- •Жарнама.
- •Табыс қайдан келеді?
- •Экономика
- •Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
- •1.«Үнем» түбірлес сөздерді жиі естиміз.
- •Экономиканы білу-пайда.
- •(Три важнейших вопроса экономики)
- •(Сущность теневой экономики)
- •Экономикаға қатысты терминдер
- •Маркетинг-бизнестің өзегі (Маркетинг-стержень бизнеса)
- •Нарықтың жүрегі-ақша.
- •Ақшадан қажет не?
- •Қаржы нарығы: оның мәні мен құрылымы (Финансовый рынок: его значение и структура)
- •Нарықтық экономика.
- •(Налоговая система рынка)
- •Нарықтың түрлері.
- •Сұраныс пен ұсыныс
- •Нарықтың инфрақұрылымы (Инфраструктура рынка)
- •Нарыққа қатысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер ( Крылатые слова, пословицы и поговорки, имеющие отношение к рынку)
- •Қазақ мақалдары
- •Инфляцияның түрлері (Виды инфляции)
- •Мазмұны
- •Икапова Дана Сарқытқызы
- •2014Жылы баспаға жіберілді
- •050043, Алматы қ-сы, Рысқұлбеков к-сі,
Инфляцияның түрлері (Виды инфляции)
Шетел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі:
1.баяу немесе сұлама инфляция
2.қарқынды инфляция
3.ұшқыр инфляция
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20%-тен аз), ақша негізінен өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халық та, мемлекет те төтенше жағдайға тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20%-тен 200-300%-ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ол бағаның одан әрі көтерілуіне әкеп соқтырады.
Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000%-тен жоғары) өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономиялық тарих ұшқыр инфляцияның таңғаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985 жылы Боливияда - 3400%, 1990 жылы Аргентинада -2000%
құрады. Кейде инфляцияның ашық және басылыңқы (жасырын) деп, екіге бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сайыса береді. Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді.
Тапсырма№1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Баяу немесе сұлама инфляция-умеренная инфляция
Ұшқыр инфляция-гиперинфляция
Төтенше жағдай-чрезвычайная ситуация
Жалақы-заработная плата
Көтерілу-подниматься
Ашық-открытый
Басылыңқы (жасырын)-скрытный
Салдар-последствие
Тапсырма№2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма№3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
1. Инфляцияны шетел мамандары үш түрге бөледі.
2. Баяу инфляция кезінде баға тез өседі.
3. Қарқынды инфляция кезінде баға мүлдем өспейді.
4. Ұшқыр инфляция кезінде баға қарқынмен өседі.
5. Инфляцияның үш түрі болады.
Тапсырма№4.Тест жұмысы
1. Баяу инфляция кезінде ақша өз құнын
а) сақтамайды
ә) сақтайды
б) жоғалтады
2. Инфляцияның түрі
а) басылыңқы
ә) төтенше
б) еркін
3. “Маман” сөзінің аудармасы
а) специальность
ә) специалист
б) руководитель
4. “Некоторый” сөзінің аудармасы
а) байланысты
ә) кейбір
б) қарқын
Тапсырма№5. Грамматиканы еске түсірейік
“Да, де, та, те, және, мен, немесе” жалғаулықтары.
Мәтіннен жалғаулықтары бар сөйлемдерді табыңыздар.
Тапсырма№6. Жалғаулықтармен сөйлем құрастырыңыздар
.
Практикалық сабақ №32.
Жұмыссыздық және оның түрлері
(Безработица и ее виды)
Нарықтық экономикаға өту кезеңін бастан кешіріп жатқан біздің елімізде жұмыссыздық үлкен мәселе болып отыр. Себебі, бізде осы уақытқа дейін еңбек нарығы болмады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда. Ал ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетеді. Жұмыссыздар саны артады. Кәсіпкерліктің, т.б. баяу қалыптасуы жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр.
Жұмыссыздықтың әр алуан түрлері болады, енді осыған тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді пайдаланған жағдайда орын алады. Шын мәнінде олардың жұмысын аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпараттың жоқтығының нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе, қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысы, жасы, ұлты, мамандығы және т.б. ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нәтижесінде болады. Ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.
Тапсырма№1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Жұмыссыздық-безработица
Еңбек нарығы-рынок труда
Мемлекет иелігінен алу-разгосударствление
Жекешелендіру-приватизация
Жұмыскер-работник
Ұлт-нация, национальность
Жұмыспен қамту-трудоустройство
Жұмыс күші-рабочая сила
Ақпарат-информация
Маусымдық-сезонный
Жыныс-пол
Тапсырма№2.Мәтінді оқып, аударыңыз
Тапсырма №3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Жұмыссыздықтың қандай түрлері бар?
2.Жасырын жұмыссыздық қашан орын алады?
3.Функциондық жұмыссыздық ненің нәтижесінде болады?
4.Маусымдық жұмыссыздық қай салаларда болады?
5.Құрылымдық жұмыссыздық қашан болуы мүмкін?
6.Технологиялық жұмыссыздық қандай жағдайда болады?
Тапсырма №4.Тест жұмысы.
“Немен?” деген сұраққа жауап беретін сөз
а) ақпаратпен б) мемлекетті
ә) ұлтты
2. “Қайда?” деген сұраққа жауап беретін сөзді анықтаңыз
а) еңбек нарығында б) мемлекеттен
ә) жұмыссыздықты
3. “Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөзді анықтаңыз
а) шаруашылық б) уақытқа
ә) өтпелі
4. “Кімді?” деген сұраққа жауап беретін сөзді анықтаңыз
а) жұмыссыздықты б) жұмысты
ә) жұмыскерді
Тапсырма№5. Грамматиканы еске түсірейік.
“сыз, сіз” жұрнақтары
Мәтіннен сыз, сіз жұрнақтары бар сөздерді теріп жазыңыздар
Тапсырма№6.Сөздерге “сыз, сіз” жұрнақтарын жалғап аударыңыздар, сөйлем құрастырыңыздар
Жұмыс, ақпарат, нәтиже, күш, өндіріс, мамандық, машина
Практикалық сабақ №33.
БӘСЕКЕ КЕРЕК ПЕ?
Бәсеке деген не? Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Неге солай? Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру керек. Осы ынталандыру көзі-бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы-бірлестік. Кейбі әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырық, сапалы, әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, рынокта өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы бірлесу. Өмірдің өзі бәсеке. Кішкентай бала өмірінен де бәсекенің нышандары байқалады. Бала бақшада екі балаға бірдей тапсырма беріңіз, олар біреуінен бірі артық, тез, жақсы орындауға тырысады. Анасының көңілін өзіне көбірек аударуға тырысады. Бұл да бәсеке. Яғни адам бойында бір қасиет. Кейде адамдар өмірі, тірлігі үнемі бір қалыпта бола бермейді, дағдарыс болады, қиындық болады, банкротқа ұшырайды. Мұндай жағдайда адамдар бір-біріне көмекке келеді, бірлеседі. Яғни бірлесу де адам бойында бар қасиет. Тұрмыс-тіршілікте, өндірісте адамгершілік тұрғыдағы бәсеке немесе оның қаржы жағы-адамгершілік тұрғыға жатпайтын бәсеке де бар. Әр мемлекетте адамгершілікті емес (не добросовестный) бәсекеге қарсы заң бар. Одақ кезінде тек қана мемлекеттік меншік болғандықтан, бәсеке болған жоқ, тек бәсекенің екінші жағы бірлестік болды. Ал өркениетті қоғамда, мемлекетте бәсекенің екі жағы бірдей болу керек. Өркениетті қоғамда бәсеке қандай болу керек? Қытайда мынандай мақал бар: «Жауын бірінші дос ете алған адам жеңеді». Неге десеңіз, өркениетті қоғамда бәсекенің тек жарыс, күрес, айтыс жағы болса, онда адам-адамға жау болып келеді. Мұндай мәдениетпен ешкім тұра алмайды. Қазіргі өркениетті мемлекеттерде әділетті бәсеке. Осы бәсекеде бәсекенің екі жағыда бірге. Бұл мемлекет үшін жақсы. Әр өндіріс, мейлі ол жеке болсын, кооперативтік болсын, жаман онім берсін, жақсы өнім берсін – бәрі мемлекеттікі.
Қарапайым мысал үшін: сіздің үш балаңыз болсын делік. Екеуі алғыр, ширақ, білімді, біреуі жалқаулау, сылбыр, әлжуаздау. Сіз біреуі нашар екен деп оны лақтырып тастай алмайсыз ғой, оған көмектесесіз, үйретесіз, оқытасыз, қаржыны көбірек бөлесіз. Жақсы өндіріс те, жаман өндіріс те мемлекет үшін солай болу керек. Төмен деңгейдегі өнеркәсіпке мемлекет көмектеседі, аяғынан тұрған кезде жеке меншікке береді. Бәсеке қосады.
Бәсекеде алдауға, заңсыздық жасауға болмайды, әділетті болу керек. Әділетсіз бәсеке болса, экономикада прогресс болмайды. Әділетсіз бәсекеде «жүзден жүйрік шықпайды», тек орташасы ғана көрінеді, орташасы жоғары шығады, мыңнан шығатын тұлпарды көрмейсіз.
Тапсырма№1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Бәсеке-конкуренция
өркениет-цивилизация
қаржы-финансы
қоғам-общество
өнеркәсіп-промышленность
өндіріс-производство
дағдарыс-кризис
нышан-символ
Тапсырма№2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма№3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
1.Бәсеке өндіріске ынталандырмайды
2.Одақ кезінде тек қана мемлекеттік меншік болды
3.Қазіргі өркениетті мемлекеттерде әділетті бәсеке
4.Бәсекеде алдауға, заңсыздық жасауға болады
5.Бәсеке әділетті болу керек
Тапсырма№4.Тест жұмысы
1.Бәсекенің неше жағы болады?
а) екі
ә) үш
б) төрт
2.Бәсеке өндірісті
а) дамытады
ә) дамытпайды
б) тоқтатады
3.“Бәсеке” сөзінің аудармасы
а) специальность
ә) специалист
б) конкуренция
4.“Дағдарыс” сөзінің аудармасы
а) кризис
ә) темп
б) сила
Тапсырма№5. Грамматиканы еске түсірейік
“Да, де, та, те, және, мен, немесе” жалғаулықтары.
Мәтіннен жалғаулықтары бар сөйлемдерді табыңыздар.
Тапсырма№6. Жалғаулықтармен сөйлем құрастырыңыздар.
Практикалық сабақ №34.
Бәсеке күресінің түрлері
(Виды конкурентной борьбы)
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері болады: а) таза бәсеке; ә)монополиялық бәсеке; б) олигополиялық бәсеке; в) таза монополия.
1.Таза бәсеке нарығын бір-біріне ұқсас (бір-бірін ауыстыра алатын) тауарлардың көптеген сатушылары мен сатып алушылары құрайды. Олардың бірде-біреуі жеке-дара сұранымға бақылау орнатуда, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қоюда үстемдік жасай алмайды.
2.Монополистік (грекше “монос”-жалғыз,“полео”-сатамын ) бәсеке нарығын кең өрісінде сауда жасайтын көптеген сатушылар құрайды. Мұндай мүмкіндік сатушылардың сатып алушыларға алуан түрлі тауарларды ұсыну қабілетімен байланысты болады.
3.Олигополиялық (грекше “олигос”-көп емес, “ полео-сатамын) бәсеке нарығын баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы құрайды.
4.Таза монополия жағдайында жеке кәсіпорындар бәсекелестердің болмауына байланысты өздерінің жеке дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кәсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасау, сапасыз өнім шығара отырып, оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады.
Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Бәсеке күресі-конкурентная борьба
Таза бәсеке-чистая конкуренция
Сатушы-продавец
Аса сезімтал-очень чувствительный
Сатып алушы-покупатель
Сұраным-спрос
Үстемдік-диктат
Мүмкіндік-возможность
Баға белгілеу-ценообразование
Тапсырма №2.Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №3.Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Сатушы, сатып алушы, мүмкіндік, алуан түрлі, саясат, кәсіпорын, сапалы өнім, сапасыз өнім, жоғары баға.
Тапсырма №4.Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғаңыз.
1.Сатушы өтімді тауар... сатады.
2.Нарық жағдайы... бәсеке күресі... бірнеше түрі болады.
3.Сатушы сатып алу... тауарды ұсынады.
4.Монополист кәсіпорындар сапа... өнімдер шығар...
5.Кейбір сатушылар тауарды жоғары баға... сатады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Т.Аяпова. Қазақ тілі. – Алматы: «Білім», 1998.
2.Ә.Ахметов. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар (морфология). – Алматы, 1998.
3.Ғ.Әмірова. Қазақ тілі. – Алматы «Сөз», 2005.
4.Ш.Бектуров. Қазақ тілі. – Алматы, «Білім», 2002.
5.А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы, «Ана тілі», 1998.
6.З.Ш.Ерназарова. Қазақ тілі. – Алматы, 2005.
7.З.Кузекова. Қазақ тілі. – Алматы, «Раритет», 2003.
8.Ж.Мұсаұлы. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы (оқу құралы), - Алматы, 2004.
Н.Мұхамадиева. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2004.
9.Ф.Ш.Оразбаева, т.б. (Бірлескен авторлық). Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2005.
10.Н.Оралбаева. Қазақ тілі. – Алматы, «Мектеп», 2001.
11.К.Сариева. Қазақ тілі (оқу, жаттығу құралы). – Алматы: «Білім», 2001.
12.Ж.Сулейменова. Қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. – Алматы, 2001.
13.А.О Мұса, І.М. Төленов Қазақ тілі.-Алматы,2001
14.А.Ысқақов. Морфология. – Алматы, 1991.
