- •1 Тақырып жрви
- •2 Тақырып секреторлы диареялар
- •3 Тақырып инвазивті диареялар
- •4 Тақырып. Қызылша, қызамық, жәншау.
- •5 Тақырып Желшешек, энтеровирусты инфекция, псевдотуберкулез, иерсиниоз
- •6 Тақырып Балалардағы баспа синдромы. Күл ауруы. Жұқпалы мононуклеоз. Басқа да этиологиялы баспалар.
- •7 Тақырып Менингококты инфекция
- •8 Тақырып
- •Тақырып 9 Фекальды-оральды механизммен берілетін вирусты гепатиттер ( вга, вге )
- •Тақырып 11 созылмалы вирусты гепатиттер ( свгв және свгс )
- •Тақырып 12 эпидемиялық паротит
- •Тақырып 13 Балалар жұқпалы ауруларының иммунопрофилактикасы
2 Тақырып секреторлы диареялар
1 деңгей
18. Энтеротоксигенды эшерихиоз отеді...©
сальмонеллез типті©
тырысқақ типті©
стафилококты инфекция типті©
дизентерия типті©
ротавирусты типті
19. Тырысқаққа тән нәжісті көрсетіңіз©
көп мөлшерде, сұйық, сасық иісті, жасылтым түсті©
көп мөлшерде, сұйық, сулы, «күріш қайнатпасы» типті©
аз мөлшерде, сұйық, шырыш және қан аралас©
жартылай пішінделген ірің аралас©
сұйық, шырыш аралас «таңқурай тоңбасы» типті
20. Энтеропатогенді эшерихиоз қандай жастағы балаларды жиі зақымдайды©
3 айға дейінгіс©
3-12 ай©
1-2 жас©
2-3 жас©
3 жастан асқан
21. Ротавирусты инфекцияның емінде қолданылатын препарат©
креон©
пенициллин©
левомицетин©
бисептол©
фуразолидон
2 деңгей
22. Бала 4 айлық, жасанды тамақтандыруда. 5 күннен бері сырқат. Арасында лоқсиды, нәжісі сұйық, сулы, тәулігіне 7-8 рет. Температурасы субфебрильді. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта. Аздаған токсикоз симптомдары бар. Іші кепкен. Сигмасы түйілмеген. Анусы жабылған. Нәжісі тоқ сары түсті, сулы. Диагноз қойыңыз©
шигеллез (дизентерия) ©
сальмонеллез©
ішектік колиинфекция (эшерихиоз) ©
энтеровирусты инфекция©
аденовирусты инфекция
23. Бала 8 жаста, жиі сұйық, патологиялық қоспаларсыз нәжістің, дене температурасының жоғарылауынсыз жиі құсудың болуынан жедел ауырған, артынан тез арада сусыздану дамып, аяқ-қолдың тырысулары, коллапс болды. Осы сырқат кезіндегі диарея дамуының негізгі симптомын көрсетіңіз©
аш ішекте қабыну ошағының дамуы және шажырқай лимфа түйіндерінің зақымдалуы©
простагландиндер синтезінің күшеюі және эпителиоциттер өткізгіштігінің артуы©
экзотоксин продукциясы, аденилатциклаза белсенуі, секрецияның күшеюі©
қоздырғыштың энтероциттерге еніп, тоқ ішекте қабыну үрдісінің дамуы©
екіншілік дисахаридазды жетіспеушілік пен осмостық диареяның дамуы
24. 11 айлық бала, дене температурасының 38оС дейін жоғарылауынан, тәулігіне 10 ретке дейінгі жиі, сұйық, сулы, көп мөлшердегі нәжістің пайда болуынан ауырды. Объективті мәліметтер: араңы аздап қызарған, жұтқыншақтың арқы қабырғасы т.үйіршіктелген. іштің пальпациясы кезінде кебу, метеоризм, ішек бойымен шұрылдау анықталады. Осы сырқат кезіндегі диареяның даму механизмін көрсетіңіз©
аш ішекте қабыну ошағының дамуы және шажырқай лимфа түйіндерінің зақымдалуы©
простагландиндер синтезінің күшеюі және эпителиоциттер өткізгіштігінің артуы©
экзотоксин продукциясы, аденилатциклаза белсенуі, секрецияның күшеюі©
қоздырғыштың энтероциттерге еніп, тоқ ішекте қабыну үрдісінің дамуы©
екіншілік дисахаридазды жетіспеушілік пен осмостық диареяның дамуы
25. 9айлық бала. Дене температурасының 37,5С дейін жоғарылауына, құсуға, 5 ретке дейінгі сұйық нәжіске шағымданады. Жалпы жағдайы ауырға жақын. Бала енжар. Тері жабындары таза, бозғылт. Жұмсақ тіндер тургоры төмендеген. Араңында таңдай доғалшықтарының қызаруы. Іші жұмсақ, аздап кепкен, пальпацияда кіндік маңайында ауырсынады, ішектің шұрылдауы алыстан естіледі. Нәжісі көп мөлшерде, сулы, сары түсті, сасық иісті, патолгиялық қоспаларсыз. Сіздің диагнозыңыз©
сальмонеллез, гастроэнтестиналды түрі©
эшерихиоз©
дизентерия©
энтеровирусты инфекция©
ротовирусты инфекция
26. Науқас 7 жаста, кенеттен ауырды: жиі сулы нәжіс пайда болды, 2-ші күні жүрек айнусыз көп реттік құсу. Эпид.анамнез – 4 күн бұрын ата-анасымен Ташкенттен оралды. Объективті: температурасы 36,3С, тері жабындары құрғақ, көз алдында аздаған көлеңкелер, жұмсақ тіндер тургоры мен тері серпімділігіаздап төмендеген. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Тілі аздап ақ жабынмен жабылған, іші ішке кіріңкі, ауырсынбайды, нәжісі жиі, сулы, сұйық. Сіздің диагнозыңыз©
сальмонеллез©
эшерихиоз©
тырысқақ©
шигеллез©
ротовирусты гастроэтерит
27. Сырқаттың жедел басталуы, іштің ауырсынуынсыз тәулігіне 7-10 ретке дейін іштің өтуі, нәжісі сұйық, көп мөлшерде, патологиялық қоспаларсыз, жүрек айнусыз қалыпты температура фонында 5-6 рет құсу тән:©
дизентеpияға©
эшеpихиозға©
тырысқаққа©
псевдотубеpкулезға©
ішектік иеpсиниозға
28. Эльдар, 6 ай, дене температурасының 38оС дейін жоғарылауынан жедел ауырған. Жиі, сулы, көп мөлшердегі нәжіс, құсу мазалайды. Еріндері кепкен. Үлкен еңбегі қалыпты. Жоғарғы тыныс жолдары жағынан катаральды белгілер: мұрыннан серозды бөліністер, араңы аздап қызарған. Анасында да жоғарғы тыныс жолдарының катары бар, нәжісі сулы. Диагнозды дәлелдейтін тексеру әдісін көрстеіңіз©
нәжісті ИФА әдісімен ротавирусқа тексеру©
нәжісі бак. тексеру©
копрограмма©
қанның жалпы анализі©
энтеровирусқа нәжісті тексеру
29. 6 айлық бала. Дене температурасының 37,5С дейін жоғарылауына, тәулігіне 6-7 ретке дейінгі сұйық нәжіске, бір реттік құсуға, әлсіздікке, енжарлыққа шағымданады. Дене салмағының жетімсіздігі 4-5%. Бала қозған, мазасыз, сұйықтықты шөлдеп ішеді. Жүрек тондары тұйықталған. Тері тургоры төмендеген. ҮЕ 2х2 см, аздап кіріңкі, кернеулі, нәжісі қабылдау бөлімінде сұйық, көп мөлшерде, сулы, тоқ сары түсті, шырыш аралас. Диагнозды нақтылау үшін қажет зерттеу әдісін көрсетіңіз:©
бактериоскопиялық©
КБР©
бактериологиялық©
копрологиялық©
қанның жалпы анализі
30. Науқас 4 жаста, кенеттен ауырды: жиі, сұйық нәжіс пайда болды; 2-ші күні жүрек айнусыз көп реттік құсу қосылды. Эпидемиологиялық анамнез: 4 күн бұрын ата-анасымен Үндістаннан оралды. Объективті: температурасы 35,80С, тері қатпары өте баяу тарайды. Көздері кіртиген. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Нәжісі көп мөлшерде, сулы, лайлы-ақ үлпек аралас, «күріш қайнатпасы» сипатты. Осы сырқат кезінде ем принциптері©
ауру қоздырғышының көбеюін тежеу©
интоксикациялық синдромды тоқтату©
инфекциялық-токсикалық шокты тоқтату©
гиповолемиялық шокты тоқтату©
нейротоксикозды тоқтату
3 деңгей
31. 7 айлық бала, кенеттен ауырды. Дене температурасы 38оС дейін жоғарылап, жиі, сұйық, сулы, көп мөлшердегі, шырыш аралас нәжіс, бір реттік құсу болды. Объективті белгілер: мұрыннан серозды бөліністер, араңнын аздаған қызаруы, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйіршіктелген. Іштің пальпациясы кезінде кебу, метеоризм, ішектің бойымен шұрылдау. Бауыры ұлғаймаған. Вирустарға нәжісті зерттеу нәтижесі оң. Диагноз қойыңыз©
ротавирусты гастроэнтерит, орташа дәрежелі ауырлықта©
ротавирусты инфекция, атипті өшірілген түрі©
ротавирусты энтероколит, орташа дәрежелі ауырлықта©
ротавирусты инфекция, атипті субклиникалық түрі©
ротавирусты инфекция, жайылған түрі
32. Мади 2 айлық, салмағы 12 кг, үш күннен бері диарея мазалайды, сұйықтықты шөлдеп ішеді, көздері кіртиген, тітіркенгіш. Ем тағайындаңыз©
регидрон 100 мл әрбір сұйық нәжістен кейін©
регидрон 200 мл әрбір сұйық нәжістен кейін©
регидрон 720 мл 4 сағат ішінде©
регидрон 900 мл 4 сағат ішінде©
Рингер ерітіндісі 350 мл т/і 1 сағат ішінде, кейін жағдайын бағалау
33. Науқас 7 жаста, кенеттен ауырды: жиі сулы нәжіс пайда болды, 2-ші күні жүрек айнусыз көп реттік құсу. Эпид.анамнез – 4 күн бұрын ата-анасымен Ташкенттен оралды. Объективті: температурасы 36,3С, тері жабындары құрғақ, көз алдында аздаған көлеңкелер, жұмсақ тіндер тургоры мен тері серпімділігіаздап төмендеген. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Тілі аздап ақ жабынмен жабылған, іші ішке кіріңкі, ауырсынбайды, нәжісі жиі, сулы, сұйық. Сіздің диагнозыңыз©
сальмонеллез, гастроинтестинальды түрі, орташа дәрежелі ауырлықта©
эшерихиоз, гастроэнтерит, ауыр дәрежелі©
тырысқақ, типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта©
шигеллез ,типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта©
ротовирусты гастроэтерит
34. 3 айлық бала, жасанды тамақтандыруда. 5 күннен бері сырқат. Сирек лоқсулар, жиі сұйық, сулы, тәулігіне 8 ретке дейінгі нәжіс. Температурасы субфебрильды. Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта. Аздаған токсикоз симптомдары. Іші аздап кепкен. Сигмасы түйілмеген. Анусы жұмылған. Нәжісі тоқ сары түсті, сулы. Диагноз қойыңыз ©
шигеллез, типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта©
сальмонеллез, типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта©
эшерихиоз, гастроэнтерит, орташа дәрежелі ауырлықта©
энтеровирусты инфекция, энтерит, орташа дәрежелі ауырлықта©
аденовирусты инфекция, орташа дәрежелі ауырлықта©
