Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс биох.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
402.94 Кб
Скачать

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы

044 -30/18-00.2-

- ( )

44 беттің 50 беті

Тәжірибелік және зертханалық сабққа арналған әдістемелік өңдеу

Тәжірибелік және зертханалық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Пән: «Биологиялық химия»

Мамандығы: 5В1101400 «Медициналық-профилактикалық іс»

Курсы: 2

Шымкент – 2015 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген

хаттама № « » 2015ж

Кафедра меңгерушісі, асс.проф: Есиркепов М.М.

Кредит 1

1 сабақ

  1. Тақырыбы: Толық бағалы тағамның негізгі компоненттері: көмірсулар, липидтер, белоктар. Маңызы мен құрылысы. Тағамның алмастырылмайтын факторлары туралы түсінік. Тағамда белоктың жетіспеушілігі (квашиоркор, алиментарлы маразм) Витаминдер. Витаминдерге жалпы сипаттама. Жіктелуі. Суда еритін витаминдердің құрылысы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, коферменттік функциясы. Майда еритін витаминдердің құрылысы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы, функциясы. Гипервитаминоздар туралы түсінік.

2. Мақсаты:

1. Тағамның негізгі компонентері туралы білімді қалыптастыру. 2. Bитаминдердің биохимиялық үдерістерге қатысатын биологиялық белсенді заттар ретіндегі рөлін түсіну.

3. гипо- және авитаминоз туралы білім аурудың алдын алу және емдеу үшін қажеттігін түсіну.

3. Оқыту мақсаты:

1. Ақуыздар, көмірсулар, липидтердің химиялық құрылысын түсіндіру ;

2. Bитаминдердің жіктелуін және номенклатурасы, гипо- гипервитаминоз, провитаминдер, антивитаминдер, витамерлер туралы түсінік беру;

3. Майда және суда еритін витаминдердің зат алмасудағы ролін түсіндіру.

4. Организм үшін толық бағалы тағамның маңызын түсіндіру;

5. Салауатты өмір сүруде толық бағалы тағамның рөлі туралы білімді пайдалану.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ақуыздардың құрылысы мен қызметтері. 2. Көмірсулардың құрылысы мен қызметтері. 3. Липидтердің құрылысы мен қызметтері. 4. Құнды тағамданудың негізгі компоненттері: ақуыздар, көмірсулар, майлар. 5. Тағамның алмастырылмайтын компоненттері. Тағамның ақуыз жетіспеушілігі (квашиоркор, алиментарлы маразм ). 6. Дәрумендер. Дәрумендердің жалпы сипаттамасы. Құрылысы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. Суда еритін дәрумендердің коферменттік қызметі.

7. Майда еритін дәрумендердің құрылысы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. Гипервитаминоз туралы түсінік.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, алғашқы білім деңгейін бағалау