Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФЭП-ПРОФ КАЗ(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Экономика

Біз күнделікті тіршілікте «үнем», «үнемдеу», «үнемшіл» деген сөздерді жиі естиміз және өзіміздің үй шаруашылығымызды басқара отырып, өз жанұямыздың экономикасын ұйымдастырып отырғанымызды байқамай да қаламыз.

Біз жанұямыздың бюджетін дұрыс бөлуге, жарықты, суды, ақшаны үнемдеуге, мүлікке ұқыпты қарауға тырысамыз.

Экономика-«үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген грек сөзі.

Жеке адамның, отбасының, бүкіл қоғамның бірлігі экономикадан тұрады.

Экономиканы білмей, үй шаруашылығынан бастап халық шаруашылығына дейін басқару мүмкін емес.

Нарықтық экономика-сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, тауар алмасу арқылы туатын еркін бәсеке уақыты.

Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Үнем-экономия

Ұйымдастыру-организовать

Жарық-свет

Мүлік-имущество

Ұқыпты-аккуратно

Қоғам-общество

Алмасу-обмен, обмениваться

Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.

1.«Үнем» түбірлес сөздерді жиі естиміз.

2.Өз жанұямыздың экономикасын ұйымдастырамыз.

3.Экономика деген латын сөзі.

4.Бүкіл қоғамның бірлігі экономикадан тұрады.

5.Экономиканы білмей халық шаруашылығын басқару мүмкін.

Тапсырма №4. Тест жұмысы.

1.«Үнемшіл» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

2.«Жарық» сөзінің аудармасы:

а) спрос

ә) предложение

б) свет

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) кәсіпкер

ә) кәсіпорын

б) кәсіптік

4.«Еркін бәсеке» тіркесінің аудармасы:

а) свободное хозяйство

ә) свободная конкуренция

б) единство общества

Тапсырма №5. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар:

Үй шаруашылығы, ақшаны үнемдеу, ұқыпты қарау, нарықтық экономика, бүкіл қоғамның бірлігі.

Практикалық сабақ №9.

Экономиканы білу-пайда.

Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары табиғат заңдары сияқты объективтік сипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.

Экономика-бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі. Өте қарапайым түрде айтатын болсақ, экономика дегеніміз-өзіміздің тұрмысымыз.

Базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу-экономика. Мамандық таңдар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қоғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет - сіз оны да есептейсіз күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе, заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме-мұны білу де-экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді.

Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өміріңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шығады, кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетіңіздің шаруашылығын басқару үлкен өнер. Сонымен, сіздің күнделікті тұрмысыңыздың бәрі экономикадан тұрады.

Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Байлық- богатство

Басқару өнері- искусство управлять

Игеру-освоить

Күнделікті-ежедневный

Қоғам-общество

Қарапайым-простой, примитивный, скромный

Өмірге келген күннен бастап- со дня рождения

Пайда әкелу-принести пользу

Сұраныс-спрос

Табиғат-природа

Таңдау-выбирать

Тұрмыс-быт

Шаруашылық- хозяйство

Тапсырма№2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма№3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Экономика деген сөз қандай мағына береді?

2.Экономиканы немен салыстыруға болады?

3.Мамандық таңдар кезде сіз нені ескересіз?

4.Қазақстанның экономикасы туралы не білесіз?

Тапсырма№4. Мәтінге сай сөйлемді анықтаңыз.

1.Экономиканы табиғатпен салыстыруға болмайды.

2.Экономика бізге байлық, пайда әкеледі.

3.Экономика- көне латын сөз.

4.Экономика дегеніміз-біздің тұрмысымыз.

5.Экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендейді.

6.Күнделікті тұрмысымыздың бәрі экономикадан тұрады.

Тапсырма№5. Грамматиканы еске түсірейік.

Са, се-шартты рай жұрнақтары.

1.Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз.

2.Егер экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.

3.Егер экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді.

Тапсырма№6. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.Егер экономика заңдарын білсек, ...

2.Мамандық таңдаған кезде жақсы ойлансаңыз,...

3.Жақсы мамандық таңдасаңыз,...

4.Тұрмысым жақсы болсын десеңіз,...

5.Қоғамға пайдалы боламын десеңіз,...

Практикалық сабақ №10.

Ұлттық экономика.

Кез келген мемлекеттің экономикасы сол елдің ұлттық ерекшеліктеріне, салт дәстүріне, шаруашылықты жүргізу тарихына сүйенетіні белгілі.

Ұлттық экономиканың қызметіне елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы жатады. Ұлттық экономиканың қызметін Үкімет, жеке тұлғалар, пайда алмайтын жекеше ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар,компаниялар құрайды.

Ұлттық экономика төмендегідей салалардан тұрады: өнеркәсіп өндіріс, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда.

Ұлттық есепшіліктің халықаралық практикасында экономикалық аумақ санатына мыналар жатады: еседегі әкімшілік басқарудың еркін тауар ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы, әуе кеңістігі, мемлекеттің балық аулауға, шикізат, отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен континенттік қайран жатады.

Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Ерекшелік-особенность

Салт дәстүр-традиции и обычаи

Жиынтық-совокупность

Үкімет-правительство

Тұлға-личность

Ұйым-организация

Көлік-транспорт

Әуе кеңестігі-воздушное пространство

Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1)Кез келген мемлекеттің экономикасы неге сүйенеді?

2)Ұлттық экономиканың қызметіне не жатады?

3)Ұлттық экономиканың қызметін нелер құрайды?

4)Ұлттық экономика қандай салалардан тұрады?

5)Экономикалық аумақ санатына нелер жатады?

Тапсырма №4. Мәтіннен «нелер?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жазыңыздар.

Практикалық сабақ №11.

Экономиканың өзекті үш мәселесі