Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТОД. РЕКОМЕНДАЦИИ ДЛЯ СРС каз. 2011 блок №2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718.34 Кб
Скачать
  1. Тапсырма

1. Жмжб бригадаларымен шақыртуға бару.

2. Қабылдау бөлімінде кезекшілік.

3. ауруханаға дейінгі кезеңде жүрек ырғағы бұзылысының тахисистололық түріне диагностикалық алгоритм құрастыру

4. ауруханаға дейінгі кезеңде жүрек ырғағы бұзылысының тахисистололық түріне көрсетілетін жедел көмек алгоритмін құрастыру

5. «жүрек ырғағы бұзылысы жіктелуіне» презентация дайындау

6. «жүрек ырғағы бұзылысы брадисистолалық түріне» презентация дайындау.

7. «ауруханаға дейінгі кезеңде жүрек ырғағы бұзылысы брадисистолалық түріне көрсетілетін жедел көмек» презентация дайындау.

4. Орындау формасы:

  • реферат

  • презентация

  • диагностика және емдік алгоритм

  • жедел жәрдем картасын тіркеумен арқылы шақыртулар немесе аурухана қабылдау бөлімшесінде науқасты курациялау

  • эссе

  • сөз жұмбақ

5. Орындау критерилері: төменнен қара

6. Тапсыру мерзімі: бір апта ішінде

7. Бағалау критерилері: төменнен қара

8. Әдебиеттер:

  1. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.

  2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М. Михайловича, 2004. -704 с..

9. Бақылау: тестілер, ситуациялық есептер («қортынды білім бағалау және машықтануға арналған бақылау-өлшеу әдістері бөлімінде)

Тестілер.

1. WPW синдромы бар науқаста жүрекшенің тыпырын 1:1 қандай тәсілмен басамыз:

А. пропранололмен (обзиданмен);

В. кардиоверсия;

С. дигоксинмен;

D. лидокаинмен;

Е. изоптинмен

2. ЖИА-мен бірге жүретін синусты түйінің әлсіздік түйіні синдромы бар науқастарға төмендегі берілген препараттардың қайсысын ҰСЫНУҒА БОЛМАЙДЫ:

      1. Нитраттар

      2. Корватон

      3. верапамил

      4. Коринфар

      5. Фуросемид

3. Фредерика синдромы сипатталады:

    1. Толық атриовентрикулярлы блокадамен жыпылықтаушы аритмия;

    2. Гисс шоғыры оң аяқша блокадасымен жыпылықтаушы аритмия;

    3. Бигеминия типімен экстрасистолия және жыпылықтаушы аритмия;

    4. синоаурикулярлы блокада;

    5. QRS кешеніне Р тісшесі қосылуы.

4. АВ түйіннен шығатын алмастырушы ырғақ жиілігі тән:

  1. 20 рет мин аз;

  2. 20-30 рет мин;

  3. 40-50 рет мин;

  4. 60-80 рет мин;

  5. 90-100 рет мин.

5. Пуркинье талшығынан шығатын алмастырушы ырғақ жиілігі тән:

  1. 20 рет мин аз;

  2. 20-30 рет мин;

  3. 40-50 рет мин;

  4. 60-80 рет мин;

  5. 100 рет мин

6. Импульс өте аз жылдамдықта өтеді:

  1. Синоатриальды және атриовентрикулярлы түйіннен;

  2. Жүрекше түйінаралық жолдан;

  3. Гисс шоғырының жалпы бағанасынан;

  4. Атриовентрикулярлы түйіннен;

  5. Синоатриальды зонадан;

7. Жүрекше тыпыры кезінде қозу жиілігі болады:

  1. 300 рет мин жоғары;

  2. 150-200 рет мин;

  3. 200-300 рет мин;

  4. 100-150 рет мин;

  5. 150 рет мин.дейін.

8 І дәрежедегі АВ-блокадасының ең тиімді орналасуы жедел дамыған:

A. Атриовентрикуляр түйіні;

B. Гис шоғырының оң аяқшасы;

С. Гис шоғырының сол аяқшасы;

D. Гис шоғырының бағаны;

Е. Синус түйінінде.

9. Гис шоғырының сол аяқшаларының толық блокадасына мына өзгерістердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН басқа:

A. V 5-6; I; aVL тіркемедегі ішкі уақытының ұзаруы;

B. V 1-2; III; aVF тіркемедегі S тісшесінің тереңдеуі мен кеңеюі;

С. aVL; I; V 5-6 тіркемедегі R тісшесінің кеңеюі;

D. V 1-2 тіркемесінде Q тісшесінің біреуленуі;

Е. QRS кешенінің ұзындығы >0,12.

10. Гис шоғырының сол аяқшаларының толық емес блокадаларында барлығы тән, БІРЕУІНЕН басқасы:

A. aVL; V 5-6; I тіркемесінде R тісшесінің кеңеюі мен үшкірленуі;

B. aVF; V 1-2; III тіркемесінде QS кеңеюі мен тереңдеуі;

С.Электр өсінің солға ығысуы;

D. QRS кешенінің кеңейген >0,12;

Е. QRS кешенінің ұзаруы 0,10-0,11;

11. АВ-блокадасының І дәрежесіне барлығы тән, мынадан басқа:

A. ЖСЖ 60-80 рет/мин кезіндегі PQ> 0,20;

B. Синустық ритм дұрыс сақталған;

С. Әр QRS кешенінің алдында P тісшесінің болуы;

D. PQ ұзаруы;

Е. PQ қысқаруы

12. Гис шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән ЭКГ белгісі:

A. Электр өсінің оңға ығысуы;

B. I тіркемедегі QRS кешенінің rSтипті;

С. Амплитуда R III> R II;

D. aVF; III тіркемеде S тісшесі терең;

Е. V 5-6 тіркемеде S тісшесі.

13. Тахикардияда қарыншалық қозу жиілігі минутына 160 рет және QRS кешенінің кеңеюі неге тән:

A. Суправентрикулярлы тахикардия пароксизмі;

B. WPW синдромы кезіндегі антидромды тахикардия;

С. Идиовентрикулярлы ырғақтың жылдамдауы;

D. Қарыншалық тахикардия пароксизмі;

Е. Қарыншалар фибрилляциясы.

14. Пароксизмальды синоатриальды тахикардия белгілері:

A. Тахикардияның кенеттен басталып, кенеттен аяқталуы;

B. Кей жағдайда АВ-блокадасы;

С. R-R интервалы әртүрлі;

D. 2 фазалы P тісшесі;

Е. 2 өркешті P тісшесі.

15. ІІ дәрежедегі АВ-блокадасы Мобитц ІІ типке тән:

A. PQ ұзаруы, қарыншалық кешенінің түсуінің алдында;

B. PP қысқаруы, қарыншалық кешенінің түсуінің алдында;

С. Бір немесе бірнеше QRS кешенінің түсуі;

D. P-тісшесінің және QRS кешенін толық бірігуі;

Е. PP интервалы әр түрлі.

16. Гис шоғырының сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасына тән белгілер:

A. Қарыншалық кешеннің соңғы бөлігінің өзгеруі;

B. Электр өсінің кенеттен солға ығысуы;

С. Электр өсінің оңға ығысуы;

D. QRS>0,12 кеңеюі;

Е. QT қысқаруы.

17. Экстрасистолия кезінде лидокаинмен емдеуге қарсы көрсеткіштер:

A. Политоптық қарыншалық экстрасистолия;

B. Топтық қарыншалық экстрасистолия;

С. Жеке қарыншалық экстрасистолия;

D. Ерте қарыншалық экстрасистолия;

Е. Суправентрикулярлы экстрасистолия;

18. Синус түйінінің әлсіз синдромымен ЖИАмен ауыратын науқастарға тағайындалмайтын дәрі:

A. Нитраттар;

B. Адреномиметиктер;

С. Бета-блокаторлар;

D. Кальций антагонистері;

Е. Диуретиктер;

 

19. Синус түйінінің автоматизмдік қасиетін төмендегілердің қайсысы жақсы басады:

A. Сустак.

B. Корватон.

С. Дилтиазем.

D. Коринфар.

Е. Нитросорбид.

20. Атриовентрикулярлы өткізгіштің қосымша жолдары жиі кездеседі:

  1. Джеймса түйіні.

  2. Махайма түйіні.

  3. Кента түйіні.

  4. Гисс шоғырының оң аяқшасы

  5. Гисс шоғырының сол аяқшасы

Ситуациялық есептер

1. Науқаста «жыбырлақ» және жүректің мұздауы, жүректің қатты қағуы сезімі пайда болған. ЭКГ: ритмі дұрыс емес, жеке қарыншалық кешен 0,12 сек дейін кеңейген, деформацияланған,оның алдында R-R аралығы қысқарған, содан кейін ұзарған пауза, алдында Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай жүрек ырғағы бұзылыстары болуы мүмкін?

А. атриовентрикулярлы экстрасистолия;

В. қарыншалық экстрасистолия;

С. пароксизмальды тахикардия;

D. жүрекшелік экстрасистолия;

E. жүрекше жыбыры.

2. Науқас 42 жаста, 2 жыл бұрын миокард инфарктін алған, физикалық күштемеден кейін жүректің қатты соғуы, ол ентігумен, ауа жетіспеуімен, жалпы әлсіздікпен қосарланғанына шағымданады. ЭКГ-де АV түйіннен шығатын пароксизмальды тахикардия. ЭКГ-де АV түйіннен шығатын пароксизмальды тахикардияның ең негізгі белгісін атап көрсетіңіз:

А. ЖСЖ 140-250, ырғағы дұрыс, әрбір QRS кешені алдында Р тісшесі;

В. ЖСЖ 140-250, ырғағы дұрыс, QRS кешені өзгермеген, Р тісшесі жоқ;

С. ЖСЖ 120 рет минутына,ырғағы дұрыс, Р тісшесі QRS кешені алдында;

D. Р тісшесі жоқ, II, III, AVF, V1-V2 әкетілерінде F толқыны;

E. ЖСЖ 140-220, кеңейген, деформацияланған 0,12 сек ұзақ QRS кешені.

3. Науқас 34 жаста диффузды токсикалық зобпен ауырады, жүрек соғысы жиілеп, ентігу пайда болған. Жүрек тондары қатты, ритм дұрыс емес. Жүрек түрткісінде қысқарған систолалық шу. ЖСЖ – 1мин 108 рет, пульс - 1мин 78 рет, аритмді. ЭКГ да: R-R- әртүрлі, f толқыны II,III av F, V1; Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай ритмдік бұзылыс бар?

А. пароксизмальды тахикардия AV-түйінде;

В. қарыншалық экстрасистолия;

С. жүрекшенің экстрасистолиясы;

D. жүрекшенің тыпыры;

E. жүрекшенің жыбыры.

4. 52 жаста ер адам 3 апта бойы жіті миокард инфарктімен бөлімшеде емделуде. ЭКГ QRS кешенінің жиі түсіп қалуымен жүретін, біртіндеп ұзарған P-Q интервалы пайда болған. ЭКГ қандай ырғақ бұзылысы ең маңызды:

А. синоаурикулярлы блокада II сатысы;

В. АV блокада II дәрежесі. Мобица I;

С. АV блокада II дәрежесі. Мобица II;

D. АV блокада III дәрежесі.

E. АV блокада I дәрежесі.

5. Науқас 60 жаста диагнозы: ЖИА инфарктан кейінгі кардиосклероз кенеттен есін жоғалтқан. Эпилепсиялық тырысулармен, еріксіз дефекация, зәр шығару жалғасқан. ЭКГ-да АV-блокаданың II дәрежесі, Мобитц II. Қандай өзгерістер ЭКГ да патологияны анық көрсетеді?

А. Р-Q біркелкі ұзаруы QRS әр 2 комплекстен кейін түсіп қалуы;

В. Р-Q интервалының біртіндеп ұзаруы, QRS комплексінің түсіп қалуы;

С. Р-Q интервалның 0,12" қысқаруы, дельта толқын;

D. Р-Q интервалның 0,20" ұзаруы;

E. QRS V5-V6 комплексінің кеңеюі.

Сабақ №3 Тақырыбы: Жүрек ырғағы мен өткізгіштік бұзылыстары.Кенеттен өлім.

2. Мақсаты: Ауруханаға дейінгі кезеңде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу және клиникалық өлімнің диагностикалық әдістерін студенттерге таныстыру.

  1. Тапсырма

1. ЖМЖБ бригадаларымен шақыртуға бару

2. қабылдау бөлімінде кезекшілік.

3. симуляциялық орталықта муляждарда ЖӨР тәжірибелік машықтану

4. клиникалық өлім кезіндегі жедел көмек алгоритмін құрастыру

5. « ауруханаға дейінгі кезеңде ӨЖЖ әдісі» презентация дайындау:

6. симуляциялық орталықта муляждарда дефибрилляция жүргізіп тәжірибелік машықтану

7. «науқас клиникалық өлім жағдайында» ситуациялық есеп құрастыру

4. Орындау формасы:

  • реферат

  • презентация

  • диагностика және емдік алгоритм

  • жедел жәрдем картасын тіркеумен арқылы шақыртулар немесе аурухана қабылдау бөлімшесінде науқасты курациялау

  • эссе

  • сөз жұмбақ

5. Орындау критерилері: төменнен қара

6. Тапсыру мерзімі: бір апта ішінде

7. Бағалау критерилері: төменнен қара