Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФЭП-ПРОФ КАЗ(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Экономикаға қатысты терминдер

1.Қаржыландыру-құнды қағаздар шығарылуын қосқандағы несие алу мен ұсынудың әр түрлі әдістері.

2.Қаржыгер-ірі ақша сомаларымен байланысты мәселелерді ұйымдастырушы адам.

3.Жабдықтау жөніндегі агент. Жалдаушы орган атынан (материалдарды, мүліктерді немесе қызмет көрсетуді) сатып алуды жүзеге асыру үшін таңдап алынған арнаулы фирмалар.

4.Ішкі қаржы мекемелері. Халықаралық сипаттағы емес жергілікті банктер мен басқа қаржы мекемелері.

5.Бас жоспар. Қызметтің нақты секторына арналған орта және ұзақ мерзімді стратегия.

6.Жетекші фирма. Конкурсты (тендерді) өткізуде немесе жобаны жүзеге асыруда (конкурс бойынша шарт жасау құқына ие болған жағдайда) консорциумды басқаратын компания немесе ұйым.

7.Аудит: тексеру, ревизия. Есеп беру немесе есеп шоттарының дұрыс бұрыстығын тексеру үшін ресми түрде зерттеу. ТОСИС бағдарламасы бойынша қаржыландырып отыратын қызмет қажет деп табылған жағдайда Комиссия мен Есеп палатасы тарапынан жергілікті тексерілуі мүмкін.

Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Ірі ақша сомалары-крупные денежные суммы

Құнды-ценные

Ұсыну-предоставлять, предоставление

Жалдаушы орган-нанимающий орган

Жергілікті-местные

Мүлік-оборудование

Тапсырма №2.Терминдерді оқып, аударыңыз.

Тапсырма №3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қаржыландыру дегеніміз не?

2.Қаржыгер деген қандай адам?

3.Ішкі қаржы мекемелерге нелер жатады?

4.Жетекші фирма дегеніміз қандай мекеме?

Тапсырма №4.Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Құнды, жергілікті, мүлік, қаржы, мекеме, мәселе, жоба, ресми, жүзеге асыру.

Тапсырма №5. “Қаржыгер” сөзін септеңіздер, жіктеңіздер

Практикалық сабақ №14.

Маркетинг-бизнестің өзегі (Маркетинг-стержень бизнеса)

Маркетинг (ағылшынша «marketining»-нарықты жасау) капиталистік кәсіпорындардың өндірістік өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында пайда болды. Алғашқыда ол өткізуді ұйымдастыру әдісі деп қана қаралды. Бірақ маркетинг тек тауарларды өткізумен шектелмейді. Өзінің даму барысында ол бүтін ғылымға, «бизнестің өзегіне» айналды.

Маркетингтің мәнін түсіну үшін, оның бір-екі анықтамасына тоқталайық.

Маркетинг-бұл адамның тұтынуын айырбас арқылы қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет түрі.

Маркетинг-бұл тауарларға, қызметтерге , адамдарды ұйымдастыруға, аймақтарға және идеяларға сұранымды айырбас арқылы болжау, басқару және қанағаттандыру.

Біздің ойымызша, маркетинг-нарықты терең білуге, баға белгілеу сұрақтарына және тұтыну мен сұранымды олжамдауға, тауарларды тұтынушыларға жеткізуге, өндіріске және одан кейінгі қызмет көрсетуге негізделе құрылған өндірісті басқару мен өнімді өткізуге кешенді көзқарас.

Нарық тұжырымдамасы ретіндегі маркетингтің негізгі принциптері мыналар:

-өндірістің түпкі нәтижесіне ұмтылу-тауарларды нарық кезінде тиімді өткізу;

-нарыққа икемделудің стратегиясы мен тактикасын бірлікте және өзара байланыста қолдану, сонымен қатар оған мақсатты бағытта әсер ету;

-кәсіпорынның жұмысын шұғыл нәтижеге емес, ұзақ мерзімді нәтижеге бейімдеу;

-алға қойған мақсат пен міндетке жету үшін бағдарламалы – мақсатты әдіс пен кешенді қатынас жасау.

Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Бизнестің өзегі-стержень бизнеса

Сауда істері-торговые дела

Бүтін ғылымға-в целую науку

Айырбас-обмен

Аймақ-регион

Қанағаттандыру-удовлетворить

Болжау-прогнозировать, предположить

Түпкі нәтиже-конечный результат

Қолдану-применить

Шұғыл нәтиже-скорый результат

Бейімдеу-приспособить

Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Маркетинг қашан пайда болды?

2.Маркетинг деген не?

3.Маркетингтің негізгі принциптері қандай?

Тапсырма №4. Тест жұмысы

1.«Маркетинг» қай елдің сөзі?

а)Қазақтың

ә)Орыстың

б)Ағылшынның

2.«Өндірістік» сөзінің аудармасы?

а)Производственный

ә)Долгосрочный

б)Срочный

3.Маркетинг қашан пайда болды?

а)ХХ-ХХІ

ә)ХІХ-ХХ

б)ХVІІІ-ХІХ

4.Барыс септігі бар сөзді анықтаңыз?

а)Аймақты

ә)Болжаудың

б)Тауарларға

Тапсырма №5. Грамматиканы еске түсірейік.

Мәтіннен Барыс септігінің жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар

Практикалық сабақ №15.