- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •5В020500 - Филология: Қазақ филологиясы мамандығы студенттері үшін
- •Жұмыс бағдарламасы
- •5В020500 - Филология: Қазақ филологиясы мамандығы студенттері үшін
- •Жұмыс бағдарламасы
- •Студенттердің оқытушымен өздік жұмыстарына ұсынылатын тақырыптар
- •Студенттердің өздік жұмыстарына ұсынылатын тақырыптар
- •5В020500 - Филология: Қазақ филологиясы
Н.4 - 63
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
5В020500 - Филология: Қазақ филологиясы мамандығы студенттері үшін
Филологиялық талдау пәнінің
Жұмыс бағдарламасы
Павлодар
Н.4 - 66
Бекітемін
ОӘЖжЖТ проректоры
_______ Мұқатаева Ж.М.
_____ ___________ 20 __ ж.
Құрастырушы:_____________филол.ғ.к., доц. Құралқанова Б.Ш.
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
5В020500 - Филология: Қазақ филологиясы мамандығы студенттері үшін
Филологиялық талдау пәні бойынша
Жұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы жұмыс оқу жоспары және 5В020500 - Филология: Қазақ филологиясы мамандығының элективті каталогі негізінде құрастырылған, ПМПИ ҒӘК мәжілісінде бекітілген __________20__ж., №______ хаттама
Кафедра мәжілісінде ұсынылған___________ 20__ ж. №____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ____________ Ерғалиев Қ.С.
Факультеттің ОӘК-інде мақұлданған _________ 20__ж. №____ хаттама.
ОӘК төрағасы _______________ Токатова Л.Е.
Келісілген
Факультет деканы ______________ Текжанов Қ.Х.
_______________ 20__ж.
ОӘБ-те мақұлданған
ОӘБ бастығы _______________ Жакиенова Ә.А.
_______________ 20__ж.
Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі
Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі
Пән бағдарламасы ЖОО қазақ филологиясы факультеттерінің бөлімдеріне «Филологиялық талдау» пәніне бөлінген сағат санына лайықталып жасалып отыр. Бағдарламада филологиялық талдаудың өзіндік ерекшелігі, әдістемесі, талдаудың әдіс-тәсілдері, басқа ғылым салаларымен байланысы, қазақ өлеңтануының өзекті жайлары, өнердегі көркемдік шарттылық, әдеби процесс, текстология – мәтінтану мәселелері қамтылады.
Пәннің оқытылуы барысында студенттер негізінен бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерімен таныса отырып, филологиялық талдаудың негізгі жолдарымен танысады, қарастырылып отырған тақырыпқа байланысты ретіне қарай мәселенің орыс әдебиеттану ғылымындағы жай-күйі де салыстырыла әңгіме етіледі.
Студенттер «Әдебиеттануға кіріспе» теориялық курсында алған әдеби-теориялық ұғымдар мен категорияларды, әдебиеттің өзіндік ерешеліктері, эстетикалық, көркемдік мәні, қоғамдық қызметі, туындыны талдау, бағалау жолдары сияқты т.б. жинаған білімдерін енді осы «Филологиялық талдау» теориялық курсы арқылы неғұрлым нақтырақ, кеңінен қамтуға мүмкіндік алады. Оқытылатын пәннің өзектілігі де осыдан көрінеді.
Мақсаты:
«Филологиялық талдау» пәнінің негізгі мақсаты болашақ филолог мамандарды қазіргі әдебиеттану ғылымындағы өзекті, бірақ жетімсіз қарастырылған мәселелермен арнайы, тереңірек және нақтылы таныстыру арқылы олардың ЖОО-да алған әдеби-теориялық ұғым-білімдерін тереңдете түсу, талдаудың әдістемесімен таныстыру, көркем шығарманы талдау жолдарын үйрету, сондай-ақ сөз өнерінің құпия сырлары мен қырларын әңгімелеу арқылы оларды әдебиетке, ғылымға құштарландыру, зерттеу тақырыбын дұрыс таңдауларына ықпал ету, ғылыми ізденістерге бағыттау болып табылады.
Міндеттері:
- әдебиеттану ғылымының басқа салалармен байланысын білдіру;
- көркем шығарманы талдау әдістерін үйрету;
- қазақ өлеңтануының өзекті жайларын бағамдату;
- өнердегі көркем шарттылық мәселелерін таныту;
- авторлық мәселесін аңдату;
- әдеби бағыттар мен ағымдармен таныстыру.
Пререквизиттері:
«Әдебиеттнуға кіріспе», «Қазақ әдеби сынының тарихы», «Тарихи поэтика» пәндері.
Постреквизиттері:
«Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет теориясы» пәндері
Н. 4 - 70
Пәннің тақырыптық жоспары (ҚФБ-41)
р/с |
Тақырып аталымы |
Сағат саны |
|||
Дәріс |
Тәж. |
СОӨЖ |
СӨЖ |
||
1 |
Пән туралы түсінік. Әдеби талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Көркем туындының шығармашылық тарихы |
3 |
1 |
1 |
7 |
2 |
Прозалық шығарманы талдау. Тақырыптық-идеялық және сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау. |
3 |
2 |
2 |
7 |
3 |
Көркем шығармадағы кейіпкер |
3 |
1 |
1 |
7 |
4 |
Шығарманы көркем уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау |
3 |
1 |
1 |
7 |
5 |
Шығарманы жанрлық тұрғыдан талдау. |
3 |
1 |
1 |
7 |
6 |
Қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселелері |
3 |
2 |
2 |
8 |
7 |
Көркем мәтін, құрылымы. Баяндау тәсілі. |
3 |
2 |
2 |
8 |
8 |
Поэзиялық шығарманы талдау. Көркемдік ерекшеліктеріне талдау |
3 |
2 |
2 |
8 |
9 |
Өлең құрылысына қарай талдау |
3 |
2 |
2 |
8 |
10 |
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ағым-бағыттар |
3 |
1 |
1 |
8 |
|
Барлығы |
30 |
15 |
15 |
75 |
Теориялық курс мазмұны
1-тақырып. Пән туралы түсінік. Әдеби талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Көркем туындының шығармашылық тарихы.
Көркем шығарманы әдеби талдау пәні туралы түсінік. Талдау туралы ұғым. Әдеби талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Шығармашылық процесс – жазушы лабораториясы – шығармашылық психологиясы мәселелері, көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері.
2-тақырып. Прозалық шығарманы талдау. Тақырыптық-идеялық және сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау.
Тақырып пен идея. Тақырыптың күрделілігі, тұтастығы. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары. Идея- тақырыптың шешімі, шығармада көтерілген проблема. Көркем шығарманың композициясы, басты компоненттері. Шығарманың сюжеттік құрылысы. Сюжет және фабула. Сюжеттің түрлері. Сюжет пен фабула туралы түсінік. Күрделі сюжет пен жай сюжет. Сюжеттің даму сатылары. Сюжеттің элементтері. Сюжеттен тыс элементтер. Композиция жайлы түсініктің әр түрлілігі. Композицияны мойындамаушылар. Композиция мен сюжеттің байланысы. Композиция мен архитектоника.
3-тақырып. Көркем шығармадағы кейіпкер
Образдылық, типтілік, көркемдік туралы ғылыми тұжырымдар. Образдың нақтылы, жалпылық қсиеттері мен эстетикалық мәні. Образ жасаудағы қиялдың атқаратын қызметі. Образ және эстетикалық мұрат. Жазушы дүниетанымы мен көркем образдың арақатынасы. Кейіпкер және характер. Шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасау жолдары.
4-тақырып. Шығарманы көркем уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау
Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек. Жетекші тұлға мен қосымша кейіпкерлер.
5-тақырып. Шығарманы жанрлық тұрғыдан талдау.
Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері. Жанр туралы түсінік. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор. Шығарманы жанрлық тұрғыдан талдау жолдары.
6-тақырып. Қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселелері
Көркем әдебиеттегі психологизм табиғаты жайлы түсінік беру. Психологизмнің көп қырлы әдеби бағыттары мен әдістеріне тоқталу. Әдеби шығарманың көркемдік деңгейіне қызмет ететін элементтердің бірі – психологизм табиғаты жайлы, суреткер қолданған көркемдік тәсіл арқылы шығарманың идеялық-көркемдік салмағын арттырудағы жазушы шеберлігін талдау. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер. Көркем шығармадағы кейіпкер мінезінің суреттелу шеберлігі.
7-тақырып. Көркем мәтін, құрылымы. Баяндау тәсілі.
Көркем мәтін туралы түсінік. Әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексеріп-зерттеу. Көркем шығармадағы баяндаушы немесе әңгімешінің орны, олардың ерекшелігі.
8-тақырып. Поэзиялық шығарманы талдау. Көркемдік ерекшеліктеріне талдау.
Өлең сөздің өзіндік сипаты. Өлеңдегі эстетикалық таным. Поэзиядағы тақырып әсемдігі. Поэзиядағы тақырып өзектілігі, ізденіс нәтижелері. Ортақ тақырып пен ортақ идеяның тың көркемдік шешімдер арқылы баий түсуі. Өлеңге идеялық эмоцияналдық баға беру түрлері. Өлең сөздің көркемдік табиғаты. Өлең талдаудағы әдіс-тәсілдер.
9-тақырып. Өлең құрылысына қарай талдау
Өлеңдегі сюжет пен композиция. Поэтикалық сөздің ішкі мазмұны мен сырт сұлулығының арасындағы терең үйлесімнің туу себептері. Ұйқас, ырғақ, буын. Дәстүр мен жаңашылдық. Қазіргі қазақ өлеңіндегі ізденістер.
10-тақырып. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ағым-бағыттар
Әдеби прцестің көрінісі әдеби бағыт, ағымдардың даму формалары екендігі. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар. Романтизм. Реализм. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
Тәжірибешілік сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Пән туралы түсінік. Әдеби талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Көркем туындының шығармашылық тарихы.
1. Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
3. Жазушы лабораториясы және шығармашылық психологиясы мәселесі
4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Кекілбаев, О.Бөкеев, М.Мағауин, Р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
2-тақырып. Прозалық шығарманы талдау. Тақырыптық-идеялық және сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау.
1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
2. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
3. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
4. Идея туралы түсінік және оның түрлері
5. Сюжет және фабула. Сюжеттің түрлері.
6. Сюжеттің даму сатылары, сюжет композициясы. Сюжеттің элементтері. Сюжеттен тыс элементтер.
7. Сюжет құру мәселесі
8. Көркем шығарманың композициясы, басты компоненттері. Композиция жайлы түсініктің әр түрлілігі.
9. Композиция мен сюжеттің байланысы.
10. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (М.Мағауин, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, К.Сегізбаев, С.Елубаев, А.Алтай, М.Байғұт, Р.Мұқанова, А.Кемелбаева шығармалары негізінде)
11. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (М.Мағауин, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев, К.Сегізбаев, С.Елубаев, А.Алтай, М.Байғұт, Р.Мұқанова, А.Кемелбаева шығармалары негізінде)
3-тақырып. Көркем шығармадағы кейіпкер
Көркем бейне туралы түсінік
Көркем образдың тек және түр тұрғысынан жіктелуі
Образдың жасалу тәсілдері
Лирикалық образды талдау
Драмалық образды талдау
Эпикалық образды талдау
4-тақырып. Шығарманы көркем уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау
1. Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
2. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
3. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
4. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
5. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
5-тақырып. Шығарманы жанрлық тұрғыдан талдау.
1. Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
2. Жанр туралы түсінік.
3. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
4. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
5. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
6. Әңгіме жанрын талдау жолдары
7. Роман жанрын талдау жолдары
8. Повесть жанрын талдау жолдары
6-тақырып. Қазақ әдебиетіндегі психологизм мәселелері
1. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
2. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Б.Майлин т.б. шығармалары негізінде)
3. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (Ғ.Мүсірепов, А.Сүлейменов т.б. шығармалары негізінде)
4. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (М.Жұмабаев, Ә.Кекілбаев, Ә.Нүрпейісов т.б. шығармалары негізінде)
5. Көркем прозадағы заттық әлем (Ә.Тарази, О.Бөкеев т.б. шығармалары негізінде)
6. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы
7-тақырып. Көркем мәтін, құрылымы. Баяндау тәсілі.
1. Текстологияның негізгі міндеттері.
2. Әдеби шығарма мәтінін сыни тұрғыдан тексеріп-зерттеу.
3. Мәтіннің түпнұсқасын нақтылау.
4. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
5. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
6. Автор және кейіпкер
7. Автор және баяндаушы
8-тақырып. Поэзиялық шығарманы талдау. Көркемдік ерекшеліктеріне талдау.
1. Поэзия мәні, еркшелігі туралы пікірлер.
2. Қазіргі қазақ өлеңіндегі ізденістер.
4. Лирикалық шығарманы талдау жолдары
5. Лирикалық шығарманы көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау
Ұсынылатын шығармалар:
1 Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
2 Т.Медетбековтің «Көк түріктер сарыны» жинағы
3 Қажытай Ілиясовтің «Тасжарған», «Қалақай қамшы» жинағы
4 И.Сапарбайдың «Махаббат пен ғадауат», «Сезім патшалығы» жинағы
5 Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
6 Темірше Сарыбайұлының «Дария дәурен» жинағын талдау
7 Н.Оразалиннің «Ғасырмен қоштасу», «Сырнайлы шақ» жинағын талдау
8 Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
9 М.Райымбекұлының «Ай» жинағын талдау
10 Ж.Әскербекқызының «Көк түріктер әуені», «Қаңтардағы қызыл гүл» жинағын талдау
11 С.Қамаеваның «Жыр жұлдызын таңдадым» жинағы
9-тақырып. Өлең құрылысына қарай талдау
Лирикадағы сюжет пен композиция мәселесі
Ырғақ және оның мәні
Буын және бунақ
Ұйқас өзгешеліктері
Қазіргі қазақ өлеңіндегі түрлік ізденістер аясы
10-тақырып. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі ағым-бағыттар
1. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
2. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
3. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
Студенттердің оқытушымен өздік жұмыс түрлерінің мазмұны
№ |
СӨЖ түрі |
Тапсыру уақыты |
Есеп түрі |
Бақылау түрі |
Сағ |
1 |
Дәріске дайындық |
1-15-апта |
|
Сабақ айту |
1 |
2 |
Тапсырманы орындау |
2-апта |
Мысалдар теру |
Талдау |
1 |
3 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
3-апта |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
1 |
4 |
Тапсырманы орындау |
4-апта |
Мысал теру |
Талдау |
1 |
5 |
Тапсырманы орындау |
5-апта |
Мысал жазу |
Талдау |
1 |
6 |
Тапсырманы орындау |
6-апта |
Мысал жазу |
Талдау |
1 |
7 |
Тапсырманы орындау |
7-апта |
Мысал жазу |
Талдау |
1 |
8 |
Тапсырманы орындау |
8-апта |
Мысал жазу |
Талдау |
1 |
9 |
Тапсырманы орындау |
9-апта |
Мысал жазу |
Талдау |
1 |
10 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
1-15-апта |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
1 |
11 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
1-15-апта |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
1 |
12 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
1-15-апта |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
1 |
13 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс, конспект жасау |
1-15-апта |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
1 |
14 |
Ғылыми еңбектермен жұмыс |
1-15-апта |
Конспект |
Ғылыми еңбектерді талдау |
1 |
15 |
Қорытынды бақылауға дайындық |
15-апта |
|
Коллоквиум (Тест) |
1 |
|
Барлығы |
15 |
|||
