- •Мазмұны
- •Сурет 1- Ақмола облысының әкімшілік – экономикалық картасы
- •Жер асты сулары
- •1.2 Атмосфералық ауа - табиғи ресурс және ластануының негізгі типтері
- •1.2.1 Табиғи ластану
- •1.2.2 Антропогендік ластану
- •1.3 Метеорологиялық мінездеме және оның атмосфералық ауаның ластануына әсері
- •Сурет 1 - 2014-2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексін (али5) салыстыру
- •Сурет 3 - 2014-2015 жж аралығындағы қр қалаларының атмосфералық ауасындағы қалқыған бөлшектердің (шаң) шрек-нан асу еселігі.
- •0,55 И (0,33-0,36) – коэффициенттер
- •2.2 Астана қаласы атмосферасын ластаудың негізгі көзі
- •2.3 Астана қаласының атмосфералық ауасының көміртек оксиді, хлормен, күкірт және азот оксидтерінің ластануының салыстырмалы мінездемесі
- •2.4 Атмосфералық ауаны қорғауда қолданылатын практикалық шаралар
- •3. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
Қоршаған ортаны қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға теріс антропогендік әсердің алдын алу қағидасы әлемнің көптеген елдерінде кең қолдау тапқан. Бұл өңірдегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның жай-күйін ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етілген көлемдерін ғылыми негіздеу, қоршаған ортаны нормалау халықтың денсаулығына зиянды әсер етудің салдарын барынша ескере отырып жүргізіледі. Атап айтсақ, қазіргі күні Астана этиль бензинін қолдануды бірте-бірте тоқтатудың бағдарламасын құру керек. Сондай-ақ, автокөліктерді жанармайдың экологиялық таза түріне ауыстыру, оларды катализатор және нейтрализатормен қамтамасыз етудің әртүрлі шараларын жоспарлау керек. Қаламызда көп болмаса да біртіндеп газбен жүретін автокөліктер бар, бұның экологиялық маңызы неде?
Табиғи газбен жұмыс істеген автокөліктен көміртегі тотығы 50-70 пайызы, азот тотығы 25-35 пайызы тағы басқа лас заттарды 70-90 пайызға, күкірт қышқылы түгел жойылар еді.
Бұл сонымен қатар бағасы арзан, моторесурс двигательдің жұмысын ұзартады және бензинге қарағанда цилиндрге май шашпайды, яғни автокөліктің өмірін ұзартады.
Осы технологияны қолдануда қазіргі кезде біріншіден табиғи газдың аздығы. Екіншіден, май құятын станцияда сақталатын орынның болмауы. Оның пропан-бутан айырмашылығы оған май құятын станцияда сұйық күйде болатын, газ түрінде сақтау үшін 200 атмосфералық қысым керек. Ол үшін оған жаңа технология керек.
Газды отынмен жүргізу үшін автокөліктің өзіне де газ жанатын құрал жабдықтармен қамтамасыз етілу керек. Ол құрал жабдықтарды кез келген маркідегі машинаға орнатуға болады.
Газбен жүретін автокөліктің қауіпсіздігі жөнінде айтатын болсақ, дүние жүзілік практикада байқалғаны оның бензинмен салыстырғанда қауіпсіздігі және жоғары температурада жанатындығы. Ал автокөліктің багінің орнына балон қойылады, ол жол апатында да оңайлықпен жарылмайды.
Сондықтан Астана қаласында бұндай газ станцияларын көбейтсе экологиялық тиімді әрі арзан болар еді. Дәл бұндай керемет альтернатив болмайтын шығар. Бұл нағыз экологиялық жағынан керемет таза отын және салыстырмалы түрде дүние жүзіндегі ең арзан отын. Осы жаңа ғасырымыздың ортасына дейін басқа арзан отын табылғанша бұл өз маңызын жоғалтпайды. Астана қаласының атына көркі сай экологиялық таза, адамдарының дені сау болсын десек, қаламыздың жолаушы тасымалдау көліктерінің 50 пайызын электркөлігіне ауыстыру және жүргіш трамвайлар көбейтілу керек. Бұл жоғарыдағы айтқан автокөліктерден шығатын түрлі еліткіш заттардың бірін бөлмейді.
Автокөліктерден бөлінген еліткіш заттарды азайту мақсатында Астананы гүлдендіру бағдарламасын жүзеге асыруға орай жасыл желек қаланы көркейту керек. Қала әкімшілігі осыдан 4-5 жыл бұрын “Жасыл аймақ” мекемесін құрып, ол түпкілікті осы мәселемен шұғылданып келеді. “Жасыл аймақ” Республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары В. Ломовтың пікірінше, 2010 жылы бұл жер орасан зор орман болады. Бұл іс шын мәнінде қазіргі таңда іске асып жатыр. Автокөліктерден бөлінген еліткіш заттар жол бойындағы өсімдіктерге көп жиналады. Өсімдіктердің ішінде ауаның ластануына әлдеқайда төзімділері-терек, ақ тал, сирень, ақ қараған, шегіршін, барбарис (қызыл бұта), ырғай. Газ бен түтінге өте сезімтал шырша, самырсын, жөке, ақ үйеңкі, бүк және т.б. Газданған ауада өскен ағаштар мен бұтақтар (бұталардың) жапырақтарының түсі өзгереді, ағаштардың бөрік басы сиректеліп қалады. Шөптесін өсімдіктер аласа болып қалады.
Астанамыз елорда болғандықтан тұрғындар да, автокөліктерде көбейе түспек сондықтан жүк автокөліктерін айналмалы жолдар арқылы жүргізу жолдарына басты назар аудару керек.
Атмосфераға тасталған зиянды заттардың таралуы сол жердің адыр-бұдырлы бедеріне, желдің жылдамдығына, ауаның температурасына, бұлттылықтың биіктігіне байланысты болады. Мысалы, ЖЭС конденсаторларының салқындату жүйесіндегі ірі сусалқындатқыштар (градирнилер) станция аймағының микроклиматындағы судың мөлшерін жоғарылатып, тұманның пайда болуына, кейде сіркіреп жаңбыр жаууына, ал қыстыгүні қырау мен көк мұздың болуына себебін тигізеді. Ауаға тасталған зиянды компоненттер және тұман бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде тұрақты қатты ластанған ұсақ дисперсті бұлт, яғни тұмша (смог) түзіледі. Тұмшаның адам денсаулығына тигізетін залалы айтарлықтай.
Жалпы энергетика саласының тіршілік ортаға тигізетін әсері күннен күнге өсе түсетіні сөзсіз. БҰҰ болжамы бойынша қазір дүниежүзіндегі халықтың саны 6 миллиардқа жақындап қалса, 2050 жылы 10 миллиардқа дейін көбейсе, осыған сәйкес энергияға сұраныс та 2 еседей, яғни мұнай эквивалентімен алғанда 20 млрд. т көтерілуі мүмкін. Бұл жағдай қоршаған ортаға да теріс ықпалын тигізбей қоймайды. Қолданылатын көмір көлемінің артуы, қазіргімен салыстырғанда ауаға бөлінетін көмір қышқылының мөлшерін 60%-ке дейін арттырады, бұл бірқатар әлемдік проблемаларды тудыруы ықтимал, мысалы көп жерлердегі топырақтың қышқылдануына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қазірден бастап қоршаған ортаға зияндығы аз альтернативті энергетикалық технология мен қалдықсыз жанатын отын түрлерін іздеу, гидравликалық және геотермальдық энергияны, биомассаны, күн сәулесі мен желді энергия алуға кеңінен пайдалануға жол ашатын жобаларды өмірге енгізу қажеттілігі туып отырғаны белгілі жағдай.
Атмосфералық ауаны қорғау маңызды және қиын мәселе болып табылады. Оны орындау, ауаның табиғи жағдайын сақтаудың және қайта қалпына келтірудің; сонымен қатар, адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсерлерінің алдын алудың барлық мүмкін болатын аспектілерін қамтитын жолдармен іске асырылуы қажет. Атмосфералық ауаны қорғау жөнінде жүргізілетін шаралардың ауқымды кешені заңға негізделеді. Қазақстан Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» (11.03.2002 ж), «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы туралы» (4.12.2002 ж), «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» (15.07.1997 ж) зандары атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі құқықтық және ұйымдастыру негіздері мен экологиялық-гигиеналық талаптарды анықтайтын негізгі заңдары болып табылады.
Заңнамаға сәйкес атмосфералық ауаны қорғау мемлекеттіңбасқаруында болады, себебі бұл сұрақтар жалпы мемлекеттік масштабта шешіледі және жеке адамдардың немесе жекелеген тұрғындар топтарының мүддесіне тәуелді болмауы керек.
Басқару шешімдерін қабылдау үшін, ең алдымен, атмосфералық ауаның шын мәніндегі жағдайы туралы ақпарат қажет, оны, ауаның ластану көрсеткіштерін қандай да бір рұқсат етілген, адам үшінқауіпсіз, деңгейлермен салыстырмай, алуы мүмкін емес. Сондықтан табиғатты қорғау заңдарының маңызды тарауларының бірі, ауаны химиялық, биологиялық, физикалық ластаушылардың және әр түрлі көздерден заттардың ауға шығарылуының шектік рұқсат етілген деңгейін гигиеналық және экологиялық нормалау болып табылады. Атмосфералық ауадағы зиянды заттар үшін екі норматив орнатылады: орташа тәуліктік (о.т.) ШРЕК және максималды бір реттік( м.б.р.) ШРЕК. Атмосфера ластануының ШРЕК деп адам денсаулығына және оның ұрпағына бүкіл өмірі бойына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер еипейиін заттың концентрациясын айтады. М.б.р ШРЕК қысқа уақыт ішінде (20 минутқа дейін) адамның иісті сезуін, көз бен жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарының тітіркенуін, көздің жарыққа сезімталдылығының өзгеруін, тыныс алуының тоқтауын және басқа да рефлекторлық реакциялар тудыратын заттарға орнатылады... О.т ШРЕК ұзақ уақыт әсер еткен кезде әр түрлі уланудан болатын эффектілерінің дамуына әкелетін резорбтивтік әсері бар заттарға орнатылады. Сонымен қатар, ауаға түсетін заттардың шектік рұқсат етілген шығарындыларының көлемі (ШРЕШ) де нормаланады. Оларды есептеуге қойылған негізгі қағида, ластаушы заттардың ауаға түсуін, олар үшін орнатылған ШРЕК-тен асатын мөлшерге дейін жоғарлауына әкеп соқпайтын деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.
Техникамен жеткіліксіз жабдықталуына немесе шығарындылардың мөлшерін төмендетуге мүмкіндік беретін әдістердің болмауына байланысты, кәсіпорындар өздеріне арналып орнатылған ШРЕШ деңгейіннің сақталуын барлық уақытта іске асыра алмайды. Мұндай жағдайларда шығарындыларды ШРЕШ деңгейіне дейін кезен-кезеңмен төмендетуге рұқсат етіледі. ШРЕШ қамтамасыз етуге абсолютті түрде мүмкіншілік жоқ болған жағдайларда кәсіпорынның жұмыс саласы өзгертілуі тиіс немесе жабылуы керек.
Атмосфералық ауаға теріс әсерлерді төмендету мақсатында, өндірістегі әр түрлі технологиялық үрдістерді, соның ішінде, табиғи пайдалы қазбаларды алу, жарылыс жұмыстары, тасымалдау, улы химикаттарды сақтау және қолдану, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдаға асыруды және т.б. жүргізу үшін ҚР Заңдарымен нақты ережелер мен талаптар орнатылады. Атмосфералық ауаға химиялық және биологиялық ластаушыларды шығаратын, сонымен қатар, физикалық ластаушылардың көзі болып табылатын мекемелер мен ұйымдардың жұмысы да заңмен реттелініп отырады.
Оларға физикалық факторлардың әсер ету деңгейін азайтуға және шығарындыларды төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, технологиялық, техникалық және санитарлық-техникалық, сонымен қатар, жоспарлау шараларын іске асыру жүктеледі.
Жоғарыда аталған шаралардың ішінде ең тиімдісі технологиялық шаралар болып табылады, себебі өндірістік үрдістің технологиясына өзгерістер енгізу, атмосфералық ауаға шығарындылардың мөлшерін едәуір азайтуға немесе оларды мүлде жоюға мүмкіндік береді.
Стратегиялық технологиялық шараларға аз қалдықты және қалдықсыз, сонымен бірге, ресурстарды сақтайтын технологияларды дайындау мен енгізу жатады.
Мұндай технологияның мысалы ретінде, металлургиялық зауыттардың күйесінен графит алуды айтуға болады. Оны енгізу графит кенін алудан бас тартуға және өндіріс қалдықтарын қоймаларда сақтауды тоқтатуға мүмкіндік береді. Аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды дайындаудан басқа, сондай-ақ, зиянды заттарды зиянсыз заттарға немесе зияндылығы аз заттарға алмастыру, сұйық және қатты отындарды газ түріндегі отынға алмастыру, отпен қыздыруды электрлік түріне ауыстыру, технологиялық үрдістерде қолданылатын шикізат пен реагенттердің құрамын өзгерту, оларды зиянды қоспалардан тазарту, сусымалы материалдарды өңдеудің құрғақ әдістерін ылғалды әдістеріне алмастыру және т.б. сияқты технологиялық шаралар да іске асырылады.
Қазіргі уақытта, отынды энергетиканы күннің, теңіздің, желдің энергиясын және геотермальды энергияны пайдаланатын отынсыз энергетикаға алмастыруға ерекше көңіл аударылады. Күн сәулесін және электр энергиясын қолдану, сонымен қатар, сутектің негізіндегі синтетикалық отындар, газ, спирт сияқты отындардың басқа түрлеріне тез ауыстыру да автокөліктерден шығатын газдарды азайтудың бірден бір жолы болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорындарынан азот тотықтары шығарылуының едәуір азайуы (көмірдің жануы кезінде 60% жоғары) отыны ішінде орналасқан, арнайы оттықтарды қолдану арқылы және түтін газдарын жану камерасына қайта айналдырып түсірумен іске асырылады. Көмірді күкірттен тазартып, содан кейін оны отын ретінде пайдалану, күкіртті газ шығарындыларын көп төмендетеді.
Техникалық және санитарлық техникалық шараларды технологиялық шаралармен қатар қолданады. Олар өндірістік үрдісінің технологиясына қатыспай, газ түріндегі шығарындыларды тазартуға және олардың таралу дәрежесін төмендетуге бағытталған.
Шығарындыларды шаңнан тазарту үшін сүзгіден өткізуді және гравитациялық, орталықтан тебу, электрлік және акустикалық өрістерде шаңды отырғызудықолданады. Гравитациялық шаң ұстағыштарда шаң бөлшектері гравитация күшінің әсерінен камераның түбіне отырады. Орталықтан тебетін шаң ұстағыштарды -циклондарды қолданғанда, газ ағыны циклонның ішіне кіргізіледі де, корпусының бойымен айналып-алға жылжитын қозғалыс жасайды. Орталықтан тебу күшінің әсерінен шаң бөлшектері циклонның қабырғасына қарай лақтырылып, шаң жинағышқа түседі. Сонымен қатар, сүзгілеуші шаң ұстағыштар да қолданылады. Газ ағыны бұл ұстағыштардан өткен кезде, шаң, қалыңдығы мен тығыздығы әр түрлі, тесіктері бар материалдарда - сүзгілерде ұсталынып қалады. Газдарды аэрозольдердан тазартатын аппаратардың ең жетілдірілген түріне электросүзгілер жатады. Электросүзгілерде ауаның теріс зарядталған иондары шаң бөлшектерімен жанасып, оларға өз зарядтарын береді. Шаң бөлшектері оң зарядталған электродтарға бағытталады, осы жерде өздерінің зарядтарын жоғалтып, қонып қалады. Шаңның қонған қабаты дірілдің көмегімен бункерге түсіріледі.
Газдардың шаңнан тазарту дәрежесі шаң бөлшектерін ірілендіру кезінде жоғарылайды. Бұл қасиет акустикалық ультрадыбыстық шаң ұстағыштарда қолданылады, мұнда, бөлшектердің диаметрлері, дыбыстық және ультрадыбыстық тербелістердің әсерінен олардың өзара соқтығысуы санының көбею есебінен жоғарылайды.
Шығарындыларды газ түріндегі уландыратын қоспалардан және шаңдардан тазарту, абсорбция (шығарындыларды сұйық еріткіштермен жуу) әдісі, адсорбция(қоспаларды қатты белсенді заттар - сорбенттердің сіңіруі), хемосорбция (қоспаларды, олармен химиялық байланысқа түсетін реагент ерітінділерімен жуу) жәнекаталитикалық әдістері (катализатордың қатысуымен қоспалардың химиялық өзгеріске түсуі) арқылы іске асырылады.
Соңғы жылдары каталитикалық әдістер тек өндірістерде ғана емес, сонымен бірге, автокөліктердің газдарын бейтараптау үшін де қолданады. Бейтараптаушы құрғылар азот тотықтары мен көміртек тотығын уытты емес газ түріндегі азот пен СО2 айналдырады, сонымен қатар, отынның толық жанбаған өнімдерін аяғына дейін жануын қамтамасыз етеді.
Шығарындыларды сейілту үшін биік және өте биік құбырларды орнатады. Бірақ та, бұл әдіс аса тиімді емес, себебі, құбырлардан шыққан ластаушылар, тіпті елді мекендерден белгілі бір қашықтықта болса да, бәрібір ауаға түседі.
Жоспарлау шаралары қала аумағын өнеркәсіптік, селитебті, көліктік және әкімшілік – шаруашылық сияқты жеке зоналарға бөлуден, жел раушаны мен жер бедерін ескеріп, селитебті зонаны ұтымды орналастырудан, ластаушы көздер мен селитебті зонаның арасында санитарлық-қорғаныс зонасын ұйымдастырудан, елді мекендерді көгалдандырудан т.б. турады.
Санитарлық-қорғаныс зонасының өлшемін ластаушы көздің зияндылық сыныбына сәйкес анықтайды: 1 сыныпқа жататын кәсіпорындар үшін - 1000м, 2 - 500 м, 3 - 300 м, 4 -100м, 5 сыныпы үшін - 50 м.
Заң атмосфералық ауаны қорғау саласында бақылау жүргізуге міндетті етеді, оны экологиялық қызметтер және санитарлық эпидемиологиялық қызметтің органдары және мекемелері жүргізеді.
Ластаушылардың көздеріне, атмосфералық ауаның сапасына, ластанған аумақтарда тұратын тұрғындардың денсаулық жағдайына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылыстары мен қайта құруының барлық жобалары міндетті түрде экологиялық-гигиеналық сараптамадан өтеді. Сақтық санитарлық бақылау өнеркәсіп кәсіпорындарын салу үшін жер телімін таңдау және бөліп беру кезінде, сонымен қатар, ауаны ластаушы көзі болуы мүмкін нысандардың салынуы мен пайдалануға беру кезінде де іске асырылады. Жұмыс істеп жатқан нысандарда үнемі күнделікті санитарлық бақылау жүргізіліп отырады.
Атмосфералық ауаны қорғау механизімінің біріне заңмен бекітілген сұрақтарды шешудің экономикалық рычагтары жатады. Оларға бір жағынан - табиғи ресурстарды пайдалану құқығына төлемдер, құқық бұзушылық үшін айып пұл санкциялары жататын болса, ал екінші жағынан, мемлекеттің салық жеңілдіктерін жасауы, табиғатты қорғайтын құрылыстар мен жабдықтарды сатып алу үшін және жаңа технологияларды дайындау үшін субсидиялар беруі жатады. Атмосфералық ауаның ластануында әкімшілік шекаралырының болмауы, сонымен байланысты, адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндірген жаһандық мәселелердің пайда болуы, атмосфералық ауаны қорғау мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықтың сөзсіз рөлін түсінуге мәжбүр етті.
Айтылған мәліметтерді назарға ала ауаны шаң тозандардан тазалау ушін төмендегідей әдәстерде қолдануды ұсынамы:
Құрғақ шаң аулағыштар (циклондарды, шаң басатын камераларды тазалайды) - бұл құралдар үлкен және ауыр көлемдегі шаңнан механикалық тазарту үшін қолданылады.
Фильтрлерлерді қолдану (талшықты, қиыршықты) 0,05 мкм-ге дейінгі аздисперлі шаң бөлшектерін ұстап қала алады.
Электрофильтрлерді қолдану – 0,01 мкм дейінгі өлшенген газдарды шаң бөлшектерінен тазалауда ең тиімді әдіс. Оның газды тазалаудағы жоғарғы тиімділігі 99,0-99,5% құрайды.
