- •1 Тақырып жрви
- •2 Тақырып секреторлы диареялар
- •3 Тақырып инвазивті диареялар
- •4 Тақырып. Қызылша, қызамық, жәншау.
- •5 Тақырып Желшешек, энтеровирусты инфекция, псевдотуберкулез, иерсиниоз
- •6 Тақырып Балалардағы баспа синдромы. Күл ауруы. Жұқпалы мононуклеоз. Басқа да этиологиялы баспалар.
- •7 Тақырып Менингококты инфекция
- •8 Тақырып
- •Тақырып 9 Фекальды-оральды механизммен берілетін вирусты гепатиттер ( вга, вге )
- •Тақырып 11 созылмалы вирусты гепатиттер ( свгв және свгс )
- •Тақырып 12 эпидемиялық паротит
- •Тақырып 13 Балалар жұқпалы ауруларының иммунопрофилактикасы
1 Тақырып жрви
1 деңгей
1. Жалған круптың дамуы жиі қай ауруға тән болып табылады?©
рс-инфекция©
араң күлі©
қызылща©
аденовирусты инфекция©
парагрипп
2. Аденовирусты инфекцияның типті көрінісін атаңыз©
ринит©
фарингит©
бронхит©
фронтит©
бронхиолит
3. Респираторлы-синцитиальды инфекция жиі зақымдайды©
мұрын жұтқыншақты©
көмейді
жұтқыншақты©
бронхиолаларды©
трахеяны
4. Қай вирус типіне антигенді құрылымның тұрақтылығы тән?
1. А
2. В
3. С
4. А және В
5. А, В, С
2 деңгей
5. 4 жастағы баланы қараған кезде жұмсақ таңдайдың, таңдай доғалшықтарының, бадамша бездерінің қызаруы анықталды. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы ісінген, қызарған. Лимфоидты фолликулдардың гиперплазиясы. Конъюктивит белгілері бар. Болжам диагноз©
тұмау©
аденовирусты инфекция©
парагрипп©
респираторлы -синцитиальды инфекция©
риновирусты инфекция
6. Қыз бала, 3 жаста, салмағы 14 кг, дене температурасы 37,70С. Жалпы қауіп белгілері жоқ. Үш күннен бері жөтел мазалайды. ТАЖ минутына 48 рет. Кеуде торыныңішке кірігуі, стридор, астмоидты тыныс жоқ. БЖАИЖ бағдарламасының ЖӨТЕЛ мәселесі бойынша баланың жағдайын жіктеңіз©
ауыр пневмония немесе өте ауыр сырқат©
пневмония©
пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию©
пневмония жоқ, астмоидты тыныс©
бактериальды инфекция
7. Бала 1,5 жаста, кенеттен ауырды: түнде дөрекі жөтел ұстамасынан оянды, ентігеді, дене температурасы 38,3 С. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындары бозғылт-цианозды, жөтелі үрген тәрізді, дауысы қарлыққан, тынысы қиындаған, қабырғааралықтары ішке қарай кіріккен, өкпесінде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ, араңында – таңдай доғалшықтарының аздаған қызаруы. Мұрыннан аздаған бөліністер. Жүрек тондары анық, ырғақты, тахикардия. Диагноз қойыңыз©
көмей күлі©
парагрипп©
тұмау©
аденивирусты инфекция©
респираторлы-синцитиальды инфекция
8. 8 жастағы баласы бар ана басының маңдай аймағында және көз алмасының ауырсынуына, қалшылдауға, бұлшықеттердің, сүйектер мен буындардың ауырсынуына, тамағының ауырсынуына, дене температурасының 39 оC дейін жоғарлауына шағымданып келді. Сырқатының 2-ші күні қараған кезде беттің қызаруы мен ісінуі, склера тамырларының инъекциясы, мұрын бітелуі, құрғақ жөтел, тахикардия. Болжам диагноз қойыңыз?©
қызылша©
жедел респираторлы-вирусты инфекция©
тұмау©
парагрипп©
баспа
9. Қыз бала 8 айлық. Температурасы 39°C. Анасының айтуы бойынша, бала омырау мен басқа да сұйықтықтан бас тартады. Қыз бала летаргиялық. Ата-анасы мен дәрігерге олар сөйлеген кезде назар аудармайды. Дәрігер минутына 55 рет тыныс алу жиілігін санады, кеуде торының ішке кірігуін анықтады. Бала тыныс алған кезде қатқыл дыбыс естіледі. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша баланың жағдайын жіктеңіз©
ауыр пневмония немесе өте ауыр сырқат©
өте ауыр пневмония немесе ауыр сырқат©
пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию©
пневмония жоқ, астмоидты тыныс©
бактериальды инфекция болуы мүмкін
10. Бала бақшада хауыздағы жүзу сабақтарынан кейін бір мезетте бірнеше бала ауырып қалды: барлығында субфебрильді температура, жөтел, конъюктивит белгілері. Екі баланың төменгі қабағында тығыз сұр-ақ түсті жабындар. Аденовирусты инфекцияны дәлелдейтін симптомды көрсетіңіз©
жөтел©
мұрынның бітелуі©
жабындылы конъюнктивит©
қызба©
баспа
11. 3 жастағы баласы бар ана емханаға көп мөлшердегі серозды бөлініспен мұрынның бітелуіне, әлсіздікке, дене температурасының 37,4 С дейін жоғарылауына шағымданып келді. Диагноз қойыңыз©
тұмау©
аденовирусты инфекция©
менингококты назофарингит©
гайморит©
риновирусты инфекция
12. Науқаста жоғары тыныс жолдарының айқын катары, гранулезді фарингит, жабындылы коньюктивит, ұзақ қызба, басының ауырсынуы, температуралық реакция толқулармен «-2 апта бойы сақталады, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы. Аденовирусты инфекцияның қай клиникалық түріне жоғары аталған белгілер тән?©
тонзилофарингит©
мезентериальды лимфаденит©
пневмония©
жоғары тыныс жолдарының катары©
фарингоконъюнктивальды лихорадка.
13. Әлинұр 18 ай. Салмағы 9 кг, температурасы 37C. 3 күннен бері жөтеледі, ТАЖ минутына 38 рет, тыныс шығарған кезде ысқырықты, әуенді дыбыс естіледі. Медбике сальбутамолмен ингаляция өткізді. 30 минуттан кейін дәрігер науқастың жағдайын қайта бағалады. Бірақ балада тыныс шығарған кездегі ысқырықты дыбыс сақталды. Жағдайын жіктеп, ем тағайындаңыз©
пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию©
пневмония жоқ, астмоидты тыныс©
ауыр пневмония немесе өте ауыр сырқат©
пневмония астмоидты тыныспен©
бактериальды инфекция болуы мүмкін
14. 4 жастағы балада басынан өткерген тұмаудан кейін біртіңдеп дене дене температурасының жоғарулауы байқалады. жалпы жағдайы ауыр. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сол жақ жауырын асты аймағында әлсіреген тыныс, креципитацияланған сырылдар. Перкуторлы: өкпелік дыбыстың сол жақ жауырын астында тұйықталуы. Тыныс алу актісіне кеуде торының икемшіл жерінің бұлшықеттері қатысады. ТАЖ минутына 62 рет. Қанның жалпы анализінде: Нв – 98 г\л , Эр – 3,20*1012/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ, Le – 10,2*109/л, э – 3%, т – 15%, с – 30%, л – 50%, м-2%. Асқынуын көрсетіңіз©
менингит©
отит©
пневмония©
энцефалит©
бронхит
3 деңгей
15. Бала (15 кг) пневмонияны емдеу үшін антибактериальды препаратты қажет етеді. Амоксицилинның бір реттік дозасын көрсетіңіз (таблеткада 250 мг, бір реттік мөлшері 25 мг/кг, 2 ретке)©
1 таблетка©
½ таблетка©
1½ таблетка©
2 таблетка©
1¼ таблетка
16. Милана 5 жаста, басының қатты ауырсынуына, дене температурасының 39,5С дейін жоғарылауына, көз алмасы мен самай аймағының ауырсынуына шағымданады. Дене температурасы жоғарылаған кезде бала құсты. Бір тәуліктен бері сырқат. Жалпы жағдайы ауыр, өзін нашар сезінеді. Тері жабындары ылғалды және ұстаған кезде ыстық. Араңында – жұтқыншақтың артқы қабырғасының қызаруы мен түйіршіктелуі. Мұрыннан шырышты бөліністер. Өкпесінде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Болжам диагноз қойыңыз©
аденовирусты инфекция, фарингоконьюктивальды қызба, ауыр дәрежелі©
энтеровирусты инфекция, герпангина, орташа дәрежелі ауырлықта©
тұмау, типті түрі, ауыр дәрежелі©
парагрипп, типті түрі, орташа дәрежелі ауырлықта©
жұқпалы мононуклеоз
17. 8 жастағы баласы бар ана басының маңдай аймағында және көз алмасының ауырсынуына, қалшылдауға, бұлшықеттердің, сүйектер мен буындардың ауырсынуына, тамағының ауырсынуына, дене температурасының 39 оC дейін жоғарлауына шағымданып келді. Сырқатының 2-ші күні қараған кезде беттің қызаруы мен ісінуі, склера тамырларының инъекциясы, мұрын бітелуі, құрғақ жөтел, тахикардия. Осы балаға этиотропты ем тағайындаңыз©
ремантадин 5 мг/кг/тәу 2 ретке, 0.25% оксолин жақпа майы – мұрын жолдарын майлау©
ремантадин 100 мг/тәу екі ретке©
арбидол 200 мг 3 ретке©
осельтамивир 75 мг 2 ретке©
ацикловир 5 мг/кг күніне 3 рет
