- •Тақырыбы: Терінің анатомиясы. Тері бөртпелерінің біріншілікті және екіншілікті морфологиялық элементтері. Патогистология.
- •Эпидермис.
- •Меншікті тері- дерма.
- •Теріасты май қабаты
- •Терінің қанайналым жүйесі.
- •Терінің лимфа жүйесі
- •Терінің жүйке- рефлекторлы аппараты
- •Терінің безді аппараты.
- •Шаштар.
- •Терідегі негізгі патологиялық бұзылыстар
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтар.
- •5. Әдебиет:
- •6. Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы:Акне. Этиологияcы, патогенезі, клиникасы, диагностика, емі.
- •5. Әдебиет
- •6. Қорытынды сұрақтры:
- •Тақырыбы: «Тері типтері. Тері жағдайын инвазивті емес әдістермен анықтау».
- •Дәріс тезистері:
- •Терінің жағдайын бағалаудағы инвазивті емес әдістер.
- •5. Әдебиет:
- •6. Қорытынды сұрақтары
Теріасты май қабаты
Гиподерма дерманың торлы қатарынан шыққан және кеңөрімді тордан түзілуші Коллагенді және эластикалық талшықтардың көп будасынан тұратын және ілмекте май жасушаларының ірі жиынтығы- май тіндерінің бөліктері кездеседі. Гиподермаға тығыз дәнекер табақшасынан тұратын тері фасциясы кіреді.
Гиподерманың қалыңдығы әр адамда және дененің әр аймағында әртүрлігімен ерекшеленеді. Қалыптыда бас аймағында қалыңдығы 2 мм, арқа аймағында 5-10 мм, іш аймағында бірнеше см-ге жетуі мүмкін. Гиподерма механикалық зақымданулар мен тонудан сақтайды.
Терінің қанайналым жүйесі.
Терінің қанайналым жүйесі бірнеше қантамыр өрімінен тұрады. Фасциядан шыққан ірі артериялық қантамырлар теріасты май қабатына өте отырып, жолда май бөліктеріне тармақтар береді. Дерма және гиподерма шекарасында бұл артериялар тармақтар бөледі, олар горизантальді бағытта және бір- бірімен анастомоздалынады. Теріде терең артериальді өрімдер пайда болады, одан шыққан тармақтардан тер бездерінің тостағаншалары, шаш фолликулалары және май бөліктері қоректенеді. Сонымен қоса, терең артериалдық өрімдерден ірі артериалар көтеріледі, ол емізікасты қатарға жетіп беткейлі артериалды өрім түзеді. Осы өрімнен шыққан майда артериалды тармақтар бұлшықетті, май, тер бездерін, шаш фолликулаларын қоректендіреді.
Емізікастындағы өрімдерден де артериалар өтеді, бірақ анастомозданбайды. Одан емізікке бағытталған капиллярлар өтеді және артериалды тамырға қарағанда кеңдеу венозды капиллярлар түрінде қайтып келеді.
Теріде венозды тамырлар үш өрім түзеді: емізік астына, дерманың төменгі бөліміне және теріасты май қабатына. Эпидермис қантамырсыз.
Тамырдың эндотелиі фаго- және пиноцитозға бейім, өткізуді негізделген, онда көптеген ферменттердің белсенділігі анықталады, соның ішінде энергетикалық алмасудың ферменттері, эстераза, холинэстераза.
Терінің лимфа жүйесі
Терінің лимфа жүйесі беткейлі және терең байланыстар түзеді. Беткейлі лимфатикалық жүйе арасында көптеген анастомоздары бар, емізікті қатардағы көрмейтін домалақ кеңейген капиллярлардан басталады. Лимфатикалық тамырдың екінші торы дерманың төменгі бөлімінде орналасқан.
Терінің жүйке- рефлекторлы аппараты
Тері көп көлемде арнайы жүйке аппаратының аяғымен немесе жүйке соңдарымен жүйке талшықтарына қаныққан, яғни оның барлығы терінің рецептивті үлкен аймағын құра отырып, сезім мүшесі қызметін атқарады.
Терінің иннервациясына цереброспинальді, вегетативті жүйке қатысады. Тері анализаторы екі бөлімнен тұрады. Негізгі бөлігі- ядролы- бас миының қыртысында артқы орталық иілімінде орналасқан. Екінші бөлігі барлық қыртысқа жайылған жүйке жасушаларында орналасқан. Терінің перифериялық жүйкелері үш өрім құрайды:
1.теріасты қабатының терең бөлімінде
2.дерма және гиподерма шекарасында
3.емізікті қатардың тереңінде
Жүйке бағандары жалпы түрмен құрастырылған, яғни беткейі дәнекер тін- эпиневриеммен жабылған, одан терең қабатастында периневрий, ал әр жүйке бағаның қаптаушы эндоневрий.
Жүйке бағандары цилиндрлі белағашынан(аксон) және шваннлвскті қабықтан тұрады. Миелинді және миелинсіз бағандарды бөледі. Егер аксонды электронды микроскоппен қарасақ, аксолемма, аксоплазманы көруге болады.
Миелинді және миелинсіз талшықтар миелин қабығымен ажыратылады. Миелин қабығы арнайы кезеңді қыртысты құрылысына ие.
Тері рецепторлары сезімтал талшықтардың ақырғы аспаптары. Олар сырттан тітіркенуді қабылдайды. Рецепторлардың арнайы түрлері тітіркенудің арнайы түрлерін қабылдайды, олар механо-, хемо-, терморецепторлар, ауырсыну рецепторлары.
Терінің морфологиялық рецепторларын бос және инкапсуланған деп бөлеміз.
Функциональді қарым- қатынаста бос жүйке аяқшалары ең маңыздысы, олар көп, дерманың бүкіл бөлімінде қысқа және ұзын бұтақтары бар. Осындай рецепторлардың негізі түйіршіксіз жүйке талшықтары.
Капсулаланған жүйке аяқшалары құрылысы бойынша ұқсас. Олар ішкі колбалар мен оны қоршаған капсуладан тұрады, арнайы спецификалық қызметке ие.
Мейснер денешігі ең қатты капсулаланған жүйке денешігі, ең көп мөлшерде алақан, қол саусақтарында, ерінде, қабақ, жыныс мүшелерінде, сүт бездерінің емізігінде, тілдің емізікті шырышты қабатында, яғни тактильді сезімталдық айқын жерлерде орналасқан. Олар көп бөлігі созылыңқы, дерманың емізікті қабатында орналасады, негізгі мембранаға тығыз байланысқан.
Краузе қолбалары қолдың саусақтарында, иық, бұғана, табан терісінде, сирақта дерма қабатында кездеседі. Суық сезімін қабылдайды.
Фатер- Пачини терінің тегіссаусақтарында, сыртқы жыныс мүшелерінде, сүт безінің емізікшесінде орналасады. Олардың құрылысы қиын. Қысым сезімін сезеді.
Дерманың терең бөлігі- Руффини денешігі, жылу сезімін қабылдайды.
Теріасты май қабатында- пластинкалы Фатер- Пачини денешігі қысым сезімін жеткізеді.
