Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД. РЕКОМЕНДАЦИИ ДЛЯ СРС каз. 2011 блок №2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718.34 Кб
Скачать

8. Әдебиеттер:

  1. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.

  2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М. Михайловича, 2004. -704 с..

9. Бақылау: тестілер, ситуациялық есептер («қортынды білім бағалау және машықтануға арналған бақылау-өлшеу әдістері бөлімінде)

Тестілер.

1. Жедел миокард инфарктінен бірінші сағаттарда жиі асқынады:

    1. тромбоэмболиялық асқынулармен

    2. қарыншалар фибрилляцисымен

    3. перикардитпен

    4. плевритпен

    5. аневризмамен

2. Жедел миокард инфарктінің асқынуы кезінде жедел жәрдемнің желілік бригадалар тактикасы:

    1. өзбетінше ем жүргізу

    2. өзіне реанимациялық бригада шақыру

    3. науқасты көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне тасымалдау

    4. науқасты жалпы реанимациялық бөлімшеге тасымалдау

    5. науқасты кардиореанимациялық бөлімшеге науқасты тасымалдау

3. ЭКГ зақымдану аймақтарын көрсетеді:

  1. Т тісшесінің өзгеруі

  2. + ST сегментінің өзгеруі

  3. QRS комплексінің өзгеруі

  4. R тісшесінің өзгеруі

  5. Q тісшесінің кеңеюі

4. "Майда ошақты миокард инфаркті" диагнозымен науқаста дамитын қайталанған миокард инфаркті жиілігі:

      1. Іріошақтыдан кейінгіге қарағанда, жоғары

      2. Іріошақтыдан кейінгіге қарағанда, сирек

      3. Іріошақты кезіндегі сияқты

      4. Қайталанған миокард инфаркті болмайды

      5. Артериальды қанқысымға пропорциональды

5. ЭКГ ишемия аймақтарын көрсетеді:

  1. Т тісшесінің өзгеруі

  2. ST сегментінің өзгеруі

  3. QRS комплексінің өзгеруі

  4. R тісшесінің өзгеруі

  5. Q тісшесінің кеңеюі

6. Соңғы ЖИА жіктелуіне ЖИА-ң клиникалық түрлерінің барлығы енгізілген БІРЕУІНЕН басқа:

      1. Стенокардия.

      2. миокарда инфаркті.

      3. Инфаркттен кейінгі кардиосклероз.

      4. Атеросклеротикалық кардиосклероз.

      5. Жүрек ырғағының бұзылысы.

7. Стенокардия кезінде, физикалық күштенумен байланысты жағымсыз сезім сипаты қай жерде орналасқан:

      1. Жүрек тұсында (көкіректің сол жағы).

      2. Көкірек артында.

      3. Жүрек ұшы аймағында.

      4. Семсер тәрізді өсінді жанынды көкіректе.

      5. Эпигастральды аймақта

8. Күш түсуден пайда болған стенокардия ФК II бар науқастарда ұстама басталады:

  1. Бір этаждан қарағанда, баспалдақпен көтерілгенде азғырақ;

  2. Бір этаждан қарағанда, баспалдақпен көтерілгенде көбірек;

  3. Тек аса үлкен физикалық күштену кезінде;

  4. Барлық, тіпті кейде минимальды физикалық күштену кезінде.

  5. Тыныштық күйде

9. Науқаста вариантты стенокардия ұстамасы басталады:

      1. Күннің екінші жартысында.

      2. Түнде немесе таңертең ерте.

      3. Қандай да бір циркад жоқ

      4. Нитроглицерин қабылдағаннан кейін.

      5. Физикалық күштенуден кейін.

10. Ауыру басталғаннан алғашқы 4-6 сағатта, миокард инфарктімен ауыратын науқастарға жүргізетін негізгі патогенетикалық терапия болады:

      1. Коронарлы ангиопластика.

      2. Тромболитикалық терапия.

      3. Аорто-коронарлы шунттау.

      4. Нитроглицерин көктамырға тамшылату.

      5. Жансыздандыру.

11. Миокард инфарктінің жедел сатысындағы қарыншалық тахикардияны емдеу мақсатымен ең бірініші қолданатын препарат:

      1. Кордарон.

      2. Новокаинамид.

      3. Бета-блокаторлар

      4. Лидокаин.

      5. Атропин

12. Миокардтың некрозының ең негізгі көрсеткіші:

  1. QRS комплексінің кеңеюі

  2. Q ³ 0,04 с, Q ³ 40% R

  3. Т тісшесінің негативизациясы

  4. ST сегментінің төмендеуі

  5. V5-6 шықпаларында S пайда болуы

13. Миокард инфарктінің жедел сатысыны кезіндегі ең мүмкін болатын өзгерістер:

  1. Қарама-қарсы қабырғада ST сегментінің конкордантты өзгерістері;

  2. Патологиялық Q тісшесі, ST-T кешенінің монофазды қисық түрінде;

  3. ST-T кешенінің реципрокты өзгерістері;

  4. ST сегменті элевациясы;

  5. Т тісше инверсиясы.

14. Сол қарынша алдыңғы қабырғасының жедел миокард инфаркті сатысында ЭКГ тән ең негізгі өзгерістер:

  1. I, aVL-де ST элевациясы және патологиялық Q , V3,V4; II,III, aVF-те ST депрессиясы;

  2. III, aVF, V1-де ST элевациясы және патологиялық Q; ST депрессиясы I, II, aVL;

  3. ST элевациясы I, II, aVL; Т тісшесі теріс III, aVF, V5, V6;

  4. Кеуделік әкетулерде ST сегменті депрессиясы;

  5. Кеуделік әкетулерде Т негативизациясы.

15. I, aVL, V3-V6 әкетулерінде ST сегментінің 2 мм-ге дейін жоғарлауы және Т тісшесінің теріс болуы, R тісшесі амплитудасының төмендеуіне мыналар тән:

  1. Интрамуральды алдыңғыбүйір инфаркті үшін;

  2. Интрамуральды артқыбүйір инфаркті үшін;

  3. Майда ошақты алдыңғы инфаркті үшін;

  4. Іріошақты бүйір инфаркті үшін;

  5. Майда ошақты бүйір инфаркті үшін.

Ситуационные задачи:

1. 57 жастағы ер адам көкірек тұсындағы 1 тәулікке сақталған көкірек тұсындағы айқын ауыру сезіммен жедел жәрдемге қаралған. Қарқынды бригада дәрігерлерімен төмендегі ЭКГ жазылған. Ең маңызды диагнозды атаңыз?

А. Алдыңғы қабырғаның трансмуральды миокард инфаркті;

В. Артқы қабырғаның ірі ошақты миокард инфаркті;

С. қолқаның қатпарланған аневризмасы;

D. жіті коронарлы синдромы;

E. перикардит

2. 53 жастағы ер адам көкірек тұсындағы 6 сағатқа сақталған арқа аймағына берілетін қатты ауыру сезіммен жедел жәрдемге қаралған. Ең мүмкін болатын диагноз?

А. Алдыңғы қабырғаның трансмуральды миокард инфаркті;

В. Артқы қабырғаның ірі ошақты миокард инфаркті;

С. қолқаның қатпарланған аневризмасы;

D. жіті коронарлы синдромы;

E. перикардит.

3. 49 жастағы ер адам көкірек тұсындағы 24 сағат бұрын басталған, қазір қарап тексергенде жоғалған ауыру сезіміне шағымданып ЖМЖБ қаралған. Ентігу анықталады. Ең мүмкін болатын қортынды:

А. сол қарынша алдыңғы қабырғасының субэндокардиальды миокард инфаркті;

В. Жіті миокард инфаркті (алдыңғы-бүйір қабырға);

С. сол қарыншаның созылмалы аневризмасы;

D. алдыңғы –жайылған ишемия;

E. жіті коронарлы синдром.

4. Науқаста алғаш рет көкірек тұсындағы қысқан ауыру сезім, әлсіздік, тершеңдікпада болуы, электрокардиограммада Гисс шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы анықталған. Төмендегі берілген патологияның қайсысы ең маңызды:

А. Жүрекше аралық перде дефекті;

В. Өкпе артерия тромбоэмболиясы;

С. инфаркттен кейінгі кардиосклероз;

D. созылмалы өкпе текті жүрек;

E. жіті миокард инфаркті.

5. 53 жастағы ер адам көкірек тұсындағы 6 сағатқа сақталған, арқа аймағына берілетін қатты ауыру сезіммен және төмендегі ЭКГ жедел жәрдемге қаралған. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің ең негізгі тактикасы?

А. анальгетиктер, тромболитиктер,тасымалдау;

B. тасымалдау, ЭКГ-монитор;

C. глюкокортикоидтар, антибиотиктер;

D. кардиохирург ақыл кеңесі;

E. фермент активтілігін анықтау, эхокардиография.

Сабақ 5. Тақырыбы: Гипертензиялық криздер.

2. Мақсаты: Ауруханаға дейінгі кезеңде гипертониялық криз диагностикасы мен емі студенттер араларына машықтану үшін бөлу.

3. Тапсырма:

1. ЖМЖБ бригадаларымен шақыртуға бару.

2. қабылдау бөлімінде кезекшілік.

3. «гипертониялық кризді басу» тақырыбындатәжірибелік машықтану.

4. «гипертониялық криздің нейровегетативті түріндегі науқастар» атты клиникалық есеп (эссе) құрастыру.

5. «гипертониялық криз жіктелуі» атты презентация дайындау:

6. ЭКГ түсіру және ЭКГ шешуге тәжірибелік машықтану.

7. «жіті гипертониялық энцефалопатиямен науқастар» атты ситуациялық есеп құрастыру

4. Орындау формасы:

  • реферат

  • презентация

  • диагностика және емдік алгоритм

  • жедел жәрдем картасын тіркеумен арқылы шақыртулар немесе аурухана қабылдау бөлімшесінде науқасты курациялау

  • эссе

  • сөз жұмбақ

5. Орындау критерилері: төменнен қара

6. Тапсыру мерзімі: бір апта ішінде

7. Бағалау критерилері: төменнен қара