- •Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- •«Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәнінің
- •Гуманитарлық факультет Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
- •5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- •Бағалау саясаты
- •Курстың білім бағасының жалпы разбаловкасы
- •Бағалаудың критериилері
- •Курс саясаты
- •Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
- •Студенттің өзіндік жұмысын (сөж) орындауға әдістемелік нұсқаулар
- •Үлестіріп берілетін материалдар
- •Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
- •Практикалық сабақтар жүйесі
- •1. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық – стильдік және көркемдік ерекшеліктері.
- •2. «Гүлшат-Шеризат» дастаны бойынша сұрақтарға жауап:
- •3. Әсет Найманбайұлының «Ер Шеризат» қиссасы мен «Гүлшат - Шеризат» дастанын салыстыру.
- •4. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығына арналған тест тапсырмаларын орындау
- •2. Нұржан өлеңдерінің тақырыптық аясы және көркемдік ерекшелігі
- •3. Нұржан шығармаларының жанрлық өзгешелігі (айтыстары, дастандары және мысал өлеңдері)
- •2. Төмендегі үш тақырыптың біріне шығарма жазу.
- •3 . Сұрақ-жауап
- •4.Сұрақтарға жазбаша жауап беру
- •6.Тест тапсырмаларымен жұмыс.
- •Сәбит Дөнентаевтың табиғат лирикалары.
- •Осөж орындауға арналған әдістемілік нұсқау
- •Тест тапсырмалары
- •Глоссарий
- •Дәріс № 3-4 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы
- •Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы (1855-1933)
- •2. Қисса – дастан, поэмалары, олардың тарихи – сюжеттік негіздері.
- •Шәкерім Құдайбердіұлы шығармашылығы (1858-1931)
- •1.Шығармашылық өмірбаяны, зерттелуі.
- •2.Поэзиясының тақырыптық-көркемдік аясы, жанрлық ерекшеліктері.
- •3.Дастандары.
- •1. Өмірі мен қызметі.
- •3. Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі.
- •4. Мысалдары.
- •1.Ақынның әлеуметтік, көңіл-күй, махаббат, пейзаждық лирикалары.
- •2.Ақынның альбомдық өлеңдері.
- •1.Хх ғасыр басындағы ағартушылық ағым және Тайыр Жомартбаев. 2.Шығармаларының жариялану және зерттелу жайы.
- •3.Ақынның поэзиялық шығармаларындағы гуманистік, ағартушылық идеялар көрінісі.
- •4.«Қыз көрелік» романы: жанрлық, көркемдік ізденістер.
- •Емтихан сұрақтары
- •Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті пәні бойынша эссе тақырыптары
- •Оқу сабақтарында қосымша қолданылатын бағдарламалар мен мультимедиялар
- •Арнайы жабдықталған аудиториялар, оқу бөлмелері, зертханалардың тізімі
-
СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016
Ф.4.09-26
Гуманитарлық факультет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор - ОӘЖ
жөніндегі проректор
____________ Л. Еркінбаева
«_____» ___________2016 ж.
«Хх ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Оқыту түрі: күндізгі
Талдықорған 2016ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына ф.ғ.к., доцент Ш.А.Кыяхметова кұрастырған.
__________________________
(оқытушының қолы)
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2016 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі PhD А.М.Рахимова
«_____»__________ ___2016 жыл. № ______ хаттама
Гуманитрлық факультеттің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________Ш.С.Жаукумова
-
СМЖ ЖМУ Е/ПОӘК.09-2016
Ф.4.09-28
Гуманитарлық факультет Казақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
С И Л Л А Б У С
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті пәні бойынша
5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті
5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
мамандықтары үшін
Оқыту түрі: күндізгі
курс: 2
семестр: 4
кредит саны: 3
барлық сағат саны: 135, соның ішінде:
дәрістер: 30
іс-тәжірибелік сабақтар: 15
СӨЖ (соның ішінде ОСӨЖ) : 90
Емтихан: 4 семестр
Талдықорған 2016 ж.
ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Кыяхметова Шара Асетовна - Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты. Электрондық пошта адресі: Aset_Shara@mail.ru. Жұмыс тел.: 22-16-67-1125, үй тел.: 25-31-30, ұялы тел.: 8 701 883 60 61, 8 771 413 51 85
Сабақ уақыты: сабақ кестесі бойынша
Консультация уақыты: сейсенбі, сағ.12-00, 122 кабинет,
1 – корпус.
Пәннің атауы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті .
Курстың пререквизиттері: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті курсын игеру үшін білімгерлер қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуір әдебиеті, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, сияқты дәуірлерін әдебиеттану ғылымына кіріспе пәнінде берілетін негізгі ұғымдар мен қағидаларды, әдеби-теориялық терминдерді меңгеру керек.
Курстың постреквизиттері: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті пәнінің оқытылуы кейінгі семестрлерде үздіксіз оқылатын қазақ әдебиеті тарихының Мағжантану Мұқағалитану таңдау курстарын, Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиеті сынының тарихы, Әдебиет теориясы, Шетел әдебиеті сияқты әр алуан курстарды терең ұғынып, ғылыми тұрғыдан талдау жасай білуге дайындайды.
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Қазақ әдебиеті тарихындағы бұл кезең - жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де қайшылықты, жан-жақты даму, өрлеу, ояну кезеңі. Жазба әдебиеттің өркен жайған тұсы, әдеби жанрлардың әр саласында әдеби ізденістердің белең алған тұсы болғандықтан да осы кезеңдегі әдеби шығармаларды жан-жақты қарастыру кейінгі әдеби биіктеудің, кейінгі дамуының түрлі реңдерін аңғарып, айқындауға, алдыңғы әдебиеттің жетістіктерімен келетін тұстарын терең зерделеуге негіз бола алады.
Пәннің мақсаты: Осы кезеңдегі әдеби ағымдар мен бағыттарды жан - жақты қарастыру арқылы «алтын ғасыр» аталған әдебиеттің табиғатын тану.
Пәнді оқытудағы міндеттер:
Әдеби бағыттар мен олардың өкілдерін айқындау арқылы шығармашылық жетістік пен кемшіліктерді саралау. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қоғамдық - әлеуметтік жағдаймен байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ой - сананы оятудағы міндеттерін айқындау.
Өзіне дейінгі әдебиетпен байланысын, дәстүрлі әдебиет үлгісін, жаңашылдықты тану.
Романтизм мен реалистік әдіс- тәсілдердің қабаттаса жүріп, өмір шындығын ашудағы өзіндік ізденістерін бағамдау.
ХХ ғасыр басында әдебиеттің өріс алған қоғамдық, санаткерлік, көсемсөздік міндеттердің нәтижелерін салыстырмалы түрде қарастыру.
Бұрын қарастырылмай келген немесе біржақты қарастырылған әдебиет өкілдерінің шығармашылығын бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалау әр әдебиет өкілінің басты жетістіктерін ашу.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің азаматтық сарын, азаматтық рухты тану, бұл бағыттағы қаламгерлер шығармашылыының қазақ әдебиетін өркендетудегі қызметін айқындау, кейінгі әдебиеттегі асыл арналарын жүйелеу.
Курсты меңгеріп болғаннан кейін студент:
- қазақ әдебиетінің ілгері жылжуын ғылыми тұрғыда бағалау мен саралау жолдарын меңгеруі, қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесіне өзіндік тұрғыда баға беріп, жаңа тұжырымдар айта білуі;
- проза жанрының қалыптасып, дамуының обьективті себептерін ашып, айқындай алуы, қаламгер туындыларымен танысып, ондағы дәуір демін, қоғам шындығын айқындай білуі;
- көркем образ, әдеби характер, әдеби тип, реализм, романтизм, жазушы стилі сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін білуі;
- автордың идеялық - адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып қарастыра білуі;
- жанрды, шығармаларды, кейіпкерлерді, сондай-ақ оларда көтерілген келелі мәселерді, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыруы;
- тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын, пікірін дәлелдеуі, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай білуі;
- белгілі бір мәселелерді нысана етіп, соны шешу, әрі жинақтап қорытындылауда көркем шығармалардан, негізгі эпизодтардан ішінара іріктеп алып,/ ауызша және жазбаша / баяндауы;
- әдеби тақырыпқа баяндамалар мен рефераттар әзірлей алуы, қорғауы.
- автордың идеялық - адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып талдай алады;
- жанрды, шығармаларды, оларда көтерген келелі мәселерді, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыра алады;
- тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын, пікірін дәлелдей алуы, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай біледі.
Пәнді оқыту үдерісі келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:
а) негізгі құзыреттілік (НК)
ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді
тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық) саласында базалық білімінің болуы;
әлеуметтік – гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу, әлеуметтік жағынан қажетті проблемалар мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан саласында қолдана білу;
адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс жобаларын әзірлеуде ескере білу;
өзінің алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат қойып, оларды шешу үшін өзі оқып үйренген ғылымының әдіс- тәсілдерін пайдалана білу;
- заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте
ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
күнделікті кәсіптік қызметте және магистратурада білім алуды
жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
б) пәндік құзыреттілік (ПК)
студенттер осй пәнді оқу арқылы әдебиетіміздің тарихымен, қалыптасу
кезеңдерімен жан-жақты танысады.
эстетикалық талғам тұрғысынан әдеби шығармаларға ғылыми
теориялық талдау жасауға үйренеді. Көркем ойлау, бейнелі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
көркемдік дамудағы жалғастық пен жаңашылдықты ескере отырып,
басты-басты әдеби шығармаларды идеялық, жанрлық, көркемдік-бейнелеу тәсілдері тұрғысынан талдай білу дағдысын игереді.
в) арнайы құзыреттілік (АК)
- заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы қарқынды түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында
қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;
өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне, пән аралық
жобалармен жұмыс істеуге әдістемелік және психологиялық жағынан дайын болу.
мамандыққа тікелей қатысты мекемелер мен ұйымдарда әр түрлі
шараларды ұйымдастыра білуге және басқаруға икемділігі болуы керек.
қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін
әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
меңгерген теориялық білімін іс жүзінде пайдалана білу, осы жолда жаңа
технологияларды оңтайлы пайдалану.
дүниеге, тіршілік негіздеріне, ғылыми философиялық, діни танымдық
көзқарас қалыптастыру.
іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру.
