Нейротоксикоз
аффективті-респираторлы криз
естен тану
коллапс
бас ми ісігі
Жедел көмек бригадасын шақыру. Бала 1 жас 4 айда, ауырғанына 3-ші күн. Жедел ауырған: мазасыздану, тұмау, дене қызуы 37,40С. Кешке қарай дауыстың қарлығуы дөрекі «үрген» жөтел, тыныс алу қиындығы байқалған. 3 күн бойы баланы үйде емдеген. Тыншығу ұстамалары әрбір түнде ауырлап ұзаққа созылған, тәбеті нашар. Қараған кезде қыз бозғылт, әлсіз, мазасыз. Кеуде клеткасының ішке енуі, еңтігу 50 мин. байқалады. Дауыс қарлығуы, толық афония, мұрын-ауыз ұшбұрышының цианозы. Пульс ритмді техикардия 160 мин. Болжам диагноз қойыныз:
бронхоспазм
стеноздаушы ларинготрахеит
бронхопневмония
обструктивті бронхит
бронхиолит
2 жастағы балаға жедел көмек бригадасы шақырылды. Күні бойы бала мазасыз, ұйқысы беткей, ұйықтамайды, оң жақ қырымен жатады, құсу, сұйық нәжіс. Пальпацияда бала өзін мазасыз ұстайды, жылайды, іш бұлшықеттерін кернейді. Пульс 132 мин. Температура 38,1ºС. Болжам диагноз қойыныз:
жедел аппендицит
панкреатиттің ісіну түрі
ішек инвагинациясы
асқазаннан қан кету
жедел ішек өтімсіздігі
12 жастағы қызға шақыру. Ауыр жағдайда, ауруының 1-ші күні. Жедел ауырған: көп ретті құсу, ішінде ауырсыну, кейін жиі, сұйық нәжіс жасыл аралас. Қараған кезде температурасы 390С, терісі құрғақ, ерін цианозы, пульс 120 мин, әлсіз толымды. Іші жұмсақ, эпигастрий және кіндік маңында шамалы ауырсынады. Болжам диагноз қойыныз:
дизентерия
эшерихиоз
сальмонеллез
энтеровирусты инфекция
ботулизм
Жедел көмек бригадасын шақыру. Бала 4 айлық, жедел ауырған, дене қызуы 380С көтерілген. Тамақпен сұйықтық қабылдағанан кейін қайталамалы құсу, тәулік бойы 8 рет нәжіс, сұйық, қою жасыл түсті, «болотная тина» тәрізді. Қараған кезде жағдайы ауыр, мазасыз, айқын шөлдеу, тері жабындылары бозғылт, периорбиталды цианоз. Еріндері айқын құрғақ. Үлкен еңбегі ішке енген. Жүрек тондары тұйықталған. Іші шамалы қампиған, ащы ішек бойымен шұрылдау. Болжам диагноз қойыныз:
сальмонеллез
шигеллез
паратиф В
эшерихиоз
вирусты диарея
Жедел көмек бригадасын шақыру. Анасының айтуы бойынша оның 8 жастағы ұлында ауруының 7-ші күні бас айналуы, ұғынықсыз сөз, жүрісінің бұзылысы, басын ұстамайды. 3 апта бұрын әкесі белдемелі герпеспен ауырған. Қараған кезде шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, дене бойымен құрғақ везикулалар мен қабыршақтар анықталады. Болжам диагноз қойыныз:
герпетикалық менингоэнцефалит
кенелі энцефалит
жел шешекті менингоэнцефалит
полирадикулоневрит, Ландри синдромы
серозды менингит энтеровирусты этиологиялы
Жедел көмек бригадасын шақыру. Бала 4 жаста қызуы 390С, сұйық нәжіс, жасыл түсті көп мөлшерде шырыш араласқан, 2-ші күні тенезмдер қосылып, нәжісі қан аралас болды. Іші ішке кірген сигма спазмделген. Болжам диагноз қойыныз:
эшерихиоз
сальмонеллез
кампилобактериоз
шигеллез
амебиаз
