- •Жарнама.
- •Табыс қайдан келеді?
- •Экономика
- •Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз. Тапсырма №3. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
- •1.«Үнем» түбірлес сөздерді жиі естиміз.
- •Экономиканы білу-пайда.
- •(Три важнейших вопроса экономики)
- •(Сущность теневой экономики)
- •Экономикаға қатысты терминдер
- •Маркетинг-бизнестің өзегі (Маркетинг-стержень бизнеса)
- •Нарықтың жүрегі-ақша.
- •Ақшадан қажет не?
- •Қаржы нарығы: оның мәні мен құрылымы (Финансовый рынок: его значение и структура)
- •Нарықтық экономика.
- •(Налоговая система рынка)
- •Нарықтың түрлері.
- •Сұраныс пен ұсыныс
- •Нарықтың инфрақұрылымы (Инфраструктура рынка)
- •Нарыққа қатысты қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер ( Крылатые слова, пословицы и поговорки, имеющие отношение к рынку)
- •Қазақ мақалдары
- •Инфляцияның түрлері (Виды инфляции)
- •Мазмұны
- •Икапова Дана Сарқытқызы
- •2014Жылы баспаға жіберілді
- •050043, Алматы қ-сы, Рысқұлбеков к-сі,
Алғы сөз.
«Кәсіби қазақ тілі» оқу құралы жоғары оқу орындары экономика және құқық факультеттерінде оқитын студенттерге арналған.
Оқу құралының негізгі мақсаты-сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.
Болашақ экономистерге қазақ тілін оқытудың басты мақсаты оларды кәсіби қатысымға үйрету.Осыған орай оқулықта қазақ тіліне үйрету процесі студенттердің кәсіби мүдделеріне жауап беретін материалдар жинақталған.
Қазіргі жоғары оқу орнының студенттері орта мектепте қазақ тілін оқып келген азаматтар екені ескеріліп, грамматикадан жүйелі, жан-жақты білім беру мақсаты қойылмайды.
Оқытудың негізінде оның басты құралы ғана емес, ерекше қатысымдық бірлігі болып табылатын мәтін жататыны белгілі.
Мәтіндерді аударма жасау , әрі кәсіби мамандығын жетілдіру үшін ауызша мазмұндау т.б жұмыс түрлерін өткізу , түсініп оқу арқылы тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуді жетілдіру мәселесі қойылып отыр.
Грамматикалық жұмыстар үшін мәтінге қайта оралып отыру қажет , ол жұмыстар ауызша, жазбаша түрде де кездеседі. Осыған байланысты жасалған әр түрлі жұмыстар мәтіннің толық меңгерілуіне қызмет етеді.
Тақырыптың жүйелілік, логикалық байланыс жағы да ескеріледі.Оқу құралы экономика және құқық факультетіндегі жүргізілген сабақтар негізінде жазылған.
Практикалық сабақ №1.
Уақытты басқару-өнер
Тапсырма№1. Мәтінді оқыңыз
Уақытты басқару-өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгере алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді, әйтсе де, жұмысын өз уақытында тамаша орындап тастайды.
Кеңес Одағы кезінде адамдарда уақытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барлығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демалысын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Сондықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме? Әркім өз уақытын меңгере ала ма? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма? Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба?
Тапсырма №2.Сөйлемдерді оқып, ойыңызбен бөлісіңіз.
1) Уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз.
2) Маңызды жұмыстар үшін уақыт табыңыз.
3) Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл табыс кепілі.
4) Ойлану үшін уақыт табыңыз, бұл-күш-жігер бастауы.
5) Ойын үшін уақыт табыңыз, бұл-жастық құпиясы.
6) Оқу үшін уақыт табыңыз, бұл-білім негізі.
7) Достық үшін уақыт табыңыз, бұл-бақыттың шарты.
8) Армандау үшін уақыт табыңыз, бұл-жұлдыздарға барар жол.
9) Махаббат үшін уақыт табыңыз, бұл-өмірдің шынайы қуанышы.
10) Көңіл көтеру үшін уақыт табыңыз, бұл-жанның әуені.
Тапсырма№3.Сұрақтарға жауап беріңіздер
1.«Уақыт алтыннан да қымбат деген ойды» қалай түсінесіз?
2.Уақытыңызды жоспарлай білесіз бе?
3.«Уақыттың жауларына» нелерді жатқызуға болады?
Тапсырма№4.Өлеңді оқып, өз ойыңызды білдіріңіз
Уақыт туралы
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді
Өтпейтіндей көретін адамдарға.
Өтеді ғой...
Өтеді ғой барлығы да.
Күн арқалап кетеді таңды мына.
Менің жаным ашиды барлығына
Таң нұрына, адамның тағдырына.
М. Мақатаев.
Практикалық сабақ №2.
Ұлттық байлық дегеніміз не?
Ұлттық байлық дегеніміз-елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1654 жылы ағылшын экономисі У.Петти есептеп шығарды.
Экономикалық әдебиеттерде ұлттық байлық деп-еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Кейбір экономистер ұлттық байлықтарға табиғи ресурстарды да қосады.
Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:
а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларының қалдырған барлық мұрасы.
ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.
б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.
Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз-халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре-тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мүрасын мақтан тұтады. Оның құны-сол елдің байлығының кепілі.
Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.
Тапсырма№1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Әдеби-литературный
Әлем-мир, вселенная
Ең маңызды-самый значительный
Есептеу-рассчитать
Игілік-благо, благородство
Кепілдік-гарантия, поручительство
Күретамыр-вена
Күш-қуаты-сила, мощь
Көрсеткіш-показатель
Құн-стоимость
Қор-фонд
Құнын анықтау- оценивать
Мұра-наследие
Мәдени-культурный
Мақтан тұтады-гордятся
Мемлекет-государство
Өндіріс-производство
Өсіп-өркендеу-расти, расцветать
Тіркеу-регистрировать
Тұтыну-потреблять
Ұлттық байлық-национальное богатство
Тапсырма№2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.
Тапсырма№3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Ұлттық байлық дегеніміз не?
2.Ұлттық байлықты кім және қашан есептеп шығарды?
3.Ұлттық байлық негізінен қандай салалардан тұрады?
Тапсырма№4. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
4.Ұлттық байлық неміс экономисі У.Петти есептеп шығарды.
5.Кейбір экономистер ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды қосады.
6.Әр мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады.
7.Ұлттық байлықтың құны бар.
Тапсырма№5. Грамматиканы еске түсірейік.
Лық, лік, дық, дік, тық, тік жұрнақтары.
Бұл жұрнақтар сын есімнің және зат есімнің сөз тудырушы жұрнақтары болып табылады.
Мысалы: Достық (не?), университеттік (қандай?)
Тапсырма№6. Мәтіннен лық, лік, дық, дік, тық, тік жұрнақтары бар Сөздерді теріп жазыңыздар, сөз таптарын анықтаңыздар.
Тапсырма№7. Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарын жалғап, аударыңыздар.
Өндіріс..., аймақ..., халық..., мемлекет..., әлем..., кеден..., бір..., кепіл...
Практикалық сабақ №3.
Жарнама.
Жарнама маркетингтік қызметтің бір элементі болып саналады. Жарнама тауарлар мен қызмет көрсетудің әр түріне сұранысты өсіру мақсатымен таратылатын ақпарат. Жарнама фирма мен оның өнімдерінің беделін қалыптастыруға көмектеседі. Сол сияқты тауардың тұтыну қасиеттерін, оның тез сатылуына ықпал ету мақсатымен үгіттейді.
Жарнама барлық каналдар арқылы таратылады. Жарнама материалдары тұтынушылардың қолына тікелей әкеп беріледі, пайда арқылы жіберіледі, каталогтарда, даңғылдарда құлақтандырылады, теледидар арқылы жарияланады.
Соңғы кезде телекс пен телефакс арқылы жіберілетін жарнамалар дамып отыр. Қонақ үйлердің, әмбебеп дүкендерінің, банктердің, сақтандыру компаниялардың, саяхат бюроларының жұмыстарын бейнежүйе арқылы жарнамалау кеңінен тарап отырғанын көріп жүрміз. Тіпті, жарнамаларды көліктердің сыртынан да көруге болады.
Жарнама материалдары не өнімдерге, не фирманың имиджін құруға бағдарланады.
Тапсырма№1.Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Сұраныс-спрос
Бедел-авторитет
Таратылу-распространяться
Үгіттеу-агитировать
Бейнежүйе-видеосистема
Өнім-продукт
Тапсырма№2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.
Тапсырма№3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Жарнама дегеніміз не?
2.Жарнама не істейді?
3.Жарнама қалай таратылады?
4.Жарнаманың кең таралу түрі?
5.Сіз қалай ойлайсыз, бүгінгі өмірге жарнама керек пе?
6.Жалпы жарнамаға қалай қарайсыз?
7.Сіз жарнамамен айналысқыңыз келеді ме?
Тапсырма№4. Мәтінге сай сөйлемдерді анықтаңыз.
1.Жарнама-маркетингтік қызметтің бір элементі.
2.Жарнама фирманың беделін қалыптастыруға көмектеседі.
3.Жарнама теледидар арқылы жарияланбайды.
4.Соңғы кезде телекс және телефакс арқылы жіберелетін жарнамалар дамуда.
5.Бейнежүйе арқылы жарнамалар дамымаған.
6.Жарнамалар көліктің сыртында да бар.
Тапсырма№5.Грамматиканы еске түсірейік.
а)Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар.
ә)Мәтіннен Барыс септігінің жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар.
б)Мәтіннен Табыс септігінің жалғауы бар сөздерді теріп жазыңдар.
Тапсырма№6. Жаңа шыққан тауарларға жарнама жасаңыз
Практикалық сабақ №4.
Пайда.
Саудамен айналысатын адамдардың арасында жиі кездесетін термин-”пайда”. Сатып алушы да, сатушы да ең алдымен сатуда, сатып алу, айырбастау процесінде түсетін пайданы есептейтін сөзсіз.
Табыскер әр ісін түсетін пайданы болжап барып бастайды. Кейде болжал ақталуы мүмкін. Ақталған жағдайда пайдаға кенелері, ал ақталмаған жағдайда залал шегері анық.
Сонымен, пайда дегеніміз-табыстың шығыстан асып түсетін ақшалай қаражат сомасы.
Пайданың биржалық пайда, баланстық пайда, кәсіпорынның пайдасы, құрылтайшы пайдасы, тұтынушының пайдасы сияқты түрлері бар.
Тапсырма №1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Сауда-торговля
Пайда-польза,прибыль,выгода
Айырбастау-обмен, обмениваться
Сөзсіз-безусловно
Болжау-предположение, предположить
Құрылтайшы-учредитель
Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №3. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Саудада жиі кездесетін термин?
2.Табыскер өз ісін қай жағдайда бастайды?
3.Пайда дегеніміз не?
4.Пайданың қандай түрлері бар?
Тапсырма №4. «Пайда» деген сөзді тәуелдеңіздер, септеңіздер.
Тапсырма №5. Грамматиканы еске түсірейік. Қыстырма сөздер (Вводные слова).
1.Қандай сөздерді қыстырма сөздер дейміз?
2.Қыстырма сөздердің ерекшелігі.
3.Қыстырма сөздерге қандай сөздер жатады?
Тапсырма №6. Сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыздар.
Возможно, безусловно, во-первых, таким образом, по словам нашего преподавателя, итак, короче.
Практикалық сабақ №5.
Табыс.
Белгілі бір уақыт кезеңінде кәсіпорындардың (фирмалардың, компаниялардың) өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен ақшалай қаражаты. Немесе материалдық құндылықтардың табысы дейді.
Бұл халықтың (жеке адамның, отбасының т.б.) өз мұқтаждарын қанағаттандыру үшін алатын ақшалай немесе заттай нысандағы қаражаты да болуы мүмкін.
Табыс кәсіпорынның кірісі мен шығысы балансындағы, бюджеттің кіріс бөлімінен қаражат түсімінің көлемі мен көздерін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Тапсырма № 1. Жаңа сөздермен жұмыс істеңіз.
Өнім-продукция
Мұқтаж-потребность,нужда
Қаражат-средства
Кіріс-доход
Шығыс-расход
Көрсеткіш жүйесі-система показателей
Тапсырма №2. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Тапсырма №3. Сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Уақыт, кәсіпорын, табыс, мүмкін, жүйе.
Тапсырма №4. Берілген сөздердің жалғауларын анықтаңыздар.
Кезеңінде, кәсіпорындардың, өнімді, жұмыстарды, табысы, халықтың, бөлімінен, жүйесі.
Тапсырма №5. Берілген сөздерге сұрақ қойыңыздар.
Белгілі, ақшалай, мұқтаждарын, кәсіпорынның, көлемі, көздерін, көрсеткіштер, өткізуден, материалдық.
Практикалық сабақ №6.
