- •Мазмұны
- •Сурет 1- Ақмола облысының әкімшілік – экономикалық картасы
- •Жер асты сулары
- •1.2 Атмосфералық ауа - табиғи ресурс және ластануының негізгі типтері
- •1.2.1 Табиғи ластану
- •1.2.2 Антропогендік ластану
- •1.3 Метеорологиялық мінездеме және оның атмосфералық ауаның ластануына әсері
- •Сурет 1 - 2014-2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексін (али5) салыстыру
- •Сурет 3 - 2014-2015 жж аралығындағы қр қалаларының атмосфералық ауасындағы қалқыған бөлшектердің (шаң) шрек-нан асу еселігі.
- •0,55 И (0,33-0,36) – коэффициенттер
- •2.2 Астана қаласы атмосферасын ластаудың негізгі көзі
- •2.3 Астана қаласының атмосфералық ауасының көміртек оксиді, хлормен, күкірт және азот оксидтерінің ластануының салыстырмалы мінездемесі
- •2.4 Атмосфералық ауаны қорғауда қолданылатын практикалық шаралар
- •3. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Астана қаласы атмосферасын ластаудың негізгі көзі
Солттүстік Қазақстанның машина жасау және металл өндіру өнеркәсібінің кәсіпорындары мен шығаратын өнім- ауыл шаруашылығы машиналары - АӨК-ке қызмет етеді. Астанада орналасқан зауыттар («Астанаауылмаш», «Қазақауылмаш») шөп шабатын, шөп жинайтын машиналар, сұйықтарды айдайтын насостар шығарады. Ауыр өнеркәсіп Таукен өнеркәсібі салалары темір рудасын асбест, боксит, энергетикалық көмір және т.б. өндірумен байланысты қалыптасты. Олар өткен ғасырдың тек 1960жж. дами бастағанмен, аудан экономикасында қазіргі уақытта маңызды рол атқарады. Құрлыс өнеркәсібінің кәсіпорындары кірпіш, темір-бетон конструкцияларын шығарады. Құрлыста пайдаланатын тастарды Атбасар мен шортанды карьерлерінен алады. Бұдан басқа, жергілікті құрылыс материялдарын - тас, саз, әктасты қолданады. Астанада өнеркәсіп саласы жақсы дамыған деп айта аламыз. Астана қаласында 2006-шы жылдың қаңтар – наурызында қолданыстағы бағамен 15074, 0 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2005 жылдың қаңтар – наурызының деңгейіне 120, 1 % құрады. 2005 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің 24, 7%-ға өсуі машина жасау саласында өзге де металл емес минералды өнімдердің өндірісінде (41.2-%ға)өнеркәсіптің өзге де саласында (57, 3%), резеңке және пласмасса бұйымдары өндірісінде(69.1%), металлургия өнеркәсібінде және дайын металл бұйымдары өндірісінде (74, 6% ға) өндіріс көлемдерінің көбеюіне байланысты болды.Электр энергиясын, газ бен суды өндіруде және бөлуде 2006-шы жылдың қаңтар – наурызында өткен жылдың қаңтар – наурызының деңгейіне өнімнің нақты көлемінің индексі 115, 5% құрады. Алматы ауданының кәсіпорындары мен 2006 жылдың 1-ші тоқсанында 8672, 1 миллион теңгеге өнімдер өндірілген. Сарыарқа ауданы бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 6080, 4 миллион теңге болды. 2006 жылдың қаңтар – наурызында қаланың байланыс кәсіпорындары мен 1988, 4 миллион теңге қызмет көрсетілді. Есептеу деректері бойынша Астана қаласының шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандардың саны 2006 жылдың 1-ші сәуірінде 52, 4 мың адам болды. Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 101, 1% құрады. 2006 жылдың наурызында қант бағасының 7, 4% -ға жеміс пен көкеніс 3, 5%, бөлке нан және ұннан жасалған өнімдер 1, 7% нан 1, 5% алкагольді сусындар 1, 2% өскені байқалды.(Астана хабары өн-іл да-дағы)
2002 жылдың қаңтар наурызында өңдеу өнеркәсібінде 2001 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда өндіріс көлемінің өсуі негізінен осы эканомикалық қызметтің барлық салаларында байқалды, тек қана тақыма және тігін өнеркәсібінде және осы өнеркәсіп пен басқа салаларында өндіріс көлемі 49, 1% төмендеді. Электр қуатының, газ бен судың өндірілуінде және тартылуында 2002 жылдың қаңтар- наурызында 2001 жылдың деңгейінде қарағанда жалпы сала бойынша өндіріс көлемдері қысқарды, бұл бу және ыстық сумен қамтамасыз ету (8, 5 %-ке) көлемдерінің азаюына байланысты болды. Жергілікті мемлекеттік орындардың және кәсіпкерлік сектордың бірлескен іс қимылының арқасында бағдарлама күшінде болған кезеңде қалада 9 бірлескен кәсіп орын салынып, іске қосылды. Атап айтқанда олар – «Экотон+» АҚ ұялы бетон бұйымдарын шығаратын зауыты, «Азия-Ақмола» ЖШС шыңдалған шыны пакеттерін өндіру зауыты, «BIQ-ELIT» ЖШС құрғақ құрылыс кәсіп орындары зауыты, «SHEBER SC. KZ» ЖШС ағаш бұйымдары фабрикасы, «Амитех Қарасай Пайп» ЖШС шынылы пластикалық полиэфирлі құбырларының зауыты және басқалар.
Сондай ақ, Астана қаласында шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасына сәйкес оның бәсекеге төтеп беру қабілетін арттыруға бағытталған кешенді шаралар да жүзеге асырылып келеді. Бұдан басқа Астана туристік ұйымдар ассоциациясы, «Астана технопарк» АҚ аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындар директорының ассоциациясы сяқты кәсіпкерлердің қоғамдық негізінде бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде.
Астана кәсіпорындарын ИСО9000 және 14000 сериялары стандарттарының талабына сәйкестендіру үшін сапа және сертификат менеджментінің жүйесін енгізу мақсатында отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер өкілдері кеңінен көрсетушілердің өкілдері кеңінен қамтылып отырған семинарлармен аймақтық конференциялар өткізілуде. Техника реттеу және метрология жөніндегі комитеттің қалалық басқармасының мәліметі бойынша әр түрлі саладағы қызметтермен айналысатын35 кәсіпорын ИСО9000-14000 сапа менеджменті жүйесімен сертификатталып, олар14-не енгізілген.
Астанада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ең көбі сауда, автомобиль, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдаланатын заттар жөндеу (жұмыс істейтін кәсіпорындардың 41%-ы) және құрылыс саласында (29%-ы ) келеді. 5696шағын бизнес кәсіпорындары экономикалық қызметін нарықты түрде, яғни, белсенділікпен жүзеге асырады. Есептеу бойынша Астана қаласының шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 2006-жылдың 1-сәуірінде 52400 адамды құраған.
Астана елорда болғандықтан болашақта оның тұрғындары да, техникада көбейе түспек. Көлік қатынасы мейлінше дамып, халық шаруашылығында аса маңызды рөл атқарып отырған қазіргідей заманда экономиканың күретамыры аталуы да, тегінен-тегін болмаса керек. Жол, егер оларды тиімді пайдалана білсе, елдің ішкі өмірі үшін ғана емес, сонымен бірге транзиттік тұрғыдан да орасан зор пайда келтірмек.
Астанаға сырттан келетін автокөліктер олардың қатарын одан да көбейте түсуде. Осы көрсеткіштерге қарай отырып автокөліктерден шығатын еліткіш заттар құрамы мен саны тұрақты емес, ол жанармайдың түріне, двигательдің типіне, оның қуаты мен жұмыс тірлігіне байланысты. Автокөліктердегі жанармайдың түрлері де (карбюраторлық, дизельді) жағылған газдардағы лас тастанды заттардың құрамына қатысты өзгеріп отырады. Мынадай ластағыштар бар: көміртегі тотығы, азот тотығы, көмірсутегі, күкірт тотығы, альдегиттер. Қоршаған ортадағы атмосфералық ауаны ластағыш альдегиттер жолдарының, күкірт тотығы жүрек қан тамыры, азот тотықтары өкпе мен бронхит дерттеріне шалдықтырады. Ал, қорғасын-өте қауіпті ауыр металл, ол нерв жүйелерін еліткіш зат ретінде белгілі.
Атмосфералық ауаның автокөліктермен қаладағы ластану проблемасы, әсіресе, қорғасынмен ластануы бүкіл елімізге тән сипат. Автокөліктердің тастанды қалдықтарының әсерінен ауаның қорғасынмен ластануына қарсы күрестің барынша ұтымды тәсілдері бензинге қорғасын құюға тікелей тиым салу немесе бензиндегі оның қоспаларының мөлшерін барынша бірден азайту болып табылады. Оның мөлшерлі көлемі бір литрде 0,15 грамнан 0,37 грамға дейін белгіленген. Ал бізде қоспаның жоғарғы мөлшері А76, А80 үшін-0,17 г/л, АИ93-0,37 г/л. Зиянды заттардың ауаға таралуын азайту мақсатында, жыл сайын көліктердің техникалық бақылауы ұйымдастырылып, жазғы уақыттарда ЖПБ-мен бірігіп “Таза ауа” операциялары өткізіліп тұрады.
Астана қаласында атмосферадағы ауаның ластануын өлшейтін екі бекет бар. Осы жылдың 3 кварталының өзінде 111 ге жуық мөлшерлі шектелген концентрациясы (МШК) шаңға өзінің коэфициентінен асып кеткен, 4,4 коэфециентке жеткен бір-екі жағдайлар, 62 жағдай азоттың қос оксиді, бір жағдай фторлы сутек тіркелген.
Шаңның көтерілу себебі біздің аймақтағы метеорологиялық жағдайларға байланысты, мысалы, желдің себебінен жердің жоғарғы қабатының кебуі, сондай-ақ автокөліктердің жолда шамадан тыс көптігінен азоттың қос оксиді көбеюде. Бұл тастанды лас қалдықтардың көрсеткіштерін төмендегі кестеден көруге болады.[6]
Көше қиылыстары мен орталық тас жолдарында атап айтсақ: Сейфуллин, Уалиханов, Бейбітшілік, Бөгенбай көшелері, Абылайхан даңғылығы, сонымен қатар Самал шағын ауданында атмосфералық ауаға лабораториялық зерттеулер өткізгенде зиянды заттардың нормадан тыс асып кеткені анықталады. Атмосфераның ауа бассейінінің ластануының тағы бір үлкен себебі автокөліктердің техникалық сапасының төмендігіне де байланысты.
Кесте 4 - Автокөліктердің тастанды лас қалдықтарының динамикасы
Лас қалдықтардың аталуы |
2010 жыл |
2011 жыл |
2013 жыл |
2014 жыл |
2015 жыл |
Көміртегі тотығы |
18,972 |
19,492 |
19,890 |
21,9 |
25,3 |
Көмір сутегі |
4,563 |
4,688 |
4,990 |
5,6 |
9,6 |
Азот тотығы |
1,265 |
1,300 |
1,420 |
1,6 |
2,9 |
Барлығы |
24,800 |
25,480 |
26,300 |
29,100 |
37,8 |
Бір жылғы машиналардың жүріп өткен жолының ұзақтығы 50-150 мың км болу керек. Сонымен қатар автокөліктер 5-15 рет техникалық байқаудан жылына өтіп отыру керек. Ал, шын мәнісінде олай емес.
Онымен қоса автокөліктің этилденген жанармайды қолдануы қазіргі күні күрделі әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Осыны ескере отырып, басқарма қызметкерлерімен көліктен шығатын зиянды заттардың көлемін азайтуда көп жұмыс атқарылуы керек.
Сонымен қатар зерттеу барысында Астана қаласында газдың көп бөлігі жылу бергіш комбинаты және Астана су арнасы мекемелер болып табылды.
Кесте 5 - Ауа ластануының көрсеткіші
Саны |
Мөлшері шектеулі концентрацияда жоғары қосылыстардың аты |
Орташа концентрация |
Максималды концентрациясы |
Қосылыстардың МШК дан жоғарлығының қайталануы, % |
|||
Мг/м3 |
МШК дан еселік жоғарлығы |
Мг/м3 |
МШК дан еселік жоғарлығы |
||||
4,0 |
Шаң |
0,3 |
2,0 |
2,5 |
5,0 |
19,0 |
|
Азот тотығы |
0,05 |
1,3 |
0,32 |
3,8 |
14 |
||
Фторлы сутек |
0,003 |
|
0,071 |
3,6 |
1 |
||
Қалада облыстың қоршаған ортасына зиян әкелетін стационарлық көздері бар. Оларға «Цесна астық» АҚ, «Астана су арнасы» ЖШС-гі, «ТЭЦ» ЖШС-гі жатады. Соңғы екеуінің ластайтын заттары көлемі жағынан көп болмағанымен (бериллий, хлор, аммиак, фторлы сутек) адам денсаулығына және қоршаған ортаға өте қауіпті.
Энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен. Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты (6-кесте).[8]
Кесте 6- Әртүрлі отын түрлерін қолданғанда ЖЭС-нан атмосфераға тасталатын зиянды заттардың мөлшері, г/кВт сағ.
Ластаушы компонент |
Отын түрі |
|||
Тас көмір |
Қоңыр көмір |
Мазут |
Табиғи газ |
|
Күкіртті газ |
6,0 |
7,7 |
7,4 |
0,002 |
Азот оксидтері |
21,0 |
3,4 |
2,4 |
1,9 |
Қатты бөлшектер |
1,4 |
2,7 |
0,7 |
- |
Фтор қосылыстары |
0,05 |
1,11 |
0,004 |
- |
Қатты отынды (көмір, жертезек, ағаш, қамыс, т.б.) жаққанда күл, смола, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Екібастұз көмірін қолданғанда шығатын күлдің мөлшері Қарағандының көмірінен шығатын күл көлемінен анағұрлым жоғары, оның себебі сапасының төменділігінде. Орта есеппен ЖЭО сағатына 5 тоннадай күкіртті ангидридпен және 16-17 т күлмен ауаны ластап отырады.
Сұйық отынды (мұнай мен оның өңделген өнімдерін) қолданғанда ауаға бөлінетін заттар күкірт пен көміртектің қосылыстары. Ал газды отынды (табиғи немесе сұйылтылған газ) жаққанда қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады.
Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттардың 90-95% ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады. Оттықтан алынған күл мен шлактардың үйінділерін сақтау біраз жер көлемін қажет етумен қатар желмен ұшып литосфераның аумақты көлемін ластайды.
Тек бір тәуліктің өзінде орта қуатты ЖЭС (1 м Вт) 10 мың тонна шамасында көмір жағатыны белгілі, ал осы көлемнен шығатын қож пен күлдің мөлшері 1 мың тоннаның үстінде. Осы тастандыны биіктігін 8 м етіп үйгеннің өзінде бұған қажетті жердің көлемі 1 гектардан артық келеді. Литосфераның ластануы ЖЭС салатын жерді дайындағаннан басталады, себебі ауылшаруашылығына жарамды жерлердің біраз көлемі құрылысқа бөлінеді. Осы мәліметтің өзі ЖЭС-ның табиғатқа қандай қысым жасайтынын сипаттауға жеткілікті нәрсе.
Қоршаған ортаға қож пен күлдің тигізетін әсері оларды оттықтан алуға қолданылған әдіске де тәуелді келеді. Шаң мен қатар қоршаған ортаны ластайтын заттардың бірі отынды тасығанда, жинағанда оның тотығу салдарынан пайда болған қосылыстар.
