- •Мазмұны
- •Сурет 1- Ақмола облысының әкімшілік – экономикалық картасы
- •Жер асты сулары
- •1.2 Атмосфералық ауа - табиғи ресурс және ластануының негізгі типтері
- •1.2.1 Табиғи ластану
- •1.2.2 Антропогендік ластану
- •1.3 Метеорологиялық мінездеме және оның атмосфералық ауаның ластануына әсері
- •Сурет 1 - 2014-2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексін (али5) салыстыру
- •Сурет 3 - 2014-2015 жж аралығындағы қр қалаларының атмосфералық ауасындағы қалқыған бөлшектердің (шаң) шрек-нан асу еселігі.
- •0,55 И (0,33-0,36) – коэффициенттер
- •2.2 Астана қаласы атмосферасын ластаудың негізгі көзі
- •2.3 Астана қаласының атмосфералық ауасының көміртек оксиді, хлормен, күкірт және азот оксидтерінің ластануының салыстырмалы мінездемесі
- •2.4 Атмосфералық ауаны қорғауда қолданылатын практикалық шаралар
- •3. Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
|
Кіріспе |
6 |
1 |
Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері |
8 |
1.1 |
Астана қаласының физико-географиялық көрсеткіштері |
8 |
1.2 |
Атмосфералық ауа - табиғи ресурс және ластануының негізгі типтері |
11 |
1.2.1 |
Табиғи ластану |
12 |
1.2.2 |
Антропогендік ластану |
13 |
1.3 |
Метеорологиялық мінездеме және оның атмосфералық ауаның ластануына әсері |
20 |
2 |
Астана қаласы атмосферасының өңдірістік шаң-тозандарың зерттеу |
22 |
2.1 |
Астана қаласының атмосфералық салыстырмалы шаң - тозандарың сипаттамасы |
22 |
2.2 |
Астана қаласы атмосферасын ластаудың негізгі көзі |
33 |
2.3 |
Астана қаласының атмосфералық ауасының көміртек оксиді, хлормен, күкірт және азот оксидтерінің ластануының салыстырмалы мінездемесі |
37 |
2.4 |
Атмосфералық ауаны қорғауда қолданылатын практикалық шаралар |
55 |
3 |
Атмосфералық ауаны қорғау шаралары |
66 |
|
Қорытынды |
74 |
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
76 |
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде қоршаған орта мен адам арасындағы мәселелердің мәні өте зор екендігі өзінен өзі түсінікті. Адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің дамуы қоршаған ортаға бүлдірушілік бағытта сипат алуда. Табиғи жүйелерді, топырақты, су көздерін, ауаны ластап қана қоймай генофондқа әсер етуде.[1]
Атмосфералық ауаның ластануы адамдар денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді – тікелей және жылдам қауіптен (түтінді тұман және тағы басқалар) организмдердің жүйелерінің жылдам және біртіндеп бұзылуына дейін өзгереді. Ауа ортасының ластануы экожүйеде ұдайы жүретін процесстердің арқасында құрылымдық компоненттерін өзгеріске ұшыратады, нәтижесінде гомеостаз механизмі жұмысқа кіріспейді. Атмосфералық ауа құрамының және қасиеттерінің өзгеруі, бүкіл экожүйеге әсерін тигізуде [2].
Адам қызметінің нәтижесінде соңғы жылдары ауа қабаты ұдайы ластануда. Ластанған заттардың көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш километрлік қабатта шоғырланады. Бұл әсіресе өнеркәсіпті қалаларда көп байқалады, дамыған елдер Европа мен Америкада басталғаны белгілі. Алғашында ластануға қарсы еш шара қолданбаған, соның салдарынан ауада улы қосылыстар жылдан жылға көбейе түскен. Мәселен, Англияның кәсіпорындары құбырларынан жылына 420 млн т шаң – тозаң, түтін, күйе, түрлі улы қосылыстар биосфераға тарап жатады.
Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 31-ші бабында: «Мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы да жайлы жағдай туғызу үшін қоршаған ортаны қорғауды алдына мақсат етіп қойды» деген жолдар бар.
Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану еліміздің экономикасының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан, тиісті табиғат қорғау шараларын жүзеге асырмайынша экономикада белгілі нәтижелерге жету мүмкін емес. Еліміздің ұзақ мерзімді «Қазақстан 2050» даму бағдарламасында экологияға, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелерге басымдылық беріліп отыруының себебі де осы.[3]
Соңғы 100 жылдың ішіндегі зерттеулерге қарағанда жердің ауа қабатының табиғи ресурстары тоза бастауы байқалды, ол атмосфераның физикалық – химиялық қасиетін өзгертті.
Орташа есеппен алғанда, адамзат жылына мөлшерімен 21,6 млрд.т оттегін демалады және жылыту машиналарында отын жағу үшін пайдаланады. Мысалы, жеңіл автомобиль 1000 км жүрген жолына 300 мың литр оттегін жағады, яғни бұл мөлшер орта жастағы адамның бір жыл демалуына қажетті мөлшердегі ауа. Ал, қазіргі замандағы «Боинг – 757» ұшағының трансатлантикалық ұшуына 24,5 млн.литр оттегі жұмсалады. Бұл 80 адамның бір жыл бойы демалуына қажет оттегі.
Астана қаласы Ишим өзенінің жазығында орналасқан. Оның физика-географиялық орналасу жағдайы ластағыш заттарды қаланың ішінде шоғырлануына әкеліп соқтырады.
Өңдірістік шаң ауадағы тітіркендіреді және демалуға әсер етеді. Әр түрлі аурулар пайда болуы мумкін- кеудені қысу, кеуде ауыруы, құрғақ жөтел, тез демалу, көздің ашуы, жас тоқтамауы, қандағы лейкоциттердің көбеюі, дене қызуының көтерілуі байқалады. Бронхопневмония өкпенің ісінуі, депрессия, құрысу болуы мүмкін.
Жұмыстың мақсаты Астана қаласының атмосфералық ауаның өңдірістік шаң ластануын зерттеу.
Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
1) Астана қаласының атмосфералық ауаны шаңмен ластаудағы орнын анықтау;
2) Астана қаласының өңдірістіқ шаңмен ластанған аудандарын анықтап карта схемасын жасау;
3) статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып атмосферадағы құрамының 2010-2015 жылдардағы динамикалық өзгерісін зерттеу;
4) Астана қаласындағы атмосфералық ауаның құрамындағы ұлы заттардың концентрациясының азайту мақсатында шараларды ұсыну.
Зерттеу нысаны ретінде Астана қаласы атмосфералық ауасы алынды.
Осы жұмыста зерттеудің: теориялық, сипаттама беру, экологиялық мәліметтерді салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ақпараттық базасы ғылыми оқулықтар, монографиялық жұмыстар, мерзімдік басылымдар, әдістемелік жұмыстар, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Астана қаласының атмосферасындағы өңдірістік шаң 2010-2015 жылдар бойынша зерттей отырып салыстырмалы мәліметтер алынды.
Диплом жұмысының түсініктеме жазбасы 76 парақ, сызба бөлімі 12 бет; жұмыс 3 бөлімнен тұрады: қіріспе; әдибиет шолу; сұрақ бойынша талдау; қаупсіздік және қортындымен қолданылған әдебиет тізімі.
1. АТМОСФЕРАНЫҢ ЛАСТАНУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1Астана қаласының физико-географиялық көрсеткіштері
Астана қаласы евразия материгінің орталығында орналасқан. Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Қазақстанның сыртқы өлкесінің орталығында Есіл өзенің оң жағалауында, жоғарғы ағымында орналасқан. Оның территориясы Ақмола обылысының оңтүстігінде болып, Жеке саяси әкімшілік бөлінуі болып табылады. Астана қаласы 5-ші сағаттық белдеуде орналасқан. -Астана қаласының географиялық коррдинаттары 530 се 72 0 ш.б.
1994 жылы шілдеде астананы Республиканың қиыр оңтүстігінде орналасқан Алматы қаласынан солтүстікке, 1000 шақырымнан астам жерде жатқан, далалық Ақмолаға көшіруге шешім қабылдады. Ақмола Алматымен салыстырғанда қазақстанның орталығында болатын. Қала ірі магистральдік көлік бойында –оңтүстік солтүстікке қосатын теміржол және автомабильжолдарында орналасқан. Астана Республикасының барлық үлкен қалалармен бұл жолдар және басқа Астана –Повладар, Астана –Қытай –Ақтөбе – Атырау, жолдары торабында орналасқан. Бұдан басқа қала Қазақстан үшін көптеген шетелге шығудың мейлінше төте жолы трансеуразия аралығында таяу қоныстанған.
Жерінің басым бөлігі - абсалюттік биіктігі 300-400 метірден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері –Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңгіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңтүстік шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты қырқалар (100-500 м) тізбегінен тұрады. Туған жерден сұлу не бар? Оның үстіне шынында да сұлу болса. Республиканың баға жетпес байлығы, әрине іс жүзінде Еуразияның қақ ортасын алып жатқан ұлан байтақ Сарыарқа кеңістігі болды. Орталық Қазақстанның солтүстік бөлігінде жатқан қазіргі Ақмола облысының аумағы 96, 8 мың шаршы шақырымды құрайды.
Осы орасан көлемді аймақта жазық дала ландшафтының сан түрі кездеседі.Облыстың оңтүстігін Сарыарқаның ұсақ шоқылары, орталық бөлігінде жазық даламен өзендер алабы. Көкшетау қыратының сілемдері алып жатыр. Ақмола облысының аса ірі өзендері деп Есіл мен Нұраны бөліп көрсетуге болады.
