Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФЭП-ПРОФ КАЗ(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

(Три важнейших вопроса экономики)

Нарықтық механизмде шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық мәселелерді алдын ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл мәселелер өте қарапайым түрде шешіледі тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп, өндірістің көлемі мен бағасын анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін ( не өндіру, қалай өндіру және кім үшін өндіру керек? ) шешу мақсатында әрекет етеді.

Не өндіру керек? Бұл жағдайда тұтынушы бір немесе басқа тауарды сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндірудің көбеюін ынталандырады.

Қалай өндіру керек? Ол тауар өндірушілердің арасында болатын күресімен анықталады. Тауар өндірушілер үшін бірақ жол бар, ол - белгілі бір баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және одан пайда табу.

Кім үшін өндіру керек? Бұл сұрақ сұраным мен ұсынымның арақатысымен шешіледі.

Тапсырма №1.Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Шаруашылық -хозяйство, хозяйствующий

Саналы түрде-сознательно

Тауар өндіруші-товаропроизводитель

Тұтынушы-потребитель

Көлем-объем

Өзекті-важнейший

Әрекет-действие

Таңдау-выбирать, выбор

Ынта-усердие, желание, инициатива

Тапсырма №2.Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма №3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар қайда кездеседі?

2.Экономиканың қандай үш өзекті мәселесі бар?

3.Егер тұтынушы тауарды көп сатып алса, онда баға не істейді?

Тапсырма №4.Тест жұмысы.

  1. “Белсенділік” сөзінің аудармасы

а) активность

ә) конкуренция

б) производство

2. Экономиканың өзекті неше мәселесі бар?

а) 3

ә) 4

б) 5

3. “Проблема” сөзінің аудармасы

а) нарық

ә) өндіруші

б) мәселе

4. “Өндіру” сөзінің аудармасы

а) производственный

ә) производить

б) производство

Тапсырма №5.Мәтіннен “ Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазыңыздар.

Практикалық сабақ №12.

Астыртын экономиканың мәні

(Сущность теневой экономики)

Экономикалық әдебиеттерде астыртын экономика деген ұғым туралы әзірше біртұтас пікір жоқ. Бір экономистер астыртын экономиканы әр түрлі типтегі өндірістік қатынастардың күрделі жиынтығы; басқалары оны астыртын, экономикалық іс-әрекеттерді ресми есеп пен бақылаудан жасырын тұрған ұйым; үшіншілері адамға неше түрлі кеселдерді (қару -жарақ, есірткілерді өндіру мен сату және басқалары) таратуға бағышталған бұзықтық әрекет түрлері деп есептейді.

Біздің ойымызша, астыртын экономиканы әрқалай себептермен есепке алынбаған және халық шаруашылығының басқа салаларымен қатар өмір сүретін, салыстырмалы түрде экономиканың дербес секторы деп түсіну керек.

Біздің елімізде оған мынандай белгілер тән:

-Заңды түрде оларда меншік жоқ, бірақ өздерінің мүддесі үшін ресми меншік түрлерін пайдаланады. Солардың есебінен күн көріп, астыртын өндіріс және саудамен айналысады;

-Ресми (мемлекеттік) экономикадағы, кәсіпкерлік салалардағы жағдайдың жақсаруы астыртын экономиканың мақсатына кері әсер етеді, кедергі жасайды. Сондықтан оның ұйымдастырушылары мен басшылары, ешқандай шығынмен санаспастан, ресми экономикаға барынша зиян келтіруге, оның тиімділігін төмендетуге тырысады;

-Олар тапшы тауарларды өндіруге және сатуға мамандаланады, т.б...

Тапсырма№1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Астыртын экономика-теневая экономика

Әдебиет-литература

Пікір-мнение

Күрделі-сложный

Бақылау-контроль, контролировать

Мүдде-интерес желание

Әрекет-действие

Қару- жарақ-оружие

Есірткі-наркотик

Салыстырмалы түрде - сравнительно

Тапсырма№ 2.Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.

1.Астыртын экономика туралы біртұтас пікір жоқ

2.Астыртын экономикада заңды түрде меншік жоқ

3.Ресми экономикадағы жағдайдың жақсаруы астыртын экономикаға кедергі жасайды

4.Астыртын экономиканың ұйымдастырушылары мен басшылары ресми экономикаға зиян келтірмейді

Тапсырма№3. Грамматиканы еске түсірейік.

Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар

Тапсырма№4. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыздар

Экономикалық әдебиет, ресми экономика, сала, қару-жарақ, есірткі, халық шаруашылығы, сауда, зиян тауарлар.

Практикалық сабақ №13.