Менингит
Энцефалит
нейротоксикоз IIдәрежелі
фебрильді тырысу
Спазмофилия
жедел жәрдем бригадасының шақыртуы: 14 жастағы бала, асқазанның жара ауруымен ауырады, әлсіздікке, «кофе қойыртпағы» тәрізді құсуға, суық жабысқақ терге, бас айналуға шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия минутына 120 соққыға дейін, жүрек ұшында систолалық шу. АҚҚ 90/60 мм. с.б.б. Нәжісі қара түсті. Болжам диагноз қойыныз:
жедел ішек өтімсіздігі
асқазан- ішектен қан кету
жедел перитонит
жедел панкреатит
Рей сидромы
жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. Бала 8 жаста, ауыр халде. Тері жабындылары сұр түсті, АҚҚ 90/60 мм.с.б.б., пульс минутына 120 рет, ырғағы дұрыс. Науқаста тәулік бойы 6 рет құсу және жиі сұйық нәжіс болған. 20 минут өткенде тонико-клоникалық тырысу пайда болды. Жедел жәрдем 100 мг/кг есебінен ГОМК еңгізген соң тырысу басылды, бірақ содан кейін қайта қайталанды. Тырысуды басу үшін тағы қандай дәрілік препараттар қолданылады?
ноотропил
пирацетам
диазепам
лазикс
актовегин
10 жастағы бала, оқиға болған жерге жедел жәрдем шақыру, автожарақаттан кейінгі жағдайы ес-түссіз, клонико-тоникалық тырысулар және көп ретті құсу байқалады. Бала тротуарда жаяу жүргіншілермен жолда табылған. АҚҚ 100/50 мм с.б.б., ЖСЖ 100 рет минутына, температура қалыпты, ТАЖ-34 рет минутына. Болжам диагноз қойыныз:
эпилепсия
энцефалопатия
Нейротоксикоз
инсульт
бас-ми жарақат
жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. 12 жастағы науқас, ревматизммен 6 жыл бойы ауырады. Қазіргі уақытта ревматизм өршуі кезінде әлсіздік, мазасыздық, жүрек тұсында жағымсыз сезіну және ауырсыну, бас айналу және құсу байқалады. Бұл сезінулер жүрек тондарының толық аритмиялары мен жүректің жиырылу арасындағы біркелкі емес үзілістер фонында пайда болады. Пульс жетіспеушілігі байқалады. Пульс біркелкі емес және әр түрлі толымдылықпен ерекшеленеді. Оның жиілігін санау кейде мүмкін емес. ЭКГ-да жүрекше ұсақ ауытқулары байқалады жиілігі минутына 480, ал қарыншалар минутын 130 жиілігімен жиырылады. Болжам диагноз қойыныз:
жыпылықтағыш аритмия
қарыншалық тахикардия
қарынша үстілік тахикардия
жүре пайда болған жүрек ақауы
іркілген жүрек жетіспеушілік синдромы
жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. Бала 6 жаста, толық атриовентрикулярлы блокада. Кенет ұстама дамып, клиникасында тері жабындыларының айқын бозаруымен, цианозбен, естен танумен, тырысулармен көрінді. Ұстама 30 минут бойы созылды. Содан кейін бала есіне келіп, тырысулар басылып, цианозбен тері жабындыларының бозаруы қайтты. Бала айқын әлсіздікке, бұлшықет пен аяқ-қолдарының ауырсынуына шағымданды. Диагноз қойыңыз:
эпилепсия
іркілген жүрек жетіспеушілік синдромы
Морганья-Эдамс-Стокс синдромымен жүретін жартылай атрио-вентрикулярлы блокада
Морганья-Эдамс-Стокс синдромымен жүретін толық атрио-вентрикулярлы блокада
аффективті-респираторлы криздер
Жедел жәрдем бригадасының шақыртуы. 11 жастағы қыз бала, дәрігер шақырар алдында оның басы айналып, құлағы шулап, көзі қарауытып, жүрегі айныған. Содан кейін есінен танып қалған. Тері жабындалары айқын бозғылт. Қарашығы тарылған, жарыққа реакциясы жоқ, аяқ- қолдары ұстағанда суық термен жабылған. Тыныс алуы беткей, біркелкі. Пульс сирек, толымдылығы мен кернеулігі аз. АҚҚ 80/30 мм.с.б.б. Шеткі көктамырлары бос. Бірнеше минут өткенде қыз бала есін жинады. Қабағын көтеріп, еріндерін жыбырлатып, қоршаған ортаға жауап бере бастады. Тері жабындыларының түсі қалпына келді. Жүрек- тамыр қызметі мен адекватты тыныс қалыптасты. Болжам диагноз қойыныз:
эпилепсия
аффективті-респираторлы криз
естен тану
коллапс
бас миының ісігі
7 жастағы балаға жедел көмек бригадасы шақырылды. Анамнезінде: жедел гематогенді остеомиелит. Аяқ астынан жағдайы нашарлаған. Есі- сопор күйінде. Қозғалыссыз жатыр. Тері жабындылары бозғылт мраморлы, суық тер басқан. Бет әлпеті үшкірленген. Мұрын- ауыз ұшбұрышы цианозды. Көз алмасы ішке енген, қарашығы кенейген, жарыққа реакциясы әлсіз. Тынысы жиілеген, беткей. Пульс жиі, толымдылығы әлсіз. АҚ төмен , жүрек тондары тұйықталған. Болжам диагноз қойыныз:
