Қ
АЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университеті
«Агрономия» факультетінің 5В080100 - «Агрономия» мамандығының _3_ курс және АН-25 (3ж.) білім алушыларына арналған
М 13.1 Егістік дақылдардың биотехнологиясы мен селекциясы модулінің
«Егістік (дәнді) дақылдардың биотехнологиясы»
пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)
Орал – 2016ж
КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
«Агрономия» «Агрономия»
факультетінің ОӘБ төрайымы факультетінің деканы
____________ А.М.Берниязова _______ А.С.Тлепов «___» _________ 2016ж. «___» _________ 2016 ж.
М 13.1 Егістік дақылдардың биотехнологиясы мен селекциясы модулінің
«Егістік (дәнді) дақылдардың биотехнологиясы пәні бойынша (таңдау компонент)
оқу бағдарламасы ( силлабус)
Құрастырушы: а.ш.ғ.к., доцент Д.К.Тулегенова
«Экология және табиғатты пайдалану» кафедрасы
«Агрономия» факультеті, 213 кабинет
Оқу бағдарламасы (силлабус) 5В080100 - «Агрономия» мамандығының
оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде әзірленді.
Кредит саны – 3
ҚР кредиттері / ECTS кредиттері
Дәріс – 15 сағат
Практикалық – 30 сағат
БАОӨЖ – 25 сағат
БАӨЖ – 65 сағат
Барлығы – 135 сағат
Бақылау түрі – емтихан
Кафедра отырысында талқыланды «___»___________2016 ж. №______хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Е.Е.Аюпов
1.Пәннің сипаттамасы. Өсімдіктер биотехнологиясын қолдану жолдары, маңыздылығы және болашағы. Өсімдіктерді сауықтыру және клондық микрокөбейту. Биотехнологиялық әдістерді өсімдіктердің селекциясында қолдану. In vitrо әдісімен гермоплазманы сақтау жолдары, гендік банк. Бұл пән өсімдіктер биотехнологиясының теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді.
1.1.Пәннің пререквизиттері: Генетика
1.2.Пәнді оқудың мақсаты: өсімдіктерді жасуша деңгейінде: in vitro жағдайында өсіру, көбейту, отырғызылатын материалдарды сауықтыру, генқорды сақтау және өсімдіктердің жаңа сорттарымен будандарын шығару жөнінде студенттерге биотехнология ғылымынан фундаментальды білім және тәжірибелік дағды беру.
1.3.Міндеттері: студенттерді дәстүрлі селекциямен байланыстыра отырып, биотехнология ғылымының теориялық негіздерімен, биотехнология әдістерін ауылшаруашылығы тәжірибесінде қолдану мүмкіншіліктерімен таныстыру және студенттерді өсімдіктердің клетка, ұлпа мен мүшелерінің залалсыздандырылған культурасымен жұмыс істеуге үйрету.
1.4.Пәннің қысқаша мазмұны (3-4 сөйлем) «Егістік (дәнді) дақылдардың биотехнологиясы» пәні in vitro жағдайында өсірілетін өсімдік жасушаларының биологиясы жан жақты қарастырылып, жасанды қоректік ортада өсірудегі басты ұстанымдары мен әдістері, жасушалардың бөлініп көбеюі, каллус ұлпаларының пайда болуы, дифференциация, морфогенез, регенерация процестерінің заңдылықтары және теориялық мәселелері, өсімдіктерді сауықтыру, микроклональды көбейту және жаңа сорттармен будандарды шығару үшін гаплоидтық селекция, жасушаларлық селекция, жасушаларлық инженерия, гендік инженерия әдістерімен, яғни биотехнологиялық әдістерді қолдану, өсімдіктердің гендік қорын in vitro сақтау әдістерімен студенттерді таныстырады.
1.5.Оқыту нәтижелері:
1. А – (білім және түсіну) – культивирленген клетка әдістері , in vitro өсімдік ұлпалары мен органдары туралы ілім. in vitro морфогенез жолдарындағы каллус пайда болуға әкелетін дедиференциация процестері туралы түсінктің болуы
2. В – (білім және түсінгенін қолдану) – өсімдіктер биотехнологиясында өсімдіктерді клондық микрокөбеютуде енгізілген жаңа технологиялар туралы білімді қолдану.
3. С – (пікір айтуды қалыптастыру) – өсімдік клеткаларын сақтау және қайта қалпына келтіру, өсімдік ресурстарын (ұтымды) рациональды пайдалану туралы пікір енгізу.
4. D – (коммуникативтік мүмкіндіктер) – қазіргі биотехнология әдістерін практикалық мақсатта қолдануда жинақталған ақпараттарды жүзеге асыру.
5. E– (оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік) – өсімдіктер биотехнологиясының жаңа технологиясы клондық микро көбейтуді өсімдік шаруашылығы өндірісіне ендіру арқылы өсімдіктерді жылыжайларда генетикалық селекциялық негізінде өсіру және технологиясын жасау.
1.6.Пәннің постреквизиттері: Ауыл шаруашылық дақылдары селекциясы және тұқым шаруашылығы.
2. 2016-2017 оқу жылының 5 семестріне күндізгі оқыту нысанындағы Агрономия факультетінің 5В080100 – Агрономия мамандығының _3_ курс білім алушыларына арналған «Егістік (дәнді) дақылдардың биотехнологиясы» пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Апта |
Модуль және тақырып атауы |
Дәріс |
Прак. |
БАОӨЖ |
БАӨЖ |
Барлық сағат |
Модуль 1. Өсімдіктер клеткасы |
||||||
1. |
Тақырып 1. Кіріспе. Өсімдік клеткасын өсірудің қысқаша тарихы. |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
2. |
Тақырып 2. Өсімдік клеткасын өсірудің принциптері мен әдістері |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
3. |
Тақырып 3. Жасанды қоректік ортада өсетін клеткалардың биологиясы |
1 |
2 |
1 |
5 |
9 |
4. |
Тақырып 4. Жасанды қоректік ортада өсетін клеткаларды өсімдіктер биологиясының теориялық мәселелерін зерттеу үшін пайдалану |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
5. |
Тақырып 5. Өсімдік клеткаларын биосинтездік өнеркәсіпте пайдалану. |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
6. |
Тақырып 6. Клеткаларды өсіру жүйелері |
1 |
2 |
1 |
5 |
9 |
Модуль 2. Өсімдіктер биотехнологиясы |
||||||
7. |
Тақырып 7. Өсімдіктерді клондық микрокөбейту |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
8. |
Тақырып 8. Өсімдіктерді сауықтыру |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
9. |
Тақырып 9. Прогамдық және постгамдық сәйкессіздікті in vitro жағдайында жеңу |
1 |
2 |
1 |
5 |
9 |
10. |
Тақырып 10. Гаплоидтық технология |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
11. |
Тақырып 11. Клеткалық инженерия |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
12. |
Тақырып 12. Соматикалық будандастыру |
1 |
2 |
1 |
5 |
9 |
13. |
Тақырып 13. Гендік инженерия |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
14. |
Тақырып 14. Гендік инженерияның мүмкіндіктері мен даму болашағы |
1 |
2 |
2 |
4 |
9 |
15. |
Тақырып 15. Генофондты in vitro сақтау (гендер банкі) |
1 |
2 |
1 |
5 |
9 |
Барлығы |
15 |
30 |
25 |
65 |
135 |
|
