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚР ҚК 310-бабы)
Өзіне немесе басқа адамдарға не болмаса ұйымдар үшін пайда алу мақсатында немесе басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдалану.
Билікті немесе өкілеттіліктерін асыра пайдалануды лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдаланудан ажырату мәселесі.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу: кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құру; кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды басқаруға қатысу. Мұндай ұйымдарға жеңілдіктер мен артықшылықтарды беруді кәсіперлік қызметке заңсыз қатысу құрамының белгісі ретінде қарастыру.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың сараланған түрлері.
3-дәріс
Парақорлық (ҚР ҚК 311-313-баптары)
Пара алуды іргелес қылмыс құрамдарынан ажырату
Парақорлық коррупцияның классикалық көрінісі ретінде. Парақорлықтың тар және кең мағынасындағы түсінігі.
Парақорлықты саралаудың күрделі мәселелері: парақорлық заты ретінде мүліктік сипаттағы пайда; пара көлемінің жауаптылыққа әсер етуі, пара беру-алудың нысандары; парақорлыққа байланысты қылмыстардың аяқталу мезеті; сатып алушы пара үшін және сыйақы пара үшін жауаптылықты жеке-даралау.
Пара алудың сараланған түрлері: пара берушінің мүддесіне бола заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін пара алу; қорқыта отыра пара алу; пара алуға қоса қатысу; ірі мөлшерде пара алу; бірнеше рет пара алу.
Пара беру мен парақорлыққа делдалдық құрамдарына заңи талдау. Пара беру үшін қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары.
Сыйақы түріндегі мүліктік пайда алу парақорлығының коммерциялық сатып алу мен алаяқтықтан айырмашылығы.
4-дәріс
Қызметтік жалғандық (ҚР ҚК 314-бабы)
Қызметтегі әрекетсіздік (ҚР ҚК 315-бабы)
Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра пайдаланылуы немесе әрекетсіздігі (ҚР ҚК 380-бабы)
Коррупциялық қылмыстардың іргелес құрамдарын өзара ажырату.
Қызметтік жалғандық құрамына талдау. Оның объектісі. Ресми құжаттар қызметтік жалғандықтың заты ретінде.
Қызметтегі жалғандық құрамының объективтік жағының баламалы белгілері: ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу; ресми құжаттарға оның шынайы мазмұнын бұрмалайтындай өзгертулер енгізу; көрінеу жалған немесе жасанды құжаттарды беру.
Қызметтік жалғандық құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде өзі және басқа адамдар үшін немесе ұйымдар үшін пайда және артықшылықтар алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатының болуы.
Қызметтегі жалғандықты жалған құжаттарды жасаудан ажырату.
Қызметтегі әрекетсіздік мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы ретінде қарастыру.
Қызметтегі әрекетсіздік құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде өзі және басқа адамдар үшін немесе ұйымдар үшін пайда және артықшылықтар алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатының болуы.
Қызметтегі әрекетсіздіктің сараланған белгілерінің бірі ретінде ауыр зардаптардың орын алуы.
Қызметтегі әрекетсіздікті салақтықтан ажырату.
ҚР ҚК 380-бабында көзделген қылмыс объектісі.
ҚР ҚК 380-бабында көзделген баламалы әрекеттер: билікті немесе қызметтік уәкілеттіліктерін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік уәкілеттіліктерін асыра пайдалан, қызметтегі әрекетсіздік.
Әскери қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерінің елеулі бұзылуы ҚР ҚК 380-бабында көзделген қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгісі.
Әскери коррупциялық қылмыстардағы арнайы субъект.
ҚР ҚК 380-бабында көзделген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кінәлінің пайдақорлық немесе басқа да жеке басының мүдделілігінің болатындығы.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 28, 33, 34,38, 39, 41, 48, 54
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 61, 75, 76, 87, 88-90
5-тақырып. Коррупциялық қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы
1-дәріс
1. Қазақстан Республикасындағы коррупциялық қылмыстылықтың жай-күйі.
2. Коррупциялық қылмыстылықтың себептері мен шарттары
Бұл тақырыпты игергенде студент коррупциялық қылмыстылық экономикалық және ұйымдасқан қылмыстылықпен тығыз байланысқан екендігін және кейде олардың құрылымдық элементі ретінде қарастырылатынын ескеруі керек болады. Дегенмен, қол сұғу объектісі, жасалу аясы, себептері мен шарттары, мотивациясы, коррупционер тұлғасы секілді криминологиялық сипаттамаларының жиынтығы коррупциялық қылмыстылықты қылмыстардың криминологиялық жіктемесінің жеке тобына ажыратуға мүмкіндік береді.
Коррупциялық қылмыстылық деп коррупциялық сипаттағы қылмыстардың барша жинағын айтады. Коррупция – мемлекеттік функцияларды атқаратын адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың лауазымды қызмет бабын пайдалана отырып немесе осыған байланысты артықшылықтарын пайдаланып, өзінің немесе басқаның пайдасына өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алудан, сол сияқты аталған адамдарды жеке немесе заңды тұлғалар тараптарынан заңсыз осы игіліктерді бере отырып, сатып алудан тұратын әлеуметтік құбылыс.
Коррупциялық қылмыстылықтың себептері мен шарттарын талдағанда келесі детерминацияларға назар аудару керек: мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысының төмен болуы; басқармалық қатынастардың жеткілікті реттелмегендігі, мысалы, көптеген мәселелердің шешілуі бір ғана қызметкердің қарауына берілгендігі; мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен шығындарына бақылаудың болмауы; мемлекеттік қызмет саласындағы коррупцияның болуына сабырлықпен қарайтын қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық жағдай.
2-дәріс
1. Коррупциялық қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
2. Коррупциялық қылмыстылықтың алдын алу
Коррупциялық қылмыскер тұлғасына сипаттама бергенде студент олардың әлеуметтік-рольдік (лауазымы, шені, уәкілеттіліктерінің шеңбері) және өнегелі-психологиялық (заңнан гөрі материалдық игіліктерді құрметтейтіндігі, сораңдығы) қасиеттерін білуі керек.
Коррупциялық құқықбұзушылықтарға қарсы күресте 1998-жылы 2-шілдеде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңы ерекше роль атқарады. Ол осы күрестің негізгі қағидаттарын, субъекттері мен лауазымды адамдарының шектерін, алдын алу шараларының мазмұны мен бағытын анықтайды.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 30, 38,47, 50, 60, 73.
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 91, 98-101, 103,104
6-тақырып. Коррупциялық қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе
1-дәріс
1. Коррупция туралы халықаралық заңнама
2. Халықаралық құқықтағы коррупция түсінігі
3. Халықаралық заң бойынша және жеке мемлекеттердегі заңнама бойынша коррупциялық қылмыстардың түсінігі және нысандары
Соңғы жылдары коррупцияға қарсы әралуан мемлекеттердің ынтымақтасқан күштерінің біріктірілуіне байланысты бірсыпыра халықаралық құжаттар қабылданған болатын. Олардың қатарында келесі құжаттарды көрсетуге болады: 1) Коррупцияға қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы (Бас Ассамблеяның 2003-ж. 31-қазанындағы резолюциясымен қабылданған); 2) Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы (Бас Ассамблеяның 2000-ж. 15-қарашасындағы резолюциясымен қабылданған); 3) Терроризмді қаржыландыруға байланысты күрес туралы халықаралық конвенция (Бас Ассамблеяның 1999-ж. 9-желтоқсанындағы резолюциясымен қабылданған); 4) Халықаралық коммерциялық операциялардағы коррупция мен парақорлыққа қарсы күрес туралы БҰҰ Декларациясы (Бас Ассамблеяның 1996-ж. 16-желтоқсанындағы резолюциясымен бекітілген); 5) Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мінез-құлқының халықаралық кодексі (Бас Ассамблеяның 1996-ж. 12-желтоқсанындағы резолюциясымен қабылданған); 6) Лауазымды тұлғалардың құқықтық тәртіпті сақтау бойынша әрекеттерінің кодексі (Бас Ассамблеяның 1979-ж. 17-желтоқсанындағы); 7) Лауазымды тұлғалардың құқықтық тәртіпті сақтау бойынша әрекеттерінің кодексін тиімді іске асыруға арналған жетекші қағидаттар (БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің 1989-ж. 24-мамырындағы резолюциясында бекітілген); 8) Коррупцияға қарсы күрес шаралары. Ақшаны заңдастыруға қарсы шаралар. Қылмыстылық және сот төрелігі туралы Вена декларациясын жүзеге асыру бойынша әрекеттер жоспары: ХХІ ғасыр талаптарына жауап (Бас Ассамблеяның 2002-ж. 15-сәуіріндегі резолюциясымен қабылданған); 9) Коррупция үшін қылмыстық жауаптылық туралы Европа Кеңесінің Конвенциясы (Страсбург, 1999-ж. 27-қаңтар); 10) Коррупция үшін азаматтық құқықтық жауаптылық туралы Европа Кеңесінің конвенциясы (Страсбург, 1999-ж. 9-қыркүйек); 11) Коррупцияға қарсы күрестің 20 қағидаты (Европа Кеңесінің Министрлер комитеті 1997-ж. 6-қарашада қабылдаған); 12) Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқының үлгі кодексі (Европа Кеңесінің Министрлер комитеті 2000-ж. 11-мамырда қабылдаған); 13) Қылмыстық әрекеттерден алынған табыстарды заңдастыру, анықтау, алу және тәркілеу туралы Европа Кеңесінің конвенциясы (Страсбург, 1990-ж. 8-қараша); 14) Саяси партиялар мен сайлау кампанияларын қаржыландырудағы коррупцияға қарсы Ортақ ережелер (Европа Кеңесінің Министрлер комитеті 2003-ж. 8-сәуірде қабылдаған); 15) Бір жағынан Ресей Федерациясы, екінші жағынан Европа қауымдастығы мен оған мүше мемлекеттердің серіктестігін бекіткен Серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісім (Корфу, 1994-ж. 24-маусым); 16) Ақшаны заңдастыруға қарсы Париж декларациясы (Ақшаның заңдастырылуына қарсы күрес бойынша Евроодақтың парламенттік конференциясының қорытынды декларациясы, 2002-ж. 8-ақпан); 17) ТМД қатысушыларының қылмыстылыққа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы Келісімі (Мәскеу, 1998-ж. 25-қараша); 18) «Антикоррупциялық саясат туралы заңнама негіздері» заңының үлгісі (2003-ж. 15-қарашасында ТМД ПАА ХХІІ пленарлық отырысында қабылданған); 19) «Коррупцияға қарсы күрес туралы» заң үлгісі (1999-ж. 3-сәуірде ТМД ПАА ХІІІ пленарлық отырысында қабылданған); 20) «Заңсыз жолмен алынған табыстарды легализациялауға қарсы тұру туралы» заң үлгісі (1998-ж. 8-желтоқсандағы ТМД ПАА ХІІ пленарлық отырысында қабылданған); 21) «Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрес туралы» ұсынылатын заң актісі (1996-ж. 2-қарашада ТМД ПАА қаулысымен қабылданған). 1990-ж. тамыз айында қылмыстық әрекеттерден алынған табыстарды заңдастыру, анықтау, алу және тәркілеу туралы Европа Кеңесінің конвенциясы қабылданды, онда қылмыстың осы түріне қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың қылмыстық құқықтық та, азаматтық құқықтық та аспекттері анықталған болатын.
1996-ж. қарашасында Европа Кеңесінің министрлер комитеті коррупцияға қарсы күрес бойынша іс-шаралар бағдарламасын қабылдады.
БҰҰ коррупцияға қарсы конвенциясы 2003-ж. 31-қазанында қабылданып, коррупцияның қоғам өмірінің қай саласында болмасын дамуы мен таралуына тосқауыл болатын кешенді әмбебап халықаралық шарт болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының коррупцияға қарсы халықаралық күрес туралы анықтамалық құжатында былай анықтама аталған: «коррупция – бұл жеке басына пайдала алу үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану». Мұндай анықтаманы БҰҰ Хатшылығының коррупцияға қарсы күрес бойынша негіздерінде де көруге болады. Осы құжатқа сәйкес коррупцияға мыналар енгізілген:
а) лауазымды адамдардың мемлекеттік меншікті ұрлауы, талан-тараждауы және иемденіп алуы;
б) ресми мәртебесін ресми емес пайдалана отырып, ешбір негізсіз жеке басына пайдала алу үшін (льготалар, артықшылықтар) қызмет бабын теріс пайдалану;
в) қоғамдық парыз бен жеке басының пайдақорлығы арасындағы мүдделер конфликті. 1996-ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 51-сессиясында қабылданған мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мінез-құлқының халықаралық кодексінде коррупцияға тура анықтама берілмеген. Алайда, ондағы лауазымды тұлғаларға жүктелетін шектеулерді ескеретін болсақ, кодекс құрастырушылары коррупцияға әлдебір адамдар тобына немесе жеке бір тұлғаға басқаларына қарағанда ешбір негізсіз артықшылықтар көрсетуді; мемлекеттік лауазымды адамдардың өзінің ресми жағдайын жеке басына немесе отбасына өнегесіз пайда түсіру мақсатында пайдалануды; сонымен бірге олардың ресми функцияларын атқаруына қатысы жоқ қызмет үшін мемлекеттік ақша қаражаттарын, меншікті, қызметтерді, өз қызметтік міндеттерін атқару барысында алған ақпаратты пайдалануды; сол сияқты ресим лауазымдарынан кеткен соң да қызмет бабын теріс пайдалануды жатқызатынын аңғаруға болады.
Коррупция түсінігі Европа Кеңесінің коррупция бойынша салааралық тобының да жұмысшы анықтамасында кеңейтілген: «коррупция дегеніміз парақорлық және мемлекеттік не жеке секторда әлдебір тапсырыстарды орындау жүктелген адамдардың оларға берілген мемлекеттік лауазымды тұлға, жеке қызметкер, тәуелсіз агент немесе басқа стутусқа сәйкес келмейтін кез келген әрекеттері және оның мақсаты өзі не басқа адамдар үшін кез келген заңсыз пайда алу болып табылады».
Мұнда келтірілген анықтамалардан көріп отырғанымыздай, коррупция феномені белгілеріне келесі белгілер енгізілген: коррупциялық әрекеттерді жасауы мүмкін адамдар шеңбері; осы әрекеттер жасалуы мүмкін салалар; мұндай әрекеттердің мақсаттары – пайда, материалдық сипаттағы артықшылықтарға ие болу; сол сияқты аталған әрекеттердің жасалуына мүдделі болатын адамдарды анықтау – қызметкердің өзі және оған заңсыз сыйақылар беретін үшінші тараптар.
2-дәріс
1. Шетелдердегі коррупциялық қылмыстардың алдын алудың негізгі бағыттары мен формалары
2. Коррупциялық қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық
Қазіргі заман барған сайын өзара байланысқан, өзара тәуелді әрі динамикалық қарқынды болып келеді. Елдер арасындағы әралуан шаруашылық және сауда қатынастары терең тамырын жайып, дамып келеді. Нақты мемлекеттердегі саяси билікке халықаралық ұйымдар тарапынан қысым арта түсіп, мемлекеттердің коррупцияға ортақ тосқауыл қоюға бағытталған ынтымақтастығының маңыздылығы айқындалып келеді. 2003-ж. 31-қазанындағы Бас Ассамблеяның қабылдаған коррупцияға қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясында оған қатысушы мемлекеттерді коррупция пайда еткен қауіп-қатерлер толғандыратынын ерекше атап өтуі де содан болар. Сонымен бірге, мұнда (Конвенцияда) коррупциялық қылмыстылықтың ұйымдасқан қылмыстылықпен тығыз байланысқаны, экономикалық қылмыстылыққа сіңіскені де аталған.
Трансұлттық коррупцияның етек алуы толғандырған халықаралық қауымдастық шетелдегі мемлекеттік лауазымды тұлғаны сатып алғаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуді талап етеді. Ондай норманы іске қосқан елдердің бастапқыларының қатарында АҚШ бар. 1977-ж. АҚШ-тың ірі корпорацияларының шетелдік тапсырыстарды алу үшін парақорлыққа барған айғақтары анықталып, расталған соң, шетелдік коррупциялық тәжірибе туралы заң қабылданған болатын (ФКПА). Санкциясы – корпорациялар үшін 2 млн АҚШ долларына дейін және жеке тұлғаларға 5 жылға дейін түрмеге қамау. Мұндай әрекеттер стандарттық біржолата анықталған бағалары болмайтын, алайда алуан деңгейдегі мемлекеттік лауазымды адамдарға берілетін таксалары болатын ұшақтардың, кемелердің, қару-жарақтың, әскери техниканың, мұнай өнімдерінің халықаралық саудасында кең орын алады. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының арнайы комиссиясы халықаралық коррупцияға қарсы күрес шараларының ұсыныстарын жасаған.
Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 64, 71, 92, 94-96.
Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 101, 102
