Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аралы баылау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.04 Кб
Скачать

Аралық бақылау

  1. Үйге шақыру. Ұл бала 10 жаста. Шағымдары: дене температурасының жоғарылауы, тырысу, бас ауруы, мұрын бітелуі, жиі ауырсынатын жөтел, ұйқышылдық. Ауру анамнезі: ауру жедел басталды, дене қызуы 38,1°С-қа дейін жоғарылады, бас ауруы; таңертең: қатты ауырсынатын жөтел пайда болды, тырысу, дене температурасы 39,0°С. Ауырар алдында 3 күн бұрын бала тұмаумен ауыратын науқаспен қатынаста болды. Обьективті: естің айқын тежелуі, бала ұйықтап жатыр, қарауға реакция жоқ. Генерализденген тырысу. Дене қызуы - 40°C. Тері жабындылары бозарған, мойын аймағында аздаған петехиалды бөртпе. Жұмсақ таңдайдың гиперемиясы, тамыр иньекциясы және шырышты қабатында петехиалды қан құйылулар бар. Тынысы аритмиялық, құрғақ сырылдар естіледі. Тахикардия, тондары тұйықталған. Болжам диагноз:

  1. милық кома II дәреже

  2. тұмау, ауыр форма

  3. фебрилді тырысулар

  4. вирусты менингит

  5. стафилакоккты сепсис

  1. 2 жастағы қыз балаға жедел жәрдем шақырылды. Қыз балада катаральды көріністер (коньюктива мен ауызжұтқыншақ гиперемиясы, насморк) фонында дене температурасының 40,20С-қа дейін жоғарылауы, кенеттен клонико-тоникалық генерализденген тырысулар пайда болып, 3 минутқа созылды. Қараған кезде есі сопорозды, терісі бозарған, аяғында мәрмәр суретті, акроцианоз. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 162 мин. ТЖ 80 мин. Іші жұмсақ. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Болжам диагнозды қойыңыз:

  1. менингококкты назофарингит

  2. энцефалит

  3. нейротоксикоз II дәрежелі

  4. фебрильді тырысулар

  5. спазмофилия, ларингоспазм

 

  1. 7 жастағы қыз балаға жедел жәрдем шақырылды, 3 күн бұрын жедел ауырған, шамалы катаральді көріністер фонында температурасы 39,20С-қа дейін жоғарылаған. 2-ші күні - мұрын, ерін, оң жақ құлағының иірімінде гиперемирленген фонда ұсақ, бірімен - бірі жақын орналасқан көпіршікті ауырсынатын бөртпелер пайда болды. 3-ші күнінде температурасы 40,30С - тонико-клоникалық тырысу ұстамалары байқалған.Тырысулар өздігінен басылды, бірақ науқас есін жиған жоқ, сұрақтарға, жанасуға жауап бермейді, ауырсыну тітіркендіргішіне реакция бар. Аяқтың гипертонусы, сіңір рефлекстерінің жоғарылауы, Керниг, Брудзинский симптомдары оң, оң жақтық анизокория, желке бұлшықетінің ригидтілігі 2 саусаққа. Болжам диагнозды қойыңыз

  1. энцефаломиелит, инфекционды-аллергиялық

  2. герпетикалық энцефалит, милық кома

  3. тұмау, ауыр ағымды, нейротоксикоз II дәрежелі

  4. менингоэнцефалит, параинфекционды

  5. спазмофилия, карпо-педальді спазм

  1. 12 айлық балағашақыру. Таңертеңденеқызуыкенеттен 39,70С-қа дейінжоғарылаған, мазасыздық пайда болып, тәбетітөмендеген. Түске таманбала өте әлсіз, бозарған, акроцианоз және терінің тұрақты мәрмәр түсі, тырысулар байқалды. Балаға парацетамол берілді, бірақ дене қызуы 380С деңгейінде сақталды. Жанұясында тұмаумен ауыратын адам бар. ЖЖЖ 300 минутына. ЭКГ да синусты тахикардия. Болжам диагнозды қойыңыз:

  1. менингококкты инфекция, менингококкты назофарингит

  2. пароксизмальді тахикардия ұстамасы, суправентрикулярлы форма

  3. нейротоксикоз II дәрежелі, нейрогенді тахикардия синдромы

  4. тұмау, ауыр дәрежедегі ағымда, гипертермиялық синдром

  5. тұмау, орташа дәрежелі ағымда, гипертермиялық синдром

  1. 10 айлық балаға жедел жәрдем бригадасы шақырылды. 2 күн бұрын ауырған, ауру дене температурасының субфебрильді сандарға дейін көтерілуінен, мұрыннан аздаған серозды бөлініс бөлінуінен, катаральді конъюктивиттен басталған. Содан кейін дене қызуы 39,5°С-қа дейін көтеріліп, бала әлсіреп, тамақтан бас тартып, тамақ қабылдауға байланыссыз құсу пайда болған, бір рет клонико-тоникалық тырысу байқалған. Обьективті: қарау кезінде баланың жалпы жағдайы ауыр. Бала әлсіз, жылайды. Дене қызуы – 39,2 C. Бала арқасында жатыр, қолдары денесі бойымен созылған, ал аяқтары жамбас – сан және тізе буындарында бүгілген. Басының артқа қарай шалқайғаны байқалады, үлкен еңбегі ісінген, кей кездері аяқ-қолдарының тырысулық тартылулары байқалады. Тері жабындылары бозарған. Аранында жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ=138/мин. Зәр шығаруы сирек. Болжам диагноз қойыңыз:

  1. менингит

  2. энцефалит

  3. нейротоксикоз

  4. фебрильді тырысулар

  5. спазмофилия

 

  1. 9 жастағы балаға шақыру. 10 күн бұрын баланы кене тістегеннен кейін дене қызуы 390С-қа дейін көтерілді және бас ауру, бас айналу, құсу, ұйқының бұзылуы, бұлшықеттердің ауырсынуы мен артқы мойын бұлшықеттерінің қатаюы байқалды. 5 күн өткен соң дене қызуы қалпына келді, бірақ бір аптадан кейін қайтадан жоғарылады. Бұл кезді сонымен қатар интенсивті түрде бас ауруы, көп ретті құсу, жүрістің бұзылуы байқалды. Қарау кезінде айқын емес менингеальді симптомдар анықталды, жеңіл гемипарез. Болжам диагнозды қойыңыз:

  1. жедел менингококкты менингоэнцефалит, ауыр дәрежелі

  2. жедел кенелік энцефалит, қызбалық форма, ауыр дәрежелі

  3. жедел кенелік менингоэнцефалит, екі толқынды ағымды

  4. кенелік энцефалит, полиомиелиттік форма, жедел ағымды

  5. эпидемиялық энцефалит, жеделдеу ағымды

 

  1. 5 жастағы балаға шақыру. Жедел жәрдем дәрігері қараған кезде жалпы интоксикация симптомдары байқалды: дене қызуы көтерілуі, тахикардия, ентігу мен артериальді қысымның төмендеуі. Бөксе, жамбас, балтыр аймағында геморрагиялық бөртпе анықталды - жұлдызшаға ұқсас, әр түрлі көлемді және формалы, жанасқан кезде тығыз, теріден деңгейінен шығыңқы. Айқын менингеальді симптомдардың болуы. Болжам диагнозды қойыңыз:

  1. менингококкты менингит, назофарингит

  2. менингококкты менингит, менингоэнцефалит

  3. менингококкты инфекция, вирусты менингит

  4. менингококкты менингит, менингококкемит

  5. менингококкты инфекция, саңырауқұлақты менингит

  1. 8 жастағы балаға жедел жәрдем шақырылды. Балада жалпы әлсіздік, қатты бас ауыруыжәне бұлшықетінің ауырсынуы, кенеттен дене қызуы 390С ге дейін көтерілді. Науқасқа басын ұстау қиындады - кеудесіне басы «құлайды», қолдарын жоғары көтере алмайды және жан-жағына апара алмайды. 10 күн бұрын баланы кене тістегені белгілі. Болжам диагнозды қойыңыз:

  1. кенелік менингоэнцефалит, қызбалық форма

  2. кенелікэнцефалит, полиомиелиттік форма

  3. эпидемиялық энцефалит Экономо, біріншілік

  4. параинфекционды энцефалит, екіншілік

  5. кене энцефалитіне қарсы вакцинациядан кейінгі энцефалит

  1. 11 жастағы балаға шақыру. Шағымдары: периодты түрдегі бастың ауыруы. Күндіз, физикалық жүктемеден кейін «басына соққы» тигенін сезді, құсу, қысқа уақыттық есінен тану болды. Объективті: психомоторлы қозу. Айқын менингеальді синдром – жарық пен дыбысқа гиперестезия, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі 4 см, Керниг симптомы оң, жоғары және төменгі Брудзинский симптомы оң. Болжам диагнозды қойыңыз:

  1. жүрек ауруына байланысты, оң жақ маңдай бөліміне қан құйылулар

  2. гипертониялық криз, кортико-нуклеарлы жолдардың зақымдалуымен байланысты

  3. гипертониялық криз, физикалық күштемеге байланысты

  4. субдуральді қан құйылулар, травмамен байланысты

  5. субарахноидальді қан құйылу, аневризманың болуы

  1. Коматозды жағдайдағы балаға жедел жәрдем дәрігері келді. Қараған кезде тері мен ауыз қуысының құрғауы, жұмсақ тіндер мен көз алмасының тургорының төмендеуі, жалпы бозару және бет доғасы, иек, маңдай аймағында локальді гиперемия, терісі суық, бұлшықеттік гипотония, артериальды гипотензия, тахипноэ, аузынан ацетон иісі шығады. Балада анурия. Бала қант диабетімен ауыратыны анықталып, дәрігер вена ішіне 40% глюкоза ерітіндісін тамшылатып енгізді. Дәрігердің әрекетін бағалаңыз:

  1. дұрыс жасады, өйткені концентрирленген глюкоза ерітіндісін енгізу арқылы команың қай түрі екенін анықтауға болады

  2. дұрыс жасаған жоқ, өйткені гиперосмолярлы команың даму қаупі бар

  3. дұрыс жасаған жоқ, өйткені бас ми ісінуін тууы мүмкін

  4. дұрыс жасаған жоқ, өйткені лактоацидоз дамуы мүмкін

  5. дұрыс жасаған жоқ, өйткені гиповолемиялық шоктың дамуы мүмкін

  1. 5 жастағы балаға жедел жәрдем шақырылды. Анасының айтуы бойынша шағымдары: ентігу, есінентану, тырысулар байқалған. Қарағанкезде: бала сопорозды жағдайда. Тынысы аритмиялық. Перкуторлы анық өкпелік дыбыс, аускультацияда везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Тахикардия. Диффузды бұлшықеттік гипотония, сіңір рефлекстерінің болмауы, екі жақтан да қарашықтары максималды кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, көз алмалары қозғалыссыз. Осы жағдайда қандай дәріні енгізу керек:

  1. гепарин, өйткенігипокоагуляциялықэффекті бар

  2. метамизол натрия, өйткеніанальгетикалықәсері бар

  3. фуросемид, өйткені дегидратациялық әсері бар

  4. полиглюкин, өйткеніволемиялықэффекті бар

  5. аминокапронқышқылы, өйткенігемостатикалыққасиеті бар

  1. III - IV дәрежелі стеноздаушы ларингит кезінде жедел медициналық көмек дәрігерінің тактикасы:

  1. бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне антиоксиданттарды енгізу

  2. трахея интубациясы немесе коникотомия

  3. асқазанзондын енгізу

  4. бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне гормональды препараттарды енгізу

  5. жатқызып тасымалдау

  1. 14 жастағы балада тұншығу ұстамасы болған. Жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінде – тұншығу ұстамасы 7 жылдай байқалады. Өршуі суық мерзімде болады. Жағдайының нашарлауы 12 сағат ішінде ЖРВИ фонындаболған. 12 сағат өткеннен кейін бірнеше рет сальбутамол қолданған, алғашқыда нәтижесі шамалы болған, кейін нәтижесіз. Қарау кезінде: жағдайы ауыр. Отырғанда қолдарын тізесіне тіреп отырады. Қашықтықтан құрғақсырылдар естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. Терісі цианоз реңдібозарған. ТАЖ 30 ретминутына. Жөтеліқұрғақ, «нәтижесіз». Пульс 100 ретминутына, ырғақты. Өкпенің барлық алаңында құрғақ, ысқырықты сырылдар, өкпенің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген. Болжам диагноз қойыңыз:

  1. ларингоспазм

  2. обструктивті бронхит

  3. жедел пневмония

  4. бронх демікпесі

  5. өкпе деструкциясы

  1. 2 айлық бала. Ауру жедел дене температурасының 38ºС-ға дейін көтерілуінен, жөтел, мұрнынан су ағудан басталған. Келесі 3 күн бойы жалпы жағдайы нашарлаған, жөтел ұстама тәрізді, тәбеті төмендеген, науқас мазасыз. Пероральды цианоз, акроцианоз, «оральды» крепитация, кеуде қуысының шығыңқы бөлігінің ішке тартылуы байқалады, ТАЖ 72 рет минутына. Перкуторлы дыбыс қорап тәрізді, екі жақтан да ұсақ ылғалды сырылдар естіледі. Болжам диагноз:

  1. пневмония

  2. бронхиолитик

  3. обструктивті бронхит

  4. жедел бронхит

  5. трахеобронхит

  1. 10 айлық балаға жедел жәрдем шақырылды. Анасының айтуы бойынша бала жылаған кезде көгерген, тыныс алуының тоқтауы, аяқ-қолдарының тартылуы, қарашықтарының тарылуы байқалған. Ұстама кезінде бала басын артқа қарай шалқайтқан, суық тер басқан. 20 секундтан кейін тыныс алуы қалпына келген. Болжам диагноз:

  1. бронхоспазм

  2. ларингоспазм

  3. эписиндром

  4. фебрильды тырысулар

  5. ларингостеноз

 

  1. Жедел жәрдем бригадасын шақыру. Бала 1 жас 4 айда, ауырғанына 3 күн болған. Жедел ауырған: жалпы жағдайының нашарлауы, мұрыннан су ағу, дене температурасының 37,40С-ға дейін көтерілуі байқалған. Кешке қарай дауысының қарлығуы, дөрекі «үрген» жөтел, тыныс алудың қиындауы байқалған. 3 күнбойы бала үйінде емделген. Тұншығу ұстамалары әрбір түнде ауырлап, ұзаққа созылған, тәбеті нашарлаған. Қарау кезінде қыз бала бозарған, әлсіз, мазасыз. Тыныс алу кезінде кеуде қуысының шығыңқы бөліктерінің ішке тартылуы, минутына 50-ге дейін жететін ентігу байқалады. Дауысының қарлығуы, уақытша толық афония, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы. Пульсы ырғақты, минутына 160 реткедейінгі тахикардия. Болжам диагноз:

  1. жедел ларинготрахеобронхит

  2. стеноздаушы ларинготрахеит

  3. ларингоспазм

  4. обструктивті бронхит

  5. жедел фарингит

 

  1. 3 жастағы балаға шақыру. ОРВИ фонында ұл баллада пайда болды: қиналған жөтел, ысқырықты сырыл, ентігу. Дәрігер – педиатр 3 күн бұрын балаға ингаляциялық сальбутамол және амброксол таблеткасын тағайындаған. Қарау кезінде : бала мазасыз, дене температурасы 36,8 С, тері жабындылары бозғылт, жөтелі сақталған, тынысы шулы, тыныс шығарудың ұзаруымен жүретін ентігу, ТАЖ 48 рет минутына, өкпесінде қатқыл тыныс, өкпенің барлық бөліктерінде көп мөлшерде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Осы балаға қатысты жедел медициналық жәрдем дәрігеріні тактикасы:

  1. пульмонологкаконсультацияғажіберу

  2. аллергологкаконсультацияғажіберу

  3. ингаляциялықсальбутамолдыңдозасынжоғарлату

  4. стационарға госпитализациялау

  5. емдеуге антибактериальды препарат қосу

 

  1. Бала 1 жас 2 айда. Анасының айтуы бойынша ауырғанына 3 күн болған. Қарау кезінде : бала мазасыз, дене температурасы 37,0 С, тері жабындылары бозарған, ұстама тәрізді жөтел, қашықтықтан шулы тыныс, тыныс шығарудың ұзаруымен жүретін ентігу, ТАЖ 45 рет минутына, өкпесінде қатқыл тыныс, алдыңғы бетінде аз мөлшерде әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз:

  1. стеноздаушы ларинготрахеит

  2. бөгдедене

  3. жедел бронхит

  4. обструктивті бронхит

  5. ЖРВИ

  1. 8 жастағы балаға шақырту. Жедел, 4 күн бұрын ауырған, жөтел және дене температурасының тұрақты 39,0 С-ға дейін көтерілуі пайда болған. Қарау кезінде: бала әлсіз, дене температурасы 37,7С, тері жабындылары бозарған, ылғалды жөтел, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен жүретін ентігу, ТАЖ-30 рет минутына. Өкпесінде қатқыл тыныс, жауырын аралық аймағында тыныс алу шыңында ошақты ылғалды ұсақ көпіршікті және крепитациялық сырылдар естіледі. Диагноз қойыңыз:

  1. Аурухана ішілік пневмония, ошақты, жедел ағымды, ТЖ І

  2. ауруханадан тыс пневмония ,сегментарлы, созылыңқыағымды, ТЖ ІІІ

  3. ауруханадан тыс пневмония, ошақты, жеделағымды, ТЖ ІІІ

  4. ауруханадан тыс пневмония, ошақты, жеделағымды, ТЖ ІІ

  5. ауруханаішілік пневмония, ошақты – құйылған ,жеделағымды, ТЖ ІІ

  

  1. 4 айлық балада сыртқы қолайлылық фонында алаңдаушылық, тыныс алуда мойындырық және бұғана асты шұңқырының кері тартылуымен жүретін тыныс алудың қиындауы, «үрген» қиналған жөтел, жеңіл пероральды цианоз пайда болған. Дене температурасы 36,8С, тершеңдік. Қарау кезінде жеңіл рахит белгілері анықталған. Бұлшықет тонусы төмендеген. Менингеальды симптомдары жоқ. Ішкі мүшелерінде патология жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз: