Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТУДЕНТКЕ СИЛЛАБУС ХХ ғасыр б. қ. ә.. 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
22.06 Mб
Скачать

1. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық – стильдік және көркемдік ерекшеліктері.

Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан,

Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.

Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық,

Тастаңыз жасандықты толып жатқан.

Құрметті ел билеген хакімдер де

Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан.

Бас салып зарлы, мұңлы, кем-кетікті

Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.

Әркімді арбауына түсірем деп,

Түлкіше сол құйрығын бұлаңдатқан.

Жүзіме көрінгендер көз салар деп,

Өн бойын тоты құстай сылаңдатқан.

Жатырмыз бір қараңғы ұзақ күнде,

Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан.

Желкелер старшының бейшараны,

Таба алмай кедей ақша жапа тартқан.

Ұлыққа кімнің сөзі жете берер

Осындай жұмыстар бар толып жатқан.

Көркемдік талдау.

Кейіптеу: қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан...

Теңеу: жыландай зәрін төгіп, бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан; түлкіше сол құйрығын бұландатқан; тоты құстай.

Құрылымдық талдау: 18 жолды, 11 буынды, 3 бунақты, қара өлең ұйқасы.

2. «Гүлшат-Шеризат» дастаны бойынша сұрақтарға жауап:

1. Дастанда оқиға қалай басталады?

2. Көркін патшаның аңға кетіп, арыстанмен алысып, жараланып өлгенін пайдаланып, қастандық жасаушы уәзірдің аты кім?

3. Паразхат қандай түс көреді?

4. Паразхат қызының есімін кім деп қояды?

5. Автор Гүлшатты қалай суреттейді? –

6. Гүлшат мен Шеризат қайда және қалай кездеседі?

7. Екі ғашықтың орталарына кімдер түсіп, қарсы болады?

8. Дастан қалай аяқталады.

9. Парахзат қандай мақсатпен таққа отырады?

10.Шеризаттың анасы қалай өледі және кім өлтіреді?

Ойын Қанша квадрат бар?

3. Әсет Найманбайұлының «Ер Шеризат» қиссасы мен «Гүлшат - Шеризат» дастанын салыстыру.

Осы сюжетке қазақтың ірі әнші - ақыны Әсет Найманбайұлы «Ер Шеризат» деген қисса жазған. Шығыс сюжетіне негізделген «Гүлшат - Шеризат» шығармасын өткен ғасырлардағы басқа да қазақ ақындары қисса-поэмаларымен байланыстыра алғаш зерттеген ғалым – Марат Бөжеев. Одан кейін бұл шығарманы басқа туындылармен байланыстыра сараптаған ғалым – Алма Қыраубаева.

Әсет Найманбайұлының «Ер Шеризат» пен «Гүлшат - Шеризат» дастандарының айырмашылықтары қандай?

4. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығына арналған тест тапсырмаларын орындау

Әдебиеттер: Көпейұлы М.Ж. Шығармалар жинағы. Көп томдық. - Алматы: Алаш, 2003. Кенжебаев Б. «ХХ ғ. басындағы әдебиет».- Алматы. 1993 ж. Коңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. — Алматы: Санат, 1994. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. — Алматы: Білім, 1998. Көпеев С. Ш. Мәшһүр-Жүсіп өмірі: Аңыз бен ақиқат. -Павлодар, 2000ж.

3 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Нұржан Наушабайұлы шығармашылығы (1859-1919)

Негізгі қаралатын мәселелер:

1.XX ғасыр басындағы тарихи-мәдени процесс және ақын мұрасының зерттелу, жариялану деңгейі.

2.Нұржан өлеңдерінің тақырыптық аясы және көркемдік ерекшелігі. 3.Нұржан айтыстары, дастандары және мысал өлеңдері.

Тапсырмалар:

1. Нұржан мен Сапарғали айтысын оқу, талдау.

2. «Бозаман» дастаны мен «Өгіз бен есек», «Түлкі мен әтеш» мысалдарының мазмұнын талдай отырып, сюжет дәптерге түсіру.

Нұржан Наушабайұлы - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген, қазақ әдебиеті тарихында шартты түрде «ағартушы», «кітаби» деп аталатын акындар катарында өзіндік орны бар болғанымен, шығармалары ғылыми айналымға тұтас енбей, сол себептен толық танылмай жүрген талантты акынның бірі. Ол 1859 жылы қазіргі Қостанай облысының Меңдіқара ауданында Аманқарағой деген жерде туды. Нұржан ақын ауқатты, әлді жерден шыққандықтан жасынан ел аралап, ән шырқайды, ит жүгіріп, құс салады. Б.Кенжебаев «Жас шағында өлеңге, ақындыққа көңіл қоймады: ел қыдырып, салдық қүрып жүреді... Тек отыз жасынан бастап қана өлеңмен айналысып, ақындық жолына түседі» - дейді.

Ақынның шешесі бір жасында қайтыс болып, ол әжесі Ағайманың тәрбиесінде болады. Азан шақырып қойған аты - Нұрмағанбет. Әжесі ерекелетіп Нұржан атап кеткен. Бозбала кезінде Бәтима деген қызға ғашық болып, ол бойжеткен кезінде қайтыс болыпты, соның күйігімен Нұржан 25 жасқа дейін бойдақ жүріпті. Кейіннен Нәзипа сұлуға үйленіп, одан үш бала сүйіпті: Сұлтанғазы, Дәмет, Үміт. Бұл ару да көп ұзамай қайтыс болып, он жылдай төсек жаңғыртпапты. Осы кезеңде өмір жайлы, оның өтпелілігі туралы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, байлық пен кедейлік, жалғыздықтың қиындығы туралы өлең жазған.

Уа, тәңірі, құдіретіңе таң қаламын.

Соңынан ғашық жардың зарлатпасын,

Сыртым шоқ, ішім-жалын болды менің.

Сыртыма шығаруға арланамын.

Заман-ай, еркін қанат жайдырмайсың,

Не кедей, не белгілі бай қылмайсың.

Қызықтым отыз бесте дидарыңа

Шалқар көл, шұқыр көлге қайрылмайсың.

Іштей құса боп, тек домбыра мен әнді ермек етіп жүрген Нұржанға бірге өскен Сапарғали досы келіп, Нұржанның жақсы көріп жүрген қызы Бибісараға ойламаған жерден хат жазғызады. Бірнеше хат жазып, жауап ала алмай, үмітінің үзілер тұсында қыздан жауап келіп, соңынан сол қызға қосылады. Одан бала болмайды.

Әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші Нұржан Наушабайұлы 1919 жылы 60 жасында қайтыс болды.

Ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітаптары: «Манзұмат Қазақия» -1903 ж. Қазан. «Жұмбақ. Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы» - 1903 ж. Қазан. «Алаш» - 1910 ж. Қазан.

«Н.Наушабайұлы ақынның бір өзгешелігі - ол өлеңдерінің көбін бұрынғы араб, фарсы, шағатай ақындарының үлгісінде, стилінде жазады: діни сөздерді, араб, фарсы, ескі кітаби сөздерді көп қолданады» (Б. Кенжебаев)

Н.Наушабайұлы педагог ақын Ы. Алтынсариннің ақыл-кеңесін, тәрбиесін көріпті. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевпен қарым-қатынаста болған. Абайды ұстаз тұтқан, ұлы ақыннан үйренген, оған еліктеп өлең жазған.

Ақын Алланы пip, Пайғамбарды хақ, Құранды шын деп білген. Алланы бүкіл дүниедегі жанды - жансыздың жалғыз жаратушысы деп түсінген.

«Пендеге пенде қылма жүз салдырып» дейді ақын. Ажал да, азап та, бақ та, сор да кұдіретті бір құдайдың қолында екенін ол өзі ғана мойындап қоймай, қалың жұртқа насихат ретінде жырлайды.

Н.Наушабайұлының әдеби мұрасын алғаш зерттегендер Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Ө. Күмісбаев, У.Қалижан.

Әдебиет жинаушы Б.Байтоғайұлы 1928 жылы «Жаңа әдебиет» журналында жарияланған «Нұржан ақын» деген мақаласында Нұржанның шыққан тегі жайлы, оның өлеңдерінің болашақ ұрпақ үшін, қазақ әдебиеті үшін құндылығын айта келіп, ел арасындағы ақын өлеңдерін білетін адамдарға өтініш жасайды.

Нұржан өлеңдерінің өз заманында кеңінен таралғандығына, оның есімі сол кездегі белгілі ақындармен қатар аталғандығына М.Дулатовтың төмендегі өлең жолдары да айғақ болмақ.

Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,

Шөже, Орынбай, Мәшһүр-Жүсіп о да шықты.

Бұлардың әрбір өзі файдағы асқан,

Һүнерін хатқа жазып, халыққа шашқан.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынов өзінің белгілі «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде Нұржан өлеңдерінен:

Бұл күнде сөйлей берсек сөз жетерлік,

Білгендер тағылымы бар үлгі етерлік.

Кеңістің көзі ашылған бұлағынан,

Ағызы шұқанақты көл етерлік, -

деген үзінді алып «бейнелеу» тәсілін түсіңдіреді. Мұның бәрі Нұржанның өз заманындағы бағасын байқатады.