Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Астана каласынын шан тозанын зерттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Жер асты сулары

Облыс территориясы жалпылай 1-тәртіптегі Орталық Қазақстан гидрогеогогиялық ауданға жатады. Гидрогеологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы негізінде Орталық Қазақстан гидрогеологиялық ауданда төмендегі 2-тәртіптегі гидрогеологиялық аудандар ажыратылады: Көкшетау-Екібастұз, Теіңз-Қорғалжын және Сарысу-Теңіз. Көкшетау-Екібастұз гидрогеологиялық аудан облыстың солтүстік жарты бөлігін қамтиды. Оған Вишневский, Ерментау, селеті, Алексеевк, Макинск, Шортандының көпшілік бөлігі, Балқаш, Атбасар ауылдық-әкімшілігін солтүстік бөліктері жатады.

Гидрогеологиялық ауданның көпшілік бөлігін жер бедері тілімделген және жарықтары көп жартасты тау жыныстары жер бетіне жақын жерде орналасқандықтан жер асты суларына қалыптасуына қолайлы жағдай жасалған. Ауданның шеңберін ішінде 19 сулы горизонттар мен комплекстер ажыратылған.

Теңіз-Қорғалжын гидрогеологиялық ауданның оңтүстігінде орналасқан территорияны өз ішіне алып ол оңтүстік жағынан Сарысу-Теңіз қыраты (көтерілуі) мен шектелген. Аудан жер асты суларына кедей (жарлы). Бұл жерде тек 6 сулы горизонт пен комплекс ажыратылған. Ең сумен қамтамасыз етуге перспективті комплекс, бұл Нұра және Ишим өзендерінің аллювиалдық шөгінділеріне немесе аңғарларына орналасқан.

Сарысу-Теңіз гидрогеологиялық аудан облыстың ең шеткі оңтүстік бөлігіне Қорғалжын әкімшілік ауданын ішінде орналасқан. Бұл ауданда 12 сулы комплекс ажыратылған.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай батыстағы облыс шекарасы бойлап созылып жатқан ені аз алқап 1-тәртіптегі Торғай гидрогелогиялық ауданға жатады, ал Ертіс артезиан бассейнін оңтүстік-батыс бөлігіне болып саналады. Тұщы сулар жеке линзалар түрінде кездеседі. Құдықтардың су мөлшері (дебиті) 0, 5 л/сек-ке жетеді. Олар ауылды елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге жаратады (пайдаланады).

Жалпы облыстың минералданғаны 10 г/л-ге дейін болған жер асты суларының прогноздық (болжамдық) эксплуатациялық қорын көлемі 1733, 3 мың м3/тәу., оның ішінде минералданағандығы 1 г/л-ге дейін болған сулардың қоры – 916 мың м3/тәу-те. Барланған эксплуатациялық қоры 250 мың м3/тәу-ке тең, оның ішінде өнеркәсіптік категориялы су қоры – 193, 4 мың м3/тәу. облыстың факттік алатын жер асты сулары 148, 8 мың м3/тәу. құрайды, оның ішінде қоры бекітілген кен орындардың қоры 37, 6 мың м3/тәу /19/.

1.2 Атмосфералық ауа - табиғи ресурс және ластануының негізгі типтері

Атмосфера (грек тілінен atmos – пар және sphaire – шар) жердің газ тәрізді қабаты, ол планетамен бірге біртұтас болып айналады. Атмосфера биосфераның құрамында – организмдердің тіршілік ететін газдық ортасы, жерде тіршілік мүмкіндігін қамтамасыз етеді, адамзат өмірінің барлық бағыттарына үлкен ықпалын тигізеді.

Көне заманда жас жер атмосферамен қоршалған, оның құрамында су буы, метан, аммиак және қостотықты көміртектен тұрған. Бұл атмосфера адамға және тірі жәндіктерге улы болған, барлық тіршілік, кейбір микроорганизмдерден басқа, бір сәтте тұншығып қалар еді. Өйткені атмосферада ең қажет оттегі жоқ еді. Оттегі жоқ атмосферада ғана күрделі және сезімтал органикалық молекулалардың тотығуы, қышқылдануы пайда болады. Ал олардан алғашқы жабайы тірі структуралар пайда болған. Өйткені бос оттегінің химиялық белсенділігі артық, сондықтан ол органикалық қоспаларды тез тотықтырады, бұзады. Эволюцияның салдарынан жер бетінде оттегін қажет ететін қазіргі кездегі алғашқы тірі жәндіктер пайда болу үшін – кейбір паразит пен бактериялардан басқа, атмосфера көп жылдар бойы оттегісіз болуы керек еді.

Атмосферада фотосинтездендіретін организмдер пайда болғанға дейін негізінен вулканды газдардан тұрған. Биосфераның биологиялық эволюциясының негізгі кезеңдері оттегісіз атмосфераның оттектігіне айналуымен байланысты. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесінде оттегін айыра бастады да, оттегі атмосферада жинала бастады.

Атмосфераның бүкіл массасының 50 пайызына жуығы оның төменгі 5 километрлік қабатында, 75 пайызы 10 километрлік қабатында, ал 90 пайызы 16 километрлік қабатында шоғырланған. 3000 километрден жоғарыда атмосфераның тығыздығы планетааралық кеңістіктің тығыздығынан аз - ақ айырма жасайды, дегенмен оның ізі 10000 км-ден артық биіктікте де байқалған. Жер атмосферасының салмағы 5 квадрилион 157 триллион тонна.

Теңіз деңгейіндегі таза және құрғақ ауа бірнеше газдардың механикалық қосындысынан тұрады. Олардың ішіндегі негізгілері азот – 78,09 пайыз, оттегі – 20,95 пайыз, аргон – 0,93 пайыз, көмірқышқыл газы – 0,03 пайыз. Басқа газдар: неон, гелий, метан, криптон, ксенон, сутегі, озон, йодтың болмысы өте мардымсыз. (0,1 пайыздан кем). Атмосфераның басты құрамдас бөліктері – азот пен оттегінің арасалмағы тұрақты болады. Атмосфераның ауысып тұратын құрамы су – бұлттағы дым тамшылары, бу, мұз кристалдары түрінде болады. Су буының шоғырлануы жер бетінде тропикада 3 пайыздан, ал Антарктикада 2х10-5 пайызға дейін ауытқиды. Су буымен CO2 ауыспалы құрамын әдіспен толқын және сандар шкаласымен анықтауға болады. Олар мынадай көрсеткіштерге сәйкес келеді: атмосферадағы судың буы 1404,99 см-1, CO2 2333 см-1 А қосымшаны қараңыз - атмосфера ауасындағы су буы мен CO2 – нің құрамы.

Тіршілік белгісі белок пен нуклеин қышқылынан тұратын азот тек жер атмосферасында ғана бар. Азотты топыраққа апаратын негізгі көз – атмосфера. Ол топыраққа қышқылдар және азот ұстаушы микроорганизмдер арқылы барады.

Екінші негізгі компонент – оттегі, онымен барлық қышқылдану процестері байланысты. Жер қабатының 50 пайызын құрайтын активті газ – оттегі, ол өсімдік организмдер тіршілігінің өнімі, белок, майлар, көмірсулар құрамына кіреді. Өсімдіктер мен жануарлардың демалуын қамтамасыз ететін оттегі экожүйенің барлық компоненттерінде қолданылады.

Биосфераның жұмысын қадағалап отыратын озон мен көмірқышқыл газы - атмосфераның негізгі компоненттері. Құрамының аздағына қарамастан озон негізгі тотықтырғыш. Өсімдіктердің фотосинтез процесінде көмірқышқыл газы үлкен орын алады. Оның жер атмосферасындағы құрамы 2,4х1018 г. Атмосферадағы оттекті азоттың құрамы 400-600 км биіктікте сақталған. Ал 600 километрден жоғары атмосферада гелий қабаты көбейеді. Гелий белдігі немесе В.И.Вернадский атағандай «Жердің гелий тәжі» 1600 километр биіктікке дейін созылған, ал одан жоғары 2-3 мың километр биіктікте сутек басымдылау. Осылай жерді қоршаған газ қабаты 76 пайыз сутек, 23 пайыз гелийден тұратын экзосфераға айналады.

Жер бетіндегі тіршіліктің негізгі шарты-атмосфераның болмысы. Жердегі тіршілік космос сәулелеріне төзімсіз және одан күнделікті қорғауды қажет етеді. Атмосфераның жоғарғы шекарасына секунд сайын кең диапазонды космостық толқындар және энергиялар түседі. Гамма-сәулелер, рентгендік, ультракүлгін сәулелер, инфрақызыл - сәулелер және т.б. Егер осылардың барлығы жер бетіне жететін болса, онда тіршілік болмас еді. Атмосфераның арқаысында мұның бірі де болмайды. Мұнда негізгі рольді ионосфера мен озон экраны ойнайды.

Озон қабаты планетаны күннің ульракүлгін сәулесінен қорғайды. Бұл газ спектрдің әртүрлі учаскесіндегі күн сәулесінің радиациясын жұтады, әсіресе жануарлар мен өсімдіктерді құртып жіберетін ультракүлгін түсті радиацияны. Озон толқын ұзындығы 400 нм ультракүлгін радиацияны жылдам жұтады, ал толқын ұзындығы 1140 нм дейінгі радиацияны салыстырмалы аз жұтады. Толқын ұзындығы 280 нм-ден асатын ультракүлгін радиация жер бетіне жетеді. Озон экранының арқасында күн радиациясы тірі организмдерге кері әсерін тигізе алмайды. Озон сүзбесінен өткеннен кейін олар әлі де кейбір микроорганизмдерге қауіпті, соның ішінде ауру төндіретіндер, ал адамға – пайдалы. Озон – үш атомды оттегі (О3). Атмосфераның төменгі қабатында озон күн сәулесі мен әртүрлі түтін және газдардың арасындағы реакцияның салдарынан пайда болады. Ол ауада тез тарап кетеді, ал егерде жылы ауа қабатының астында суық ауа қабаты болса, онда озон жиналады да смог пайда болады. Өкінішке орай, ол озон тесіктерінен кеткен озонның орнын толтыра алмайды. Озон өте улы (иісті газдан да қауіпті), оның ауадағы шектеулі рауалы концентрациясы 0,00001 пайыз.

Атмосфераның тағы бір қасиеті - жылу алмасуы, ол парниктік эффект шығартады. Атмосфера күннің жылуын ұстайды, жер бетіндегі ауаны жылытып, қолайлы климат тудырады. Қазіргі жер бетіндегі ауа температурасы 14,6 °С бола тұра келер-кетер радиацияның тепе-теңдігін сақтайды. Егер парниктік эффект болмаса ол 21°С болар еді. Атмосфера жер бетіндегі климатты реттейді. Егер планетада атмосфера болмаса, температураның сөткелік ауытқуы 200 °С болар еді. Яғни , атмосферадан тіршілік әкелетін күн және жылу өтеді де, өлім тудыратындар атмосферада қалып қояды.

Сонымен бірге атмосферада жердегі ылғалдылықты сақтайды, дыбыс таратады және заттардың айналымына қатысады. Оттегі, көміртегі, азот, су циклдары міндетті түрде атмосфералық стадиядан өтеді, Ауа бассейнінде бұл заттар жиналады да, жер шарына таратылады. Сонан табиғатта заттардың алмасу жылдамдығының реттелуі болады.

Атмосфералық ластану дегеніміз ауадағы әртүрлі газдардың болуы, олар тірі организмдерге және өсімдіктерге қолайсыз жағдай туғызады, өмір сүру жағдайларын нашарлататын сұйық және қатты заттардың бөлшектерін айтамыз. Атмосфералық ауа өзінде болған немесе әкелінген ластаушы заттармен ластанады.

Қоршаған ортаға ластаушы заттардың әсерін көрсететін – шектеулі рауалы концентрация. Әртүрлі заттардың өзіндік шектеулі рауалы концентрациясы белгіленген, олардың құрамы қоршаған ортаның лимиттелген факторлық шегінен аспау керек.

Атмосфераны ластайтын заттарды үлкен 2 топқа бөлуге болады:

  • газ тәрізді (нағыз газ) және бу тәрізді (олардың қайнау температурасы 200°С-тан төмен).

  • өлшемдері диаметрі 0,05 мкм-ден кіші, үлкендері шамамен диаметрі 20мкм-ден үлкен қоспалар мен қатты заттардың бөлшектері мен сұйықтар атмосфераны ластайды.

Қоспалар атмосфераға табиғи және антропогендік көздер арқылы түседі.