Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФЭП-ПРОФ КАЗ(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Қазақ мақалдары

Шығысы шықпай, кіресі кірмейді.

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Базар - ақшалыға базар, ақшасызға назар.

Несиеге ет жесең, сүйегі ішіңде жыртар.

Еңбексіз елге сыймас.

Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады.

Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Белсенді-активный

Көпес-купец

Салық-налог

Бағалау-ценить, оценивать

Тапсырма №2. Қанатты сөздер мен мақалдарды оқыңыздар.

Тапсырма №3. Cөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Пайда, міндетті түрде, еңбек, бостандық, нарық, салық, баға.

Тапсырма №4. Қазақ тіліне аударыңыздар.

1.Продавец продает выгодный товар. 2.Товар бывает либо хороший либо плохой. 3.Налоги платит каждый человек. 4.В банке выдают кредит. 5.Цена товара высокая. 6.Труд основа богатства.

Тапсырма №5. Сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Ақылды, аш, аз, қымбат, шығыс, көңілді,бай, білу, жақсы.

Практикалық сабақ №29.

Биржа

Биржа-нарықтың ұйымдасқан түрі. Мұнда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен (тауар биржасы), бағалы қағаздармен (қор биржасы), валютамен (валюталық биржа) сауда жасайды немесе қызметкерлерді жалдаумен (еңбек биржасы) айналысады.

Тауар биржасы-тауар нарығының бір түрі. Мұнда жаппай өндіріс тауарларын, өнімдерін сату және алу жүзеге асырылады.

Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді. Бұлар жеке қалада орналасқан биржалар (Лондон, Токио биржалары) болып келеді немесе оларды мемлекет ұйымдастырады. Ондай биржалар Францияда, Италияда, т.б. елдерде бар. АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар. Олардың ең ірісі-Нью Йорк биржасы. Сонымен қатар қор биржалары Батыс Германияның сегіз қаласында бар.

Еңбек биржасы-бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. Еңбек биржасында жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар банкісі болуы қажет. Сол сияқты еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек ұсыным сипатында болады. Өйткені кәсіпкердің жұмыскерлерді еркін түрде таңдауға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.

Тапсырма№1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Ұйымдасқан-организованный

Ұсыным-предложение

Бағалы қағаздар -ценные бумаги

Жеке-частный, отдельный

Мемлекет-государство

Ең ірі-самый крупный

Келісім-соглашение

Мағлұматтар (мәліметтер) банкісі - банк данных

Жалдау-нанимать

Тапсырма№2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Тапсырма№3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.

1.Биржа нарықтың ұйымдасқан түрі емес.

2.Тауар биржасы тауар нарығының бір түрі.

3.Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істемейді.

4.АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар.

5.Еңбек биржасында жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар банкісі болмайды.

Тапсырма№4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Тауар биржасында не жүзеге асырылады?

2.АҚШ-тағы ең ірі қор биржасы

3.Еңбек биржасы дегеніміз не?

4.Еңбек биржасында қандай мағлұматтар болады?

Тапсырма№5. Грамматиканы еске түсірейік.

Септік жалғау (падежные окончания)

Атау септік кім? не?

Ілік септік Кімнің? Ненің? ның, нің, дың, дің, тың, тің

Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? ға, ге, қа, ке, на, не, а,е

Табыс септік Кімді? Нені? ны, ні, ды, ді, ты, ті, н

Жатыс септік Кімде? Неде? Қайда? Қашан? да, де, та, те, нда, нде

Шығыс септік Кімнен? Неден? Қайдан? нан, нен, дан, ден, тан, тен

Көмектес септік Кіммен? Немен? мен, бен, пен

Тапсырма№6. Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңыздар.

Практикалық сабақ №30.

Инфляция

Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда “инфляция” (латынша “infillito” – қампию) деген ұғым капитализмнің кеселі ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляцияның басты ерекшелігі - қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық механизмінің қызметінен туындайды.

Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1789-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция созылмалы сипат алып, маңызды әлеуметтік -экономикалық проблемалардың біріне айналады.

Инфляция-қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы. Айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағалары қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді.

Инфляциядан өндіріс те біраз зардап шегеді, еңбекке деген ынта да кемиді. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып, тауар мен азық түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Тапсырма№1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Сана-сознание

Ұғым-понятие

Құн заңы-закон стоимости

Себеп-причина

Адамзат-человечество

Құбылыс-явление

Құнсыздану-обесценивание

Дағдарыс-кризис

Өлшем-мера

Тапшылық-дефицит, нехватка

Тапсырма№2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма№3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Инфляциялық процестерді не тудырады?

2.Инфляцияның басты ерекшелігі не?

3.Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс па?

4.1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада не доллардың құнсыздануына әкеліп соқты?

5.Инфляция дегеніміз не?

6.Инфляцияның қандай салдары бар?

Тапсырма№4. Грамматиканы еске түсірейік

Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время).

Ауыспалы келер шақтың жұрнақтары а,е,й

Мысалы: Ақша құнсызданады.

Тапсырма№5. Мәтіннен а,е,й жұрнақтары бар сөздерді теріп жазыңыздар, аударыңыздар.

Практикалық сабақ №31.