Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29.31 Кб
Скачать

Экологиялық құқықтың пәні, әдісі, қағидалары, жүйесі Экологиялық құқықтың пәні

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Экологиялық құқық объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат саласында қалыптасқан өзара әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша – Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады... олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны түгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.[1]

Экологиялық құқық нысанын анықтау үшін, қоғамдық қатынастардың қалыптасқан себептері бойынша объектінің нақты табиғатын белгілеп алу қажет – деп тұжырымдайды Б.В.Ерофеев. «қоғам-табиғат» - сөзінің кең көлемдегі саласындағы барлық қатынастарда экологиялық құқық объектісі бар деген көзқарастағы көптеген ғалымдар бар. Алайда, табиғат объектілеріне қатысты қатынастардың бәрі экологиялық құқық объектісін құрамайтынын айта кеткен жөн. Егер, белгілі бір қоғамдық қатынастағы табиғи объекті табиғи ортадан шығарылса, онда ол экологиялық құқық объектісі болуын тоқтатады. Қазақстандық ғалым С.Д.Бекишованың пайымдауынша, экологиялық құқық объектісін реттеу ретінде келесі қатынастар шығуы мүмкін:

1) жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша;

2) қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша (табиғатты қорғау қатынастары);

3) табиғи ресурстарды рационалды пайдалану бойынша (табиғи-ресурстық қатынастар).[2]

Б.В.Ерофеев экологиялық құқық объектісіне – экологиялық-құқықтық нормалардың әрекеттері саласында азаматтар мен ұйымдардың арасындағы міндетті түрде мемлекеттің қатысуымен табиғи объектілерді (экожүйелерді) тиімді пайдалануды қазіргі және келер ұрпақтың мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтау мақсатында қалыптасқан тарихи шарттасқан өндірістік қатынастарды жатқызды.[3]

Біз осы экологиялық құқық объектісі бойынша көзқарасты қолдаймыз.

 

Экологиялық құқықтағы құқықтық реттеу әдістері

 

Әдіс – нақты міндеттерді шешуге бағынышты шындықты игеруге арналған теориялық және практикалық әдістер мен тәсілдердің жиыны. Қолданыстағы құқық жүйесінде адамның мінез-құлқына қандай да бір құқықтық нормаларды: әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық нормаларды орындауға әсер етудің екі тәсілі бекітілген.

Б.В. Ерофеев құқықтың әр саласы әдістердің тәсілдемесі болуы қажет деген көзқарасты мейілінше сәтті деп есептейді. Әдістердің осындай тәсілдемесі экологиялық құқыққа тән.   

Тәсілдің ерекшелігі[4] экологиялық құқықтың объектісі4 ерекшелігіне шарттасқан, сондықтан, экологиялық құқықтың нысанын құрайтын экологиялық қоғамдық қатынастар кешені, оны құқықтық реттеу әдістерінің тәсілдемесінде айқындалған. Ерофеевтің пайымдауынша, Экологиялық құқықта экологияландыру әдісі басты болып табылады.

Экологияландыру әдісі экологиялық құқық объектілерінің өзгешіліктерінен туындаған. Бұл өзгешіліктер экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу аясында табиғат заңдары ескерілуі қажет дегенге әкеледі. Экологиялық қоғамдық қатынастарға басқа да әдістердің әсерлерін, мысалы «экономикалық» және басқаларды көрсетуге болатынын естен шығармауымыз қажет.