Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс биох.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
402.94 Кб
Скачать
    1. Тақырыбы: Бүйрек биохимиясы. Қалыпты және патологиялық жағдайдағы несептің негізгі компоненттерінің сипаттамасы.

    2. Мақсаты: 1. диагностикалық, профилактикалық, сондай-ақ патологияларды емдеу мәселелерін шешу үшін бүйрек қызметтері, онда жүретін метаболиттік процесстер туралы білімді меңгеру; 2. қалыпты және патологиялық жағдайдағы зәрдің құрамын қарастыру.

    3. Оқыту мақсаты:

1. Бүйрек биохимиясын, нефронның құрылысын, зәр түзілу механизмін үйрету;

2. зәрдің қалыпты жағдайдағы химиялық құрамын, органикалық және бейорганикалық компоненттерін үйрету;

3. зәрдің патологиялық құрам бөліктері және олардың пайда болу себептері туралы білімді студенттермен талқылау;

4. бүйрек ұлпасындағы метаболизм ерекшеліктерін қарастыру;

5. зәрдің қалыпты және патологиялық жағдайлардағы физика-химиялық қасиеттерінің өзгерістеріне талдау жасауды үйрету.

    1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Бүйректің қызметтері, сипаттамасы.

2. Бүйрек ұлпаларындағы метаболизм ерекшеліктері. 3. Несептің физика-химиялық қасиеттері, қалыпты және патологиялық жағдайлардағы өзгерістері.

4. Қалыпты несептің химиялық құрамы.

5. Несептің органикалық құрам (мочевана, креатинин, индикан, несеп қышқылы) бөліктері, анықтаудың маңызы.

6. Несептің бейорганикалық құрам бөліктері.

7. Несептің патологиялық құрам (глюкоза, ақуыз, қан, кетонды денелер, билирубин) бөліктері.

    1. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тестілеу

    2. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.

2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж

3. 3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.

4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005

қосымша:

1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011

Орыс тілінде

негізгі:

1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.

2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.

3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011

4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,

5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007

қосымша:

1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008

2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007

3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов , под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.

4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,

проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 201

Ағылшын тілінде

1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.

2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.

3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995

7. Бақылау: Тест тапсырмалары

1. Бүйрек аурулары және несеп жолдарының қабынуы кезінде аурудың несебінде ... байқалады:

а) ақуыз в) мочевина с) несеп қышқылы д) креатинин е) уробилиноген.

2. Дені сау адам организмінде бөлінетін несептің тәуліктік мөлшері (л):

а) 0,5-0,8 в) 0,8-1,0 с) 1,0-1,5 д) 2,0-2,5 е) 2,5-3,0

3. Біріншілік несеп – бұл:

а) алғашқы бөлінген несеп – 100мл

в) жаңа туған нәресте несебі

с) мальпийгий түтікшелерінде түзілген несеп

д) бүйректен шыққан несеп

е) несеп қапшығының несебі

4. Ацидоз кезінде бүйректе ... ферментінің белсенділігі жоғарылайды:

а) глутаминаза

в) АЛТ

с) АСТ

д) ЛДГ

е) СДГ

5. Антидиуретикалық гормонның негізгі әсер ету механизмі::

а) судың реабсорбциясына қатысады

в) диурезді төмендетеді

с) артериялық қан қысымын жоғарылатады

д) артерияны тарылтады

е) капиллялды тарылтады

6. Полиурия – бұл:

а) несепте полисахаридтердің пайда болуы

в) несепте мочевина мөлшерінің артуы

с) түнгі диурездің артуы

д) тәуліктік диурездің артуы

е) күндізгі диурездің төмендеуі

7. Глюкозурия – бұл:

а) несепте сахарозаның пайда болуы

в) несепте глюкозаның пайда болуы

с) несепте глюкоза мөлшерін жоғарылауы

д) несепте глюкозаминдердің пайда болуы

е) несепте ақуыз пайда болуы

8. .... гормонының синтезінің күшеюі глюкозурияға алып келеді.

а) Альдестерон в) Кортизол с) Вазопрессин д) Инсулин е) Окситоцин

9. ... ферментінің жетіспеушілігі фруктоземиға алып келеді.

а) фосфофруктокиназа в) фруктокиназа с) альдолаза д) фосфоглюкомутаза е) фруктозобифосфотаза

10. Несепте фенилаланин ... ферменті жетіспегенде пайда болады.

а) фенилаланингидроксилаза

в) аргиназа

с) тирозиназа

д) гексокиназа

е) альдолаза

11. Кетонурия ... синтезінің төмендеуінде байқалады.

а) вазопрессиннің

в) тироксиннің

с) инсулиннің

д) окситоциннің

е) кортизолдың

12. Гематурия – бұл:

а) қанда мочевина мен ураттар мөлшерінің жоғарылауы

в) несепте гем бар ферменттер пайда болғанда

с) несеп шығару жолдарынан қан ағуы

д) несепте қан плахзмасының ақуыздарының пайда болуы

е) несепте эритроциттер пайда болуы

13. .... кезінде гематурия байқалады.

а) Гипотония в) Ацидоз с) Гипертония д) гепатит е) несеп-тас ауруында

14. Тікелей билирубин несепте ... кезінде пайда болады.

а) нефрит в) өт-тас ауруы с) панкреатит д) миокард инфарктісі е) эритроциттер гемолизі

15. Бүйрек ауруы кезінде ... ферменті диагностикалық маңызға ие.

а) аргиназа в)глицинамидотрансфераза с) альдолаза д) гексокиназа е) урокиназыа

16. Протеинурия .... кезінде байқалады.

а) асқазан-ішек жолы аурулары в) бүйрек қабынуы с) өкпе қабынуы д) асқазан асты безі қабынуы е) жүрек ауруы кезінде

17. Гиперурикемия – бұл ... жоғарылауы :

а) несеп қышқылының в) мочевинаның с) аммоний тұздарының д) алантоиннің е) креатининнің

18. Несептің патологиялық компоненты:

а) 3 – метилгистидин в) креатинин с) несеп қышқылы д) ақуыз е) мочевина

19. Зәрдің құрамындағы негізгі органикалық зат:

а) креатин в) мочевина с) креатинин д) белоктар е) зәр қышқылы

20. Бүйректегі азотты алмасудың соңғы өнімі:

а) аммоний тұздары в) мочевина с) аланин д) креатинин е) карнитин