Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФЭП-ПРОФ КАЗ(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
329.22 Кб
Скачать

Нарықтың инфрақұрылымы (Инфраструктура рынка)

Нарықтық экономикаға қажетті элементердің бірі-оның инфрақұрылымы.

Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз ететін институттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді.

Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне тауар, шикізат, қор, еңбек биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер жатады.

Ұлттық нарықты құру, оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі жоғары талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, көлік пен байланыс құралдарысыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда біздің елімізде шешілмеген сұрақтар мен мәселелер барынша жеткілікті.

Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің барынша пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді едәуір жеңілдетеді. Мұндай инфрақұрылым әр түрлі субъектілермен, мемлекеттік контрактілік жүйенің қатысуымен банк несиесін, сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларын да тарта отырып құрылады.

Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.

Қажетті-нужный, необходимый

Инфрақұрылым-инфраструктура

Қамтамасыз ету-обеспечить, обеспечивать

Делдалдық-брокерский, посреднический

Ақпараттық жүйе-информационная система

Көтерме сауда-оптовая торговля

Жәрмеңке-ярмарка

Кәсіпкерлік-предпринимательство

Құрылтайшы-учредитель

Тапсырма № 2. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Тапсырма № 3.Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Нарықтық экономикаға қажетті элементтердің бірі не?

2.Инфрақұрылым дегеніміз не?

3.Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне нелер жатады?

Тапсырма № 4. Берілген сөздерді аударып, сұрақ қойыңыздар.

Байланыс құралдары, шикізат, жәрмеңкелер, шешілмеген сұрақтар, делдалдық, ақпараттық жүйелер, мекемелер, ұлттық нарық.

Тапсырма № 5. «Қандай?» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңыздар.

Тапсырма № 6. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар.

Практикалық сабақ №28.

Нарыққа қатысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер ( Крылатые слова, пословицы и поговорки, имеющие отношение к рынку)

Сатушы не сатса да, пайдасына сатады.

Ж.Баласағұн

...Өз бетінше заттар не жақсы да, не жаман да болмайды, ол тек біздің бағалауымызға ғана солай болады. У.Шекспир

Білмегенді сұрап үйренген-ғалым,

Арланып сұрамаған-залым.

Ә.Науаи

Ақша “жасау” үшін ақылды болу міндетті емес, бірақ ақшаны “қалай жасауды” міндетті түрде білу керек. Марк Твен

Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Абай

Еңбек-байлықтың атасы және аса белсенді принципі, жер-оның анасы.

Уильям Петти

Салықтар-оларды төлейтіндер үшін құлдықтың белгісі емес, керісінше, бостандықтың белгісі. Адам Смит

Не аз болса, сол қымбат болады, не көп болса, сол арзан болады.

Орыс мақалы

Инфляция ұйықтап жатқан итке ұқсас, оған тиіспес болар.

П.Самуэльсон

Сәби де сатып ала алады, ал сату тіпті шалды да титықтатады.

Орыс көпестерінің өсиетінен