Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
техн. карта естиярлар-ортаңғы топ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.86 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Бөлме ішіндегі заттарды білу керек. Тақпақты жатқа айту керек. Қойылған сұрақтарға жауап бере алу керек.

Біледі: Балабақша жайлы түсінікті біледі. Сергіту сәтін біледі. Өздеріне таныс сұрақтарға жауап бере алады.

Үйрету керек: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға, сұрақтарға жауап бере алуға үйрету керек.

«Қатынас» білім беру саласы

Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні :

Тақырыбы-Тема: Ойыншықтар

Мақсаты-Цель: 1.Балаларға тақырып бойынша берілген сөздерді дұрыс айтуға үйрету . Сөйлеу барысына қолдана білуге үйрету.

2.Балалардың сөйлеу тілдері мен сөздік қорларын молайту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.Тіл мәдениетін жетілдіру.

3.Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу .

Биллингвалды компонент: сандық, қоян, аю, мысық, доп, ойыншық.

Әрекеттердің кезеңдері

Қазақ тілі мұғалімінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ұйымдасты-рушылық –

оятушылық

Ұйымдастырушылық кезең «Алақай!» атты шеңбер ұйымдастыру.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Балалар сендер таңертең тұрып қайда келесіңдер?

-Балабақшаға

-Дұрыс айтасыңдар. Балабақша сендердің екінші үйлерің.

Д/о: «Сұрақ- жауап»

1. Сенің атың кім?

2. Сен неше жастасың?

3. Сенің тегің қалай?

Балалар шеңберге тұрады.

Таңғы шеңберге арналған тақпақты қимыл –қозғалыспен орындайды.

Қойылған сұрақтарға қазақ тілінде дұрыс, нақты жауап береді.

Ұйымдасты-рушылық –

ізденушілік

Балалар, бүгін бізге сиқырлы сандық қонаққа келді.

Мынау сандық.

Қайталаймыз:

Сандық - сундук

Сандықта не бар екен? Интесно что есть в сундуке?

Мынау- қоян.

Қоян. – заяц .

Мынау –доп.

Доп - мяч

Мынау - мысық

Мысық-кошка.

Мынау -аю.

Аю- медведь

Ойыншық- игрушка

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Балалар сандықтың қонаққа келгеніне қуанады.

Балалар жаңа сөздерді қайталайды.

1)жеке-жеке

2)ұжыммен

3) жұппен

4)Ақырын

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасап айтады.

Рефлекстік- түзету

Дыбыстық жаттығулар

Қа-қа-қа

Қо-қо-қо

Қара, қағаз, қала

Ы-ы Ы-ы-ы-ы

Ыдыс, ырыс, ынтымық.

-ыс-ыс-ыс

Болсын мол ырыс,

Болып қапты қыс.

Д/о: «Сиқырлы қапшық»

Мақсаты: жаңа сөздерді бекіту, қазақ тілінде ойыншық атауларын айта білуге үйрету.

Балалар біз тақпақ жаттайық:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Бәрін осылар атқарған.

Дыбыстық

жаттығуларды

тыңдап, мұғаліммен

дұрыс айтуды үйренеді

Балалар ойынға белсене араласады.

Тақпақты қайталап, менің көмегіммен жаттайды, қимыл –қозғалыспен айтады..