- •Жарнама.
- •Табыс қайдан келеді?
- •Экономика
- •Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
- •1.«Үнем» түбірлес сөздерді жиі естиміз.
- •Экономиканы білу-пайда.
- •(Три важнейших вопроса экономики)
- •(Сущность теневой экономики)
- •Экономикаға қатысты терминдер
- •Маркетинг-бизнестің өзегі (Маркетинг-стержень бизнеса)
- •Нарықтың жүрегі-ақша.
- •Ақшадан қажет не?
- •Қаржы нарығы: оның мәні мен құрылымы (Финансовый рынок: его значение и структура)
- •Нарықтық экономика.
- •(Налоговая система рынка)
- •Нарықтың түрлері.
- •Сұраныс пен ұсыныс
- •Нарықтың инфрақұрылымы (Инфраструктура рынка)
- •Нарыққа қатысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер ( Крылатые слова, пословицы и поговорки, имеющие отношение к рынку)
- •Қазақ мақалдары
- •Инфляцияның түрлері (Виды инфляции)
- •Мазмұны
- •Икапова Дана Сарқытқызы
- •2014Жылы баспаға жіберілді
- •050043, Алматы қ-сы, Рысқұлбеков к-сі,
Сұраныс пен ұсыныс
Бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты нәрсе-сұраныс пен ұсыныс. Өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын өндіріс пен тұтыну арасында болатын тепе-теңдікті қажет етуі нарықтың ерекше белгісі болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынасты көрсететін нарықтық белгі.
Нарықтық сұраныс: а) бағаның деңгейіне, табысына, ә) сатып алушылардың ақшалай табысына, б) тұтынушылардың талғамына, в) сатып алушылардың санына байланысты қалыптасады.
Ұсыныс - өндірілген тауарлардың ассортименті. Ұсынылған тауардың бағалары сұранысты құрайды. Ал сұраныс тауар ұсынысының көлемі мен құрылымын белгілейді.
Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады.
Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз:
Жүйе-система
Ырғақты-ритмичный
Табылады-является (найдется)
Қатынас-отношения
Деңгей-уровень
Табыс-доход, успех
Талғам-выбор
Қайшылық-противоречие
Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз:
1.Экономикада басты нәрсе-сұраныс пен ұсыныс.
2.Сұраныс пен ұсыныс нарықтық белгі.
3.Нарықтық сұраныс бағаның деңгейіне байланысты емес.
4.Ұсыныс-өндірілмеген тауарлардың ассортименті.
5.Сұраныс пен ұсыныс ешқашан қайшылықта болмайды.
Тапсырма №4. Тест жұмысы.
«Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөз:
а) талғамына
ә) ырғақты
б) белгі
Ілік септігінің жалғауы бар сөздерді табыңыз:
а) ұсынысты
ә) сұранысқа
б) нарықтың
«Количество» сөзінің аудармасы:
а) деңгейі
ә) саны
б) сапасы
«Басты» сөзінің аудармасы:
а) объем
ә) знак
б) главный
Тапсырма №5. Грамматиканы еске түсірейік:
Зат есімнің, сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтарын еске түсірейік.
Мәтіннен туынды зат есімді, сын есімді теріп жазыңыздар.
Практикалық сабақ №26.
Баға деген не?
Баға-тура айтқанда, шығындарға, өнімнің өзіндік құны мен тұтынушыға дейінгі аралықтағы шығындарға негізделуге тиіс. Баға ақшаның құнсыздануын, басқа факторлардың қымбаттауын (мәселен энергия көздерінің) есепке алуы керек. Сонымен қатар баға мемлекет тарабынан бақылауда болуы шарт. Бағаны реттеу-экономиканы реттеудің бір бөлігі ретінде жүзеге асуы тиіс. Нарық еркін бағасыз болмайды. Нарықтық экономиканың өзегі еркін бағада, бірақ оны дәл белгілей білу қажет. Жалақы мен бағаның өсуі нарық талабына сәйкес, бір-біріне сай түрде реттелуі қажет. Ерте ме, кеш пе сұраныс пен ұсыныс теңестірілуі мүмкін. Баға саясатын жүргізу үшін, қазіргі заңдарды жетілдіре отырып, жаңа заң қабылдау керек.Тұтыну тауарлары мен ақылы қызметке бағаны тек қана тұрақтандыру (немесе тіпті төмендету)-ол әлі халық өмірінің жақсарғанын көрсетпейді. Өйткені бағаны шектеу-тауар тапшылығына, ақша айналымының бұзылуна, «көлеңкелі экономика» мен қылмысты нарыққа әкеліп соғуы мүмкін. Бағаның өсуі-бүгінгі күні өндіруші мен тұтынушының арасында тікелей байланыс жоқ.
Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз:
Сұраныс-спрос
Ұсыныс-предложение
Табылады-является (найдется)
Қатынас-отношения
Деңгей-уровень
Табыс-доход, успех
Талғам-выбор
Қайшылық-противоречие
Тұтынушы-потребитель
Нарық-рынок
Жалақы-зарплата
Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №4. Тест жұмысы.
«Қандай?» деген сұраққа жауап беретін сөз:
а) талғамына
ә) ырғақты
б) белгі
Ілік септігінің жалғауы бар сөздерді табыңыз:
а) ұсынысты
ә) сұранысқа
б) нарықтың
«Жалақы» сөзінің аудармасы:
а) уровень
ә) зарплата
б) качество
«Басты» сөзінің аудармасы:
а) объем
ә) знак
б) главный
Тапсырма №5. Грамматиканы еске түсірейік:
Туынды зат есімді еске түсірейік.
Сөздерді түбірін анықтап, қосымшаларды көрсетіңіз
-шығындар
-тұтынушы
-жүргізуші
-тапшылық
-қылмыскер
-өндіруші
-өнімдер
-сұраныс
-ұсыныс
Практикалық сабақ №27.
