- •Мазмұны
- •Қысқартулардың тізімі:
- •1.Хирургиялық құралдар жалпы құралдар және арнайы тағайындалған құралдар болып екіге бөлінеді
- •Тіндерді ажырататын құралдар
- •1.2 Тіндерді қысуға (ұстап алуға) арналған құралдар жиынтығы
- •Жараларды және табиғи тесіктерді кеңейтіп ашуға арналған құралдар
- •Тіндерді әртүрлі жарақаттардан қорғайтын құралдар
- •1.5 Тіндерді байланыстыратын құралдар
- •2 Тарау. Хирургиялық құралдардың жиынтығы
- •2.1 Негізгі құралдардың жиынтығы
- •9. Ине ұстағыштар
- •10. Әртүрлі инелер жиынтығы
- •2.2 Алғашқы хирургиялық өңдеуге (ахө) көрсеткіштер:
- •2.3 Лапаротомияға арналған құралдар жиынтығы
- •2.4 Аппендэктомия және жарық кесуге арналған құралдар жиынтығы
- •2.5 Лапороцентезге арналған құралдар жиынтығы (құрсақ қуысын тесуге арналған)
- •2.6 Холецистэктомияға арналған құралдар жиынтығы
- •2 .7 Асқазан резекциясына арналған құралдар жиынтығы
- •2.8 Кеуде қабырғасына және кеуде қуысының мүшелеріне жасалатын операцияға арналған құралдар жиынтығы
- •2.9 Бас қаңқасының трепанациясына арналған құралдар жиынтығы
- •2.10 Трахеостомияға арналған құралдар жиынтығы
- •2.11 Қаңқалық тартуға арналған құралдар жиынтығы
- •2.12 Аяқ қолды ампутациялау үшін қажетті аспаптар жиынтығы
- •- Өткізгіш ара Джигли, 3- Поленовтын қолмен ұстағышы, 4 – қан тоқтатушы жгут,
- •Көрсеткіштер:
- •2.13 Тігісті салу және тігісті алу үшін арналған құралдар жинағы:
- •3.0 Тарау.Эндобейнехирургияға арналған хирургиялық аспаптар жиынтығы
- •3.1 Оптикалық жүйе
- •3.2 Бейнекамера
- •27 Сурет. Бейнетроакар («Visport») және бір рет қолданатын лапароскоп
- •3.3 Жарық көзі
- •3.4 Инсуффлятор
- •3.5 Сору ирригация жүйесі
- •Электрохирургиялық аппарат
- •Бейнемонитор
- •Бейнемагнитофон
- •3.9 Құралдар
- •Бақылау сұрақтары
- •27.Төмендегі берілген құралдардың ішінен Вереш инесін көрсет
- •Жауаптар эталоны:
- •Қолданылған әдебиеттер
- •31.03.2010 Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
1.2 Тіндерді қысуға (ұстап алуға) арналған құралдар жиынтығы
Корнцанг-тік және иілген түрі болады. Байлам материалдарын, құралдарды алып беру үшін, жараға тампондар, дренаждарды салуға, сонымен қатар жарадан бөгде заттарды алуға арналған. Тупфер жасау үшін және операциялық аймақты өңдеуге пайдалануға болады.
Қан тоқтатқыш қысқыштар-қанды уақытша тоқтатуға арналған. Жиі Бильрот және Кохер қысқышын және «Москит» түріндегі қысқыштарды қолданады. Бильрот қысқышының ұстағыш соңында көлденең жолақтары бар. Олар тіндерді аз зақымдайды, бірақ мықты ұстап тұрмайды.
Кохер қысқышының ұстағыш соңында тісшелері болады. Олар тінді жақсы ұстайды. Бірақ зақымдауы көбірек.
«Москит» түріндегі қысқыш- Холстед қысқышы. Оның жұмыс беткейі өте жұқа болады.
Микулич қысқышы-шпердені ұстау үшін және оны операциялық жамылғыға бекітіп қою үшін пайдаланады. Сонымен қоса, тупфер үшін қолдануға болады. Микулич қысқышы тік немесе иілген болуы мүмкін, бірақ оның браншы әрқашанда ұзын болады.
Федоровтың бүйрек сабағын қысатын қысқышы-мүшенің негізін, тіндерді, тамырларды қысу үшін және ұстау үшін қолданады. Лигатураны тамыр астына өткізу үшін лигатуралық диссекторды қолдануға болады.
6- сурет. Қан тоқтатқыш қысқыштардың жиынтығы: 1- тісті қысқыш (Кохер),
2- Холстед қысқышы, 3- «Москит» түріндегі қысқыш, 4- сопақ ерінді қысқыш (Пеана), 5- тіссіз ұзын ерінді қысқыш (Бильрот)
Терезелі қысқыштар-бұл құралдардың барлығының бранштарында терезелері болады. Бұл қысқыштар өзінің терезелерінің көлемі және қажеттілігі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Тіл ұстағыш-тілді ұстау үшін қажет.
Бауыр- бүйректік қысқыш- бауыр немесе бүйректің жиектерін ұстау үшін қолданады.
Терезелі қысқыштар өкпенің, бауырдың, геморрой түйіндерін, полиптерді ұстау үшін пайдалы. Оларды кейде геморрой қысқыштары немесе Люэр қысқышы деп атайды.
Жомдар-тіндерді қысу дәрежесіне қарай эластикалық және қатты қысатын түрлерге бөлінеді. Біріншісі- жұмсақ эластикалық жомдар, ішектердің қуысын қысып тұрады және ішектің ішіндегілерін сыртқа төгілуіне мүмкіндік бермейді, ішектердің қабырғасын зақымдамайды. Екіншісі – ішек тінін қатты қысады, сондықтан оны қолданғаннан кейін ішекті резекциялау қажет. Қатты қысатын жомдарға Пайрдың асқазандық жомы жатады.
7- сурет. Қысқыштарды жиынтығы: 1- қатты ішектік қысқыш, 2- ішектік жұмсақ қысқыш, 3- ішектік жұмсақ қисайған қысқыш, 4-Пайрдың асқазандық қысқышы
Анатомиялық пинцет- соңдарында көлденең жолақтары бар құрал. Ол тіндерді зақымдамай ұстап тұруы үшін қажет. Бірақ тіндерді мықты ұстамайды. Анатомиялық пинцетті жұмсақ тіндерге операция жасағанда пайдаланады. (АІЖ, тамырлар). Хирургиялық пинцеттердің бранштарында тісшелері болады. Олар арқылы тығыз тіндерді–фасцияларды, апоневрозды, теріні ұстаған ыңғайлы. Сонымен қоса, домалақ басты пинцет болады. Оның браншысының соңдарында тістері орналасады. Олар арқылы тіндерді ұстайды, байлам материалдарын алып беріп тұрады. Пинцеттерді сонымен қатар ұзындығы бойынша ажыратады. Ұзын пинцеттермен жұмыс істеу ыңғайлы.
8 -сурет. 1-Домалақ басты пинцет, 2-хирургиялық пинцет, 3-анатомиялық пинцет.
Жамылғы ұстағыштар-жара аймағы қоршалған операциялық жамылғыны бекіту үшін пайдаланады,кейде жамылғымен бірге жансыздандырғаннан кейін теріні де бірге бекітіп қояды.Жараны таңу немесе операциялық устелде операциялық жамылғыны бекітуге қолданады. Қазіргі кезде жамылғылық ұстағыш және Бакгауз ұстағышы пайдаланылады.
Фарабьевтің және Ольенің бекіткіш сүйектік қысқыштары -операция кезінде сүйекті ұстап тұру үшін (бекітіп тұру) қолданылады.
Секвестрлерді алып тастау үшін секвестральды қысқыштар болады. Жатыр мойнын ұстап тарту үшін пулевые қысқыштар арналған.
Ал жатыр қуысын қырнау үшін әртүрлі көлемдегі кюреткалар жасалған.
