Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
техн. карта естиярлар-ортаңғы топ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.86 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ойыншықтардың атауларын білу керек. Тақпақты жатқа айту керек. Қазақша қойылған сұрақтарға жауап беру керек.

Біледі: Ойыншықтар жайлы түсінікті біледі. Сергіту сәтін біледі. Өздеріне таныс сұрақтарға жауап бере алады.

Үйрету керек: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға, сұрақтарға жауап бере алуға үйрету керек.

«Қатынас» білім беру саласы

Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні :

Тақырыбы-Тема: Жыл мезгілдері. Алтын күз.

Мақсаты-Цель: 1.Балаларға күз мезгілін, оның ерекшелігін түсіндіру. Тіл дамыту.

2.Балалардың сөйлеу тілдері мен сөздік қорларын молайту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.Тіл мәдениетін жетілдіру.

3.Күз мезгіліне деген сүйіспеншілікті арттыру

Биллингвалды компонент: Жапырақ, күз, ағаш,алтын (сары, қызыл)

Әрекеттердің кезеңдері

Қазақ тілі мұғалімінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдасты-рушылық –

оятушылық

Ұйымдастырушылық кезең

«Бала,бала , балапан» атты шеңбер ұйымдастыру.

Балалар келіңдер біраз ойнап алайық.

Д/о: «Сұрақ- жауап»

1. Сенің атың кім?

2. Сен неше жастасың?

3. Сенің тегің қалай?

4. Сенің ойыншықтарың бар ма?

Балалар шеңберге тұрады.

Таңғы шеңберге арналған тақпақты қимыл –қозғалыспен орындайды.

Қойылған сұрақтарға қазақ тілінде дұрыс, нақты жауап береді.

Ұйымдасты-рушылық –

ізденушілік

Жұмбақ шешу.

Жапырақтар сарғайып,

Құстар ұшып барады.

Күн бұлттанып,

Жаңбыр жиі жауады,

Балдырғандар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар : Күз

-Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл күз мезгілі.

Қайталаймыз:

Күз - осень

Алтын күз- золотая осень

Жапырақ-листочек

Ағаш-дерево

Сурет бойынша жұмыс

Күз. Алтын күз. Күзде көкөністер, жемістер,жидектер піседі.

Бәрін жинап аламыз.

Жаңа сөздерді қайталайық:

( хормен, жеке)

Жапырақ, күз, ағаш, алтын (сары, қызыл)

Балалар жұмбақты белсене шешеді.

Суреттегі күз бейнесін балалар қызыға қарайды, сұрақтарға жауап береді.

Балалар жаңа сөздерді қайталайды.

1)жеке-жеке

2)ұжыммен

3) жұппен

4)Ақырын

Рефлекстік- түзету

Дыбыстық жаттығулар:

жаңа сөздермен, ы, қ дыбыстарына.

-қа-қа-қа

Бақылдайды бақа.

-ыз-ыз-ыз

Анар сүйкімді қыз.

Тіл дамыту.

Қандай? сұрағына жауап беру.

Жапырақ қандай? Жапырақ сары.

Күз қандай? Күз әдемі.

Ағаш қандай? Ағаш қоңыр.

Сергіту сәті:

Қыс құнар береді,

Көктем дән себеді.

Жаз бастап өсірсе,

Күз жинап береді.

6.. Дид. Ойын: «Ғажайып қапшық»

Балалар біз тақпақ жаттайық:

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді,

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Дыбыстық

жаттығуларды

тыңдап, мұғаліммен

дұрыс айтуды үйренеді

Балалар ойынға белсене араласады.

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасап айтады.

Тақпақты қайталап, менің көмегіммен жаттайды, қимыл –қозғалыспен айтады..