Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФЭП-ПРОФ КАЗ(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Қаржы нарығы: оның мәні мен құрылымы (Финансовый рынок: его значение и структура)

Қаржы дегеніміз-экономикалық категория. Оның объектісі-қаржы ресурстары, ал субъектісі-мемлекет, кәсіпорындар, мекемелер, өндірістік емес ұйымдар болып табылады.

Қайсы бір ел болсын, оның экономикалық жүйесі ең алдымен өзара байланысты үш жүйеден тұрады: мемлекеттік қаржы, экономиканың бастапқы буынының қаржысы (кәсіпорындар, ұйымдар, және т.б.) және халықтың қаржысы. Бұдан басқа экономиканың қаржы жүйесіне шаруашылықтың әр түрлі типтерінің (бірлестіктер, концерндер, ассоциациялар, т.б.), сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың қаржылары да жатады. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты аталмыш қаржы жүйесі өндіріс қаржылары, құрылыс қаржылары, сауда қаржылары, әлеуметтік сала қаржылары және т.б. болып та бөлінеді.

Мемлекеттік қаржы-бұл мелекеттің өзіне міндетті қызметін атқаруы үшін қажетті ақша қорларының жүйесі.

Экономиканың бастапқы буындарының қаржылары-бұл кәсіпорынның өндіріс пен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін, оның шаруашылық шеңберінен аспайтын ақша қорларының жүйесі.

Халықтың қаржысы бұл тұрғындардың еңбек ету, шаруашылық жүргізу және басқа да қызметтер негізінде алатын табыстарынан құралатын ақша қорлары.

Қаржы нарығы бағалы қағаздар, қарыз (несие), валюта және капитал нарықтарынан құралады.

Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Қаржы-финансы бірлестік-объединение

Кәсіпорын-предприятие қоғамдық-общественный

Мекеме-учреждение сала-отрасль

Өндірістік-производственный қор-фонд, запас

Жүйе-система қарыз-долг, ссуда

әр түрлі-разный, различный несие-кредит

Тапсырма № 2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма № 3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қаржы дегеніміз қандай категория?

2.Қаржының объектісі не?

3.Қаржының субъектісі не?

4.Әр елдің экономикалық жүйесі неден тұрады?

5.Мемлекеттік қаржы дегеніміз не?

6.Қаржы парызы неден құралады?

Тапсырма № 4. Тест жұмысы.

1.Қаржы дегеніміз не?

а) организация

ә) финансы

б) система

2.Экономикалық жүйе қанша жүйеден тұрады?

а)4

ә)3

б)5

3.«Әлеуметтік» деген сөздің аудармасы

а) общественный

ә) социальный

б) производственый

4.Екі сөзден тұратын сөзді көрсетіңіз.

а) мекемелер

ә) кәсіпорын

б) өндірістік

Тапсырма № 5. «Нелер?» деген сұраққа жауап беретін сөзді көрсетіңіз.

а) шеңбері

ә) ұйымдар

б) экономикалық

Практикалық сабақ №21.

Нарықтық экономика.

Нарықтық экономиканың өзінің ерекше заңдары бар: бірінші заңы: тауарды сатуда, сатып алуда, өндіруде ұсыныс пен сұранысты ескеру керек. Нарықтың екінші заңы: сапалы тауар өндіру арқылы нарықтағы бәсеке шартына жауап бере алатындай болу керек.

Бір-бірімен бәсекелесуші фирмалар мен кәсіпорындар баға белгілеу процесін басқара алмаса, олар тауарларын өткізе алмауы мүмкін.

Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Ерекше-особенный, особенно

Ескеру-учитывать

Сапалы-качественный

Басқару-управлять

Кәсіпорын-предприятие.

Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма №3. Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Заң, тауар, ұсыныс, сұраныс, өндіру, баға, мүмкін.

Тапсырма №4. Грамматиканы еске түсірейік –ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнақтары.

Мысалы: бірінші заңы, екінші заңы.

Берілген сан есімдерге реттік сан есімнің жұрнақтарын жалғап, сөйлем құрастырыңыздар.

Үш, алты, сегіз, жүз, 2009 жыл, мың, 2030 жылы

Практикалық сабақ №22.

Салықты не үшін төлейміз.

Салық дегеніміз-үкіметтің кәсіпорындарда, адамдардан алған төлемі. Үкіметті, әскерді, полицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Қалай мемлекет пайда болды, салық та солай дүниеге келді. Салық бірінші рет Қытайда пайда болды. А. Смит салықты «әділетті салық» деп атаған.

Қазір нарықтық экономикада-салық мақсатты болу керек: қай жерге өте қажет, салықтан жинаған қаржыны сол жерге жұмсау керек, А.Смитше айтатын болсақ, салық халықтың өзі үшін десек те болады. Халық салықтың жұмсалуын үкіметтен үнемі сұрап, бақылап отырады.

Салық салу тәсіліне қарай төте және жанама салық түрлеріне бөлінеді.

Салықтың мынадай міндеттері бар:

− қазыналық міндет (мобилизационная функция);

− бөлу міндеті;

− ынталандыру міндеті;

− шектеу міндеті;

− бақылау-бөлу міндеті.

Салық саясаты-салық салу саласындағы ресми салық саясаты ол салық салудың айқындамалық ерекшеліктерін, оларды жүзеге асырудың басты принциптерін, мақсаты мен әдістерін, тиісті ақпараттық және заң шығарушылық базаны айқындайды.

Тапсырма № 1.Сөздікпен жұмыс істеңіз.

Ақпарат-информация міндет-задача,обязанность

Әділетті-справедливый саясат-политика

Бақылау- контролировать, салық-налог

наблюдение тәсіл-способ

жанама - косвенный төлем- платеж

кәсіпорын-предприятие төте-прямой

қазыналық-ценный, казенный, үкімет-правительство

государственный шектеу-ограничение

қажет-нужно ынталандыру -поощрение,

қаржы-финансы стимулирование

Тапсырма № 2.Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма № 3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Салық дегеніміз не?

2.Салықты не үшін жинайды?

3.Салық бірінші рет қайда пайда болды?

4.А.Смит салықты қалай атаған?

5.Салық салу тәсіліне қарай қандай түрлерге бөлінеді?

6.Салықтың қандай міндеттері бар?

Тапсырма № 4.Грамматиканы еске түсірейік. Мәтіннен табыс септігінің жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар.

(Табыс септік-винительный падеж. Сұрақтары: кімді? нені?

Жалғаулары: ны, ні, ды, ді, ты, ті, н).

Тапсырма №5. Сөз тіркестерінің жалғауларына назар аударыңыз.

Нарықтық экономиканы, халықтың салығын, салық салу тәсілін, салық түрлерін, салық саясатын жүргізу, салық салудың ерекшеліктерін, басты принциптерді, ақпараттық базасын.

Тапсырма №6.Орыс тіліндегі баламасын беріңіз

Жергілікті салық, мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет, заңды тұлға, жеке тұлға, қосымша құнға салынатын салық, салық саясаты, салық ставкалары, бөлу міндеті, ынталандыру міндеті, шектеу міндеті, бақылау бөлу міндеті, төте салық, жанама салық.

Практикалық сабақ №23.

Нарықтың салық жүйесі