- •Жарнама.
- •Табыс қайдан келеді?
- •Экономика
- •Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
- •1.«Үнем» түбірлес сөздерді жиі естиміз.
- •Экономиканы білу-пайда.
- •(Три важнейших вопроса экономики)
- •(Сущность теневой экономики)
- •Экономикаға қатысты терминдер
- •Маркетинг-бизнестің өзегі (Маркетинг-стержень бизнеса)
- •Нарықтың жүрегі-ақша.
- •Ақшадан қажет не?
- •Қаржы нарығы: оның мәні мен құрылымы (Финансовый рынок: его значение и структура)
- •Нарықтық экономика.
- •(Налоговая система рынка)
- •Нарықтың түрлері.
- •Сұраныс пен ұсыныс
- •Нарықтың инфрақұрылымы (Инфраструктура рынка)
- •Нарыққа қатысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер ( Крылатые слова, пословицы и поговорки, имеющие отношение к рынку)
- •Қазақ мақалдары
- •Инфляцияның түрлері (Виды инфляции)
- •Мазмұны
- •Икапова Дана Сарқытқызы
- •2014Жылы баспаға жіберілді
- •050043, Алматы қ-сы, Рысқұлбеков к-сі,
Нарықтың жүрегі-ақша.
Ақша туралы айтқанда, біз әр уақытта банкті еске аламыз. Банктер-ақша әлеміндегі ең негізгі тұлға.
Міне сондықтан да банк туралы арнайы айтатын кез келді.
Экономиканың дамуына, еліміздің баюына көмектесетін де, ақшаны құрайтын да, тауарға айналдыратын да банк емес пе?
Адам баласының ертеректен ойлап тапқан экономикалық жаңалығы-банктер.
Қазір олар көптеген елдердің шаруашылығында ең маңызды орын алады. Олардың жұмысындағы жаңылысу елді жер сілкінісіндегідей сілкіндіріп жіберері сөзсіз. Бұның бәрі қазір банктердің экономикадағы есептеу жүйесіне қызмет ете отырып, ақшаны сатушыдан сатып алушыға жеткізуде негізгі рөл атқаруына байланысты.
Банктердің бұл жұмыстарды жақсы орындауы арқылы экономикада ақша тездетіп айналымға түседі.
Келісімдер жасалса, өндірісте тауар айналымы дамып, еліміздің экономикасына үлкен сөзсіз.
Егер банктер мұндай жұмыстарды дұрыс орындай алмай жатса, кез - келген елдің экономикасы құлдырай бастайды.
Адамдар өздерінің жинақтарын банкте сақтаса, ол банктер өз кезегінде салым бойынша пайыз төлеп отырады және қымбат заттарды сатып алуға несие береді.
Кәсіпорындар өздерінің табыстары банкте сақтап, сол арқылы серіктестерімен есептеседі. Мемлекет өздерінің сауда-саттық және басқа шығындарын төлейді. Кей жағдайда жетпей тұрған ақшаны қарызға алады.
Өндіріс ресурстары мен тауар рыноктарында істейтіндер, коммерциялық мекемелер, сол сияқты қор биржасына қатысушылар өздерінің қажеттіліктеріне несие алып, сатып алушылар мен сатушылар арқылы есеп айырысады.
Сонымен, банктер нарықтық арналар жүйесін қамтамасыз етеді. Бұл арналар жүйесі арқылы банк мемлекетке, кәсіпкерге, азаматтарға қажетті ақшаларды тез, ыңғайлы орналастыруды қамтамасыз етеді.
Тура осылай қызмет жасау, сол сияқты құнды заттарды сенімді сақтау бұрыннан банктерге табыстың негізгі бөлігін әкеліп отырған.
Осыған орай дүние жүзіндегі барлық банкирлердің ойы-ақша қозғалысын жеңілдетіп, жылдамдату, өз клиенттеріне жаңа мүмкіндіктер жасау арқылы қосымша ақы алу.
Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Маңызды-важный
Жер сілкінісі-землятресение
Айналым-оборот
Жинақтарын-свои сбережения
Серіктес-партнер
Қарыз-долг
Мекеме-учреждение
Қамтамасыз ету-обеспечивать
Қосымша-дополнительно
Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді аңықтаңыз.
1.Банктер-ақша әлемдегі негізгі тұлға
2.Банктер елдердің шаруашылығында маңызды орын алады.
3.Банктер нарықтық арналар жүйесін қамтамасыз етпейді.
4.Банкилердің негізгі байлығы-клиенттердің сенімсіздігі.
Тапсырма №4 Көп нүктенің орнына тиісті жалғаулар жалғаныздар.
1.Өндіріс . . . . тауар ойналымы дамиды.
2.Кәсіпорындар өздері . . . . табыстарын банк.... сақтайды.
3.Банк мемлекет ..... , кәсіпкер..... , азаматтар .... қажетті ақшаларды береді.
4.Банкирлердің ой.... өз клиенттері.... жаңа мүмкіндік.... жасау..
Практикалық сабақ №16.
Ақша.
Ақша дегеніміз-адам баласының сауданы жеңілдету мен басқа да экономикалық мәселелерді шешу үшін пайдаланылатын ерекше бір заттардың жалпы атауы.
Расында, біз ақша операциясын жасау үшін ақшаның белгілі түрін пайдаланамыз, ол: метал, тиындар немесе қағаз банкнот болуы мүмкін.
Қағаз ақшалар ақша айналымға ертедегі Қытайға ІХ ғасырда жіберілген болатын. Басқа елдерде «нағыз ақшаның» орнына жүретін ақшалар кеңінен қолданылған. Мұндай ақшалардың құны патшалардың мөрі мен банкирлердің, саудагерлердің қолымен, жеке мөрімен куәландырылған.
Мысалы, Ресейде мұндай ақшаның рөлін штемпель басылған былғары атқарса, Қытайда ХІІІ ғасырда император Хубилай ақшаны тұт ағашының қабығынан «ойып жасауды» бұйырады. Мұндай ақшаны өзінің императорлық мөрімен куәландырады.
Батыс мәдениетінде қағаз ақшаны шығару алғаш рет 16ғ. Солтүстік Американың Массачусетс Штатына тиесілі.
Еуропада Американың тәжірибесін пайдаланып, 1716-1720 жылдары Францияда атақты экономист және банкир Джонло банкісінде банкноттар шығара бастады. Алғашқыда қазір банк билеттері деп атап жүрген банкноттар кеңінен тарады. Мұндай банк билеттеріне банкирдің қолы қойылып берілді. Бұл оның билет берген адамға онда көрсетілген соманы кез-келген уақытта төлеуге міндеттілігін көрсетілетін еді.
Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Жеңілдету-облегчить
Атау-название, называть
Нағыз-настоящий
Мөр-печать
Былғары-кожа
Төлеу-платить
Тәжірибе-опыт
Алғаш рет-в первый раз
Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Ақша дегеніміз не?
2.Ақшаның қандай түрлері болады?
3.Ресейде ақшаның рөлін не атқарған?
4.Батыста қағаз ақша қашан шығарылған?
5.Еуропада 1716-1720 жылдары нелер шығарыла бастады?
Тапсырма №4. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар.
Тапсырма №5. «Ақша» деген сөзді тәуелдеңіздер, септеңіздер.
Практикалық сабақ №17.
