Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс биох.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
402.94 Кб
Скачать
  1. Тақырыбы: Белоктардың қорытылуы және амин қышқылдарының сіңірілуі. Белоктардың шіруі және шіру өнімдерінің залалсыздандырылуы. Амин қышқылдарының катаболизмінің негізгі жолдары: қайта аминдену, декарбоксилдену, дезаминдену. Аммиактың түзілуі және оны залалсыздандыру жолдары.

  2. Мақсаты:

1. ақуыздардың қорытылуы және аминқышқылдарының сіңірілу механизмдерін, аминқышқылдарының траснаминдену, дезаминдену және декарбоксилдену реакцияларын қарастыру;

2. организмде аммиактыз залалсыздандыру жолдары туралы білімді игеру.

  1. Оқыту мақсаты:

1. протеиногенді аминқышқылдарының құрылысын, қасиеттерін және қызметтерін, ақуыз алмасуының ерекшеліктерін түсіндіру;

2. қалыпты және патологиялық асқазан сөлінің құрамын және физика-химиялық қасиеттерін түсіндіру;

3. ақуыздардың асқазан-ішек жолында шіруін және шіру өнімдерінің залалсыздандырылуын түсіндіру;

4. аминқышқылдарының трансаминдену, дезаминдену, декарбоксилдену реакцияларының маңызын түсіндіру;

5. аммиактың залалсыздану механизмдері туралы түсінік беру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ақуыздың тағамдану. Ақуыздардың биологиялық бағалығы. Азотты баланс.

2. Ас қорыту жолындағы ақуыздардың қорытылуы.

3. Аминқышқылдардың сіңірлуі және өзгеріске ұшырауы.

4. Ішекте ақуыздардың шіруі. Зәрдегі индикан мен гиппур қышқылын анықтаудың клиникалық маңызы.

5. Аминқышқылдарының трансаминденуі.

6. Аминқышқылдардың дезаминденуі.

7. Аммиактың залалсыздану жолдары.

8. Аминқышқылдардың декарбоксилденуі. Биогенді аминдердің рөлі және олардың айналымы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, жағдайлық есептер, тестілеу

Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.

2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж

3. 3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.

4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.

қосымша:

1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011

Орыс тілінде

негізгі:

1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.

3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011

4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,

5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007

қосымша:

1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008

2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007

3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов ,

под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 2011

Ағылшын тілінде

1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.

3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995

Бақылау: Тест тапсырмалары.

Моносахариттердің ішектің микротүтіншелеріндегі сіңірлуі қандай жолмен жүреді?

а) жай диффузия б) жеңілдетілген диффузия

в) сүзілу г) біріншілік активті тасмалдану д) екіншілік активті тасымалдану

  1. Адам ағзасында жаңармайтын ақуыз

а) коллаген б) эластин в) гистон г) альбумин д) глобулин

  1. Теріс азоттық балансты туғызбайды.

а) ашығу б) ісік ауруы в) тириотоксикоз

г) алмаспайтын аминқышқылдардың жетіспеуі д) алмасатын аминқышқылдардың жетіспеуі.

  1. 12 елі ішектегі панкреаттік протеолиттік ферменттерді активтеуші фермент;

а) НСl б) химоденин в) энтирокиназа г) секретин д) гастриксин.

  1. Ұйқы безінің секрециясын күшейтеді.

а) секретин б) химоденин в) ренин г) гастриксин д) НСl

  1. Асқазан сөлінің тұз қышқылы қандай процеске қатыспайды

а) ақуыздардың ісінуі б) ақуыздардың денатурациясы

в) бактерицидтердің әсері г) трансиногеннің активтенуі д) пепсиногеннің активтенуі

  1. Мембранадан градиент концентрациясына қарама қарсы аминқышқылдарының тасымалдануы жүзеге асады.

а) жай диффузия б) біріншілік активті транспорт

в) жеңілдетілген диффузия г) екіншілік активті тасымалдану д) эндоцитоз

  1. Трипсин қай заттың арасындағы пептидті байланысты үзеді:

а) лизин- аргинин б) тирозин-фенилаланин

в) гистидин-триптофан г) трионин-аланин

д) валин-метионин

  1. Пепсин қай заттың арасындағы пептидтік байланысты үзеді:

а) ароматты аминқышқылдардың

б) оксиаминқышқылдардың

в) дикарбонды аминқышқылдардың

г) лизин-аланин

д) валин-метионин

  1. Ағза жасушасында жүретін қандай процестерді ақуыз қызметімен анықтайды.

а) пластикалық б) энергетикалық в) тіректік

г) каталиттік д) гормондық

  1. Ауыр дене еңбегімен айналысатын ересек адамның тәуліктік ақуыз қажеттілігі

а) 400-450 г б) 70-80 г в) 100-110 г

г) 150-160 г д) 300-350 г

  1. Толық бағалы ақуыздарға жатады

а) барлық алмасатын аминқышқылдары

б) барлық алмаспайтын аминқышқылдары

в) барлық жартылай алмасатын аминқышқылдары

г) 1 алмаспайтын аминқышқылы болуы керек.

д) 5 алмаспайтын аминқышқылы

13 Аминқышқылының аминотоптарының соңғы акцепторы болып табылады:

а) пируват б) -кетоглуторат

в) оксалоацетат г) ацетат д) ацетоацетат

14 Ағзадан азот қай заттың құрамында бөлінеді:

а) мочевина б) зәр қышқылы

в) аминқышқылы г) билирубин д) нуклеотидтер

15. Креатинин синтезіне қатысатын аминқышқылы

а) аргинин, глицин, метионин. б) глицин, метионин, фенилаланин

в) метионин, фенилаланин , аргинин г) метионин, серин, глицин.

д) фенилаланин, глицин, аргинин.

16. Барлық аминқышқылдардың дезаминденуінің жалпы өнімі болып табылады:

а) май қышқылдары б) гидрокси қышқылдар

в) кетоқышқылдар г) қанықпаған қышқылдар д) аммиак

17. Аминооксидаза субстраты болып табылады:

а) аминқышқылдар б) кетоқышқылдар

в) альдегидтер г) спирттер д) биогенді аминдер

18. Индол залалсызданғанда түзіледі

а) скатол б) жануар индиканы

в) гиппур қышқылы г) бензой қышқылы д) фенол

19. Биогенді аминдер қандай жолмен түзіледі?

а) Аминқышқылдар дезаминденуі б) Аминқышқылдар декарбоксилденуі

в) Аминқышқылдар трансаминденуі д) барлық түрі

20. Тоқ ішекте орнитин мен лизин шірігенде түзіледі:

а) метоаминқышқылдары б) карбон қышқылдары

в) путресцин, кадаверин г) аммиак д) сірке қышқылы

21. Бензой қышқылының түзілуі мен бөлінуінен кейін гиппур қышқылының түзілуі мен бөлінуінің жылдамдығын қай заттың функциялық активтігіне қарай анықтайды:

а) жүрек б) бүйрек в) ішек г) өкпе д) бауыр

22. Адам және жануар ағзасына тән аминқышқылдарының дезаминдену түрі:

а) тотықсыздану

б) гидролиттік

в) молекула ішілік

г) тотығу

д) барлық түрі